Бас бетЭкологияОқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері туралы реферат
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері туралы реферат
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. «Экология сөзін Естественная история происхождения» (Natural History of Creation) атты өзінін кітабында ен бірінші қолданған неміс биологы Эрнст Геккель (1968). Экология «oйкөс» деген грек сөзі, «үй баспана» ұғымын білдіреді.
Э. Геккелдің айтуы бойынша экология зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлдықтар және оларды қоршаған органикалық және апорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин.
Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша «тіршілік үшін күресу» ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақлұқтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Сонымен, экология — тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Kөптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу XX ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т. б) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, бұлар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азык-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың дейнсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады. Жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның өндірістік іс-әрекеті.
Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз есеп көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. адам болса, ал 2000-ші жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамада болады, М. Пантелеевтің болжамы бойынша халықтың өсіп көбеюі онан әрі жалғасады, XXI ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгенінде жетіп тұрақтана бастайды.
Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтарды туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы жерлерге орналастыру, әл-ауқатын үздіксіз жақсарту — бұл әрине оңай жұмыс емес. Miнe, бұл жағдай халықтың күн бұрын қамын ойлауды, көптеген іс-әрекеттерін алдын-ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде орман — тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың, үйеңкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерді қорғаудың және оларды адамзат үшін маңызы өте зор. Өйткені өсімдіктер мен жануарлар дүниесі адам өмірінің негізгі
Соңғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдар. Арал теңізін пайдаланып суландырып апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетіндегі су азайып тартылды, айналадағы жер құрғады. Сыр-Дария өзенінің топырағы сортаңданды, мал жайылым өрісі тарылып кетті. Экологиялық жағдайдың азуы тұрғындардың денсаулығына, күнделікті, тұрмысына үлкен әсер етті, Сондықтан халық қоныс аударуғамәжбүр болды.
Бұл жағдай тұрғын халықтардың өсіп көбеюіне байланысты емес, оның себебі Қазақстан және Өзбекстан Республикаларындағы басшы адамдардың құзіретті мамандардын сол аймактағы егін, су және мал шаруашылығының ерекшелігін еске алмай, жоспарлаудың салдарынан болған қателік.
Адамның өндірістік іс-әрекеті. Қазіргі кезеңде ең көкейтесті мәселелердің бірі — бұл адамның өндірістік іс-әрекетінің негізінде қоршаған ортаның ыластануы, бұзылуы. Жер бетінде зиянды, әсіресе улағыш заттардың қалдықтры өте көп. Олар ауада да, су орталығында да таралған. Осының бәрі қоршаған ортаға әсер ететін өндірістік қалдықтар.
Атомдық өнеркәсіптің қалдығы және атомдық қопарылыстың радиоактивтік тұнбасы бірте-бірте адам организмінде жиналып, қатерлі ісік ауруына (рак) ұшыратады. Әсіресе атомдық өнеркәсіптің дамуы және оның адам денсаулығына тигізетін зардабы өте қауіпті. Қазіргі кезеңде жер бетінде стропцня — 90 элеменгін аз мөлшерде болса да кез-келген баланың денесіндегі сүйектерден табуға болады. Бұл элемент табиғатта болмайды, тек қана осы уақыттағы атомдық өнеркәсіптің және ядролық сынудың арқасында пайда болады. Сондықтан стронция жер бетіне тарап, ондағы барлық тірі жәндіктердің денесіне енген.
Бәрімізге белгілі 26 сәуір 1986 ж. Украинадағы Чернобыль АЭС-ның, ядролық реакторы жарылуынан бүкіл тұрғын халықтар үлкен экологиялық апатка ұшырады. Украина және Белоруссия тұрғындары туған мекенін тастап, сол мемлекеттердің басқа аудандарына орналасты. Чернобыль 30 жыл бойында жабық зона болып қалды.
Әрине, бұлардың бәрі тірі жәндіктер үшін өте қауіпті. Сірә, атомдық экергетикадан бас тартуға болар мекен. Оны қатты бақылауға алып энергияның басқа табиғи түрлерімен (мұнай, газ, көмір, күн көзінің энергиясы, жер энергиясы (гейзерлар) үйлестіріп пайдалану кажет.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер және мұхиттар түбінде көп жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір кезеңдерде су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып cу ішіндегі жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Біз бәрімізде табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан барлық жастарға экологиялык білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны анық және нақты көрсетілуі керек.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
Экологиялық нормалардың ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу.
Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
Жастардың бойында экология лық мәдениет дағдысын қалыптастыру:
а) тұлғанын, мінез-құлкында;
ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
б) экологиялык білімді насихаттауда;
в) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іc-әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялык білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заттарын қалай пайдалануымен танысады.
Бастауыш сыныптардын оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған, өсімдіктердің даму кезеңінде фенологиялық , бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күтуі тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең әлемде экологиялық біліммен каруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс-әрекетінің нәтнжесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш қүштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу талап етіледі.
Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқатын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс болуы қажет: жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, ұлы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру.
Сонымен, оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүнне тану көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбие — арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін педагогикалық қызмет
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іскс асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттср әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие — алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» — деп тұжырымдаған.
Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы .
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегеңді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады»- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:
1) адамдардың табиғат және қоғам жонінде жасаған білімдерінің жиынтығы;
2) еңбектің әрқилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері;
3) әлеуметтік, рухани қатынастар.
Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз «игілігіне» айналдырып, «меншіктеп» алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл «затты» ақыл-саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс-әрскстті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осыдан тәрбиенің негізгі қызметі — жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттерді өзі баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу. Бұдан тәрбиенің терең астарлы күші үгіт-насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды іске бағдарлауға емес, ал оның өзін жеке адамдық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамдық тәжірибснің әр түрлі тарапын игеруге, пайдалы қызметке қосуда.
Педагогика үшін және бір маңыздысы — жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.
Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.
Келтірілген пікірлер, біздіңше, тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама бсруге негіз болуы мүмкін. Сонымен, тәрбие — бүл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі саналы орындалатын педагогикалық процесс.
Мектепте экологиялық тәрбиенің міндеттері,
мазмұны және ұйымдастыру түрлері
Қазіргі кезеңде жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі — бұл экологиялық білім және тәрбие.
Әлемдегі экологиялык деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі — табиғатты қорғау мәселелерімен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалык біліммен экологиялық білімнің негізгі қаруландыру. Бұл үшін көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге, оқушыларды үйрету және дағдыландыру. Оқушыларды экологиялық білім негіздерімен қаруландыру үшін осы пәндер бойынша мектеп өзініі мүмкіміншілігін еске алып, экология бағдарламасын жасайды.
Көрсетілген пәндер бойынша экологиялық мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу керек. Мысалы, география пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман — тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен сақтау, өзен, көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу, ауаның тазылығын сақтау, өндірістерді, топырақ ауа жағдайларын есепке алып, тұрғын жерлсрде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және практикалык мәні бар экологиялық мәліметтерді бардарламаға кіргізу қажет. Оқушылар олармен лекциялар, практикалық жұмыстар, кештер, саяхаттар арқылы танысады.
Шамамен осындай әуенді пайдаланып, тікелей экологияға қатысы бар пәндер бойынша экология бағдарламасын құрастыруға болады.
Енді экологиялық тәрбие жұмыстарының бірнеше түрлерін қарастырайық:
Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе учаскесінде бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.
Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі. Сонымен бірге орманды қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарынын түрлері:
— көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу;
— дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ т. б. жемістерді жинау;
— пайдалы хайуандарды қорғау және есебін алып отыру; ,
— фенологиялық бақылау жүргізу.
Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің жергілікті ғалымдардың басшылығымен жүргізіледі.
Қазақстанның Оңтүстік және Терістік облыстарының топырағы мен ауа райы жағдайында оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмыстарын әртүрлі тақырыптарда жүргізіледі: «Кубань-3», «Дуборский-129» Күріш сорттарының өніміне минералдық және кең қосылған минералдық тыңайтқыштардың әсер етуін анықтау. «Күріш егісінде өсетін арамшөп –балдырларыды, арамшөптерді (cfiaralis, Spiroglra) мыс купросымен жою»; «Сібір егісіндегі арамшөптерді керосин және соляр майымен тазадау» т.б.
Қазақстанның Терістік облыстарында мектеп, оқушыларды егістік дала жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарының: сорттарын зерттеу мақсатымен тәжірибе жұмысын мынандай тақырыптарға жүргізеді: «Ишимский-100»,. бидайы, «Днепропетровский – 438» жүгерісі», «Сібірдің тез пісетін помидоры» т.б.
Сонымен, оқушылар дала жағдайындя тәжірибе жұмысын жүргізу кезеңінде әр түрлі аймақтардың топырағы мен ауа райы есепке алып, дәнді және бақша өсімдіктерінің сорттарын, олардан түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен егістік жерлерде өсетін арамшөптермен күресі жүргізеді.
Оқушылар түрлі табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерелейді.
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, рефераттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыптарына арналған плакаттар т. б. Осылардын бәрі оқушылардың саналы жете түсінуіне, табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардыц бірі.
Егер экологиялық құлық және еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып тікелей табиғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
Өмірде және нақты сдбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру, Қоғамның мақсаты: кқғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналды.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.
Экологиялыққауыптен қорғану жолдары
Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, адам баласына ұтымды жағдай жасау.
Жер жүзіндегі ғалымдардың болжамына қарағанда, адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауының әp түрлі себептері бар сияқты.
Таяудағы он жылдың ішінде ауада көмірқышқыл газының үлесі ұдайы көтеріледі, Бұл бүгінгі күнге қарағанда Жерді күн энергиясын айырықша көбірек сіңіретін жылы жанға айналдыруы мүмкін деп айтушыларда бар. Сондықтан планета температурасы көтеріліп, құнарлы топырақты аудандар қуаң жерге айналады, мұздардың еру есебінен мұхиттардағы судың деңгейі көтеріледі, жағалауындағы жерді, қалаларды су басады.
Антарктида мен Артиканың үстінде озон тесіктері пайда болды деген болжама бар.
Озон тесіктері Оңтүстік полюстың үстінде Америка Құрамы Штаттары жері көлемінен артығырақ кеңінен. Ал Терістік полюс үстінде де тесіктер табылған.
2100 жылғы озонның жамылгы қорғанышы жоқ болып кетсе, ультракүлгін сәулелер Жерді кептіреді, жануарлар мен өсімдіктер, яғни бүкіл тіршілік апатқа ұшырауы мүмкін.
Егер озон қабаты қазіргі қарқынмен одан әрі бұзыла бастаса ХХІ ғ. да біздің ұрпағымыз не күтеді.
50-ші жылдардың бірінші жартысында ауада озонның мөлшері бірнеше проценттей көбейді. 60-шы жылдардың басында төмендеді, ал 10 жылдан кейін оның мөлшері қайтадан есті, 70-ші жылдардың екінші жартысынан төмендеп кетті.
Қазіргі кезде озон қабығы жаңадан 3% шамасында «жүдеді».
Озонды негізгі жоюшылар құрамында галоген элементтері бар заттар фреондар.
Бүкіл дүние жүзінде 1 млн. тонна шамасында фреондар өндіріледі. Олар лактар мен сырларды тозаңдату, тоңазытқыштарды суыту үшін қолданылады. Осы уақытта фреондардың 40% Америка Құрама Штаттарында, 35% БЭС елдерінде, 10% бұрынғы КСРО мен Жапонияда өндіріледі.
Осы химиялық заттар туралы қандай шаралар қолданылуда:
1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы қабылданды.
50 — ден астам мемлекеттердің өкілдері Монреаль коференциясында шешім қабылдады. Онда әрбір мемлекет озонды бұзушы заттарды өндіру қысқартылсын деп жазылған.
Фреондар өндіруді 1993 ж-20 %, ал 1998ж.50%-тей азайту керек деп белгіленді.
Егер белгіленген бағдарлам аорындалса, егер озонды бұзушы заттарды өндіру үдей болмайды.
Қазіргі уақытта қауыпты жағдайдың бірі — бұл «ядерлік қыс». Бұл терминнің мәні атомдық соққының нәтижесінде өрт пайда болып, қалың түтін қабаты планетаны жабады да ауаны сөзсіз қараңғылайды, күн сәулесінің жер бетіне жетуі тоқталады. Осының әсерінен жер беті суынады. Барлық тірі, мақлұқ жер бетінің мұздауымен — «Ядерлік қыспен» соқтығысады. Бұлардан басқа да қатерлі болжамдар аз емес. Осындай экологиялық апаттар адам баласына қауып-қатерлер төндіре ме деген сұрақтар туады. Сөзсіз, экологиялык апат әр уақытта қауып туғызады. Әрине, бұл сұраққа бір мағыналы жауап беру өте қиын. Сондықтан істің анағұрлым маңыздысы экологиялиқ апатты қалай анықтауға және келешекте қалай болдырмауға болады.
Экологиялық апатты болдырмау үшін бізді қоршаған табиғаттың өте күрделі және толық зерттелмеген жүйе екенін дұрыс түсінуіміз керек. Демек, табиғатты қорғау жұмысы кешенді және жүйелі болуы қажет. Сонымен бірге табиғат байлығын пайдалану басқа шаралармен тығыз байланыста іске асырылуы керек.
Экология — бұл әлеуметтік проблема, оның қоғамның өте терең әлеуметгік өзгеруі және халықаралық ынтымақтастық негізінде шешілуі ықтимал.
Қазіргі және келешек ұрпақ үшін жерді, оның байлығын, су қорын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, және су тазалығын сақтау, табиғат байлығын ұдайы өндіруді, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қоршаған ортаны жақсарту жөнінде егеменді Қазақстан мемлекеті қажетті шараларды қолдануда. Бұған соңғы жылдары шыққан бірнеше қаулы-қарарлардың өзі-ақ дәлел бола алады.
Жаңа аймактарды экономикалық игеру жағдайында табиғи ортаны қорғаудың бір түрі мемлекеттік қорықтарды жасау. Мұндай қорықтардың саны бұрынғы КСРО да 156 болды. Олар I млн. гектар жерден орын алды. Қорықтардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңызы өте зор.
Жыл сайын қоршаған ортаның күні төмендеуде. Сондықтан оны сақтау күресінің негізгі бағыттары:
Кез келген қару-жарақпен жабдыКқалған егесу қоршаған ортаға келтіреді.
3. Өндіріс, әр түрлі қару-жарақтардың түрлерін қоймалау, тасымалдау, әскери объектілерді салу, әскери оқуларды өткізу, қоршаган айналаға тікелей зиянды әсер етеді.
4. Ядерлік сынаулардың жалғасы, химиялық қарудың үлкен қоры оны пайдалану, зиянды химиялық заттарды одан әрі өндіру, ойда болмаған оқиғаға ұшыратуы мүмкін.
5. Қару-жарақты космос кеңістігіне жаппай тарату, они бейбітшілік жағдайда қолдануға теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе әрдайым барлық мемлекеттердің бақылауында болу керек.
Биологиялық бактерияларды өрбіту, оларды қару есебінде қолдану халықтың өміріне, тіршілігіне үлкен қауып туғызады.
Осындай ауыр жағдайдан құтылу үшін табиғатты қорғауда бүкіл дүние жүзілік бірлестікті күшейту, халықаралық ынтымақтастықтың негізінде экологиялық қауыпсіздіктің тұжырымдамасын жасау және іске асыру.
Сонымен экологиялық тәрбие және білім беру мәселелерінің мазмұнын, химия, физика, биология, география сабақтарында халықаралық, мемлекеттік, өлкетану деңгейінде ашып тұрған жерді қоршаған ортаны қорғау, күту және оның қарын ұтымды пайдалану іс-әрекетіне оқушыларды үйрету, дағдыландыру және бағыт беріп отыру мектеп ұжымының төл ісі.
Мұндай принцип мектептің өмірімен байланысын күшейтеді, адамның өзі мекендеген ортасымен өзара әрекеттесуі оқушылардың көзқарасының дамуына игі әсер етеді.