НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөлін атқарады. Ол арқылы кәсіпопындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдер жүгізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтарымен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай – ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық инвистициялық, сенім кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатан несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігін өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардық бір саладан екіншісіне қайта құйылуан қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқада елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма – қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80 – жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.

Американдық шаруашылықта пайдаланатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай  қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700млрд долларды құраған.

Несие жүесінің өзқызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайтабөлуге байланысты несиелік мекемелермен әртүлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап оны заңды және жеке тұлғаларға уақытшапайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғыларымен алушылар арасында экоомикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасқан экономикалық қатынастарды да несиелікқатынастар мазмұныны жатқызуға болады.

Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шарушылық субьектілері үшін де сондай – ақ несие жүйесінің мекемелері үшінде бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау — несиелік ресурстарды құруды білдірсе оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру несие беріді білдіреді.

Екі жақты қатынас шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі несие жүйесі мен халық, мемлекетпен несие жүйесі, несиелік мекемелер әр түрлі елдердің несиелік мекемелердің арасында болуы мүмкін.

Жоғарыда түсіндіргеніміздей несиелік қатынас негізінде ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуына ынталандыру тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады:

Тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілернің бір біріне қарз беру барысында аталған несие формасында ақшалай  формада қайтарылады. Өйткені алушы  субьект несие беруші тауар несиесінің алғанын куаландырылатын вексельді сондай – ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқада құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне шаруашылық жүгізуші және банк жатады. Несиелі қатынастардың мазмұнандағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал несие жүйесі тар мағынаснда — бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы елдегі ақша айналысын реттейтін және басқада қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда несие жүйесі банктік және басқада мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және оларды құқықтық формаларын ұйымдастыру арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұыймдастұруда: банктік және банктік емес институттар щеңберінде екі жүйелі бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие – қаржы мекемелері.

Экономикалық әрбір экономикалық тарихи даму кезеңіне несие — ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді . Мысалы, жоспалы – орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе нарық эконномикасы үшін монополиясыздандырылған бнктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егерде несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін нгізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады.

  • орталық банк
  • коммерциялық банктер
  • мамандандырылған несиелік мекемелер

Функцианалдық мамандануына шаруашылық буындарға несие – қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несиелік жүйесінің ядросы ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады.

Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай – ақ кез келген елдің ол мемлекеттік халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша – несие институты болып табылады. ОРталық банк – бұл банктердің банкі. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялармен жүргізбейді, оның клиенттеріне — коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай – ақ үкімет ұйымдары  жатады.

Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық бан несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие – қаржы қызметтерінің өзары байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі базалық буын рөлін атқарады.

Олар үкіметтің іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвистициялық операциялар арқылы өздерінң әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасында неие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілген несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.

Парабанктік мекемелер көбінеск белгілі бір клиенттер типіне немесе  бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сигменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады; бір жағынан, олар несиелік және есеп айырысу қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан ола, кандайда бір қаржы, сақтандыру инвистициялық немесе басқада операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомствалардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.