Неке және отбасы заңдары туралы реферат

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуың Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерің қорғауды қамтамасыз етеді.

Осы Занда пайдаланытын негізгі ұғымдар

  1. неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;
  2. жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;
  3. отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
  4. неке жасы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;
  5. балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;
  6. мүліктік шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгі ленген меншігінің режимі;
  7. суррогат ана шарты – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
  8. патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;
  9. алименттер – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
  10. отбасылық жағдай – некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;
  11. материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының, басқа да табыстарың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;
  12. азаматтық хал актірлері – адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына жәке тоқталылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар;
  13. жақын туыстары – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ансы бқлек ағылы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
  14. қорғаншы (қамқоршы) – қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
  15. қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әркетке қабілетсіз (әрекет қабиілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
  16. репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;
  17. суррогат ана – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.

Некеотбасы заңдарының негіздері

  1. Неке және отбасы, ана, әке, және бала мемлекеттің қорғауында болады.
  2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:
    • еркек пен әйелдің некелік одағының еректілігі
    • ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдегі
    • отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік
    • отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу
    • балаларды отбаснда тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау
    • отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру
    • отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері
    • отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді
  1. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында

қиылған неке ғана танылады.

  1. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік,

нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың

құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым

салынады.

Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтары және заңды мндделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар

Неке-отбасы заңдары:

  1. некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді
  2. отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді
  3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды
  4. азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Неке-отбасы заңдары жәке отбасы құқығының нормаларын қамтитын өзге де актілер

Қазақстан Республиқасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республиқасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылытын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Некеге тұру шарттары

  1. Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйедің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
  2. Неке осы Заңның 11-бабында аталған мән-жайлар болған жағдайда қиылмайды.

Неке жасы

  1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
  2. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актірлерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төрмендетуі мүмкін.
  3. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер неесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
  4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
  5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Некеге тұру тәртібі

  1. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
  2. Некені қию некеге тұруіа тілек білдірушулер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптыңөміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мәнжайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
  3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтың хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
  4. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге түруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреу сотқа шағым жасай алады.

Некені бұзу

  1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоөтатылуы мүмкін.
  2. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.