Негізгі капиталдың жай ұдайы өндірісі амортизациялық қордың әсер етуі есебінен жасалады .Жай ұдайы өндіріс көрсеткіштері :
1.жай ұдайы өндірістің көлемі(теңге)=ұдайы өндірістің жылдық көлемі-кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі ;
- амортизациялық қор ;
3.жылдық амортизациялық аударымның сомасы ;
4.амортизация нормасы ;
5.тозу және жарамдылық коэффиценттері;
6.жай ұдайы өндірістің үлесі =жай ұдайы өндірістің көлемі *100/ұдайы өндірістің жылдық көлемі .
Амортизациялық аударымдар негізгі капиталдың ішінара қарпына келтіруін қамтамасыз ету керек , ол жөндеу жұмыстарын жаңғыртудың капиталдық кірісінде жүзеге асырылады .өнімді өткізуіне қарай амортизациялық аударымдар амортизациялық қорда қорланады . Амортизациялық қорда тағайындау –істен шыққан негізгі капиталдың толық қалпына келтіруыін қамтамасыз етуі.
Негізгі капиталды тұтынуға кіретіндер:
–берілген кезеңде тозу нәтижесінде тұтынылған негізгі капитал құнының бір бөлігі;
–жойылған негізгі капиталы амортизацияланып бітпеген минус құнды металлолом және басқа да материалдардың құндықтары;
–сақтандыруға мүмкін болатын негізгі капиталдың жоғарылауы нәтижесіндегі зиян мөлшері таза сақтандыру төлемдерінің сомасына тең болады .
Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің капитал салымы ретінде қамтамасыз ету . капитал салымы–жаңарту үшін , сонымен қатар кеңейтуге , негізгі капиталды техникалық жабдықтармен қайта қамтамасыз етуге арналған шығындар.
Кеңейтілген ұдайы өндірістің көрсеткіштері :
- негізгі капиталдың жаңару және істен шығару сомалары ;
- негізгі капиталдың жаңару және істен шығару коэффиценттері,
- кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі-негізгі капиталдың абсолютті өсімі ;
- күрделі қаржы жұмсалымның көлемі мен құрылымы;
- жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы ;
- кеңейтілген ұдайы өндірістің үлесі =кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі*100/ұдайы өндірістің жылдық көлемі .
Негізгі капиталдың жаңару көрсеткіштері мынаны сипаттайды:
- негізгі капиталдың өсу көлемін.
- жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаражаттың азаюы.