Меншікті капиталдың құрылу негіздері және басқарылу әдістері

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъекті мүлкінің құрамы

Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтері болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.

Негізгі (ацналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімдік) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Субъектінің мүліктерінің (капиталының) құралу көздері

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланылады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі субьектінің кәсіпорынның жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржыларының соммасы болып табылады.

Меншікті ұйымдық- құқығының нысанына және меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынандай түрлерде болуы мүмкін;

Шаруашылық серіктестіктердің толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауап кершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталы.

Өндірістік коператив мүшелерінің мүлкі жарналары. Жарғылық қор мөлшері субькетінің жарғысында жіне басқада құрылтайшылық заттарға тиісті өзгерістер белгіленген, өкіметтің атқарушы оргондарында тіркелуі тиіс. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер ғана болуы мүмкін.

Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акйиаларын олардың аталуы номиналдық құрлымынан артық құнымен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

 Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестициялардан қайта бағалағанда олардың құнының өскен соасына және тағы да басқалардан туындайды.

Резервтік капитал – келешекте алдағы уақыттарда болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен шаруашылық субъектісінің жоғарысында қаралады.

Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектісінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай  бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Корпорация мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ең маңызды қорлар болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • қорлану капиталы;
  • тұтыну қорлары;
  • еңбекақы төлеу қорлары;
  • валюта қорлары;
  • жөндеу қорлары және т.б.

Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша жай және артықшылығы бар акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық аталуы құны, акционерлік қоғамның, серіктестердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны саты алатын мүшесіне сол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.

Шаруашылық субъектілерінде жарғылық капитал.

501 – «Жай акциялар»

502 – «Артықшылығы бар кациялар»

503 – «Қосқан үлестерімен жарналары» деп аталатын 50 – «Жарғылық қор» бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.

Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қрды құрғанда, сондай ақ қосымш эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акцияларды номиналдық құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасынан 511 – «Төленбеген капитал» шот дебиттеліп, 501 – «Жай акциялар» және 502 – «Артықшылығы бар акциялар» деп аталынатын шоттар кредиттеледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінбеген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл – ой меншігі (интеллектуальная собственность) және басқа нәрселер жатуы мүмкін.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары (бұл құжаттардаң ең негізгісі Жарғы болп табылады) болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшадан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруіне жатады.

Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:

  • Толық серіктестік – жарғылық капитал оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі  мөлшерден кем болмауы керек.
  • Коммандиттік серіктетік – жарғылық капиталдың мөлшері заң актілермен белгіленген ең аз деңгейде болмауы керек.
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшыларын анықтайды.
  • Қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл саланың жетіспеушілігіне өз мүмкіндіктерінің еселенген мөлшерде өздерінің салым ақшаларына қосады.
  • Акционерлік қоғам – жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық аталуы құнына тең. Алайда заңда қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек.

Шаруашылық жүргізуші субъекті жарғылық капиталға мүліктік және ақыл – ой қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субъектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды (яғни салымды) инвестиция деп атайды. Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын объект – еншілес шаруашылық серіктестік болады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғылық капиталы есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.

Кәсіпорындардың дербестік жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуй мүмкін, мысалы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға қатысты үлестік қорлар, қамсыздандыру медециналық сақтандыру т.б.

Жарғылық капитал (қор) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді. Ол алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерін құрғанда, өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың қөзі болып табылады. Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жағдайлар жасалады.

Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдардың) өндіріс процесінің натуралдық – заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі болып саналады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы есебінен немесе жарналарды құрылтайшылар менқатысушылардың акцияларына айырбастау жолымен құрылады.

Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады, негізгі капиталға жұмсалатын күрделі салымдар, пайда есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар – материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толығулары нәтижесінде көбейеді, сондай – ақ негізгі құралдарды есептен шығару немесе басқаға беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

Резервтік капиталдың есебі

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарын жабуға, сондай-ақ қоғамның облигациясын жабуға жіне басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Секріктестік резервтік капиталды пайдалану бпғыттары жарғы бойынша анықталады.

Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.

Жыл сайынғы аудару мөлшері мен акционердің жалпы жиналысында бейнеленеді.

Резертік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.

Резервтік капиталдың құрылуы;

551-«Құрытайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шот кредиті.

552- «Басқадай резервтік капитал» шот кредиті.

Резервтік капиталдың қаражатын пайдалану.

А)Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал есебінен төленеді.

Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын соммаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерде тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарды резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің;

«Заңмен бекітілген резервтік капитал»

«Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шоттарда есептеледі.

Акционерлік қоғамдар немесе басқада ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құрылуына болады.

Бұндай бағытта құрылған қор соммаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды.

Ол аталған есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі. «Басқадай резервтік капитал» — деп аталатын шоттар кредиттеледі. Ал шаруашылық субъектісінің резервтік капиталындағы жинақталған соммасы жұмсалғанда бухгалтерлік есепте. Аталған қорлар есебі 552- «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шот.                    

Бөлінбеген пайда есебі

Кәсіпорынның қортынды таысынан бюджетке төленетін салықтары және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төленгенен қаған соммасы есепті жылдық «Бөлінбеген пайдасы» (жабылмаға зияны) болып табылады.

Ұйымдарда «Бөлінбеген табыстың» (жабылмаған зиянының ) есебі.

  • «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»
  • «Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс» деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы ( жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Ал керісінше бқлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зияны «Есепті жылдың бөлінбеген табысы шотының дебитінде жазылады. Мысалы;
  • есеп беретін жылғы шаруашылық субъектісінің шеккен қортынды зиянының соммысы.
  • Д-Т «Есепті жылдық бөлінбеген кіріс шотты»
  • К-Т «Жиынтық кірісі (зияны)» шоты түрінде бухгалттерлік жазу жазылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандайда бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалған бөлінбеген таза пайдасы оның капиталының жалпы саласы,яғни барлық активтерінің соммаларының қосындысын алып тастағандығы қалған соммасы кәсіпорынның қосындысы алып тастағандағы қалған саласы кәсіпорынның немесе акционерлік  қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болмауы тиіс.Егер баланыс активінің нетто қоғамынның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельділігінің төмен екндігін көрсетеді.

Бұдай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорынның мөлшері өайта өаралуы тиіс.

Есепті жылдың соңында барлың кәсіпорындардың бухгартерясында жетінші « кірістер» және сегізінші «шығыстар» деп аталатын шотпен қалдық қалмайды. Жетінші бөлім шщттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші «кірістер» деп аталатын бөлім шоттары дебеттелініп,»жиынтық кіріс» деп аталатын бөлім кредиттеледі. Сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте «жиынтық кірісі» деп аталатын шот сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары кредителеді.

Мысалы;

  • есеп беретін жылғы шаруашылық субъектісінің шеккен қортынды зияннының соммасына;

Д т; «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі шотты.

 К т «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі шотты түрінде бухгалттерлік жазу жазылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандай да бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалмаған таза пайдасын оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорының меншікті капиталының жалпы соммасы,яғни барлық активтерінің соммаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысында көсетіліп белгіленген жарғылық капиталынның сомасынан кем болмауы тиіс.

Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну қоры мен қорлану қорларын құрады.

Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:

  • бүкіл персоналдың (өндірістік, өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
  • ақшалай төлемдер, оның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мен төлемдер;
  • еңбегі үшін көтермелеудің ақша және натуралдық нысандағы басқа түрлеріне жұмсалған қаражаттар;
  • материалдық көмек;
  • еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қарадаттар;
  • еңбек ұйымдарының акциялары мен ұжым мүшелерінің кәсіпорынның мүлкіне қосқан салымдарына қарай төленетін табыстар (дивиденттер, пайыздар);
  • басқа ида жеке сипаттағы төлемдер.

Сөйтіп тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық көтермелеу және әртүрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын пайданың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражаты қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.

Қорлану қоры мыналардың есебінен қалыптасады:

  • кәсіпорының қарамағында қалатын пайда (табыс);
  • негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық төлемдер;
  • шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім – қаржы;
  • банктердің несиесі;
  • басқа да көздер.

Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге арналған шығындырды қаржыландырады, яғни:

  • негізгі және айналым капиталдарын молайтуға (арттыруға);
  • ғылыми техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
  • табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
  • өндірістік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.

Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына құрылу көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынандай жеке қорлар құра алады: еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму т.б. қорлары.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мынандай көздерден қалыптасады:

  • экспорттан валюталық түсім – ақша;
  • жарғылық капиталға түсетін жарналар;
  • банктердің, оным ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелері;
  • ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы валюта сатып алу;
  • резидент еместер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).

Корпорация мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, қолданылып жүрген валюта заңының шеңберінде өз бетімен пайдалана алады.

Валюта өорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады, сондай – ақ ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге пайдалануы мүмкін.

Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруда қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резерв қоры, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Рынокқа көшу жағдайында олардың рөлі арта түседі. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (мөлшерлі аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгей бюджеттері бойынша) негізінде жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, олардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Ол қордың мөлшері кәсіпорындардың жарғылық капиталының көлемінің 25%-нан асуы керек.

Қаржы резервінің қаражаты өндірістік және әлеуметтік даму жөніндегі қосымша шығындарға, жаңа техниканы әзірлеуге, енгізуге, меншікті айналым қаржысын толтыруға жұмсалады.

Жөндеу қоры кәсіпорындарда жөндеудің барлық түрлерін, күрделі, орта және ағымдағы жөндеуді орындауға жұмсалады. Кәсіпорындардың күрделі жөндеуге жұмсалатын амортизациялық түсімдер жойылған соң (1991 ж.) жөндеудің барлық түрлерін өнімнің өзіндік құны есебінен қаржыландырады. Кәсіпорындар жөндеу жұмыстарының шығындарына қарай жөндеу қорына төлемдердің мөлшерлерін өздері белгілей алады. Олардың мөлшері негізгі қорлардың тозуына қарай анықталады. Жөндеу шығындары ішінара алдығы кезеңдердің шығындарының есебінен жабылуы мүмкін.

Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар, пайда (табыс) жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалынатын инвестициялардың бастапқы көзі болып бюджет қаражаттары, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі қаржы көздері мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Сондықтан, негізгі қорлар мен айналым қорлары кез келген кәсіпорынның қалыптасуына және дамуына ең қажетті бастапқа қаржы көзі болып саналады.

Капитал құны корпорацияның түрлі қаржы көздерінен тартылатын жалпы көлемінің бағасын білдіреді. Ол корпоративтік қаржылардың ағымдағы және инвестициялық шығындарының деңгейіне байланысты болады.

Капиталдың оптимальді құрылымын анықтау корпоративтік қаржылардың күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.

Капитал құрылымын оптимизациялау әдісін ұсынушылардың бірі профессор И.А.Бланк.

Бұл жердегі аса өзекті жай меншікті капитал мен қарыз капиталының арасалмағын анықтау арқылы олардың тиімділігін арттыру болып табылады. Сол арқылы корпорацияның рыноктық құнын максимизациялау. Бұл процесс корпорация үшін мынадай іс – шараларды атқаруды қарастырады:

  1. Капитал құрамын талдау (тоқсан, жыл, бірнеше жылдар), оның құрылымын өзгеруін анықтау. Қаржылық тәуелсіздік ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің арасалмағын, қарыздардың деңгейін, меншікті капитал мен активтердің рентабельділігі және олардың айналымдағы жылдамдығын жеделдету т.б. зор көңіл бөлу қажет.
  2. Капитал құрылымына әсер етуші негізгі факторларды бағалау. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
    • шаруашылықтың салалық ерекшеліктерін ескеру;
    • компаниялардың өндірістік циклін есепке алу, яғни жағһңа компания мен қарыз капиталы бұрыннан қалыптасқан меншікті капиталы көбірек компания;
    • қаржы және тауар рыноктарының коньюктарысын зерттей, білу қажет;
    • ағымдағы жұмыстардың капиталының деңгейін есептеу;
    • компанияның түрлі салық төлеу деңгейін (ауыртпалығын) білу;
    • акционерлік капиталдарды шоғырландыру дәрежесін ескеру керек.

Осы көрсетілген жағдайларды ескере отырып капитал құрылысын басқару үшін 2 негізгі міндеттерді орындау керек.

  1. Меншікті және қарыз капиталдарының тиісті арасалмағын белгілеу.
  2. Қажетті жағдайда сырттай және іштей тиісті қосымша қарыз қаражаттарымен қамтамасыз ету.
  3. Капитал құрылымын, меншікті капиталдың табыстылығын оптимизациялау көрсеткіші. Бұл көрсеткішті қолдану нәтижесінде капиталдың оптимальды құрылымын белгілеп, меншікті капиталдың таза пайдалылығының өсуін максимизациялауға болады.
  4. Капитал құрылымын, оның құнын (бағасын) минимализациялау көрсеткіші арқылы оптимизациялау. Ол меншікті және қарыз капиталдарын алдын ала бағалау негізінде оларды тарту мен капиталдың орташа өлшеу құнының есебін жүргізу жағдауында анықталады.
  5. Капитал құрылымын қаржылық тәуекелдіктің деңгейін минимизациялау көрсеткіші арқылы оптимизациялау корпорация активтерін қаржыландырудың арзан көздерін таңдаумен байланысты болады. Осы мақсатта барлық активтер үш топқа сыныпталады: айналымнан тыс активтер – меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелер есебінен өтелінеді, ал айналым активтерінің тұрақты және өзгермелі бөлімдері қысқа мерзімді міндеттемелер есебінен қалыптасады. Осыған орай таңдалған қаржыландыру меншікті капитал қысқа мерзімді міндеттемелердің оптимальді арақатынасына сәйкес болуы қажет.

Қаржы статегиясы дегеніміз кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету бойынша әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржыны қалыптастыру, оларда жоспарлау мен қамтамасыз етудің теориялық және тәжірибілік сұрақтарын қамтиды және шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін мүдделерді шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің оңтайлы заңдылықтарын зерттеу, жаңа жағдайларда өміршеңдік формалары мен әдістерін өңдеу стратегиялық қаржылық операцияларды дайындау мен жүргізу.

Қаржы стратегиясы кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын қамтиды, сонымен қатар негізгі және айналым құралдарын оңтайландыру, пайданы тарту, қолма – қол ақшасыз есеп – айырысу, салық және баға саясаты, бағалы қағаздар облысындағы саясат.

Қаржылық мүмкіндіктерін жан – жақты ескеріп, сыртқы және ішкі факторлардың сипатын объективті қарастыра отырып, қаржы стратегиясы өнім нарығында қалыптасқан жағдайларға кәсіпорынның қаржылық – экономикалық мүмкіндіктерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Бас қаржы стратегиясы кәсіпорынның бір жылдық қызметін анықтайды (барлық деңгейдегі бюджет пен қарым – қатынасы, табыстың құрылуы мен қолданылуы, қаржы ресурстарына қажеттілігін және олардың қ