Меншік құқығы туралы түсінік

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болуы керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.

Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз

Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. мысалыЖ азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. мысалыЖ жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. мысалыЖ жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбау тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез – келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесыі болып қала отырып, оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, лоарға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңмен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік құқығының пайда болу негіздері

Меншік құқығының пайда болу негіздері дегеніміз азматтық құқық субъектілерінің белгілі затқа (мүлікке ) байланысты меншік құқығың алуын заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар. Заң әдебиеттерінде қалыптасқан көзқарастар бойынша оларды екі топқа бөлуге болады: бастапқы және туынды.

Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірнеше рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Сондықтан да бастапқы тәсіл бойынша меншік құқығыныңпайда болуына мына негіздерді атап көрсетуге болады: жаңа затқа меншік құқығы (273 — бап); иелену мерзімі (244 — бап); (245 — бап); қараусыз жануарлар (246 – бап ) және т.б.

Туынды тәсіл дегеніміз – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иеліктен шығарушыда оның тоқтатылуы. Туынды тәсілінің негізінде меншік құқығының пайда болуына көбінесе азаматтық – құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу – сату, қарыз немесе несие шарты, жекешелендіру және т.б.).

Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны

Сотта азаматтық іс: 1) өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша; 2) прокурордың арызы бойынша; 3) заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін — өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8, 56, 57 баптары).

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152 бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскен күннен бастап бес күннің ішінде судъя істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатын немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.

Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 153 бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін қамтитын тізбесі көзделген. Судъя арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бүұл туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарымда судъя, егер іс соттың қарауына жатпаса, арыз берушінің қандай органда жүгінуі керек екенін не істің пайда болуына кедергі жасайтын мән – жайларды қалайжоюға болатынын көрсетуге міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту ұйғарымына жоғарғы тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокуродың наразылық келтіруіне жол береді.

Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап – арыз, шағым (арыз ) береді.

Талап – арыздың берілуімен талап бойынша іс қозғалады. Талап бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.

Мүдделі адамның бұзылған немесе дау туғызған субъективті құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жүгіну талап – арыз деп алады.

Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талаптар беру туралы (өндіру немесе орындау), тану (анықтаушылық) және өзгергіштік туралы (мысалы, некені бұзу туралы) талап қою болып бөлінеді. Талаптардың көпшілігі өндіру туралы (алимент өндіріп алу туралы, денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген залалды орнын толықтыру, көшіріп жіберу және басқалары туралы) болады. Тану туралы талап қою соттың өз шешімімен талап қоюшы мен жауапкер арасында құқық қатынастары бар – жоғын анықтап, айқын емес, күмәнді жәйттерді жоюына бағытталған (мысалы, әке болуын анықтау туралы, өсиетті жарамсыз деп тану туралы).

Талап – арыз оның нысанасы мен негіздемесіне бөлінеді. Олар талаптың элементтері, оның құрамдас бөліктері деп аталады. Практикада бір талап арыз екіншісінен солар бойынша ерекшеленеді. Заңда сотқа қайталап ұқсас талап қоюға жол бермейді. Ол сотта қағазбастылық туғызады, соттың беделін түсіреді және сот қаулыларының тұрақтылығын бұзады.

Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150 бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар арыз беру арқылы қозғалады. Егерде арызды өкіл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.

Талап қойылған арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші жақтың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талапкерді талап қойылған арызға қосылған құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 151 бабы). Талап қойылған арыз бен құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.

Істі сотта дербес жүргізу үшін мүдделі адамның іс жүргізу қабілеті болуға тиіс (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 46 бабы). Бұл – сотта өз құқықтарын тікелей өзі жүзеге асыруға және істі жүргізуді өкіліне тапсыруға қабілеттілік деген сөз.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай – ақ әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата – аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары қорғайды, алайда сот мұндай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін де тартуға міндетті.

Еңбек қатынастарынан және алатын табысына, стипендиясына, өзге кірісіне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге байланысты мекемелерден  туындайтын істер бойынша кәмелетке толмағандардың сотта өзқұқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін тікелей өзіқорғауға құқығы бар. Мұндай істерге қатысу үшін кәмелетке толмағандарда көмек көрсетуге олардың ата – аналарын, асырап алушыларын тарту соттың ұйғаруына байланысты болады.

Азаматтық іс бойынша айғақтар сот заңмен белгіленген тәртіппен негізге алып, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән – жайлардың бар – жоғын анықтайтын кез – келген нақты деректер мен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән – жайлар болып табылады.

Бұл деректер мынадайамалдармен: тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінмен, куәлардың көрсетуімен, жазбаша айғақтармен, заттай айғақтармен және сарапшылардың қорытындыларымен анықталады.

Дәлелдеу міндетін заң тараптарға (талап қоюшы мен жауапкерге) жүктеледі. Дәлелдеу процесіне іске қатысатын басқа да тұлғалар (үшінші жақтар, прокурор, мемел. басқару органдары және басқалар қатысады).

Істі мәні бойынша шешу байланысты болатын фактілер дәлелдеу заты деп аталады. Іс үшін маңызы бар, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болатынын атап өткен жөн.

Олардың қатарына мыналар жатқызылған : 1)сот таныған жалпыға мәлім фактілер; 2)преюдициялық фактілер, яғни бір азаматтық іс бойынша соттың шешімімен заңды күшіне енген анықталған фактілер нақ сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Талаптардың сипатына, істің қарапайымдылығы мен қиындығына қарамастан, судья істі сотта қарауға дайындық жүргізуге тиіс, өйткені азаматтық процесте алдын ала тергеу сатысы болмайды. Істі тындай белгіленген бір сот отырысында қарау дайындықтың жүргізілу сатысына байланысты.

Судьяны істі дайындау мен сотта қарау жөніндегі іс жүргізу әрекеттерінің тізбесі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 170 бабында берілген, іс жеткілікті дәрежеде дайындалған деп таныған соң судья оның қаралуын белгілеу туралы ұйғарым шығарады.

Сотта қарау – бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау мен шешу. Істің қозғалуын сот міндетті түрде қарауға тиіс. Процесті бұл сатысында азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері мейілінше толық көрінеді.

Диспозитивтік құқықтың бұл саласының сапалық ерекшелігін білдіреді, ерекше салалық принцип болып табылады. оның мәнімынада:азаматтықістің қозғалуы, оның жүруі және процестің тоқталуы тараптардың қалауына байланысты. Тараптар процесті қозғаушы, бастаушы деп аталды. Диспозитивтілік азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларына өтеді. Диспозитивтіліктің мазмұнын тараптардың арнайы құқықтары, атап айтқанда, сотта қорғану, талап қоюшының талап – арыздан бас тартуы, талап – арыздың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту, талап қоюшыны тұтас немесе жеке алғанда жауапкер деп тану, тараптардың бітісу келісімін жасасу құқығы, апелляциялық шағым беру, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатудың талап ету құқығы құрайды.

Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарға міндетті түрде хабарлай отырып, сот отырысында жүргізіледі.

Сот отырысы 4 бөлімнен : дайындық, істі мән бойынша қарау, сот жарсызсөздері, сот шешімін шығару мен хабарлау бөлімдерінен тұрады.

Дайындық бөлімінде сот отырыснда шақырылған адамдардың қайсысы келмеген, келмеу себебі, істе бар материалдар бойынша істі қарау мүмкіндігі анықталады. Тараптарға олардың іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, соттың құрамы, судьяға, прокурорға, сот мекемсінің хатшысына, сарапшыға және басқаларына қарсылық білдіру құқығы жарияланады. Содан кейін іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың арасындағы мен өтініштері қаралады.

Істің мәні бойынша қарау төрағалық етуші судьяның істі баяндаумен басталады. Содан соң ол талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын – қолдамайтынын, және тараптардың істі бітісу келісімімен аяқтағысы келетін — келмейтінін сұрайды.

Осыдан кейін сот талап қоюшының, жауапкердің және іске қатысушы барлық адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, сондай – ақ істі Азаматтық іс жүргізу кодексі 8 бабының тәтрібімен бастаған мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың өкілдері бірінші болып түсініктеме береді. Іске қатысушу әрбір адам айтысушылық принципі және процесті жүргізудің жарыспалық нысаны себепті сотта істің мән – жайын анықтауға және айғақтарды зерттеуге белсене қатысу арқылы өзінің ақтығын қорғауға құқылы.

Іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тындаған соң сот куәлардан, сарапшылардан жауап алу және басқа айғақтарды зерттеу тәртібін белгілейді. Бұл мәселені сот айғақтарды салыстыру және оларға жол беру туралы ережелерді ескере отырып және азаматтық істердің сипатына қарай шешеді.

Сот барлық айғақтар қарастырылғаннан кейін сот жарыссөздері мен прокурордың қорытындысын тындауға көшеді. Содан соң сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Шешім шығару кезінде сот айғақтарға баға береді \, іс үшін маңызы бар қандай мән – жағдайлардың анықталғанын және қандайларының анықталмағанын, бұл іс бойынша қандай заңның қолданылуға тиіс және талаптың қанағаттандырылуға жататын – жатпайтынын анықтайды.

Бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша қарап шығарған қаулысы шешім деп аталады. Сот шешімді ҚР атынан шығарылады. Шешім заңды және негізді болуы тиіс. Сот шешімді сот отырысында зерттелген айғақтарға ғана негіздейді.

Егер сот істі қарау кезінде ісін жүргізу ережелерін сақтаса және шешім шығарған кезде сот тараптардың даулы құқық қатынасын реттейтін материалдық құқық нормасын дұрыс қолданса, соттың шешімі заңды болады.

Егер сот үшін маңызы бар мән-жайларды толық анықтаса және оларды сот отырысында зерттелген айғақтар растаса, сондай – ақ шешімде баяндалған сот тұжырымы істің мән – жайына сәкес келсе, соттың шешімі негізделген болады.

Сот шешімі кіріспе, сиптаттау, дәлелдеу және қорыту бөлімдерінен тұрады.

Шешімді сот отырысының залында төрағалық етуші оқиды. Содан соң шешімнің мәнін, оған шағым берудің тәртібі мен мерзімін түсіндіреді.

Егер шешімге шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмес, ол апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімді, күші жойылмаған болса? Апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

Іске қатысушы соттың шешіміне қанағаттанбаған адамдар түпкілікті түрде шешім шығарылғаннан кейін 15 күн ішінде апелляциялық шағым беруге құқылы. Апелляциялық шағымберу құқығы сотта қорғанудың конституциялық құқығының құрамдас бөлігі, сот әділдігі, демократиялық негіздерінің көрінісі болып табылады

Прокурор мен оның орынбасары іс бірінші сатыдағы сотта қаралған кезде қатысқан – қатыспағанына қарамастан, апелляциялық наразылық келтіруге құқылы.

Шағым немесе наразылық іске қатысқан адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса, шешім шығарған сотқа беріледі. Апелляциялық сатыға істі дайындауға байланысты іс жүргізу әрекеттерін шағымды немесе наразылықты алған судья жасайды.

Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот апелляциялық

Шағым немесе наразылық шегінде бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Апелляциялықсатыдағы сот жаңа фактілерді анықтау және жаңа дәлелдемелерді зерттеуі мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы сот зандылық мүддесін көздей отырып апелляциялық шағым немесе наразылық, келтірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы.

Апелляциялық сатыдағы сот осы 25 – 29 тарауларында көрсетілген істер бойынша бірінші сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.

Істі апелляциялық сотта қараудан тәртібі регламенттелген .

Істі апелляциялық тәртіппен қараған сот өз ұйғарыммен :

  • Шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырылмай қалдыруға;
  • Шешімнің толық немесе бір бөлігінің күшін жоюға және істі бірінші сатыдағы сотта қайта қарауға жіберуге;
  • Шешімнің толық немесе бір бөлігінің күшін жоюға және істің жүргізілуін тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;
  • Егер іс бойынша айғақтары жинау немесе қосымша тексеру керек болса, істің мән – жайын бірнші сатыдағы сот толық және дұрыс анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілсе, шешімді өзгертуге немесе істі қайтадан қарауға бермей, жаңа шешім шығаруға құқылы.

Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға және бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға мыналар негіз болады. Егерде соттыңбірінші немесе апелляциялық сатысы істі қарағанда материалдық немесе процесуалдық нормаларды бұзсане дұрыс қолданбаса.

Апелляциялық тәртіппен қайта қарауменқоса, заңда заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды Азаматтық іс жүргізу кодексінің 385 бабындааталған лауазымды адамдардың наразылықтар бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарау көзделген. Бұлар – ҚР Бас прокуроры, оның орынбасары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілетін Алматы қаласының прокуроры. Наразылық келтіру мерзімі 388 бабы юойынша үш жылмен шектелген.

Істі наразылықтар бойынша қадағалау тәртібімен қарайтын соттар мыналар: Республика Жоғарғы Сотының төралқасы, Жоғарғы Соттың азаматтық істері жөніндегісот алқасы, облыстық соттың төралқасыжәне Алматы қалалық сотының төралқасы.

Іс қадағалау тәртібімен іске қатысушы дамдарға хабарлана отырып, прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.

Қадағалау сатысының негізгі міндеті – заңды күшіне енген сот шешімінің, ұйғарымының қаулысының дұрыстығын, олардың заңдылық және негізділік талаптарына сәйкес келетіндер мен қаулылардың күшін жоюға нақ апелляциялық тәртіппен сияқты, олардың заңсыздығын мен негізсіздігі негіз болады.

Азаматтық процестің соңғы сатысы атқару ісін жүргізу болып табылады. Атқару ісін жүргізу ережелері «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы ҚР 1998 жылғы 30 маусымындағы заңында толық реттелінген.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің бесінші бөлімі шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізу құқықтарына, шет мемлекеттерге қойылатын талаптарға, шетелдік соттардың сот тапсырмалары мен шешімдеріне, халықаралық шарттарға арналған.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Кәмелетке толмағандардың жауаптылығына жаңа ҚК жеке бір бөлім

бағыштады.

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады.

Жасқа толды деп туылған (он төрт не он алты), бірақ кәмелетке адамның өзі құрбыластарына ілесе алмай, психиканың бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалып, соның салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезінде өз әрекетініңіс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса да қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Оларға жаза тағайындаудың да өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, оларға жазаның барлық түрі емес, тек кейбіреуі қолданылады. Оларға: айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығыан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту, түзету жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру.

Екіншіден, бұл жазаларды қолданудың өзі шектеулі сипатта. Мысалы, айыппұл оның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.

Ал белгеілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Қоғамдық жұмысқа тарту кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты негізгі жұмыстан не оқудан бос уақытында орындауы (қырық сағаттан жүз алпыч сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады). Он төрттен он алтыға дейінгілер үшін орындау ұзақтығы күніне екісағаттан аспау керек.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасссқа жеткен, бірақ әлі он сегізге толмаған адамдарға бір жылға дейігі мерзімге тағайындалады.

Он сегізге толамай сотталған адамды бас бостандығынан айыруды:

  • Бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған ер балалар, сондай – ақ әйел жынысты кәмелеткке толмағандар — жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында.
  • Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысы кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтеуді тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындаудың ерекшелігі оның 52 -бапта көзделген мән – жайлардан басқа, өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай – ақ оған жасы үлкен адамның ықпалы ескерілуінен көрініс табады.

Сонымен қатар, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адамды жазамен емес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларымен түзеу мүмкін деп тапса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін:

  • Ескерту
  • Ата – аналарының немесе олардың орындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
  • Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
  • Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс – тұрысына ерекше талаптар берілуі мүмкін.

Кәмелетке толмағандарға мұндай шаралардың бір мезгілде бірнешеуі тағайындалуы мүмкін.

Ескерту оның әрекетінің келген зиянды түсіндіруден және қылмысты қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.

Қадағалауға беру қадағалаушыға тәрбиелік әсері ету және кәмелетке толмаған адамның мінез – құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамныңмүліктік жағдайын және оның тиісті еңбекке дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Бос уақытты шектеу белгілі орындарға баруға, бос уақытының белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға оқуын жалғастыру, аяқтау, жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкін және басқа да шаралар қолданылуы ықтимал.

Арнаулы тәрбие немесе емдеу – тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс үшін алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін. Ол мамандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде мерзімінен бұрын тоқталуы да мүмкін.

Аталмыш мекемеде болудың мерзімін тағайындалған мерзім аяқталған соң да жалпы білімді немесе кәсіптік даярлықты аяқтау қажет болғанда ұзартуы мүмкін.

Ондай мекемеде болуын тәртібі мен ережелер зағдарымен белгіленеді. Кәмелетке толмағандардың жзаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату он сегіз жсқа дейін қылмыс жасап, бас бостандығынан айыруға немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға :

а) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;

ә) ауыр қылмысы үшін жазаның кемінде жартысын;

б) аса ауыр қылмысы үшін жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

ҚК 69 және 75 – баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады.

ҚК 77 – бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері кәмелетке толмағандар үшін қысқартылады және тиісінше:

а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

ә) кішігірім немесе орташа ауырлықтығы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

б) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.

Он сегіз бен жиырма жас аралығында қылмыс жасаған адамдарға әрекетінің сипаты мен жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ҚК кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын реттейтін бөлімнің (VI) ережелерін қолдана алады.