Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікеке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме жжағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады.:
- Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамаларыбасқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
- Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтары беріледі.
- Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
- Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
- Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері: тапқырлық, байланысқа бейімділік ,сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік және ағымдық) белгілейді.
Екі стильді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғни принциптік айырмашылығы, міне, осындай. Жеке кәсіпорын мен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:
- техника мен технологияның деңгейі;
- жұмысшы күшінің сапасы мен еңбек уәждемелерін кеңінен пайдалануы
- өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент)
менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж) басқарудың үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түрінде бөлді. Бұл анықтамадан бөлек басқалардың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатынас жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық және т.б. ретінде қарастырады.
Менедмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Тангымал америкалық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджер» кітабында адамдармен қарым-қатынаас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустриялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б.. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктіреді.
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары – математикатерден антропологтарға дейін айналысады.
Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айырықшылап көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселердің сипатымен анықталады.
Фирма жұмысының ішкі және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұнына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтимал.
Ішкі менеджменті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі басқару міндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарын сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қалдыруға болады.
Ұйымдастыру менеджменті:
- тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы.
- менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптерінмен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.
Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық құрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.
Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1847-1925жж). Ол ұйымдық менеджменттің негізін салушы деп саналады. Нақ осы Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін әзірледі.
Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.
Тәжірибе менеджменті – менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдамасының негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объективті құбылыстарды түсіндіріп беретін принциптері де жоқ емес.Тәжірибе сипатында болатын менеджер бар. Ол басқарудың іс-тәжірибесінде пайдалануға болатын идеяны, ережені және принципті қамтиды. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған, болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
Бұл менеджент әр түрлі қызмет салаларында-өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасы жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын, тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айрықшаланады. Бірақ басқару саласында емес.
Өндірістік менеджмент – менеджменет типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады. Өндіріс – бұл қандай да бір өнімді немесе қызмет көрсетуді әрқашан дайындап отырады. өндірісті басқару адам қызметін басқару болып табылады. өндірісті басқаруды басқа да элементтер қамтиды.
Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйксінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкер белгілі бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Стратегиялық менеджмент – менеджменттің әртүрлілігі. Оның басты ерекшелігі – болжағыштық (дальновидность), мақсаткерлік (целеустремленность), келешектігі (перспективность), стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық даму, өткір бәсекелестік, басқаруда адам факторы рөлінің арту динамикаларының тереңдей түсуінің нәтижесінде пайда болды. Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт ресурстарын ұтымды пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табады. Бұл менедменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады:
- Комьпютерлік фирманы сипаттауға арналған мәртебе, оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуметі.
- Комьпютерлік фирманың басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат – болашақта болатын шындық, ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады.
- Басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезеңдерін, басымдықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Стратегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын, қайсысы ауытқымайтынын көрсетіп береді.
- Басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
- Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының мененджмент мен жасаушы менеджмент болады. Және басқалар.
Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы) болады. Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек менеджердің функциялары мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді.
Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былайша көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидер, тәрбиеші, жаңашыл (жаңа идеяларды тез қабылдайды деген мағынада), адамдық асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға.
Басқарушы-менеджер. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі функция. Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметтерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы керек. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі іскерлік сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет.
Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіссөз процедураларымен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық байланыстарды белгілеп, дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәмлілерді бекітуге, дау-дамайларды шешуге, билік өкілдермен қарым –қатынасты жақсатруға жұмсайды.
Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың қажеттілігі артып келеді. Бұл әсіресе, көбейіп келе жатқан халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер. Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызметін (ресурстар, процедуралар, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығы ұғылып жүр. Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби-технократиялықтан және эмоциональды-тұлғыдан тұрады.
Тәрбиеші менеджер. өндірістік процестер күрделене түсуіне байланысты қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Ең алдымен қызметкерлердің технологиялық эрудициясын көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік қатарын жетілдіру қажет. Техника мен технологияның күрделе түскен процесі мамандары тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді. Қызметкерлердің тәрбиелік деңгейі, асқан өнегелікті экономикалық прогрестердің шешуші шарты болып табылады.
Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық айтылып тұр. Ғтозған құралдырды ұдайы тәртіпке келтіріп, жананы енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техникамен технологияны өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлдеқайда тиімді.
Адами қасиеттер мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны білдіреді. әрбір менеджердің өз мінезі бар-өз-өзін ұстау тәртіптерінің жиынтығы. Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасының табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарғанда «адами тәсілідемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек ету үшін мыналарды ұмытпайда:жұмыскерлер оған емес, ол-жұмыскерлері үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқсаусыз жұмыс істеуі үшін ол екі жаққа да пайдалы пайдалы болуы керек.
Өз кіспорыны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы згерістерге бәсең жауап беріп қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджердің мақсаты – аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі болуы керек: біріншісі – нақтылығы, мұның мағынасы былай: ол нақты пәндермен жұмыс істеу алуы керек; екіншісі – тұжырымдылығы, яғни тұжырымдамалық ептілігі; үшіншісі – адами-ең басты ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокк менеджердің рөліне қатысты маңызды қорытынды шығарған: «Барлық шаруашылық операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады:адамдар, өнім, пайда. Адамдар алдыңғы кезекке шығады».
Әлбетте, менеджер – ол команданың өзінше жаттықтырушысы, оның міндеті – команданы жасақтап, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Менеджменттегі жоспарлау
Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі – қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолдануы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі – жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады.
Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін бағалауға болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізгі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады. Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүрленбеген құлдырауды өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект шешуші рөл атқаратын.
Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап көрсеткен И.Кант: «Жоспар құру және даңғой іс, сол арқылы өзің атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытасың, өзің жөндей алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыңды білместен, бірдеңе ұсынасың…» деп жазды. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономика дамуының барлық салалары мен аймақтарының ерекшеліктерін және әлеуетті мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шектеулі параметрлерді зорлап міндеттейтін барлығын жаппай қамтитын жүйеге тән. Жоспарлау объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге тиісті емес, өйткені бұл олардың органикалық бірлігі, мұнда өзгеріс мәніне субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында. Жоспарланатын процестердің жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нқты әлеуметтік-экономикалық процестері жатады.
Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным басқару жүйесінің өзіне өзі бас тартпаудан емес, оның жаңа, көбінесе нарықтық жағдайларға бейімделу мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық өзгеруінен тұрады. «Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын күшті тездететін және тиісмділікті арттырудың тетігі меншіктілік формасының емес, экономикалық немесе шаруашылық тетігі болып табылады. Еркіндікті дәл сол дамытады, пысықтықты көтермелейді, тәуелділікті тудырады».. Осындай күшті тетіктердің бірі жоспарлау болып табылады. Ол меншік түрінде, басқару объектісінің орналасу кеңістігіне қарамастан қолданылады.
Жоспарлау – кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылыр, тұтынушылар, бәсекелістер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлау тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінің бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізгі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.
Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналады. Егер индикативті жоспралаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл – жаңылысу. Ол ойластырылған бар болуы сияқты, макро, мезо және микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және басқарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.
Индикативті жоспарлау мынадай қиыстыру рәсімдерінің жиынтығы ретінде шығады.
Макроэкономикалық жоспарлау — өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми категориясы. Барлық фазалары біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшілікті көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды
1.2 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты
Менеджмент ақпарат жүйесі – бұл менеджменттің барлық деңгейлерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, бақылауда және басқаруда оны ақпаратпен жабдықтауға арналған мәліметтерді өндеу жүйесін білдіреді. Егер жоғарғы менджерлер сыртқы ақпаратты үлкен көлемде қолданса, ал орташа және төменгі буындағы менеджерлер көбінесе, нақтырақ ішкі ақпаратқа сүйенеді.менеджердің ақпаратқа деген тұтынушылығының әр түрлілігін зерттей отырып, басқару қызметінің түрлерін үш дәрежеге бөлуге болады: стратегиялық, басқарушылық бақылау және жедел бақылау. Мұндағы стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның мақсатына. Сол мақсаттардыңөзгеруіне, әрі оларға жету үшін қорларды қолдану мен осы қорларды алуға , қолдануға, орналастыруға себепші болатын стратегия жөніндегі қабылдау барысын болжау. Ал басқарудағы бақылау-бұл басқарушылардың ұйымды мақсатына жеткізуі үшін қорлардың алуы мен олардың тиімді қолдануын қамтамасыз ететін кезең. Жедел бақылау – бұл нақты мәселені шешуді тиімді және дәрежелі орындауды қамтамасыз ететін кезең. Менеджерлердің қызметіндегі бұл дәрежелер шамамен жоғарғы, ортаңғы және төменгі буындардағы менеджерлерге сәйкес келеді.
Менедженттегі ақпарат жүйесі, әрқайсысы нақты бір бөлімдегі басқарушыларды ақпаратпен жабдықтау үшін қызмет көрсететін ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Басқарушы бақылауға арналдған ақпарат жоғарғы және ортаңғы буындағы басқарушылға қажет. әрине, ол ішкі деректер сияқты сыртқы деректерден де келіп түседі. Жедел бақылауға арналған күнделікті қызметке байланысты ақпарат, тек деректерден келіп түседі.
Ақпарат технологиясының көмегімен менеджерлер өз жұмыстарын кеңірек көлемде, тиімдірек, тезірек және нәтижелі орындауы мүмкін. Ондағы ақпарат жүйесі байланыс жабдықтарымен және текстік, графикалық, ауызша материалдар мен мәліметтерді бейнелеу үшін ақпараттың анықтылығын жабдықтау үшін ЭЕМ жүйелерімен ілесіп отыруы тиіс.
Объектіні басқарудың әртүрлі деңгейінде, желістермен жұмыс істеуге арналған байланыстар каналмен біріккен мамандардың, технологтардың, бухгалтерлердің және т.б. автоматтандырылған жұмыс орындары құрастырылады.ақпарат жүйені бұлай ұйымдастыру, кез-келген деңгейдегі басқару мамандарын интегриренген мәліметтер қоймасын мәлемет алу мүмкіндігі мен басқарудағы тиімді шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.