Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз — жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам — һоmо sаріеns жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін.
Ру — адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптар, дәстүрлер әлі де сақталған. Мысалы. қазақтың салт-дәстүрі бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілген. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын болған. Ру ағасына ақылға толған, ру әдет-ғұрпын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам санланатын. Бірнеше ру бірігіп, таппа құраған. Тайпаны басқару үшін ру ағалары кеңес құрған. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.
Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.
Рулық қауым, яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем — ру басы, яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұрады. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қауымдастар жалпы жиналыс өткізген. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға, оларды шешуге қатысуға қақылы болатын.
Рулық қауымдағы күнделікті мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазымға адамдар сайлау арқылы ие болатын.
Ру ағасы (көсем) қауымнық басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек қана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделеді. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.
Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар әлгі ру жілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде алмастырылып отыратып және ол лауазым иесіне ешқандай артықшылық бермейтін.
Қоғам дамуының барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп, тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды.
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде алрашқыі қауымдық құрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипаттарды атауға болады.
- Ру (алғашқы қауым) мүшелсрі ортақ шаруашылықпен айналысуда қандас туыстастығына, бір аумақта бірлесіп өмір сүруіне сүйенген.
- Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары барлығына бірдей болған.
- Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтарда некелік қатынастарына тыйым салу «жеті атаға» жеткенге дейін сақталып келген, яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатыпастарға да тыйым салынатын болған.
- Ру (қауым) өлген адамды барлық қауымдастарға ортақ қабірге жерлейтін болған.
- Әрбір рудың (қауымның) өзіне тән атауы болатын.
- Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Сонымен, мемлекеттілік кезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі басқаруға негізделген, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да, сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қарым-қатынастарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің, органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында ешқандай артықшылықтарға ие болмаған деп тұжырым жасауға болады.
Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты «алғашқы қауымдық коммунизм», «адамзаттың алтын ғасыры» деп атаған.
- Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сұрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шаруашылықпен айналысады. Сөйтіп, терімшіліктен өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал бағудан егіншіліке ауысады.
Егіншіліктің нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға – мал өнімі, малшыларға — жер өнімі, қолөнершілерге -тамақ қажет болады. Сөйтіп, оларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырыңда ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі — жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айыры-лып, құлдырады. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің — байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қогамның белгілі бір сатысында мемлекет және құық пайда болды.
- Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халықта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болу тарихының екі түрлі жолын атап айтуға болады:
- Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған.
Өздерінің дамуы барысында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді:
— рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымның меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери көсемдер және т.с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқа рудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсүйектері шенеуніктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп, мемлекеттікке көшкен.
- Мемлекет дамуының батыстық (еуропалық) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афина елдері жүріп өткен. Бұл жолға топ сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын, сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған.
Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қара-мастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш — ру-тайпалық құрылыстың (қауымнын) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.