Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды.
Кейінгі әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтанумен құқық ғылымдарында қолданылады.Әлеуметтік құқықтың юриспруденциясы ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытын белгілеп анақтаса, құқық әлеуметтануы ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымының жеке саласындағы әлеуметтік – құқықтық зерттеулерді анықтайды. Сонымен бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына бөлімдерінде қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықты негізінде үш мағынада қарайды.
Біріншіден, құқық- бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгілібір қызметті атқаруда адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамассыз етеді. Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т.б.
Біздің әңгімеміз алдыңғы екі категорияны қамтымақ..
Құқық ғылымының жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекетпен құқықты қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, әсіресе, экономикалық құрылыммен тығыз байланыстылығын, оған белсенді түрде әсер етіп отыратынын көрсетті.
Әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатнастарда болып, олардағы құблыстарды, үдерісті, көкейтесті мәселелерді, ой – пікірлерді, істің мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан – жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады.
Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, әдістемелік нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр уақытта қажет етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады.
Жоғарыда көрсетілгендей, осындай жалпы әлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе, әлеуметтану ғылымының құқық ғылымына кең енуіне байланысты әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы – құқық әлеуметтануы пайда болады.
Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, біріңғай жүйе, ерекше бір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды.Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс.Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатнастар жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметін, оның шығуы мен дамуын, өзгерту тетігін, құқықтық ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларымен, құбылыстарымен, байланыстарын, ықпалын зерттеді.
Құқық әлеуметтануы әр түрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде, яғни құқық пен құқықтық сананың әр уақытта таптық сипатта болатынын, ақыр айағында құқықтық экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тәкелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен әлеуметтік қорғуды, бақылауды қамтамассыз етуді және қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді.
- Құқық әлеуметтік иниститут, яғни алуан түрлі ережелердің, бұйрық- жарлықтарының, талап – тілектердің жиынтығы. Бұлар арқылы қоғамдағы адамдардың алуан түрлі жіктерінің, топтарының әр саладағы жұмысын, қызметін бақылап, тәртіпке салып, реттеп отыырады. Бұдан басқа құқық кейбір жекелеген қоғамдық қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Мысал ретінде азаматтық және мұрагелік иниституттардың жұмысын басқаруды айтуға болады.
- Қоғамдық т қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек — талаптарды реттеуші сала ретінде танылады.
- Ол құқықты, құқықтық сананы және құқықтық шығармашылықты қалыптастыру үдірісі ретінде және құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдірісі ретінде қарастырылады.
«Норма» » деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады.
Нормалардың объективтік заңдылықтармен ғылым заңдарынан ерекшелігі:
- Нормалар белгілі бір мақсаттың практикалық ережесі болып саналады.
- Норма тек жай ереже емес, ол жалпы халақтың белгілі бір тәртіп «мөлшерін» белгілейтін ұғым. Оның пәрмені текқана бір адамға емес, қоғамдағы барлық адамға, олрдың алуан түрлі топтарына бірдей жүреді.
Ереженің жалпы маңызы өзінің талап — тілектеріне, бұл талап – тілектердің дұрыстығына мәжбүрлеп сендіреді және ықтиярсыз істету әдісіне сүйенеді.
Сонымен, ереже адамдардың табиғатымен қатынасында немесе олардың қоғамдық қатынастарына қолданылады.
- Адамдардың табиғат қатынастарына байланысты тәртібі болады.
- Әлеуметтік норма адамдардың өзара бір — біріне қарым – қатынастарындағы тәртібін реттейді. Ережелердің бұл екі тобының бір – бірімен айырмашылығы бар. Олардың мынандай себептерге байланысты:
А) Бұл ережелерді кім жасады және олар кімнен шығып отыр?
Ә) Ережелер мазмұнынң айырмашылығы қандай?
Б) Оларды орындамау қандай нәтижеге әкеп сщғады?
Әлеуметтік ережеге құқықтық ереже, тәртіп, өкілдік, т.б. кіреді. Әлеуметтік ереже адамдардың белгілі бір ұжымынды пайда болды.
Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелерінің жиынтығы десек, онда таза құқық ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды.
Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатнастардың бейнесі құқық туралы кітап және «ӨМІРДЕГІ ҚҰҚЫҚ» қағидаларында нақты тұжырымдалған. Бірінші болып мұндай қағиданы өзінің «ТІРІ ҚҰҚЫҚ» атты еңбегінде Е. Эрлих, ал ондағы алдыңғы қатарлы ой – пікірлерді америкада кең таратқан Р. Паунд болды.
Осы нақтылы құқық пен жалпы және құқықтық қатынастарды айырмашылықтарды көрсетуде М. Вебердің іс — әректі бір қалыпқа, ретке келтіретін «ЭМПИРИКАЛЫҚ» және «НОРМАТИВТІК» тұжырымдамасының маңызы зор.
ҚҰҚЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИНИСТИТУТ РЕТІНДЕ
Бұл тұрғыда жалпы құқық әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап – тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқада әлеуметтік иниституттармен мәдениет, білім, саясат, экономика, бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамассыз етіп отырады.
Құқықтың иниститутционалдық сипаты оның басқа жақтарынан да көрінеді. Мысалы, құқықтығ іс — әрекеті, мемлекеттік иниституттардың іс — әректі, қызметі арқылы қамтамассыз етіледі. Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін мәжбүрлеу шаралары қолданылады, ал, құқықты бұзса, санкция белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты орындауға, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытта күндікпен қарайды.
Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқық әлеуметтік үдіріс ретінде қаралуы тиіс. Ал, оны осындай үдеріс ретінде түсіну — ол құқықтық ережелердің атқаратын қызметін түсіну деген сөз.
Әлеуметтануда құқық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның ішінде әлеуметтік иниститут ретінде қаралады. Бұл жерде құқық қоғамының объективтік — әлеуметтік – нормативтік құрылымын белгілейді. Мұның өзі оған әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұған қоса құқықтық нормалардың қоғамның әр түрлі жақтарына тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысана, бағыттарын, тәртіптерін заң шығарушы саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме ұйымдарының жұмыс қызметін, олардың тиімділігінің артуын, т.б. зерттейді. Қорыта айтқанда, құқық әлеуметтік иниститут болып, қоғамдағы алуан түрлі қатынастарды реттейді. Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметтік бірлікті, тұрақтылықты қамтамассыз етеді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ,
ПӘНІ, ӘДІСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Қандай да бір ғылымның пәні зерттелетін нақты объектіні жан — жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы болып табылады. Осыған сәйкес зерттеуші бір құбылысты, үдірісті немесе затты арнайы зерттегенде нақтылы объектіден бастап, ол объекті туралы ой — пікір туғызады.
Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты.
Құқық саласындағы әлеуметтік зерттеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтық әлеуметтік функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам деңгейінде, әр түрлі әлеуметтік таптар деңгейінде, ұжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез — құлыққа трансформациялануын анықтау болып табылады.
Құқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы:
1) құқықтың әлеуметтік негіздері және құқық шығарушылықтың тиімділігі.
2) құқықтың әлеуметтік функциясы және құқық нормалары қызыметінің тиімділігі:
3) әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай — күйі, қоғамдық пікір мен құқық, құқықты білу және заңның мәртебесі.
4) моральдық және заңдық нормалардың өзара қатынасы, құқық және құқықтық субмәдинет.
5) құқық саясатының мәселелері, заң органдары қызметінің әлеуметтануы.
6) құқық тәртібінің жай күйі және құқықбұзушылықтың әлеуметтік себептері, олардың алдын алу, жазалау мен қоғамдық ықпал жасау шараларының тиімділігі.
Заң үдірісінің негізгі мәселесі — қазіргі және болашақта шығарылатын заң актілерінің теориялық тұжырымдамасын жасау болып табылады.