Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз — біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
- имперактивті (тегеуірінді түрде) — тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
- диспозитивті — рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
- көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
- ұсынылатын — мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
Конституциялық құқық ұғымы
Құкық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол «мемлекеттік құқық» деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б.
Конституциялык құқық маңызды мынадай мәселелерді:
- қоғам мен мемлекет кұрылысының негіздерін;
- мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
- адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялык құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте қажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемжкеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялык құқықтың пәнін құрайды.
Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуга кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі).
Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасынын Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардың кұкықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді.
Конституциялык құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
- міндеттеу әдісі;
- тыйым салу әдісі;
- ерік беру әдісі;
- мойындау әдісі.
Конституциялық құқытың қайнар көздері ұғымы және оның түрлері
Қоғамдық құбылыс ретінде құқыктың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сырткы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық кайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құкықтың қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
- Конституция;
- конституциялык заңдар;
- әдеттегі заңдар (жай заңдар);
- президенттің нормативті жарлықтары;
- үкімет қаулылары;
- қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік
ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құкықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әркайсысының нақты заңдық күші, оны қабылдаудын (өзгерістер енгізуді), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердін барлығы Қазақстан Республикасының «Нормативті құқықтык актілер туралы» Заңында толық қарастырылған.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының ең басты қайнар көзі Конституция болып табылады. Біздін Конституциямыз туралы негізгі мәліметтер 9-сыныпта «Адам. Қоғам. Құкық» пәнінің оқулығында баяндалды. Сондықтан да аталған параграфта Конституция туралы қысқаша мәліметтер береміз.
- Конституцияның ең жоғары заңдық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ыкпал етеді. Бұл құкыктың басқа барлық қайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі кажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні қабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы қолдана алады.
Конституцияның нормалары мемлекет пен коғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ыкпал етеді. Олар коғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана кайнар көзі емес, сонымен катар басқа құқық салаларының да қайнар көзі болып табылады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламент қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялык құқығының келесі қайнар көзі – конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нактылайды және тек Конституцияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады.
Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы жөне оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканың сот жүйесі бекітіледі; президенттің кұкыктық мәртебесі; парламентті кұру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқыктық мәртебесі; үкіметті кұру және оның қызметін ұйымдастыру құзыры айқындалады; Конституциялық кеңестің қызметі жөне оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі.
Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың катарына кодекстерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінін әр түрлі мәселелеріне қатысты президент қабылдайтын акті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі.
Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялык құқықтың қайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар.
Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.
Конституциялық-құқықтық нормалар
Конституциялық-құқықтық нормалар мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Олар, басқа да заңдық нормалар сиякты екі түрлі: реттеуші және құқық қорғаушылық қызметтерін аткарады. Осыған сәйкес реттеуші және құқық қорғаушылык нормаларына бөлінеді.
Реттеуші иормалар – құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді. Мұндай нормалар Конституцияның II тарауында адам және азаматтарға құқықтар мен еркіндіктер беру, міндеттер белгілеу аркылы көрінеді.
Құқық қорғаушылық нормалары — мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған.
Сонымен қатар конституциялық-құқықтық нормалау өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлінеді.
Өкілеттік беруші нормалар мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, азаматтарға кандай да бір іс-әрекет жасауға құқық береді. Тыйым салушы нормалар кандай да бір әрекетті жасауға тыйым салады. Міндеттеуші нормалар азаматтарға, коғамдык бірлестіктерге, мемлекеттік органдарға белгілі бір әрекетгі жүзеге асыруды міндеттейді.
Конституциялык құқық, құқық жүйесінің жетекші саласы болып табылады. Конституциялык құқық арқылы реттелетін қоғамдык қатынастар коғам мен мемлекеттің негізгі құрылымын, адам жөне азамат құқықтары мен міндеттері жүйесін, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Конституция — ең жоғары заң, мемлекеттін ең басты нормативті құқықтық актісі, конституциялык құқықтың негізгі қайнар көзі.
Конституциялық-құқықтық нормалардың жоғары заңдық күші бар. Конституцияға кайшы келетін құқықтық актілердің зандык күші болмайды және оның күші сөзсіз жойылады.
Адам құқығы
Адам және азамат құқығын қарастыру алдында «адам», «жеке адам», «азамат» санаттарының арақатынасын білу маңызды. «Адам» ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық касиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. «Жеке адам» ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болган жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). «Азамат» ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын карастырады.
Адам құқығы — адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңын қорғалатын демократиялық құндылық.
Адам құқығына мынадай белгілер тән:
- олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи жөне әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;
- объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес туғанынан беріледі;
- табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) кажеттілік болып
табылады, ажыратылмас сипатта болады; - тікелей әрекетті болып табылады;
- ең жоғары әлеуметтік құндылык болып танылады;
- құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір тұрпатын білдіреді;
- жеке адамның өз қалауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сөйтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым – қатынастарды тұжырымдайтын қағидаттар мен нормалары білдіреді;
- оларды мойындау, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті.
Адамнның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам касиеттері болуы шарт.
Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі және жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау жөне мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттітгіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) камтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтың мәртебесі
Конституциялық құқықтық мәртебе — Конституция мен өзге де конституциялық – құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, заңдық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялык мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:
- негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүделер мен міндеттер;
- азаматтық;
- құқық мәртебесінің кепілдіктері.
Мәртебе (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда ахуал, жағдай деген мағынаны білдіреді.
Құқықтық мәртебенің түрлері:
- азаматтардың жалпы немесе конституциялык мәртебесі;
- азаматтардың кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі;
- жеке адам мәртебесі;
- жеке және занды тұлғалардың мәртебесі;
- шетелдіктердің, азаматтығы жоқтардың, босқындардың мәртебесі;
- шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі;
- салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және т.б.
- кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі);
- әр түрлі шұғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймақтарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.