Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры — рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық, рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі. Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу — құқықтық ережелер болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз. Бұлардың алғашқы тапсыз қоғамдағы әдет-ғұрып ережелерінен өзгешелігі олардың мемлекетпен тығыз байланыстығында. Құқық нормалары — бұл экономикадан туындайтын әдет-ғұрып сияқты өздігінен стихиялы түрде пайда болмайтын, кұкыкшығармашылык деп аталатын мемлекеттің айрыкша органдарының арнайы тағайындайтын қоғамдағы адамдардың мінез-құлық (тәртіп) ережесі, өйткені олар құқық нормаларын шығарады. Сөйтіп, мемлекет өзіне қажетті құқық нормаларын тудырады. Бұл ережелер сол мемлекет аумағын-дағы адамдардың, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың, олардың жоғарғы орғандарын коса алғанда, тұрақты тұрғандары, тұрмағандарына, қандай руларға бөлінетіндеріне қарамастан барлығына міндетті болып табылады, оны орындату, әрине, мемлекеттің семсерлі күшіне байланысты. Көбінесе, мемлекет тағайындаған нормаларды адамдар және өзге де құқық қатынастарының субъектілері еркін орындайды. Бірақта, олардың ішінен құқықбұзушылық, теріс іс-әрекеттер кездесіп те қалатыны сөзсіз. Ондай адамдарды жолға қою құқыққорғаншы делінетін мемлекет аппаратының қызметі (полиция, прокуратура, милиция, ұлттық кауіпсіздік органдары, сот т.б.).
Мемлекет тағайындаған барлық құқық нормаларының жиынтығы біріге келе белгілі бір жүйені құрайды. Олардың барлық элементтері бір-бірімен қабысып, бірінің ішіне екіншісі еніп, ажырамастай тұтасып іс-қимыл жасайды. Міне, мұны біз құқық дейміз. Мұны тағы да позитивтік құқық немесе объективтік сипаттағы құқық деп те атайды.
Ендігі жерде объективтік құқық дегеніміз не, соны анықтауымыз қажет. Біздің құқық туралы жалпы түсінігіміздің бар екендігін білеміз — бұл жеке тұлғаның айрықша өзі. Адамның ешқандай табиғи құқықтарын бұл теория танымайды, адам тек өкімет «сыйға» берген құқыққа ғана иелі, өйткені мемлекетті құдайдың еркін іске асырушы ретінде санады. Ал енді кеңес заманына келетін болсак, онда заңгерлер теориянын мынадай вариантын жасады; құдайдың еркінің орнына «үстем таптың еркі» қойылды. Құқық — бұл заң деңгейіне дейін көтерілген үстем таптардың еркі. Демек, кенес заманындағы Коммунистік партияның еркіндігінің үстемдігінің кесірінен зардап шеккендер туралы айтпасақта баршаға аян. Өз халқына жасаған оның террорлық шаралары да кезінде заңдарға айналдырылып, оның іс-әрекеттері құқыққа сай дұрыс деп табылды. Мысалы, шешен халқын өзінің тұрғылықты жерінен еріксіз қозғап, баска аумаққа қоныстандырылғанына тарих куә.
Бірақта, ерте заманнан бізге келген құқықтың баска түрдегі түсінігі — бұл өділетті жолмен істі асыру тұжырымдары. Бұл процесте олардың мүдделері тұрақты қақтығысуда болған. Осы қақтығысулар үнемі болып тұратындықтан, оларды шешу ережелері біртіндеп жасалынды, ал қажет болған жағдайда олар күшпен басып тасталынды.
Бірақта, мүдделердің қақтығысуын қалай шешуге болады, адамдардын карама-қайшы мүдделерін калайша үйлестіру ке-рек? Ол үшін тараптардың әрқайсысының мүдделерінің шегін аныктауымыз қажет, сөйтіп, осыдан кейін бұл мүдделерді қанағаттандыратын еркіндіктің шарасын белгілеген жөн. Қазіргі кездегі біздің ғылымымыздың «құқық — бұл еркіндіктің шегі» деп айтуы кездейсоқтық емес. Демек, құқықтың ең алғашқы функциясы — бұл әркімге еркіндікті үлестіріп өлшеп бөліп беру, оның шегін, егерде еркіндік пен мүдделер бір-біріне қайшы келген жерінде, оның шегін тағайындау. Мысалы: қазірдің өзінде қоршаған органы қорғау туралы көптеген заң жене ведомстволық актілер бар. Соған қарамастан ірі қалалардағы жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіп басшыларының арасында келіспеушіліктер мен даулар қойылар емес, өйткені өнеркәсіп болса ауаны ластауына тыйым салатын шараларды қолданбай-ақ келеді. Осының негізінде қала тұрғындары өнеркәсіптің жұмыс істеуін тоқтатуын талап етсе, ал басшылар болса, оған қарсылық көрсетуде. Осыдан барып жаңадан ереже пайда болады. Қандай актіде бұл норманы түжырымдауға болады. Біздіңше, келісім-шарт та болуы мүмкін. Онда тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс. Айталық, жергілікті өкімшілік әрбір кәсіпорынмен шарт жасасқан кезде экологиялық қорғау шараларымен қатар оны орындамағандарға жаза түрлері де қамтылады делік. Бірақта, әрбір қалада көптеген кәсіпорындардың бар екендігін ескерсек, онда олардың санын еліміздегі қалалардың санына көбейтуіміз қажет. Демек, бұл жерде шарттық нысанның қауқары жеткіліксіз, мардымсыз болады. Сондықтан, заңгерлердің белсенділігі, бұл мәселе төңірегінде, тиімді нәтиже беруі тиісті. Сөйтіп, болашақ заңда қоршаған органы қорғау ережесі бекітіліп, гиісті шаралар нақтыланғанда ғана жауапкершілік артылып, ендігі жерде оны бұзушылар бірте-бірте жойылуы мүмкін.
Сөйтіп, заң ғылымындағы объективтік (позитивтік) құқық дегеніміз кез келген адамға байланысты емес, мемлекет мақұлдаған немесе бекіткен (яғни қорғайтын, танитын) мінез-құлық (тәртіп) жүйесі немесе оның жиынтығы. Ертеде қалыптасқан ру, тайпа қауымының мінез-құлық (тәртіп) ережесі ауызша дәстүрде болатын. Бертін келе әр қилы тайпалық халықтың түсінікті түрдегі жазбалы бірыңғай ережесі дүниеге келгенін біз білеміз (мысалы «Русская правда», Тәуке ханның «Жегі жарғысы», т.б.). Қазіргі кездегі заңдар, қаулылар, жарғылар, бұйрықтар, т.б. осылардың қатарына жатады. Құқықтың басты белгісі — бүкіл халықтың жалпы міндеттілігі. Мұның өзі бүгінгі күнге дейін сақталынып келді, бірақ оның әлеуметтік мәні өзгерді, адамгершілік жағы басымдау келеді.
Құқық терминінің екінші жағы «субъективтік құқық» деп аталады. Демек, құқық жұртшылықка бейімделген жалпы норма ғана емес, ол әрі жеке адамға тиесілі «өзіндік құқығы» ретінде де қолданылады, яғни адамның және азаматтың қызметке (жұмысқа) кіру, оқу мекемесіне оқуға қабылдану, білім алу мүмкіншілігі, азаматтықты алуға құқылығы, т.б. Бұл сөздің мәнісі жеке түрдегі («менің құқығым бар») және көпшілік түрдегі («біздің құқығымыз бар»), «өзіміздің құқықтарымызды қорғайық». Бірақта субъективтік құқық адамнан (немесе ұйымнан) бөлінбейді, яғни осы құқыққа иелі субъектімен үнемі тығыз байланыста болады. Сөйтіп, заң, ереже, т.б. түжырымдары жеке адамға немесе құқықтың жеке адамға немесе құқықтың өзге де субъектілеріне құқықтар бере отырып, мұндай құқықтарды мемлекет жариялайтындығы және арнайы құқықтың ықпал ету шараларымен қорғалып, қамтамасыз етілетіндігі жағынан талап болып қалады. Сонымен бірге кез келген құқыққа басқа тұлғалар мен органдарға қатысты өз іс-әрекетімен (немесе ондай іс-әрекетке бармай) осы құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге берілген билік органның нұсқауы сай келеді. Сондықтан, құқық нормаларының жүйесі ретіндегі объективтіқ құқықтан субъективтік құқықты ажыратуымыз қажет. Сөз жоқ, жоғарыда сөз етілген нақтылы, жеқе адамның (тұлғаның) немесе органның заңда негізделген яғни объективтік құқықтың нормаларында көзделген қандай да болмасын іс-қимылдарды жасауға мүмкіншілігі.
Аталған ерекшеліктерді барынша нақыштау үшін мынадай мысалдарды келтіргенді жен көрдік. Қазіргі қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары берілген. Оның 33-бабынын 2-тармағында: «Республиқа азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар», — делінген. Бұл ереже, өзіміз көріп отырғандай, объективтік құқықтың нормалары болып табылады, өйткені мұнда бүкіл азаматтардың құқықтары сөз етіліп, жалпы ереже түрінде беріліп отыр. Осы жалпы ережеге сүйене отырып, нақтылы жеке азаматтың субъективтік (өзіндік) құқықтарын нақтылауға болады, яғни сайлауға не сайлануға болатын құқығы, оның өзіне байланысты. Былайша айтқанда, жеке азамат сайлауға қатысуы да мүмкін, не қатыспауы да мүмкін. Сондықтан, жеке азаматтың сайлауға қатысуға құқылығы дегеніміздің өзі оның субъективтік құқығын айқындайтындығы.
Құқықтық норма өзінің әлеуметтік қызметі мен мазмұны жөнінен де талап болып табылады. Олай дейтініміз ол арқылы қоғамда құқықтық тәртіп орнығады (құқық негізіндегі тәртіп). Өйткені, құқықтық норманы мемлекет тағайындайды, сөйтіп өзіне қажетті тәртіпті сақтауға міндетті. Әрине, мемлекеттің өз мүддесін көздеуі сөзсіз. Сондықтан да болар құқық, ең алдымен, жалпы әлеуметтік мүдделерді, яғни тұтастай алғанда бүкіл қоғамның мүддесін қамтамасыз етуге тиісті. Демек, әрбір адамның мүддесін қорғаудың өзі басқа адамның мүддесіне қайшы келмеуі қажет. Сөйтіп, құқықтың көмегімен қоғамда әрбір мүдделер келісімді түрде бір-бірімен қабысып жатады. Мысалы, автомобильді жүргізушілер мен жеке адамдар көше ережелерін бұзбаулары қажет, өйткені олай болмаса, көше апаттары болуы ықтимал. Мұндай ережелерді мемлекеттік автоинспекция органдары белгілейді. Мұның өзі — құқық нормалары болып есептелінеді. Оны орындамағандарға, әрине, мемлекет тарапынан көндіру шаралары қолданылады (айыппұл, т.б.). Сөйтіп, кейбір нормалар реттеушілік функциясын орындаса, қайсы біреулері — қорғаушылық функциясын іскеасырады (айталық, адамның өмірін, денсаулығын, олардың мүлкін қорғау, адамды өлтіргені, мүлкін тонағаны, не ұрлағаны үшін қылмыстық жаза қолдану, т.б.).
Демек, құқық нормаларының реттеуші рөлі адамның, тұлғаның (органның, меқеменің оның нұсқамаларына сәйкес) жұмыс істеуінен немесе басқа тұлғалардан (органдардан, мекемелерден) тиісті әрекеттерді талап етуінен де, оның талаптарын бұзу құқықбұзушыларға ықпал ету шараларын қолдануға түрткі болатындығынан да көрініс табады. Егер бірінші жағдайда норма мінез-құлық өлшеуші, белгілі бір қатынастар үлгісі ретінде көрінсе, екінші жағдайда белгілі бір дұрыс немесе бұрыс ісқе баға беру құралы, құқық бұзушыны заңды жауапқа тарту негізі ретінде қәрінеді. Сонымен бірге құқықтық норма — бұл потенциалды құқықбұзушыларға құқық бұзылған жағдайда мемлекеттік ықпал ету шаралары қолданылатындығын ескерту.
Жоғарыда айтып кетілгендей, құқық пен мемлекет арасында тығыз байланыс бар екендігін көрдік. Олардың бірлігі мынадан байқалады: мемлекет пен құқықтың пайда болуына оларға тән жағдайлардың бірдей себептілігі әсер етуі, өздерінің даму барысында бірдей кезеңдерден өтуі, әлеуметтік құбылыстардың объективтік қажеттілігінен туындауы, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Жалпы мақсаты — қоғамдық қатынастарды ықшамдау, қоғам өміріне түрақтылықты енгізу. Бірақ та мемлекеттің құқыққа ықпал ете алатындығын естен шығармауымыз қажет: құқықты тудырады; құқықтық жүйенің дамуын қолдайды; құқық нормаларына ресми түсініктемелер береді; құқық қолдану нысанында құқық нормалары іске асырылады; құқықты қорғауды қамтамасыз етеді.
Сөз жоқ, құқық та өз деңгейінде мемлекетқе өз ықпалын тигізе алады: мемлекетгің өмір сүруі мен қызметін конституциялық тұрғыда белгілейді; мемлекеттің құрылымын, оның механизмін, нысандарын, мемлекеттік органдардың қызмет принциптерін, құзыретін, лауазымды адамдардың өкілеттілігін заңды түрде бекітеді; мемлекеттің міндеті мен функциясын іске асыру құралы болып табылады; мемлекеттегі жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін, азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің кірісу шегін реттейді және бекітеді.
Мемлекет пен құқықтың ара қатынастарын анықтаушы өлшем — әрқилы модельдердің өмірден орын тапқандарына тарих куә. Солардың бірі — тоталитарлық модель (мұнда — мемлекет құқықтан жоғары тұрады және құқықпен байланысты емес); екіншісі — либералдық-демократиялық модель, оны біз құқықтық мемлекет теориясы деп те атаймыз (керісінше, құқық мемлекеттен жоғары тұрады); үшіншісі — реалистік модель (мемлекет құқықты дүниеге келтіреді, өз қызметінде құқықпен байланысты).
Реалистік модель бойынша мемлекет пен құқықтың ара-қатынасы былай белгіленеді: мемлекет пен құқықтың бірыңғайлығын (тұтастығын); құқыққа мемлекетгің ықпалдылығын; мемлекетке құқықтың әсер етуін.
Сөитіп, құқықтың белгілерін атап өтпекпіз: 1) құқықтар жүйесі; 2) мемлекет тарапынан шығуы (дайындайды, тағайындайды, қабылдайды, бекітеді); 3) мемлекеттен қорғаныс табады (құқық нормаларының бұзылуы мемлекетгің мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады); 4) жалпыға міндеттілігі (құқық нормаларының өзіндік ықпалдық сферасында барлық субъектілерге қатыстылығы (жалпы сипаттама) және де құқық нормаларының талабы барлық субъектілерге міндеттілігі (міндеттіліқ мөн); 5) формальды нақтыланатындығы, өйткені құқық белгілі бір нысандарда беріледі (нормативтік құқықтық актілерде, нормативтік мәні бар шарттарда, сот және әкімшілік үрдістерде (прецеденттерде, әрі құқықтық әдет-ғұрыптарда), мемлекеттік реттелінген қоғамдық қатынастарда көрініс табады.
Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жалпыға міндетті тәртіп ережесін қамтитын мемлекеттік ресми актілерді шығару арқылы іске асырады. Сондықтан, құқық мемлекет билігін іске асырушы нысан және құрал ретінде танылады.
‘»Мемлекеттің шығуы туралы қаншалықты теориялар болса, соншалықты құқықтың шығуы жөнінде теориялар бар екендігін білуіміз қажет. Солардың бірі — технологиялық теория, бұл бойынша құқық құдай берген өмірлік құбылыс деп түсіндіріледі. Олардың кемеңгерлері мемлекеттің шығаратын құқықтарының негізінде ең жоғарғы құдыретті күші бар құдай заңы жатыр, — деседі.
Табиғи құқықтық теория құқықтың шығу тегін табиғи процесс, — деп уағыздайды. Яғни құқық пен бостандық әркімге тумысынан беріледі. Оны адамға ешкім де бере алмайды. Айталық, адамның өмір сүру, бостандық, ешкімнің оған тиіспейтіндігі, тендік, меншік жөніндегі құқықтар. Бұлар бір-бірінен ажыратылмайды, әрі бөлінбейді. Сондықтан, мұндай құқықтарды, тек заңнан баска, ешкімде алып тастай алмайды (мысалы, тек қылмыс жасағанда ғана кінәлы адамға бас бостандығын айыру туралы жаза қолданылуы мүмкін, заңда көзделген рептерде ғана құқықтар мен бостандықтарды шектеуі мүмкін). Сөитіп, мемлекеттің шығаратын құқықтар табиғи құқыққа қайшы келмеулері тиіс, — деп тұжырымдайды.
Табиғи құқық пен «Поэитивтік құқықтың» өзгешелеп қазіргі Қазақстан Республикасының заң шығару тәжірибесінен көрініс табуда. Еліміздің жаңа Конституциясының 12-бабынын 2-тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, оларадан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған карай анықталады», — делінуі, осының куәсі. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жузеге асыруы баска адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтірмеуге тиіс.
Марксистік теория құқықтың шығу тегін материалистік тұрғыдан сипаттайды, яғни алғашқы «дуымдағы экономикалық өзгерістердің нәтижесінде адамдардың материалдық жағдайы езгеріп, құқықтың шығуына бірден-бір себепкер болды, — деп дәлелдейді, Мұндай көзкарас қазіргі кездегі ғылымның дамуына, оңды жақтарынан көрініс табуда, өз әсерін тигізгені сөзсіз. Дегенменде, марксизмде таптық қайшылықтың, күрестің рөлін шынайы жоғарылатып жібергендігі ақиқат. Оны мемлекет пен құқыққа берген сипаттамаларынан көруге болады. Мемлекет (марксистік көзқарас бойынша) — бұл үстем таптың қолындағы езілген таптарды бағындыруға және баеып жаншуға қолданылатын құралы. Ол өзінің бұл рөлін армия, полиция, сот, тұрма, басқа да өкімет пен басқару органдарының көмегімен орындайды. Демек, мемлекеттің басты қам-қарекеті әрдайым үстем тал орнатқан тәртіпті қорғау болды. Заңдарда, үкімет қаулыларында және мемлекеттік өкіметтің жарлықтарында баянды етілетін нормалардың (мінез-құлық ережелерінің) жиынтығы — құқық та осы мақсатқа қызмет етеді.
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады. Диқаншылыктың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мүктаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдалдық жасайтын алыпсатар-лар бөлініп шығады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде ортақ өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастайды. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болады. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрыкша түрі — жеке меншік қалыптасады. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөліне бастайды. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының колында шоғырланады да, байлар пайда болады. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болады. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдырайды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмайды.
Меншік иелерінің — байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, баска РУ мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет және құқық пайда болады.