Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады.
Елдің экспорттық операциялары елдің импорттарынан артық болған жағдайда төмен балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда – пассивті (теріс) сальдоллы деп атаймыз. Оң төмен балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамассыз етеді.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
- ағымдағы операциялар сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың)
- капитал қозғалысының байланысы, ұзақ мерзімді инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы
- тұрақтандырушы тармақты қорларды қайта бағалау және қозғалысы. Халықаралық валюта қоры қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері
- қорлардың соңғы өзгерісі алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Егерде ҚР-ң ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төмен бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР-ң аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төмен құралы ретінде «теңге» валютасын қолдануы керек. Мысалы, Қазақстандық компания Ресейде бір компаниясына ұн сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға ұнның құнын теңгемен төлеуі қажет.
ҚР-ң әлемдік экономика қоғамына тең құқылы мүшесі ретінде енуі үшін басқа елдердің либералды халықаралық қаржылық капитал қозғалысы тәжірибесіне сүйенуі керек. Мысалы, егер 1990 жылдары капиталды сыртқа шығару ағымдары, өнеркәсібі дамыған елдер болатын. Олар негізінен үш ел еді: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония. Ал Еуропада үлкен экспортер болып – Голландия, Швеция, Швейцария саналады.
АҚШ инвестицияларды қызықтырудан және капиталды сыртқа шығару көлемінен лидер болды.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрқты әдеуметтік – экономикалық дамуды қамтамассыз ету, сыртқы қолайсыз фактроларға тәуелді болмау үшін Ұлттық Қор құрды.
Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда 1,4 млрд АҚШ доллардан асып түсті.
Бізде ашық сыртқы сауда саясатынын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы келемінің оң сальдосы 7млрд доллардан асатын 33 млрд АҚШ долларына жетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ң ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздыңгеографмясы да біршама тарамдана түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылғы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы номиналдық —— 4,28% құрады.
Биржалық операциялардың қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса есептегенде 5,5% артып, 575,6 млн долларға жетті. Биржадан тыс валюта рыногындағы операциялардың көлемі 9,2% артты.
2004 жылғы экспорт 20536,94 млн АҚШ долларын құраса, 2005 жылы 28180,80 млн АҚШ доллар болған. 2004 жылы импорт – 13783,38 ал 2005 жылы – 17929,40 АҚШ доллар құраған. Шетелдерде тауарларды қайта сату және бпсқа сыртқы сауда қызметін кұрсету 2004 жылы 1,92 АҚШ доллар құраса, 2005 жылы 4,08 деген көрсеткішке дейін жетті.
Импорттық квоталар мен тарифтер
Жалпы жер жүзіндегі халықтардың бір мемлекеттегі екінші мемлекетке көшіп-қонуы заңды нәрсе. Канада, АҚШ, Нидерланды, Финляндия, Ресей секілді миграцияның классикаоық үлгісі саналатын мемлекеттердің көші-ұон процестері әртүрлі. Ал Қазақстан мемлекетінің олардан айырмашылығы жер жүзіндегі елдерден өздерінің қандастарын жинап жатыр. Бұның барлығы тәуелсіздіктің арқасында 1991 жылдан бері олар 377 мыңды құрап отыр.
2005 жылы Президентіміз 10 мың отбасына квота берді. Соған қарамастан олардың саны екі есе өсіп отыр. Оралмандардың көшуінің алғашқы жылдары бірнеше жыл қатарынан 500 отбасы келді. Ол көрсеткіш 2004 жылы 10 мың, 2005 жылы 15 мың отбасы келуі. Шет елден көзқарастарымыз квота күтіп жатқан жоқ. Олар өз беттерімен де көшіп келіп қоныстануда.
Жалпы мемлекеттік квота дегеніміз – мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмек. Ал импорттық квота дегеніміз оның көмегімен белгілі бір уақыт ішінде импортталатын тауарлардың ең жоғарғы шегін белшілейді.
Халықаралық саудаға салымдарынан гөрі импорттық квота көп әсер тигізеді. Қытай халық республикасының Сыртқы сауда және экономикалық даму министрлігі делегацияның Астанаға сапары кезінде Қытайға жылына 1 млн. 200 мың тонна көлемінде болат жеткізіліміне біздің елімізге квота бөлді және оны жыл сайын 3-5 өсіріп отыру туралы айтылуы. Ресей, Жапония, Украина және Белоруспен бірге Қазақстан, Қытай рыногына болат жеткізетін ірі елдердің қатарына кіреді. Біздің ел Қытайға жыл сайын 1млн. Тоннадан астам болат өнімдерін жібереді. АҚШ болат шығаратын елдер импортына қорғаным шараларын енгігеннен кейін әлемнің көптеген мемлекеттердің өз назарын Қытайға аударды. Отандық өндірушілерді қорғау үшін Қытай 3 жыл мерзімге тұрақты қорғаным шараларын енгізді. Мысалы, Егер уақытша шаралар болат өнімдерінің 17 түріне шектеу енгізсе, түрақтылары 4 түріне қояды. Оның ішінде екеуі Қазақстанға «Испат-Кармет» ААҚ шығаратын болат қаңылтырының ыстық және суық қақтамаларына қатысты. Бұған баланысты мыпышталған қоспалы болат, ақ қаңылтыр және басқа да өнімдер экспорттай аламыз. Яғни, біз қорғаным шараларын айналып өтіп, өзімізге кепілдікті жеткізіп көлемін қамтамассыз етеміз.
Қазіргі тарифтер табиғи монополисттердің қызметін жан-жақты ашық көрсете алмайды. Сондықтан көрсеткіштер индикаторы жүйесін жасау, ол үшін жүйелеу тәсілдері қажет әдетте монополисттер өздерінің шығындарын дәлелдеген тұстары бухгалтерлік есепке негізделіп жатажы.
Сумен қамту тарифін алсақ, бұл тарифте тұтынушының мойнына түсетін төлемнің негізгі бөлігін табиғи судың өз құны емес, монополисттің қызмет ауысы құрап отыр. Демек бізде менеджмент әлі дұрыс жетілмеген. Әдетте мемлекет тарифтерді белгілегенде шығын мен пайданы есепке алады. Тариф шығынды жауап тұру керек. Тарифтерді тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ашық талқылап отыруымыз керек. Біз сонда ғана әр түрлі мүдделердің тоғысынан әртүрлі тұратын тариф белгілеу секілді күрделі мәселе алға басатын боламыз. Электр мен жылу қуаттарына келетін болсақ, 2005 жылдың 1-ші тоқсаны арасында отын мен көмір бағасы 200 есе, мазут 783 есе, табиғи газ 359 есе, транспорт қызметінің бағасы 200 есе, нан- 375 есе, картоп-281, электр қуатының бағасы-115, жылу қуаты 229 есе өскен. Егер осы салаларға инвестиция салу жылдары қаралмаса, бұл қиындық әлі де жалғаса беретін болады.
ҚР айырбас бағамы
Айырбас бағамы- көптеген тауарлар мен қызметтерге шетел валютасы бағасының және теңгелей бағаларының арасындағы байланыс. Гиперинфляция кезінде айырбас бағамы ішкі бағаның өсуі қарқынымен көтеріледі. Жоғарғы инфляция айырбас бағамын тұрақтандырғаннан кейін тоқтайды.
Ұлттық валютаның айырбас бағамының төмендеуі өзімен бағаның өсуін әкеледі. Бұл классикалық вариант ,бірақ импорттық тауарларға келмейді. Қазақстанда отандық тауарларға деген баға өсуде, сонымен бірге егерде олардың құрамында импорттық шикізат та, импорттық орташа да болмаса өсіп жатыр. Осылай айырбас бағамы жалпы экономикадағы инфляцияның ағымы, нақтылай айтатын болсақ, оның католизаторы болып табылады. Айырбас бағам мен инфляция арасындағы байланыс икелуі емес, отандық тәжірибеде теңге бағамы өскен кезде бағалардың төмендеуі сияқты процесс болмаған. Теңге бағамының өсуі импорттық сатып алуларды үлкейтуге жағдай жасайды, бірақ бағалардың төмендеуіне әсер етпейді.
Айырбас бағамының тұрақтануын қарастыратын болсақ, онда онда оған қарама-қарсы келетін факторларды есептеуіміз керек. Олар: балансының сальдоны жоғалуы мүмкін. Бұл жағдай шетелдік валютаға деген сұранысты қалыптастырады және ол теңге бағамына әсерін тигізеді. Бұған байланысты ең бастысы айырбас бағамына қатысты тұрақтандыру және алдын ала болжау саясаты жүргізіледі. Оны жасамаса, онда инфляцияның өсуін ұстап тұру, шетел капиталын қызықтыру үшін жағдай жасау қиын. Теңге бағамы тұрақты болуы керек.
Неғұрлым мемлекеттегі инфляция тез өссе, соғұрлым оның ақшасының айырбас бағамы төмен болады. Егер оған басқа да факторлар әсер етпесе.
Инфляцияның айырбас бағамының деңгейіне тәуелді болуы, әсіресе , халықарлық тауарларды , қызметтерді, капиталдарды айырбас көлемі үлкен елдерде жиі кездеседі.
Айырбас бағамы динамикасы мен инфляцияныңарасындағы байланыс болған кезде экспорттық бағалардың негізінде айырбас бағамы есептеледі. Импорттық тауарларға деген баға айырбас бағамына пропорционалды түрде өзгереді, ал көптеген импорттың соңғы тауарлардың бағаларын бағалар индексін есептегенде өседі.
Айырбас бағамының өсуі импорт аралық тауарлардың бағасының өсуіне әсер етеді. Теңгелік импорт теңге бағамы төленгенде қымбаттай бастайды және импорттық бағалар теңге бағамының төмендеуіне байланысты болып келеді. Сонымен қатар теңге бағамының төмендеуі экспорттық заттарды ынталандырады, ал кәсіпорындар мемлекет ішіндегі нарықта өз тауарларын сатқаннан гөрі кірістерді экспорттық тауарларды сатқаннан көбірек алады. Бұған байланысты ішкі нарыққа тауар жеткізуді төмендеткенмен қаржылық қорытындылар жақсы болуы мүмкін.
Импорттық инфляцияның қазіргі жағдайда зкономикаға енудің екі негізгі жолы бар. Біріншісі теңге бағамының төмендеуі ,ол импорттық тауарлардың нарықтағы бағаларын ынталандырады. Екіншісі теңгенің ақшалай массасының көбеюі немесе ақша ұсынысының көбеюі. Бұл жағдайда инфляцияның дәстүрлі түрі инфляциялық сұраныс дамиды.