Банк – өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
ҚР банк жүйесінің құрылымы
ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.
Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.
Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. /2,169 б./
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз каипталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекшк қызметі –банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды. /3, 164 б./
КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:
1.Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
- Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді.
- Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал активтері мен пассивтері 1959 ж таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.
- Ценкомбанк, 1959 ж таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк мен Мембанк арасында үлестірілді. /3, 165 б./
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеумеетік банкі; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жианқ банкі, құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік- есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң – «Мемлекеттік банк туралы» Заң және «Банктер және банк қызметі туралы» Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады.
1930 ж дейінгі банк жүйесі | 1930-1987 жылдар | 1988-1990 жылдар | 1991 жылдан бастап |
Ресей Мембанкі және көптеген несие-банк мекемелері | 1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі).
2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі 3.КСРО Сыртқы сауда банкі |
1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс, КСРО Анроөнеркәсіп, КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік, КСРО Жинақ және КСРО Сыртқы эконом банктері 2.Жаңадан кооперативтік банктердің құрыла бастауы | 1. Егемен Қазақстаанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі – Ұлттық банк және коммерциялық банктер. |
– Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1990 жылғы «Банктер және банк қызметі туралы» Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк жүйесйнің жаңа даму сатысына көшті.
ҚР банк жүйесін дамыту жолдары (реформалар)
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсеті механизмін құру, банктердің кәсіпорындардың қызметіне жетекшклік етуде экономикалық әдістерді қолдану, банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принціпті түрде реформалау қажеттігінің маңызы зор.
1990 жыл желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
1995 жылғы банктік реформа
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасыеа сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда ҚР жұмысжасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең. 1988-1991 жж. – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мембанкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
2—кезең. 1992 аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық норматвтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3-кезең. 1993жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктармен қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреду
Бұл банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 жылдың орта кезінен басталып 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Агроөнеркәсіп балансы Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауылшаруашылығын қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шаралары іске асырылды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап Әлембанкке бөлу шаралары жүзеге асты.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мыналай үш кезеңді қамтиды:
1-кезеңде (1995жылдың бірінші жартысы) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100% мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарының индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
2-кезеңде (1995 жылдың екінші жартысы және 1996 жыл) Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қоданылу ауқымын кеңейту мінд
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімдік жоспарда тиімсіз болып табылатын нақты секторды орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктердің болуы да қажет болды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атады, себебі олар үшін басты мақста пайда табу емес экоомиканың жекелеген салаларын дамыту болып табылады.
Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Эксимбанк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық банкі болды.
Міне, мұндай банктер қатарының жаңадан нарықтық экрномика талаптарына сай пайда болуы, өз кезегінде, банктік жүйенің екі деңгейлік құрылымын білдірді.
1996-1998 жылғы банктік реформалар
бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққақол жеткізді.
Жалпы 1996-1998 банктік реформа Ұлттық банк тарапынан жасалған бағдарламаның арнайы негізінде жүргізілді. Оның өзіндік мақсаты мен міндеттері бекітілді.