Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар

Саяси психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпында өзгертілмей зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі қарым – қатынаста байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта жеке психикалық фунцияларды өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірі қандай байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеген жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өзі дамып отырады. Ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты болып келеді. Адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде олардың қалай дамып, заңды болуын зерттеп отыру керек.

  1. Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар мәні, мақсаты.

Мақсатына қарай қарым – қатынас психологиясы тұлғааралық қарым – қатынастың үш түрін ажыратады:

  • Императив (бұйрық)
  • Монипуляция (айла)
  • Диалог ( қос тіл, қос сөз, қос үн )

Императивтік немесе әміршіл қарым –қатынас өз қарым – қатынас серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық дерективтік формасы.  Императивтік ерекшелігі партнерді бағындыру жөніндегі негізгі мақсатын жасырмай айқын көрініп тұратындығында. Қарым – қатынас партнері тек әсер етудің нысаны. Пассив ретінде қарастырылады. Қоғамдық қарым – қатынастарда императивтік қарым – қатынастың өз орны бар. Мысалы: әскери қатарлар бұлар басты қызметкерлер қатарлары. Қиын қыстау, жер сілкіну, зіл зала кезіндегі қатынастар осындай салаларда императивті қарым – қатынасты пайдалану нәтижелі, әрі қолайлы.

Монипуляция – алдап арбау қарым –қатынасы жиі кездесетін тұлғааралық қатынас түрі. Қарым – қатынас партнері өзінің жасырын ниетіне бағындыруды, көздеген іс-әрекет. өз мақсатына жету үшін монипулятор қарм –қатынас партнері нысана ретінде қарастырылады. Монипуляциялық қарым – қатынас басқаны өз мақсатын жасырып, өзіне қажетті іс-әрекетке баулу. Императивпен монипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде, яғни қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмашылығы – монипуляциялық стильдішынайы мақсат жарияланбайды, жасырылмайды немесе ауыстырылады.

Диалог – бұл  тең құқықтық субъектілердің арақатынасы. Оның мақсаты өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыдағы аталған арқатынастың негізгі айырмашылығы эгоцентризмнен өзіндік ұстанымнан антуризмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл қарым – қатынас үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі. Бұл субъект – субъект қатынасы.

.  2. Қарым – қатынастың қызметтері, функциялары.

  1. Байланыстыру прогматикалық қызметі.  Қарым – қатынас бұл жерде кез келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы оқиғада адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі уақиға тегін емес.
  2. Қалыптастыру дамыту қызметі. Бұл жерде адам арақатынастың, адамдардың психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты.
  3. Растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшін үлкен жазаның бірі – «жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау». Демек, басқалардың назарынан тыс қалу. «сен жамансың», «сенікі дұрыс емес» Деп адамды жаман бағалаудың өзінде оны

қабылдап, бұны растап тұрудың белгісі. Ал қабылдамаудың барлығын растамаудың белгілері «бұл жерде жоқсын, сен өмір сүрмейсің».  Танысу мен салемдесу рәсімдері, құттықтау мен ізет көрсету, осының барлығы , әр адамның адам екендігін растайтын дәлел екені сөзсіз.

  1. Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу қызметі. Басқаларды қабылдау олармен сан қилы қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, не жағымды, не жағымсыз эмоциялық қарым – қатынас орнатады. Заманауи адамдардың саясаттық байланыстары эмоциялық қатынастар мен шектелмейді, эмоциялық қатынастар – іскерлік, ұжымдық, рольдік қарым – қатынастарға өз әсерін тигізеді.
  2. Тұлғаішілік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесе, диалог арқылы қатынас жасайды. Тұлға ішіндік қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады. Н. С. Выготский жазғандай « Жеке қалғанда да адам қарым – қатынастың қызметін сақтап қалады».
  1. Қарым – қатынаста саясаттың алатын орны.

 Психология ғылымында қарым – қатынас ұғымының адамның оны қоршаған орта заттарымен адамдармен байланысы анықталады. Психиканың психологиялық саясаттық қарым – қатынастарды бір-бірімен ажыратады. Біріккен іс-әрекет процесінде туындайтын адамдардың өзара байланысының ерекше формаларын саясаттық, психологиялық қатынастар құрайды. Бұл категорияға тұлғааралық қарым – қатынастар және өзара қарым – қатынастар жатады. Психология ғылымында адамдардың өзара байланысының бұл формалары тұлғааралық қарым – қатынастар адамның өзара іс-әрекеті, өзара байланысы. өзара түсінісуі, ал өзара қарым – қатынас бірлескен қызметтің топтық эффектісінде, жарыстарда, ұйымшылдықта, достықта, өзара көмекте, адамның қарым – қатынасын, психологиялық ерекшелігін (сүйкімділік, әсерлілік) сипаттайтын тұлғанық сапаларда көрініс береді. Саяси қарым – қатынас бұл жеке адамдардың ресми байланыстарында көрініс береді.