Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

1953 жылғы наурызда әміршіл — әкімшіл жүйесінің идеологы, КСРО басшысы И.В.Сталин қайтыс болды. Осы жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, куғын -сүргін ұйымдастырушысы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П.Берия барлық лауазымдық қызметкерлігінен босатылып, атылды. Осылай Кеңес Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенінен, оларға мұраға қалған әміршіл-әкім жүйе жойылмады. 1953 жыл шілде, қыркүйек айларында болған КОКП орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді.

Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н.СХрущев кеке адамның басына табынудың жай-жоспары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И.В.Сталин мен Н.Ежовтың, Л.Берияиың заңға кайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасалған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғаны, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені де туралы да айтылды. Съезде «жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды.

Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н.С.Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлексттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның касында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Н.С.Хрущев кезінде соңы пікір айтқандар қуғындала бастады. М.С.Хрушев басқарған кездеде биократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП – ның ХХІ съезінде Н.Хрущев социализмнің толық жеңгені, еиді коммунизимге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтылды. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды.

2) 1960 жылдардан бастап мсмлскет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның XXI съезінде Кеңестердің беделін арттыру мәселесі қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететіп барлық жүйеде өкілдер құрамына кірген КСРО Жоғарғы Кецңесінің ролі артты.

1963 жылы Жоғарғы Кеңес депуттарының саны 473 болды. Депутаттардыц 158-і әйел болды. Ал Қазақ КСР-нің барлық депутаттарының Кеңесінің құрамына 98906 депутат сайланды. Бірақ Жогаргы Кеңес партия нұсқауы негізінде жұмыс істеді. Кәсіподақ қызметі де бұл кезде жандана түсті. 1961 ж. Ауылдық жерлердегі мэдениет үйлері кэсіподақтың билігіне күшті социалистік жарыстар ұйымдастыру, еңбекшілердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайларыи реттеу кәсіподақтың міндеті болды.

60 жылдардың ортасында комсомолдық X съезінде жастар мал шаруашылық саласына қамқорлыққа алды. Сонымен қатар Қазақстанның 8000-ге жуық комсомол жастары екпінді құрылысқа аттанды.

1964 жылы КОКП Орталық Комитетінің пленумы өтті. Пленум барысында партия және мемлекет басшылары арасында ауыс-түйістер туындады. Ең алдымен Н.С.Хрущев КОКП ОК — ның КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды. КОКП ОК-ның бірінші хатшысы болып, Л.И.Брежнев сайланды. Министрлер Кеңеінің төрағасы қызметі А.Н.Косыгинге жүктелді. Бұл пленумда негізгі мәселелер Л.И.Брежнев, А.Н.Шелепин ЖХСуслов, В.Е.Семчастный, Д.Қонаев қатысуымен шешілді. М.А.Суслов баяндамасында Н.С.Хрущевті айыптады.

1970 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өтуі туралы теориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 ж. Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді. 1977 жылы 7 қазанда КІСРО конституциясы қабылданды. Конституцияда қиял боламдар көп болды комунизмге өтер жол кемелденген социализм теориясы кең таралды.

 

Қазақстан жеріне Волга бойындағы неміс автономиясы таратылганпан кейін, көптеген немістер қоныс аударған болатын. 1979 жылы КОКП ОК-ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім шығарды. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қараганды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ереймемтау қалосыпда орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия  кұрылып, оған КОКП ОК-ның хатшысы А.Коркии төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддссін аяққа таптаудыи көрінісі болды.

Оқиға барысы: 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындагы алаңды қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. “Неміс автономиясына жол жоқ!” “Қазақ бөлінбейді”   деген  жазуы бар плакаттар ұстаған жастар парияның бұл шешімін қатты айыптады. 1979 жылы 19 маусымда жастар алдына ші.іққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахаповпен облыстық партия комитетінің бірініпі хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.

Мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) бұл оқиға жайында ақпараттың таралуыпда күш салғанымен көп уақытқа дейін наразылық дүмпі басылмады. 70 жылдарга қарай республикадағы білім беру саласында бірқатар өзгерістер болды. 1970 ж. Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 10154-ке жетті. Ал онда білім алатын оқушы саны 3 млн 266 мың болды. 80 жылдардаы бастап шагын ауылдардың жойылуымен ондағы мектептер, қазақ тілінде оқу ісін жүргізетін бірнеше мектептер жабылды. Нәтижесінде 1986 жылы республикада физика, математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер ашылды. Бұл мектептерді Қазақ КСР ғылым акадёмиясы қамқорлыққа алды. 1986 жылы КОКП ОК-ы орта мектеп жұмысын жақсарту шаралары туралы қаулы шығарды.

1972 жылы Қазақ КСР-де жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды. 1970 жылдан бастап республикадағы жоғары оқу орындарында бірқатар өзгерістер болды. Республикадағы 55 жоғары оқу орында 173,3 мың студент білім алды. Бұл оқу орындарының саны 246 болды. Бұл оқу орындарында 272,2 мың адам білім алды.

70-80 жылдары әдебиет те басқа руханият салалар сияқты бюрократиялық жүйенің ықпалында болды. 70 жылдардың ортасында Ғ.Мустафин, И.Шухов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов, О.Сүлейменов т.б. ақындар мен жазушылардың жаңы туындылары жарық көрді. Ғ.Мүсірепов жазушылары арасында алгашқы болып Социалистік Еңбек ері атанды. 1976 жылы оның «Ұлпан» повесі орыс тілінде жарық кірді.

1980 жылдары М.Шаханов, Р,Есенберлин, Ж.Молдагалиев, Т.Ахтанов, Қ. Мырзалиев, Б. Момышұлы, Ә. Нұрпейсов сияқты ақындар мен жазушылар жаңа туындылар жазды.

1974 жылы М.Әуезов атындагы академиялық драма театрында қойылған «Қан меи тер» драмасының режиссері Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды.

Қазақ КСР-де М.Ю.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры, ұйғыр, корей театрлары да ірі табыстарға жетті.

Н.Тілендиев, Е.Р.Разхмадиев, Ғ.Жұбанов, Ш.Қалдаяқов үйғыр сазгері Қ.Қожамияров т.б. сазгерлер де ірі табыстарға жетті. Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, Р.Рымбаева, Н.Есқалиев т.б. әншілер есімдері республикага кең тарады.

Ш.Айманов, С.Қожақұлов, М.Бегалин сияқты кинорежисерлер «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән» кино туындаларын көрермендерге ұсынды.

3) КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейіи аса курделі техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу өтті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б. қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмсндеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым көбейді.

1985 жылы наурызда К.У.Черенко қайтыс болғанан кейіи, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев келді.

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тің пленумында әлеуметтік, экономикалық, дамытуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогрес негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылы КОКП-ның ХХҮІІ съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңалау бастауға міндетін алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қиялын болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстаида Д.А.Қонаев, Әзірбайжанда Г.Әлиев сияқты басқалар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикі зат есебінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. «Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды.

Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.

Қазақстан партия басшысы Д.А.Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.А.Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік рухани экологиялық жағдайларға немқұрайлы қарады.

5) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өкімдік әрекетері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар щовсиистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің пленумы болды. Пленумда Қазақстанды басқарған Д.А.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік жэне халықтың мүддесіи мүлде

1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсы ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күштері студент, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт түрінде Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық -ұлтшылдық сипаттан алшақ болды, тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы ор ұлтқа басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген Республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтат мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары ерескі қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұмма қарады. Шеруге қатысқандарға тергеу өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларында, қаланың сыртына әкелінгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды. Желтоқсан оқиғасының қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлов, Ербол Сыпатаев Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамедханова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары

болды. Біараз уақыттан кеиін сол сезде айыпталған 99 адамның 46-сы атылды. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы «Қазақ ұлтшылдарының көрінісі» деп бағаланды. Желтоқсан оқиғасы КСРО ОК-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия Желтоқсан оқиғасында жіберілген қателіктерді мойындайды. КОКП ОК-нің желтоқсандағы жастар шеруі қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты қинап тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.