Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады.
ТАБИҒИ САЯБАҚТАР
Көрікті ландшафтыларды, табиғи кешендерді корғаудың бүл формасы біздің елімізде соңғы жылдары қолға алынып отыр. Мемлекеттік ұлттык табиғи саябактардың қорықтардан біраз айырмашылығы бар. Мүнда табиғатты қорғау мен оның аясында ұйымдаскан түрде тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Табиғи саябақ аумағында адам аяғы баспайтын қорықтар аймағы мен тынығу аймағы болады. Онда арнайы маршруттар белгіленіп, турист соқпактары, аялдамалар мен тынығу пункттері орналасады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 7 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ бар. Олар: Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонкарағай, Шарын. Солардың кейбіреуіне сипаттама берейік.
Алтынемел үлттық табиғи-тарихи саябағы. Ұлттық табиғи-тарихи саябақтар — табиғат корғауда едәуір орны бар, республика-лык санатқа ие, экологиялық, рекреациялық (тынығу), ғылыми жағынан ерекше күнды табиғи-тарихи объектілерді көп салалы пайдалануға жөне қорғауға арналған аймак. Алтынемел саябағы — 1996 жылы 10 сөуірде Алматы облысының Кербұлақ және
Панфилов аудандарының аумағында ұйымдастырылған. Ұлттық саябақ Іле өзенінің терістігінде орналасқан. Жер көлемі — 520 мың га. Саябақ аумағына Жетісу Алатауының сілемдері — Шолақ, Деге-рес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалкан, Кіші Қалқан, Қатутау, Ақтау жоталары, әйгілі Әншіқұм кіреді. Саябақта көптеген археологиялык ескерткіштер бар. Сақ дәуірінде салынған Бесшатыр корғанының маңызы зор. Әрі бұл жер — Ұлы Жібек жолы өткен тарихи аймак. Қорған ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Қазақ халкының ұлы ғалымы әрі саяхатшысы Ш.Уәлихановтың мұражайы да осында. Саябақта өсімдіктерден шырша, үйеңкі, тораңғыл, кызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. еседі. Омыртқалы жануарлардың көптеген түрлері мекендейді. Сүтқоректілерден — қүлан, қарақұйрық, арқар, таутеке, елік, ақбөкен, жабайы шошқа, касқыр, түлкі, сусар, қоян; қүстардан — бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан — сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалыш, т.б. тіршілік етеді. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті жүмыс істейді. Орталығы — Басши ауылы. Саябақтың жергілікті және шетелдік туристерге табиғат корғау жүмыстарын насихаттауда алатын орны зор.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Павлодар облысындағы Баянауыл таулы орман алкабын сақтап қалу, туризмді реттеу жөне жаппай тынығу жағдайын жақсарту
максатында Баянауыл мемлекеттік үлттық табиғи саябағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде үйымдастырылды (1985). Жоба бойынша табиғи саябақ аумағы 50 мың га алаңды қамтыды.
Орталық Қазақстанның бұл оазисінің Сабындыкел, Жасыбай мен Торайғыр секілді көрікті көлдерін көмкеріп жатқан жақпар тасты таулар өсімдіктер әлеміне өте бай. Мүндағы орманның дені — реликті қарағайлар. Сондай-ақ кайың, көктерек, мойыл, итмұрын да баршылық. Орман ішінде оқта-текте елік, тау беткейлерінде арқар кездесіп қалады.
Қайталанбас көркі бар Баянауыл өлкесі табиғатын тамашалаушылар легі жыл бойына өсте толастаған емес. Арнайы демалыс орындарында жылына 2 мыңға жуық адам демалып қайтады. Ал өз бетінше келіп тынығушылар саны 100 мыңнан асып жығылады. Әрине кейбір демалушылар тарапынан бүл аймақтың табиғатына нүксан да келіп жатады. Өрт шарпыған орман алқаптары, лайланып, ластанған көл жағалауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі өкілдерінің сиреуі талайдан ой салып келеді.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы табиғатқа да, демалып тынығушыларға да қолайлы жағдай туғызатын болды.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Соңғы жылдары Қарқаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998) бүл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет — Орталық Қазакстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жүмыстарын жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және табиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймакты қамтып жатыр. Қарқаралы жөне Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы ауданының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қаркаралы және Кент қорығы аймақтары, Аркалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар белігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс үйымдастыру көзделіп отыр.
Өлкемізде Баянауыл, Қаркаралы сияқты «жер жаннаты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бүзбай сактауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорык сияқты саябак үшін де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ үйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылық пен табиғатты қорғау мүддесін сактай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру — бүгінгі күннің талабы.
ҚОРЫҚТАР
Бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аумағы шаруашылық кешендерінен босатылып, онда кен өндіру, құрылыс салу, аң-құс ату, балық аулау, шөп шабу, мал жаю және ағаш дайындау сиякты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады. Сонымен қатар қорық аумағына улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты сол аймақтың ерекше ландшафтысы мен географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтағы экологиялық процестердің барлығы адамның араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз табиғат лабораториясы деп те атап жүр. Өйткені мүнда үзақ жылдар бойы табиғат кешендерін табиғи жағдайда ғылыми зерттеу, табиғат жылнамаларын жүргізу сияқты алуан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жакын түрған жануарлар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары — табиғат кешендері сол калпында сакталады. Міне, сондықтан табиғат байлықтарын қалпында сақтауда қорықтардың алатын орны ерекше.
Кең-байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда ұйымдастырылған:
- Ақсу-Жабағылы (1926)
- Алматы (1931)
- Барсакелмес (1939)
- Наурызым (1959)
- Қорғалжын (1958)
- Марқакөл (1976)
- Үстірт (1984)
- Батыс Алтай (1992)
- Алакөл (1998)
- Қаратау (2002)
қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.
Енді аталған қорықтардың бүгінімен танысып, ертеңіне көз жіберіп көрейік.
Ақсу-Жабағылы. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және озған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда үйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат — Батыс Тянь-Шань тауының езіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын — табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы — 30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі — 85,4 мың га. Аксу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан баска, жалғасып жатқан екі филиал — Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықшалары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған Қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындыкты дала, субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғаттың түрліше көрінісін береді. Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары жөне төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайың, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрты сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орманды алқап кұрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30%-ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты калың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай.
Мұнда құстардың 240, сүткоректілердің 43, бауырымен жорғалаушылардың 9, қосмекенділердің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар — аркар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сиякты аңдар өздерін еркін сезінеді. Жемтігін аңдыған жыртқыштар — барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапкан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай, үлар, көксуыр сияқты аң-құстардың өсіп-өнуі үшін қорық аумағы өте қолайлы.
Аксу-Жабағылы қорығы өзінің жарты ғасырлык тарихында республикамыздың табиғатын корғау ісіне орасан зор үлес қосып, ЮНЕСКО белгілеген халыкаралық маңызы бар қорықтар қатарына жатқызылған.
Алматы және Алакөл қорығы Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы оңтүстік астанамыздан не бары 25 км қашықтыкта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы 6 мамырда ұйымдастырылған. Бастапқыда қорық көлемі 15 мың га алқапты қамтыса, кейіннен оған тағы біраз жердің қосылуына байланысты 1940 жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аумағы 857 мың га-ға жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар катарына қосылды. Қорықтың аумағы Іле Алатауын, Сөгетін жазығынан Қаскелең өзені аңғарына дейінгі аралықты алып жатыр. Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы да кіреді. Алайда соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты корықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, кейіннен жабылып, соңында 1960 жылдың 11 каңтарында кайта қүрылды. Қорықтың жалпы жер көлемі — 73,3 мың га. Оның ең төменгі нүктесі 1000 м болса, ең биік жері — 5017 м Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды. Қорықтың батыс шекарасы Талғар өзенінің сол жақ арнасымен, ал солтүстік шекарасы Талғар өзенінің оң жақ арнасымен, Есік көлі казаншұңкырымен шектеседі. Шыгысында Есік өзенімен бойлай барып Шелек өзенінің бастауына, одан әрі Қырғызстан шекарасына тіреледі.
Сонымен қатар қорык аймағына Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл далада жатқан Үлкен жөне Кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бүл бөлігінің аумағы 17850 га жерді алып жатыр. Қорықтың аумағындары Үлкен және Кіші Қалқан таулары аралығында әйгілі Әншіқұм да орналасқан.
Қорық аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің — 590 түрі, мүктердің — 107 түрі, кынаның — 77 түрі және саңырау-құлақтардың 190-ға жуык түрі өседі. Ал кұстардың — 170 түрі, сүтқоректілердің — 60 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтың жануарлар дүниесін қүрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар, шамамен, 500 елік, 300 қабан, 1000-ға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы каскыр тіршілік етеді.
Алматы қорығында Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының (ХТҚО) «Қызыл кітабына» жойылып кету каупі бар аң ретінде тіркелген қар барысы мен қаракүйрык мекендейді.
Алакөл мемлекеттік қорығы — Алматы облысының Алакөл ауданы аумағында орналасқан. 1998 жылы құрылды. Жер көлемі — 12,5 мың га. Қорық солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жетісу Алатауы жоталарымен қоршалған. Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстік-шығысында Жоңғар қакпасына тіреледі. Қорыктың кеп бөлігін Сасықкөл, Ұялы және тұзды Алакөл көлдері алып жатыр.
Қорықтың климаты катаң. Әсіресе қыс айларында түрақты «Сайкан» және «Ебі» желдері үзбей соғып тұрады. Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі еседі. Олардың негізгілері: су папоротнигі, сары дүңгіршек, су түңғиығы.
Алакөл қорығының фаунасы сан алуан. Мұнда сүткоректілердің, шамамен, 40 түрі бар. Қабан, түлкі, елік, таутеке, т.б. жануарлар мекендейді. Су айдынында құстардың 283 түрі тіркелген. Әсіресе шағала, бірқазан, жағалтай, тырна, көккүтан, аққулар; балыктардан сазан (25-сурет), алабұға, көксерке кездеседі. Мұнда соңғы жылдары тіркелген қарамойнақ шағаланың орны бөлек. Ол — КСРО-ның «Қызыл кітабына» енген құс.
Наурызым мемлекеттік қорығы — 1934 жылы құрылған. Қорық орманды дала табиғатын сақтауға негізделген. 1960 жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып, тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны корғау министрлігінің карауында болды. Арада өткен талай өзгерістер корықта із калдырмай кеткен жоқ. Мүнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар қарағайлы орман алқабының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен соңғы жылдары жүргізіліл келе жатқан жұмыстар қорықты сақтауға арналған алғышарт іспеттес.
Наурызым корығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі — 87,7 мың га. Оның 17662 га-сы немесе 19,5%-ы орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Олар — Терсек, Сыпсың және Наурызым реликті қарағайлы орман алкаптары. Сонымен қатар корық жерінде Жаркөл, Аксуат, Сарымойын атты көлдер де бар. Аталған көлдер, өсіресе көктем мен күз айларында нағыз «құс базарына» айналады. Мұнда жыл кұстары жылы жаққа барар және қайтар жолда тынығу үшін қонады. Селеулі далалар мен ормандар арасында аң мен құстардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, бірқазан, жабайы үйрек, акку, дуадак, т.б. Жалпы корық аумағында құстардың 200-ден астам, сүткоректілердің — 30, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуык түрі мекендейді. Ал өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуык түрі тіршілік етеді. Қорыктың мақсаты реликті карағай ормандарын, сирек кездесетін өсімдіктер әлемі мен көл жағалауын мекендейтін құстарды сақтауға бағытталған. Сонымен Наурызым мемлекеттік қорығы — табиғаттың көркін бұзбай сақтап қалған, қайталанбас бір бұрышы.
Қорғалжьш мемлекеттік қорығы. Теңіз — Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын — 1958 жылы ұйымдастырылған. Алайда үш жылдан кейін ол орман-аңшылық шаруашылығына айналдырылып, содан 1968 жылы қайтадан қорық болып құрылған. Бастапқыда 15 мың га жерді алып жатса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының жер көлемі 258,9 мың га аумақты қамтиды. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті құстардан көрінбей кетеді. Себебі, жыл қүстары мүнда соқпай кетпейді. Жылдың қай мезгілі болсын, қорық аумағы — құстардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпакды қорыққор-қорықтар қатарына жатқызылады. Қорық аумағынан кұстардың 294 түрін, сүтқоректілердің 37 түрін, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың он шақты түрін кездестіруге болады. Олардың барлығы да адам қамқорлығына алынған. Әсіресе дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиказды қорғап, қорын молайтуда қорықтың алатын орны ерекше. Топ күрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Ұяларын балшықтан соғып, оны жерден биіктеу етіп салады. Соңғы жылдары көл суы деңгейінің төмендеуіне байланысты қоқиқаздар тобы азайып барады. Мысалы, қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз саны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер-жетпес.
Марқакөл мемлекеттік қорығы — 1976 жылы 4 тамызда үйымдастырылған, Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында орналаскан. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылыскан Алтайдың ару көлі — Маркакөл адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте орналаскан. Оның жалпы аумағы — 544 км2, ұзындығы — 38 км, көлденеңі — 19 км-ге дейін жетеді. Ең терең деген жері 25 м-ге жуық. Көлге түс-түстан 27 өзен мен бұлақ келіп қүяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.
Маркакөл мемлекеттік қорығының жер көлемі 75,0 мың га аумакты алып жатыр. Шалқып жатқан Маркакөл жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып түр. Аққайың, тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында кекке тік шаншылған балқарағай орманы бой түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер әлемі де өте бай. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, майқан немесе каяз, хариус, талма, теңге балықтар, т.б. Сүтқоректілердің — 59, құстардың 200-ден астам түрі мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан еліміздегі тау көлдерінің бірде-бірі Марқакөлге тең келе алмайды. Өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің ерекшелігімен қатар, оның жергілікті жердің ауа райын реттеп отыратын қасиеті де бар. Мысалы, жануарлардан корғалатыны — теңбіл бүғы, марал, елік, бүркіт, аю, ал күстардың көптүрлілігімен ерекшеленеді.
Барсакелмес мемлекеттік қорығы — Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы үйымдастырылған, жер көлемі — 18,3 мың га. Соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер құрғап, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мүндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті өсерін тигізіп отыр. Бүрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету каупінде. Әсіресе бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Негізгі қорғалатын аңдар — ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Алғашқыда бұл қорық ақбөкендерді қорғау үшін кұрылған еді. Мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның 4-5 ешкісі ғана бар болатын, қазір саны едәуір.
Республикамызда қоры азайып кеткен каракұйрықты көбейту максатымен аралға әкелініп, 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті.
Ал 1953—1964 жылдар аралығында 19 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жерсіндірілді. Олардың саны өскендіктен, Маңғыстау және Алматы облыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алынды. Қорықта құстардан — қарабауыр бұлдырық, ала қаз, карақал, ителгі, бектергі, бозторғайлар мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан — жұмырбас және жүгіргіш кесірткелер, ысылдағыш геккон, қалқантұмсық жылан, кұршаяндар (31-сурет) тіршілік етеді. Ғалымдардың алдында Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайына байланысты корықты сақтап қалу міндеті түр.
Үстірт мемлекеттік қорығы — 1984 жылы Батыс Казақстандағы Маңғыстау аймағы Ералиев ауданының аумағында құрылған. Қорықтың жалпы жер көлемі — 223,3 мың га. Қорықтың орталығы — 200 шақырым жердегі Жаңаөзен каласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал және Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Ауыз су тапшы, жер үсті
сулары жоқтың қасы. Қорықтың құрылуының негізгі мақсаты — шөл белдеуіндегі ерекше табиғи ландшафтыны, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу. Қорық аумағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі. Әсіресе халыкаралық деңгейде корғауға алынған қарақүйрық, үстірт қойы, үнді жайрасы, қабылан, каракалдар қорықта қорғалатын негізгі жануарлар. Сол сияқты қорық аймағында күлакты кірпі, ешкіемер, құм тышқандары, қосаяктар, кесірткелер мен жыландардың да көптеген түрі сақталған. Аталған жануарлардың біразының қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатуы өкінішті-ақ.
Қорыктың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мүндағы қатаң климатқа қара сексеуілді ормандар, изен, жусан, жыңғыл, күйреуік, сораң, баялыш, т.б. эфемерлер (көктемдік біржылдык өсімдіктер) бейімделген. Ал сулы жерлері мен бұлақтар төңірегінде камыс, қоға өсуге колайлы.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы — Шығыс Қазақстан облысы-ның Риддер және Зырян аудандарының аумақтарын қамтиды. Қорық 1992 жылы қүрылған. Жер көлемі — 56,1 мың га. Қорық Қазакстандық Алтайдың Линей, Холзун, Коксин атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аумағында Ақ және Қара Үлбі өзендері мен Кедрово және Щербакова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар.
Қорық субальпі, альпі, тайга, аралас орман белдемдері ландшафтылары мен онда кездесетін өсімдік түрлерін қорғауға бағытталған. Қорық дәрілік өсімдіктердің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, мүнда орманның бірнеше типі, қылқан жапырақты ағаштардың көптеген түрі шоғырланған. Әсіресе бағалы самырсын, майқарағай, балқарағайлардың орны ерекше.
Батыс Алтай қорығында әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс-жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе субальпі белдемдерінде марал оты, алтынтамыр, алтай сарғалдағы, бәйшешектерді, т.б. өсімдіктерді кездестіруге болады.
Альпі белдеуінің өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда көп жылдык шөптесін өсімдіктер топталып өседі.
Биік таулы тундра 2000-2200 м биіктікте жатыр. Бұл белдеуде жатаған бұталы өсімдіктер, қияқ, мүк, альпі қырықбуыны, альпі сүттігені, мойыл, т.б. өседі.
Батыс Алтай фаунасының ерекшелігі — мұнда құстар өте көп тіршілік етеді. Бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, сақалтай, аққұр, саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене, ақ дегелек, үкі, жапалак, көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады.
Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, құдыр, бұлғын көптеп кездеседі.
Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторингінің немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына айналуы мүмкін. Себебі, табиғи ландшафтылар өзінің алғашқы сипатын сақтаған.
Қорыта айтканда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау максат етіліп койылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.