ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық , саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшее берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның бес облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, агрорлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газентінің 1917 жылғы 256 – санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау жіне қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынның жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспа сөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін месмлекетен бөлінеді, барлық діңдер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуітиіс, барлық оқй орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалары.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алаш орда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болады да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алаш орда үкіметі кеңестік әскерледің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репресияға ұшырады.
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көз қарас бар. Біреулері (В.Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы камунистік идеалогияның тұрғысынан оны «буржуалиялық — ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев) оны ұлттық – демократиялықпартия деп санайды. Шынында да, Алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ.. олар саяси еркіндікті аңсады, өркениеті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық – ұлтшүылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғызов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің ұйымы құрылды. Ал кеңес өкімет кезінде, көпшілікке белгілі жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстан тарихында шұғыл бет бұрысболып, өшпес іс қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрыңғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясыты мен әкімшіл — әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шегуге шықты. Бұл көтеріліс азатық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетіндамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, ейін (1990ж. мамырда) счоның негізінде осы аттас партия құрылды.
Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы айтарлықтай рқл атқарды. Ол азаматарға қоғасдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәіртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.
Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күроестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншңкке сатылуы және т.б. қойылды.
Егер Республика аумағында белді рқл атқарған белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламарына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:
Ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жерұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» қаралды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.
Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдән толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандыұтармен тығыз байланыс ұйымдастару, ислам дінінің қайта өркендеу жолында күрес жүргізу көрсетілген.
Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыру, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлтбостандық партиялары ұлттық және ұлттық- демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс- әрекеттеріне қамықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.
Қазақстанның социал- демократиялық партиясы.1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдердегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастқ, әділеттілік идеяларын ту ететді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экомомикалық, әлеуметтік рефрмаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.
Қазақстанның социалистік партиясы.1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партисының кезектен тыс съезі өтіп, оның мүшелері өзін- өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып,соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялықмақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында – қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада – халықтың осал жігін – аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. өздерін коммунистік партияның мейрасқорымыз деп санайды.
«Қазақстанның халық конгресі» партиясы 1991 жылы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Өзін центристік либералдық – демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп празиденттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағыттағы мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамьамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиалы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.
«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары «Номенклатуралық партия», «Үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н.Ә. Назарбаевтің көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариалады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрапқтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қантарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан»парттиясының құрамына кірді. 2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал- деморатиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік папртиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, «Руханият»партиясы және т.б. жатады.
Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақжол» партиясы. Оның басшылары – кезінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси – экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдамалары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады. «Ақ жол Қазақстан», «Эпоха» сияқты басылымдары бар.
Қазіргі электораты (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси «Отан» партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н.Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақстан Республикасы Конститутциясы бойынша Президент ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар.
«Отан» партиясына жақын тұрған – Қазақстаның Азаматтық партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының қызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ олардың шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, мейлінше, соларға тиімді заңдар қабылдауға ұмтылады.
«Асар» партиясының бағдарламасына қарағанда ол «оңшылдар» («Отан», Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен «солшылдардың» ( «Ақжол», Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси — әлеуметтенген мемлекет орнақтпақ.. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен құтқармақ. Жерді жекеменшікке беруді дұрыс деп санайды.
Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазқстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.
Қорытындылай келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдынғы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.