Қазіргі жағдайда капитализімге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып ұсақ және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды .Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы . Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардын болуы дүниежүзінің практикада экономикалық тиімді ісі болып табылады .
Қазіргі замандағы экономикадағы ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты.Орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы, көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадорлар бар . Олар жоғары дәрежеде ғылыми – техникалық жаңа әдістер қолдана алды. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алады .Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады .Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болды.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,клиентердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға,өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді:
- Бәсеклестік орта өркендейді
- Қосымша жұмыс орны пайда болады
- Тұтыну секторы ұлғаяды
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықта тауар және қызметтермен толтырады, экспорттың потенциалын артырады және мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде мңызды орын алады. Олтек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері және адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай, кейбір тауарларды шығру, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұрықсат керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінң шаруашылық іс-әрекетін басты жағдай- жоспарлау.Шағын кәсіпорн өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында,және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін, өзінің әлеуметтік даму негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлау керек.
Жоспарлаудың негізінде жұмыстарын, материялдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды.
Кәсіпорынның финанс ресурстар, пайдадан амартизациаға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарнамаларынан, пайдадан түскен, несиеден т.б заңға қарсы емес түсімдерден тұрады.
Ақша қаражаттары сақтау және есеп айырысу, кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп – айырысу және басқа түрі щ есеп – айырысу және басқа түрі шоттар ала алады. Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдік серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотта ала алады.Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өзбетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға правалы. Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі, түрі дербес шешіледі.Шағын кәсіпорын заң бойынша кеілді еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын, қызметкерлердің әлеуметік қорғау салаларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күнің, тағы басқа жеңілдіктер қолдана алады.Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауыпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне зиянды толықтыруға жауапты.
Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданылады . Сондықтан шағын кәсіпорын әлеуметтік,медициналық сақтандыру үшін өздерінің жарналарын төлеуге тиісті.
Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан –жақты дамыту болып табылады.Олардағы кәсіпорындардын жалпы соның ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 –нен
90 % дейіңгі мөлшерде қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімің 50% -не жуығын елдердің қамтамасыз етіп отыр.
Шағын кәсіпорындар шаруашылықта жүргізудегі икемділігі ғылыми – техникалық прогретін негізгі бір қозғаушы күшінің айналуы.
Мсалы:Жапондық мамандардын есептеуінше екінші дүние жүзілік соғыстан кейіңгі кезенде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден -бір себепші болған нәрсе шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағыын кәсіпкерлік динамикалық түрде дамуы мүмкін:
- тұтынушылардың сұранысының өзгерісіне тез бейімделе алады
- бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді
- жаңа жұмыс орындарын ашады
- жаңа кәсіпкерлік тап пне меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды
- елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен қаржы салаларын береді
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай басым рөл атқарады;
- Сауда
- Автосервис
- Құрылыс
- Қызмет көрсету салалары
Қазір шағын кәсіпорындар жоғары техналогиялық, химялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет ,инфарматика, телекомуникация салаларына әр тараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі.
АҚШ –та өз ісімен айналысушы азматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикада бет бұрған елдер үшін АҚШ -тағы бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен мңызы бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасын класификациясы бойынша шағын бизне субьектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары,ол басқа салалар үшін –жылдық табыс
2 милион адамға дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ – та тіркелген кәсіпорындардың 97 % -на жуығы шағын кәсіпорындар .Ол жолпы ұлттық өнімінің 95% -ына, көтерме сауданың 64%-ына ие болып отыр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсендетеді.
АҚШ–тын шағын бизнес дамуы мысал көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы ортамен өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ сауда министірлігінің иновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20 -25% -ге дейін үлес қосады.АҚШ –та ШАҒЫН бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдануға ие.Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық бұзуға негізделеді. Солардың бірі,шағын бизнес проблемалары мен екі комитет айналысады. Федерациялқ деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы -шағын бизнесті жан –жақты қолдау.
АҚШ –та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады.
Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерліке кедіргі келтіреді. Сондықтанда АҚШ когресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгрес шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.
- бюджеттен тікелей дотациялау;
- мемлекеттік тапсырыстарды біз үшін шағын кәсіпорынға орналастыру;
- шшшағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдау .
- Шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлы ол–университеттер, компаниялар, федералдық орындар, штаттық басқарламалар жанында құрылатын ұйымдар . Бұл ұйымдардың негізгі мақсата–жаңа кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз ісің бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубациялар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржылндыру, көзіне байланысты инкубациялық: фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін.
Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаты:
- Инкубатор клиентінің табысына ортақтасу;
- Жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
- Жаңа жұмыс орындарын ашу .
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ –та шағын кәсіпорындар эканомикада жетекші рөл атқарады. Сондықтанда федералдық, штаттық басқару орындары шағын және орта бизнесті дамуына барылық жағдай жасап жатын.
АҚШ экономикасыда олар барлық техникалық прогресс саласында жататын барлық жаналықтарды жасауды, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығы қамтамасыз етеді.
Жапония, үлкен тәжірибеге ие болып отыр.Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқасы жапония соғыстан қираған елден жоғары техналогиялық дамыған елге айналады.
Жапонияның халық шаруашылығындағы шағын және орта бизнес субьектілерің саны, тауар айналымы басқа секторлар мен салыстырғанда саны алдынғы қатарда тұр.
Дәсүр бойынша әрбір ірі корпарация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бос кәсіпорындарға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымың жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды. Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: Өндірістің өнімің 50% -зы, көтерме сауда 60% -зы.
Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік орган шағын кәсіпорынға құрал жабдықтарды жаңартуға техналогияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуы көмек береді. Жапонияның шағынбизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландыруды,әрбір министірлерін ,әр ведомство өз шығындар бюжетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға женілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.
Жапония шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ 73% -ына ие болып отыр.
Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерацяынан экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалып , жүзеге асырылды .
1995 жылы Ресей Федерацясында « Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы » заң қабылданды . Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден басталады .
Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады.Бұл қорға федералдың меншіліктегі кәсіпорындарды жекелендіруден түсетін қаржының 5 % келіп түседі . Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:
- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек .
- Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады .
1994-1995 жылдары « Шағын Кәсіпкерлікті мемілекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы » жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама іске асырылғаннан кейін , Ресей Федерасиясында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады . Бұл жүиеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтын қорлар мен орталықтар кіреді.
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтың қорлары мен орталықтары барлық аймақтарға құрылған .Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті бюжеттерден қаржылық көмек алады, жергіліті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. 1999 жылдың басына есептелгенде Ресей Федерациясында 900 000 – нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды.Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны – 7 адамнан тұрады.
Ұлыбританияда шағын бизнес субьектілеріне: жылдың тауар айналымы 2 милион фунт стерлинг аспайтың , активтер сомасы 1 милион фунт стерлинг және жыл бойы 50 адамды жұмыспне қамтитын кәсіпорындар жатады.Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызмет бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: комерциялық мәселеледі қалай шешу керек екенің, бухгалтерлік есепті қалай жүргізуді керектігі туралы, нарықта қалй зерттеу екендігі туралы кеңестер.
Қазақстанда шағын кәсіәпорынды ашу үшін жұмсалатын күш –жігерді шет елде шағын кәсіп орын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын Кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларының атап өткен жөн. Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл Кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық елі. Францияда шағын кәсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады.Ресмй дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіорындар -16500000 адам жұмыспен қамтылған.Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.Әдетте әкімшілік процедуралар шағыын кәсіпорындар құруға кедергі келтіретін мәлім, Сондықтан Франция үкіметі формальді мәселелерді қысқаруға көшті.Францяда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайдасыздық өсімді мемлекет бонофикацилайды.
Бонификция- Бұл жеңілдету.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда да қаржыландырады. Яғни еңбек әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі.Францияда жұмысыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көегімен сүйене алады. Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Үкіметтің шағын және орта кәсіпрындардың қолдауға бағытталған саясатты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындрдың ары қарай дамуын қалайды.
Германяда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы–ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.
Екінші сипаттама–кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп,өңдірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтында бірдей мүдделігін, ынталығын тудырады.
Үшіншіден кәсіпорын өмірінде басқкрушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртіншісі–істі жанұялық негізде жүргізу,яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан болған мұра ретінде машықтану. Бесіншіден –шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипаты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен, бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.
Германияда 80 –жылдың аяғына қарай жоғарыда көрсетілген стратегиялық есептеу тәжірибесіне байланысты 1,9 милион шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізге бөлінеді: қолөнерінде -537, сауда-225, өнеркәсіпте -108, қызмет көрсету саласында -665, еркін мамандық секторы 360.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенде ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес.
Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты–шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабылетілігін артыруы. Салық салуға жеңілдіктер,концультатциялық қызмет саласында артыру. Мемлекеттік органдар,
- бір жағынан, кәсіпкерлерге арнайы мамандардың қызметі арқылы көмек көрсетеді;
- екінші жағынан, жеке концультатцияға жүргізген жағдайда фиирмалардың ол үшін жұмсайтын шығындардың айтарлықтай бөлігін өтеуді өз мойынына алады.
Шетелдік тәжірибеге қарап Республикамызда атқаратын іс-шаралар әлі көп екенің байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы » заң атқаратын іс –шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторы көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке көмек керек.
3.1 Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы.
3.2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің рөлі.
3.3 Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары.
Республикамызда нарықтық қтынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі–шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі:
- Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады.
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін.
- Ғылым мен ғылыми қызмет көрсетусаласында: жұмыскерлер саны 100 адамға дейі ;
- Бөлшек сауда: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
Шағын кәсіпорындар, шаруашылық ассоцялары, ұжымдық, біріккен кәсіпорындар, мемлекеттік органдар құрады. Республикамызда шағын бизнестің экономикалық мәнің тереңнен түсінуге « Қазақ КСР –індегі шаруашылық қызметінің еркіндігі мен кәсіпкерлердің дамуы» туралы заңның қадылдануы жол ашты.Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық,әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап береді.Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қазақстанда шағын кәсіпорындардың қолдау қорын құру;
- Жеңілдік жағдаймен несиелеу;
- Шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету;
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тереториялық орталықтарды жатқызуға болады.
Шағын бизнес мониторингі.
Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2003 жылғы шілде айының 1 жұлдызына дейін кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 13,1% жоғары.
Тіркелген кәсіпорындар 72,0% жұмыс істейтін кәсіпорындар. Белсенді жұмыс істейтін кәсіорындардың басым көпшілігі саудаға, автомобильді және үй мүліктерін жөндеуге маманданған, өйткені сауда қызметі мен белсенді кәсіпорындармен аса қолайлы.
Дүние жүзілік практикада жалпы қабылданған кәсіпкерліктің даму деңгейінің көрсеткіші
- шағын бизнес кәсіпорындардың 1000 тұрғынға шаққандағы саны.
Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі әсіресе Алматы қаласы мен Астана қаласында (15,4) , сондай–ақ Маңғыстау (8,4) және Павлодар (6,5) облыстарында ас жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша оң түстік Қазақстан, Алматы, (34) және Қарағанды(24) обылыстары көзге түседі.
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастрын ұдайы іске қосып отыратың ортаның нақ өзі экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен,базарлардың тауарлармен малығуына және жаңа жұмыс орындардың құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар меншіктің экономикалық дамуына оның тұрақтылық индикаторы есепті орта жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік
міндетіне ;халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету және адамның өмірге нақ сезімен қарау мүмкіндігін артыру жактады.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесінің қалыптастыру әлі жүріп жатыр. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмыысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорндарды жатқызу құбылысы. Кәсіпорындардың кәсіпкерлеріне жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады.
Ең басты: шығын кәсіпкерліп саны өсіп келеді, өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана.
Дегенмен, өсім бар. Ол 7 пайызды құрайды.
1998-2003 жылдар ішінде ҚР –да жұмыс істеген шағын кәсіпорындар саны.(мың есебімен).
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
28,3
|
89,6
|
99,0
|
115,0
|
125,0
|
168,0
|
Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымының қалыптаса бастаған аймағы . Алайда, заңды тұлғалардың жалпы соның 55 % ғана жұмыс істегенің айтпай кетуге болмайды. Заңды түрде тіркеліп , мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда 23144 кәсіпорынның 16037-і, яғни 69 пайызы жұмыс істейді.
Тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді.Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі амемлекеттік кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шғын және орта кәсіпкерлік,әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдары еске алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі риспубликадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өнделіп, дайын өнім жоғары бағамен қайта әкеледі. Агроөнеркәсіптік кешен– экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай –ақ ұқсату кәсіпорындардың үлесіне тиеді.Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар ауамағында тұратын адамдардың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.
Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары.
Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қортынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін аңықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек. Олкорупцияға апарады.
Басты проблеманың бірі–ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкі дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
Кейіңгі жылдары елімізде шағын және орт кәсіпкерлікті дамытуда көбірек көбірек көңіл бөлініп бастағаны байқалады.Оның экономиканы жандандыруға, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызы зор екендігін әлемдегі көптеген елдердіңтәжірибесі көрсетіп отыр. Біздеде ол жайлы бүгіндерде аз айтылып, аз жазылп жүрген жоқ. Қазақстан кәсіпкерлерінің 4 форумы ел Президентінің қатысуымен 1998 жылғы 27 сәуірде Алматыда өткізілді. Форумға республиканың түпкір –түпкірінен 1600 делигат қатысы, шағын бизнесті дамытудың көптеген мәселелері жан –жақты талқыланды.
Осы бас қосуда Призедент Нұрсұлтан назарбаев мінберде тұрып « Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы» жарлыққа қол қойды. Призедент жанынаң шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніңдегі ҚР агентігі және қоғамдық бірлестк – «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы » құрылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен табыстармен қатар әлі де осы саланың дамуына бөгет жасап отырған, шешуі табылмаған мәселелер де көп екені форумға қатысушылар сөзінен айқын байқалады. Өзінің сөзінде ел басы Н.Назарбаевта ондай мәліметтердің көп екенің айтып, олардың негізгі екі себебіне тоқталды.
Бірінші – қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен байланыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлерн мен ұйымдар тарапынан тойылмай отырған зорлық – зомбылығы.
Екіншісі –орталықтан қаржыландырудың және сауда айналымына ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігің жоқтығы. Сондай –ақ кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын сот ретінде еңгізу керек, кәсіпкерлер мен тексерушілер органдар арасындағы даулы мәселелерді ашқ процесстерде қарайтн сот арнайы әкімшілік сот жүйесін құру да қажет және ондай сот әкімшілік жаза қолданатын құқығн болуы шарт.
Қызметкерлердің саны аз кәсіпорындардың қызмет облысы экономикасын дамытуға әзірше үлес қоса қойған жоқ деп атап көрсетуге болады. Зандық нормативті – құқықтық бозаның, кіші бизнесті дамытудың қаржы – несиелік және инвестициялық механизімдерінің жетілмегендігі, сондай- ақ экономикада болып жатқан дағдарыстың құбылыстар кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға кері әсерін тигізеді. Соның өзінде де кіші бизнес дамуы үстінде, экономиканың және заңдық механизімдерді жетілдіріп икемді салық саясатын қолданған кезде, нарық экономикасының маңызды болуына тиіс. Мемлекеттік емес сектордың дамуы жаңа жұмыс орындарын жасау есебінен бәсекелесу қабілеті төмен адамдар ( жастар, зейнеткерлер, балалар, балалы әйелдер) үшін еңбекке арнаулы мүмкіндігін ала отырып, белгілі бір дәрежеде еңбек нарығында шиеленісті бәсендетеді.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы щеберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда қамтамасыз ету, экономикада оның үлесің ұлғайту, жаңа жұмыс орның саның арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үсітінде. Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомативтің нақ өзі.