Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы. Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажетілік берілген мәселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлгісінің саяси және құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы және демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тәжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдістерінің өзгеруі болды. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы және мемлекеттік «құрылыстың» қиын процссінің стратегиялық концепциясын, басқарудың берілген үлгісін таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын, саяси және конституциялық табиғатының ерекшеліктерін, барлық заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар әлі аяғына дейін әзірлеген жоқ.
Қазақстан Республикасының президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің және халық бірлігінің кепілі және рәмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы. Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-әрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы, шетел мемлекетінің конституциясының тәжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дәстүрі актуалды болып отыр.
Осыған байланысты кәсіби Парламенттің өкілеттігінің кеңеюін, Үкіметтің көтерілу деңгейін, жергілікті биліктің жауапкершілігі мен әсерлігі, қоғамдық институттар, соттың шын тәуелсіздігін қамтамасыз ету, баспасөзді ынталандырған, азаматтардың бостандығы мен құқықтық кепілдігі ретінде Президенттің ерекше рөлін белгілеу қажет. Қазақстандық және ресейлік ірі политологтар мен заңгерлер – Абдулпаттаева С.И., Аверьянова В.Б., Ахметова М.М., Баймаханова М.Т., Барнашева А.М., Бачилло И.Л., Бурханова К.Н., Джунусова М.С., Ефимова В.И., Зиманова С.З., Ишмухаме-дова А.Ш., Кузнецова Е.А., Кузнецова И.Н., Надеждина Б.Б., Нарматова С.З., Нерсесянца В.С., Нурпеисова Е.К., Сабикенова С., Садыкова Т.С., Сапаргалиева Г.С., Сарсенбаева Т.С., Сартаева С.С., Сахарова Н.А., Урьянса Ю.П., Четвернина В.А., Чиркина В.Е., Шайкенова Н.А., Шевцова В.С., Энтина Л.М. және басқалар. Қазақстанда басқарудың құрылған үлгісін салыстыратын, Франциядағы мемлекеттік билік жүйесі және Бесінші Франциялық Республиканың қалыптасуы туралы Ф.Ардананың еңбектерін атап өтуге болады Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік үлгісінің дамуы және қалыптасу табиғатын зерттеу контекстінде мемелекет егемендігін алғандағы мәселелерді ашу және әзірлеу, бұл сұрақ әрқашан мемлекеттік құрылыс сұрақтарымен өзара тығыз байланысты. Президент Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінде елдің 1993 жылығы негізгі заңына, 1995 жылғы елдің конституциясына және Қазақстан Республикасында барлық нормативті-құқықтық базаны іске асыру негізінде келешекте дамитын әлеуметтік және экономикалық реформалардың ісіне қызмет ететін қабылдауға және әзірлеуге терең талдау мен түпкілікті мінездеме береді. Өз уақытында президенттік институтты қалыптастыру сұрақтарын әзірлеуде политологтар мен құқықтанушылардың кезекті зерттеу үшін теориялық, методологиялық және әдістемелік арқаны анықтайтын жұмыстары үлкен үлес қосты: Атап айтсақ: Ахметов М.М. – «Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік үлгісінің қалыптасу ерекшеліктері. Теория және тәжірибе мәселелері» (Алматы, 2000), Видова О. – «Нұрсұлтан Назарбаев. Адамның портреті және саясат» (Алматы, 1998), Жүнісова Ж.Х. – «Қазақстан Республикасының Президенті. Демократизация институттары» (Алматы, 1996), Жигалов К.В. және Сұлтанов Б.К. – «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет тарихы» (Алматы, 1993), Котова А.К. – «Егеменді Қазақстан: Азамат, Нәсіл, Халық» (Алматы, 1997), Малиновский В.А. «Егеменді Қазақстан мемлекетің басшысы» (Алматы, 1998), Назарбаева Д.Н. – «Демократизация тәуелсіз мемлекеттер достастығының саяси жүйесі» (Алматы, 1997), Нұрпеисова Е.К. және Котова А.К. – «Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін» (Алматы, 1995), Петрова В.Ф. – «Тоталитарлық әлемнен кейінгі демократизация: тарих және қазіргі заман» (Алматы, 1999) және тағы басқалар.