Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі мен оған қарсы күрес

Өтпелі экономика маргиналды жұмыссыздық жарылысын бастан кешті. . Елімізде жұмыссыздықты ресми түрде мойындағаннан кейін оған кеңінен көңіл бөліне бастады. Мыңдаған бомждар мен қоғамның «диа» бөлігінің өкілдерінің бар екендігі көпшілікке мәлім болды Жұмыссыздарды тіркеу оларға легализациялануға мүмкіндік беріп, алғашқы рет қоғамдық статусқа ие болып, заңға сәйкес еңбек етуіне құқық алды. Бірақ ең бастысы, олар пособиелармен әлеуметтік көмек алуына жол ашылды.

Еңбек фондының төрт бағытта қарастыруымызға болады:

  1. Жұмыссыздарға берілетін пособиелерге жұмсалатын қаражаттар немесе пассивті саясат.
  2. Қоғамдық жұмыстарға және қайтадайындауға кететін қаражаттар. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі үшін міндетті болып табылады.
  3. Қаржылық көмек көрсетуге, бағалы қағаздар сатып алуға және басқа да шығындарға жұмсалатын қаражаттар.
  4. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін дамыту үшін жұмсалатын қаражаттар. Жұмыссыздықтың салдарын аз болса да жұмсартуға көмектеседі.

Еңбек күшін босатуға көмектесетін факторлар:

  • өндірістің құлдырауы, негізінен шаруашылық байланыстардың үзілуінен пайда болған;
  • мекеменің жасанды төлеуқабылетсіздігі;
  • мемлекеттік қаржыландырудың күрт қысқыруы, , заңды және жеке тұлғалардың инвестицияға арналған қаражаттарының жоқ болуы;
  • Қорғаныс күштері қатарының қысқаруы;
  • меншік формаларының өзгеруі;
  • миграциялық үрдістердің күшеюі және т.б.

Эксперттердің айтуы бойынша, жұмысын жоғалтқандардың бір бөлігі зейнетке шықса, екіншілері, қызмет көрсету сферасына, ал үлкен бөлігі экономиканың көлеңкелі жағына барып құйылуы мүмкін. Білікті мамандар шет елдерге кетсе, ал тағы біреулері ауыл шаруашылығымен айналысады.

Егер де мемлекет жұмысшыларға қажетті жағдайлар жасаса (негізінен кәсіпкерлік шаруашылықпен айналысуға пайызсыз кредит және басқа да жеңілдіктер) жұмыссыздардың үлкен бөлігі индивидуалды еңбек қызметімен айналысатын еді, басқаша айтқанда, өздерін жұмыспен қамтамассыз ете алатын еді.

Еңбек нарығына қысым көрсететін тағы бір фактор- күрт күшейген халық миграциясы. Соның әсерінен ТМД-ның көптеген елдерінде, сонымен қатар, Қазақстанда саяси тұрақсыздық орнап келе жатыр.

Болып жатқан үрдістерді қосу үшін не істеу керек?

Біріншіден, эконмиканы структуралы қайта құрудың адресті программаларын құру қажет;

Екіншіден, мемлекеттік жұмыспен қамтудың программаларын дереу әзірлеп, қабылдау керек. Мұнда үш бағытқа көңіл аударған жөн болар еді:

  • қоғамдық инфрақұрылымды тікелей инвестициялау;
  • жұмыспен қамтуда тікелей және жанама шаралар(кадрларды дайындау және қайта дайындау);
  • кіші бизнезтің пайда болуына және жеке инвестициялардың пайда болуына жағдай жасау.

Үшіншіден, ортақ экономикалық кеңістіктің құлауына жол бермеу.

Бұл басымдылықтардың көпшілігі қазіргі өмірде де орын алды. Олар адамдарға мамандық таңдауына көмектеседі. Еңбек нарығы мемлекеттік секторда жұмыспен қамтылу мен өндірістің экономизациялануын қамтамассыз етеді.

Ал еңбек нарығының басты кемшілігі- Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін барлық кәсіпорындар жекешеленіп кетті. Осыған байланысты жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге жағдайы келмегендіктен, жұмыс күшін қысқарту жүзеге асады, ал ол өндірістің қысқаруына әкеләп соқтырады.

Мәліметтер

Қазақстан Республикасы бойынша 1995жыл қаңтар-мамыр .

 

Облыстар

 

 

Жұмыспен қамту жайлы өтініш білдірген

 

 

Жұмыспен қамтылды

 

Жұмыссыз ьолып есептелді

Жұмыспен қамту орталықтарына жұмысшыларға сұраныс, (есепті кезеңнің соңы)
Ақмола 7135 2096 2967 711
Ақтөбе 5306 1635 3088 1209
Алматы 4418 1249 2861 936
Атырау 4241 385 2932 367
Шығыс Қазақстан 5835 1562 3577 1524
Жамбыл 5495 1223 3007 898
Жезқазған 4053 762 1417 893
Батыс Қазақстан 4865 1139 3576 185
Қарағанды 10905 6778 1081 8579
Қызылорда 10152 519 6412 125
Көкшетау 2942 990 2132 1020
Қостанай 7810 2433 3558 1250
Манғыстау 2405 711 671 1276
Павлодар 7697 2145 4157 3122
Солтүстік Қазақстан 7232 1182 6537 494
Семей 8656 1514 3760 721
Талдықорған 6584 2362 3763 346
Торғай 2486 654 1941 587
Оңтүстік Қазақстан 19031 4001 9559 705
Алматы қаласы 3803 2021 574 1506
Ленинск қаласы 640 89 149 34
ҚАЗАҚСТАН 131765 35450 79719 26488

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес жұмыспен қамту қызметі органдарына кадрларды дайындауға және қайта дайындауға, жұмысшылардың кәсіби деңгейін жоғарылату үшін, еңбек нарығындағы үрдістерді реттеу үшін салықтық, ақша-кредиттік және басқа да әдістерді қолдануға құқық берілген.

Мысалы, қолайсыз болып есептелетін аумақтарда (Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Арал маңындағы өңірлерде) қаржы салымдарын дифферинциалданған тәртіппен қолдайтын, басымдылықпен дамып келе жатқан аумақтар көрініп келеді. Субсидиялар қаржыландырудың көлеміне байланысты орналасады. Қолайсыз болып табылатын өңірлерде олар жалпы қаржыландырудың 50*/* құрай алады.

Аумақтық жұмыстылық саясатының құралы ретінде ауылшаруашылығы, туристік-қонақүйлік бизнестерін қолдау программалары кең пайдаланылады.

1997 жылғы Өскемен қаласындағы жұмыссыздық жағдайы:

 Еңбек нарығының фиксацияланған бөлігін құрайтын халықтың тобы. 1.01.97 ж.

 

1.02.97 ж. 31.01.97 ж.
1 Жұмыспен қамту жайлы

өтініш білдірген

10941 1527 3742
2 Оның ішінде әйелдер 7565 1025 2439
3 Жастар 20-ға дейін 532 48 142
4 Жұмыспен қамтылды 1328 164 374
5 Жұмыссыз болып есептелетін 5589 608 2024
6 Жәрдем ақы алады 2514 2762 3191

Бұл мәліметтерден қаланың экономикалық жағдайының жылдан-жылға жақсармай, керісінше нашарлап келе жатқандығын көре аламыз. Қала кәсіпорындары өздерінің жұмысшыларын қысқарту әрекеттерін жалғастырып келе, жұмысшылар санын минимумға дейін әкелді.

Жұмысшылары босатылған кәсіпорындардың ішінде ең алғашқы орындарда келесілер: УМЗ, ВКМЗ, сусындар бірлестігі, жиһаз комбинаты, «Мако»АҚ.

1995-1997 жылдарға арналған программа макроэкономикалық тұрақтандыруды жүзеге асырып, халықтың жұмыспен қамтылуында үлкен рөл атқарады деп сенеміз.