Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі

Саяси реализм бағытында Р.Аронның пікірі бойынша “барлық халықаралық қатынастар соғыс кһлеңкесінде жүзеге асады”. Осылайша, халықаралық байланыс жасаған мемлекет һз позициясын ұстану үшін тек күшіне (яғни, әскеріне) сенеді.

Неореализм бағыты біршама дамыған және ол ”дамыған анархия“ жайлы. Бұл дегеніміз қазіргі заманда халықаралық зертеулер мен әр түрлі институттар арқасында мемлекет аралық келіспеушіліктер мен кһзқарастар қақтығысын біршама жеңілдетіп , оларды соғыс көлеңкесінен алып шығады. Неореалисттер ұлттық көзқарастар мен ұлттық қауіпсіздік халықаралық жүйемен һте тығыз байланысты .

Неореалисттер мен реалисттернегізгі ұлттық қауіпсіздіктің кепілі – мемлекеттің әскери-саяси күші екендігін айтады.

 Осылайша қауіпсіздік мәні әскери күшпен тығыз байланысты.

Бейбітшілікті қаласаң соғысқа дайындал” принципі атақты бағыт алып отыр.

  • Тәжірибеден мысалдар 

Н.А. Косалаповтың айтуы бойынша қауіпсіздік аспектін мемлекет ұлтының өмір сүру үшін күресі мен дамуына бәсекелес емес деп бағаламаса, яғни қауіпсіздіктің һмірлік аспектісін дұрыс қабылдамау үлкен қатерге алып келеді.

Мысалы: КСРО саясаты әскери потенциялды дамыту мен ішкі арнайы күштер құруға бағытталған. Бірақ оның құрылуына өзін-өзі әскри қорғауы емес, сыртқы жаулардың шабуылы емес, һмірлік маңызы бар реттелген жүйенің болмауы кінәлі.

Негізінен, ұлттық әрі халықаралық қауіпсіздікте негізгі орынды – мемлекет алады. Мемлекет – қауіпсіздіктің мәні мен мағынасы, егер де ұлттық қауіпсіздік бұзылса, онда ол мемлекеттің кінәсі мен қаупі болып табылады.

Қырғи қабақ соғыс жылдарында мемлекет орны маңызды позицияға ауысты, онда билік мәні күшейіп, сонымен бірге бюрократтық аппарт дамыды. Бұл көріністер әскри күштерді сапалы дамытумен қатар, ядролық қару стратегиясынан анық байқалды. Батыс пен Шығыс арасындағы қырғи қабақ соғыс жылдарында ядролық соғыс қаупі, этникалық мәселелер, яғни осы екі жақ бір-бірін толығымен күл-талқанын шығаруға кепілдік берді.

Осы жәйттар толығымен альтернативті көрініс жасауға түрткі болды.

Жаңа көзқарастарда маңызды орынды бөлінбейтін, бәріне ортақ

қауіпсіздік алды. Осылайша қауіпсіздік Батыс пен Шығысқа ортақ түсінікке айналды. Егер де Батысқа қауіп төнсе, онда Шығыс қауіпсіздігі де күмәнді болды және керісінше.

Осы позиция бойынша халықаралық қауіпсіздікке қауіп тһндіретіндер – халықаралық ұұымдар тізімінде жоқ, нормативтік актілер мен заңдарға бағынбайтын, халықаралық ынтымақтастыққа келіспейтін мемлекеттер болып табылады.

Халықаралық одақтар — бүкіл адамзат қауіпсіздігін қорғап, әмбебап құндылықтарды қорғайды.

 Либералды-идеалисттік парадигмада орталық түсінікті – бүкіл елдің қарусыздануы мен коллективтік қауіпсіздік алады.

Коллективтік қауіпсіздік- қауіпсіздік дилеммасын шешудегі бірден-бір жол, ол халықаралық институттар және БҰҰ қатысуымен жүзеге асады. Коллективтік қауіпсіздік өзінің саяси статусын Ұлттар Лигасы кезінен бастап алады. Бұл мәселе 1970-жылдан бастап өзіне зерттеушілер назарын аударды, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік стратегиясын жасайтын саяси топтар арасында үлкен атаққа ие болды.

Мысалы: БҰҰ, НАТО, ОВД, ОБСЕ және мемлекеттік емес ұйым, француз зерттеушісі Д.Бигонның айтуы бойынша қауіпсіздік маманы атанған СИПРИ де коллективтік қауіпсіздікпен жұмыс жасауда.

Сол жылдары қауіпсіздік сақшылары ортақ қауіпсіздік (common security) пен ортақ және коллективтік қорғаныс та пайда болды.

Ортақ қауіпсіздік – мемлекеттер арасындағы әр түрлі бағытта қауіпсіздікті қорғауға арналған әрекеттер жасайды.

Ортақ және коллективтік қорғаныс – Қауіпсіздік одақ мүшелерінің сыртқы агрессиядан қорғалуы.

Мысалы: НАТО, ОВД және басқалары.

1970-жылдар аяғында «барлық кһлемді қорғаныс» пайда болды және ол кһпжақты бағытта жұмыс атқарды. Саяси және дипломатиялық келіспеушіліктерді қарастырып, қақтығыс пен соқтығысты мүлдем болдырмауға ат салысты. Сонымен бірге ол әлсіз дамыған экономика, саудадағы келіспеушілік, халықтың заңсыз миграциясы, экологиялық жағдай, наркобизнес, терроризм және адам құқықтарымен айналысты.

  • “Коллективтік қорғаныс” мәні

“Коллективтік қорғаныс” мәнінде белгілі бір одақтың барлық мүшелері бір-біріне күш қолданбай, қажеті болса осы одақтың әрбір мүше-еліне барлық көмек көрсетуі керек. Теориялық іздеудің негізгі бағыттары мен саяси әрекеттер қырғи-қабақ соғыстары жылдарынан қалған әскери қарулану жарысына қарсы барлық осы әрекеттер БҰҰ-ның бүкіл көлемді

қорғаныс құруға бағытталған. Зерттеулердің көрсетуі бойынша бұл бағдарлама біршама қиын шарттарға жауап беруі керек, оны зерттей келе негізгі 5 түрлі қиындықты қарастырайық. Олар:

  • моральді
  • заңды
  • институттық
  • жүйелі
  • ситуациялық
    • Моральді — бұл жағдайда қақтығысқан екі ел арасында бір-біріне күш қолданбау және мемлекеттер арасында бейбітшіліктің бөлінбеуі, сонымен қатар ”үшінші жақтың “ қатысуы (жеке мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар) . Олар қақтығысты шешуге қатысады.
    • Заңды – БҰҰ әрекеттерін бекіту мен дамыту, тұрақтандыруға бағытталған. Өйткені БҰҰ әлемдегі бірден-бір бейбітшілікпен айналысатын ұйым болып табылады. Олар егер қауіпсіздік бұзылса, қақтығысты бастаған агрессор елді жазалайды, дағдарыстық ситуацияларды бейбіт операциялар арқылы шешеді.
    • Институттық – мұнда
  • БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қорғаныс кеңесінің өкілдігі
  • Барлық мүше-мемлекеттердің БҰҰ-ның қағидалары мен нормативтік актілерін орындауы
  • Халықаралық сот жұмыстарының дұрыстығы
  • Барлық мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік шараларын сақтауы.
    • Жүйелік – бұл шарт негізінен қолайлы орта құруға

бағытталған. Бұл қолайлы орта биполярлы жүйені құлатуғв әсерін тигізді. Бұл дегеніміз: күшті державалардың қарусыздануы немесе жартылай қарусыздануы , экономикалық байланыстардың дамуы. Осы шарт халықаралық шарттардың тұрақтылығына кепілдік беруі керек.. Тұрақтылық –

біріншіден, әмбебап құндылықтарды одақтың барлық мүше-елдеріне ортақ қауіпсіздік орнату .

 Екіншіден, одақ ішіндегі консенсус

Үшіншіден, бір елдің басқа елге арналған саясаты.

А.Д. Богатуров тұрақтылық пен қауіпсіздік мағынасын былай қалыптастырады : “Егер қауіпсіздік бір мемлекеттің немесе жүйенің негізгі жағдайы болса, тұрақтылық – шынайы жағдайдың түрін өзгертуі.”. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік — өмір үшін қауіптің болмауы, ал тұрақтылық – пайда болған қауіпті жүйе ішіндегі үйреншікті жағдай

арқылы шешу, яғни тұрақтылық – бұл бірқалыпты қозғалыс, ондағы орталық сызықты — өмірге төндіретін қауіп жоқ. Осы жүйемен қауіпсіздік жүзеге асады.

5) Ситуациялық — мұнда агрессор қарастырылады. Агрессорды жазалауда халықаралық ұйымның мүше-мемлекеттердің дайындығы, ол елдердің ортақ пайдаға арналған әрекеттері, әскери күшіні ң болуы .

   Осылайша БҰҰ-да ең қиын орындалатын шарттар жүйелік және ситуациялық. Бірақ басқа шарттар орындалу үшін де

күрделі мәселелер шешіледі. Сонымен бірге БҰҰ-ның заңдарының  орындалуы қазіргі заманға халықаралық қатынастарда үлкен қиындықтармен жүзеге асуда.

Коллективтік қауіпсіздік одақтың бір түрі болып табылады. Осы жерде әрбір одаққа тән проблема туады. Бұл әрбір мүше-елдің міндеті орвндалу не орындалмауы. Коллективтік қауіпсіздіктің толық жұмысы мемлекеттердің бөлік- бөліктеніп, қарусызданунан іске асады.

 Осы орайда ”барлығы қозғалыста, бірақ соңғы мақсат ешқайда алып бармайды“ формуласы жүреді. Бірақ бұл жолмен жүрмеу ешқандай жақсылық әкелмейді, өйткені бүкіл әлемдік қауіпсіздікке бағытталған әрекет халықаралық жағдай мен ситуацияларды жеңілдетеді. Бірақ бұл концепцияның кемшіліктері де бар. Олар біріншіден — ол әскери қару аспекті, ядролық қарсы тұрулар қақтығыс кезінде бүкіл адамзат өркениетін  жойып жіберу қаупі бар. Бірақ экономикалық, экологиялық, технологиялық және ақпараттық концепциясы да өте қауіптілер қатарына жатады. Екіншіден – трансұлттық акторлардың қақтығыста алатын орны болып табылады.

Аталған концепциялар 1898-жылы жарық көрген Дж. Наймен мен Р. Кохеннің еңбектерінде жарық көрген. Олар күш теориясы мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы баланс экономикалық және экологиялық байланыстағы анализ жасауға теріс әсер етеді. Қауіпсіздіктің дәстүрлі мәні мемлекет үшін қағидалық сұрақ емес. ”зерттей келе олар әлемдік қауіпсіздіктің дәстүрлі түрі мен экономикалық және экологиялық саясат арасындағы айырмашылық — нольдік сомма“ (Бір ел екінші ел қанша жоғалтса, сонша пайда табады) ойынымен , нольдік емес сомма (Екі ел бірдей көлемде шығындалып, немесе бірдей көлемде пайда табады.) ойыны болып табылады.

Экономикалық және экологиялық байланыстар мемлекеттер арасында бәсекелестікті туғызады, кейбір одақтағы мүше-мемлекеттер мұндай қатынас жасау арқылы үлкен пайда көруді де жоспарлайды.

Қырғи-қабақ соғыс жылдарында барлық парадигмалар және халықаралық саяси ғылымдар негізінен сыртқы қауіптерге қарсы бағытталды. Барлық ғылым, аналитик және эксперттердің көңілі қауіпті зерттеуге ауды. Бейбітшілік жағдайы – тұрақтылық жемісі болып қарастырылды, ол қауіпсіздіктің объекті ретінде – елдер

арасындағы келісімшарттар арқылы қарастырылды. Ол мемлекеттер арасында әскери күштің сапалық және сандық теңелуіне бағытталды. Маңызды орынды бақылау техникасы мен дамыту стратегиясы алды (әскери бақылауға арналған спутниктер, сезімтал сейсмографтар, көпжақты инспекциялар және тағы басқалар) және қауіпсіздіктегі сенімдер (БҰҰ, ОБСЕ және басқа ұйымдар өңдеумен жүзеге асады). Қазір мемлекеттің өмір сүруі осы елдің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарының жалғасына кепіл болады (ол дәсттүрлі, әскери стратегиялық және тағы басқалар ) . Бірақ жаһандану бұл аспектілердің маңызын біршама әлсіретті және оларды толығымен жоққа шығарды деп айтуға болмайды.

Қазіргі уақытпен тексерілген стратегияларды ысырып тастауға болмайды, Мысалы: С.Уолт 1980-жылы “қауіп балансы мен” шықты, бұл теория күш теориясын дамытуға бағытталған болатын. Күш дисбалансы бір жүйе ішіндегі белгілі бір мемлекет немесе коалиция күші басқа мемлекеттер немесе коалициялардан айтарлықтай асып түссе айқын көрінеді. Жауап ретінде мемлекеттер бір-біріне одақтасып, күш біріктіре бастайды, осылайша олар күшейген мемлекет немесе коалиция мен күш біріктіруге, теңестіруге тырысады. Басқаша айтқанда олар ең алдымен күш теңестіруге кіріседі (әскери, экономикалық, экологиялық, стратегиялық, ақпараттық және тағы басқалар ). Ал қауіпсіздік балансының бағыты (яғни егер бір мемлекет немесе коалиция өте қауіпті болып жатса) – ситуациялық болып табылады, Мысалы: Орта шығыс мемлекеттері Әлемдік одаққа өз көршілерінен қорғану үшін кіреді, өйткені олардың көршілері әлемдік немесе жаөандық мәселелерден де маңызды болады, оның жауабы көршілері географиялық жақын болғандықтан шабуыл немесе қақтығысқа қолайлы болады. Сонымен қатар қауіпсіздік баланс теориясы бойынша мемлекеттер одақ құрған күштері өздерімен тең елдерді таңдайды. Осылайша мемлекеттер өздері үшін қауіпсіздігі немесе қаупі төмен, зияны жоқ одақ құрады.

С. Уолт өз теорисында КСРО-ны мысалға келтіреді —

Біріншіден, КСРО Евразия континентінде күшті ел болғандықтаншекаралас жатқан елдерге ол үлкен қауіп болады.

Екіншіден, КСРО-ның Кеңестік Әскери Доктринасы

Үшіншіден, Сталин мен Хрущевтің Батысты қорқыту әрекеттері (танымал) басқаларымен агрессия ретінде қабылданып, қауіп төндіруге әрекет ретінде қабылданды. Нәтижесінде Батыс КСРО-ға жасаған саясат (құлатуға бағытталған) табылады.

Келесі мысал: НАТО-ның географиялық аймағын үлкейтіп, оның Ресей Федерациясы шекарасына келіп тірелуі. Бұл ситуация қауіпсіздік балансына қарсы келетін мойындамауға болмайды (НАТО-ның Косовадағы операциялары). Сонымен бірге ол агрессивті, өйткені бұл операцияларды бейбіт деп айту өте қиын.

1999-жылы НАТО мерейтойлық саммитке жиналғанда Вашингтонда өзіне арнап стратегия қабылдады. Бұл стратегия бойынша НАТО өзін-өзі ”гуменитарлық араласуға“ беттеді. Бұл әрекет БҰҰ-ның келісімінсіз де жүзеге асырылады деп шешті. НАТО-ның бұл әрекеті әлемдік аренада қарсылық пен келіспеушілік тудыруда.

Әрине, реалисттік парадигма жағдайы өзгерген шындықты көрсетті. Халықаралық қатынастарды реализм идеялары қазіргі заманға сай болып жасалуы керек. Бірақ бұл дегеніміз жылдар бойы дамытылған жағдайлар керексіз болуы керек деген мағынада емес. Өйткені либералды парадигма, коллективтік қауіпсіздік концепциясы және де басқа жағдайлар міндетті түрде қолданылуы керек. Олар қазіргі заманға арналып өңделген, мұқият талдаудан өткен болуы тиіс. Орыс ғалымдары осы коллективтік қорғаныс концепциясын зерттеп, өз пікірлерін де қосты. 

ІІ-Бөлім

Негізгі бөлім. 

Бір-біріне тәуелді болу процестері сыртқы саясат пен ішкі саясат, мемлекет пен шет ел, үкімет пен қоғам мүддесі арасындағы шекараны бұзады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты бір-бірімен тығыз байланысты болады, осылайша қауіпсіздік мәселесі алдыңғы жоспарда болады. Қазіргі жаһандану заманында қауіп-қатер әрбір қадамнан туу мүмкін, сол себепті соңғы жылдары қауіпсіздік сұрағы өткір мәселе болып тұр.

1999-жылы қараша айында Стамбулда қабылданған ”Европалық қауіпсіздік Хартиясында “ айтылғандай “Біздің қауіпсіздігімізге анық әрі шын қатерді қақтығыстар әкеләді, бұл қақтығыстар мемлекет аралық немесе мемлекетішілік болуы әбден мүмкін ”.

Қазіргі заманда ұлттық мүдделермен санасу үлкен қиындыққа айналады. Халықаралық қатынастарды зерттеуде дәстүрлі әдістерді қолдану мемлекет, оның ішіндегі халық үшін сенімсіз саясатқа айналуда. Осы мәселені шешу үшін құрылған әлемдік институттар (БҰҰ, ОБСЕ, НАТО) қазіргі заманға шындықпен күресуге өз күштерінің жетпейтінін мойындады.

Мысалы: НАТО негізінен КСРО-ны құлату үшін құрылған, 1991-жылы КСРО өз өмірін тоқтатқан соң НАТО өзінің құрылған негізгі мақсатын жоғалтып алды, ал қазіргі НАТО стратегиясы тұманды, әрі түсініксіз.

Ал, БҰҰ негізінен ІІІ-Дүниежүзілік соғысты болдырмау үшін құрылғанымен, қазіргі таңда бұл әлемдік соғыс немесе мемлекет аралық үлкен соғыс болу қаупі жоқ, бірақ осы соғысқа алып баратын қақтығыстардың бірқатар тізімі мен тізбегі бар. БҰҰ-ның қазіргі мақсаты осы тізбектердішешу болып табылады.

Жаһандық экологиялық проблемалар

 Соңғы жылдары астрологтардың жақындап келе жатқан ”ақыр заман“ туралы қаһарлы жорамалдарымен бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары толып жатыр. Апокалипсис мәселеріне қызығушылық туындады. Бұл үрей негізсіз емес, өйткені қырғи-қабақ соғыстары жылдарында бүкіл әлем атом ядросының қатерінен күл-талқанға айналу қаупі болды. Бұл қауіп қырғи-қабақ соғысы аяқталған соң, екінші жоспарға айналды.Бірақ алдыңғы қатарға жаһандық масштабтағы экологиялық зілзала шықты. Адамзат бұл қауіптің қаншалықты салмақты екенін түсіне бастады, өйткені қоғам мен табиғат әрқашанда бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғаттан бөлініп шыққан қоғам негізінен, бір материалдық әлем бөлігі екенін және адам құрған өркениет, материалдық және рухани мәдениет бұл — “екінші табиғат” екенін түсіну.

ХХ-ғасыр басында адамның табиғатты игеруші ретінде теріс пікір қалыптасты. 1930-жылдары И.В.Мичурин ”Біз табиғаттан қайыр күте алмаймыз, біздің өмірдегі негізгі міндетіміз – табиғаттан күшппен алу “ деп шақырды. Бүгін бұл насихат қандай нәтижеге әкелгенін өзіміз де көріп отырмыз.Табиғаттан қаншалықты нәрсе алып болғанымыз соншалықты, біз енді одан қайыр күте де алмаймыз.

Адам өмір сүріп отырған ортаның өте қауіпті, әрі улы заттармен ластануы кейіннен табиғи ресурстар мен басқа да факторлардың жәймендеп сарқылуы бүкіл әлемдік экологиялық дағдарысқа әкеліп соқты, сөйтіп адамның қалыпты өмір сүруіне зор қауіп төндірді. Маңызды бір жәйт – адам табиғат құрамына енеді және сонымен қатар оған қарсы тұрады. Табиғи орта, географиялық және климаттық жағдай қоғамға айтарлықтай әсерін тигізетіндігін ғалымдар ертеден ұққан. Бұл қолайлы ортада (су, ауа, топырақ) қоғам қоныстануы тезірек болатындығын дәлелдеген.

Жаһандық проблемалар бүкіл адамзат үшін өзекті мәселе және өмір сүретін әрбір адамға қатысты. Бұл проблемаларға:

Соғыс пен бейбітшілік, демография, азық-түлік пен шикізат, энергетикалық және экологиялық жатады. Академик В.И. Вернадский пікірінше – қазіргі адамзат “өте күшті геологиялық қуатқа айналды”. Ол табиғат әлеміне зор қысым көрсетіп, сол себепті табиғат қоғамдық өндірістің өсуін тоқтатып, адамның өзіне кері әсерін тигізуде. Жер сілкіну уақыт мерзімі әлеуметтік қақтығыстардың уақытымен сайма-сай келуе, жалпы ұлттық орын ауыстырулар, саңырауқұлақ-өлтірушілердің көп көлемде пайда болуы – бұл табиғаттың ең алғашқы қарсы шығуы болып табылады. Жиі-жиі планета масштабындағы қақтығыстар да бас көтеруде.

Барлық әлемде болып жатырған жаһандық рпоблемалардың бір-бірімен байланыс заңдылығы анық байқалады. Қазір әлемде 6 млрд-тан астам халық бар, ал 2030-жылы бұл көрсеткіш 10 млрд-қа жетеді. Осы тез қарқынды өсіп жатырған халық санын азық-түлікпен қамтамасыз ету қауіп үлкен мәселеге айналды, ал үнемі азық жетпейтін елдер қатарына қазір бүкіл халықтың 2/3 бөлігі жатады, яғни бүкіл әлемде 2 млрд адам аштықта күн көруде. Жиі қоныстанған жерлердегі құнарлы топырақ интенсивті түрде игеріліп, жыл сайын олардың көлемі 2 % -ке азаюда (6-7 млн га ) . Сонымен қатар осы темппен жер бетіндегі сарқылатын табиғат ресурстары да жоғалуда. 2500-жылы адамзат жер бетіндегі барлық пайдалы қазбаларды таауысады деген жорамал бар.

Қазіргі таңда экологиялық проблема ядролық қауіппен бірдей дәрежеге жетті, айырмашылығы – ядролық қару бір мезетте жойса, экология ұзақ уақыттар бойы іске асады.

Көптеген ғалымдар экологиялық зілзала апатын алдын-алу уақыты тым өтіп кетті, енді ол , яғни экологиялық зілзала өзінің болатын мерзімін күтуде деп айтуға болады.

Экологиялық дағдарысқа мына жағдайлар жатады:

  • Негізгі табиғи ресурстардың жеткіліксіздігі
  • Табиғи және биологиялық катаклизмалар
  • Планетадағы адам өміріне және тірі организмге табиғат ластануының кері әсері
  • Экономикалық және экологиялық, әлеуметтік қақтығыстардың жаңа және ауыр түрлері

Жер атмосферасының ластануы кең етек алып жайылып бара жатыр. Атмосфераға: (жыл сайын)

  • 250 млн тонна шаң-тозаң
  • 70 млн куб метр газ
  • 145 млн тонна күкірт тотығы
  • 1 млн тонна қорғасын қасылыстары
  • 10 млн тонна фтор қосылыстары
  • 32 млн тонна хлор қосылыстары

Осы заттар “бу әсерін” туғызады, ол озон қабатын жұқартып, сонан соң оның тесілуіне әкеледі. Сонымен қатар осы заттар гидросфераға түседі (яғни, мұхиттар, теңіздер, өзендер және жер асты сулары ) . Әлемдік мұхиттар жыл сайын 100 млн тоннадан астам мұнай және мұнай өнімдерімен ластанады.

”Шагрен терісі“ секілді жер шарының жасыл жамылғысы азаюда, бұл оттегінің көзі болып табылады.

Латын Америкасында 40%,

Африкада 50%

Үндістанда 60%

Орман мен тоғай көздері жойылған. Жиі-жиі болып жатқан экологиялық апат салдарынан биосфера құрамы бұзылған.

Ресми деректерге бойынша жыл сайын 30 млн тоннадан астам улы заттар атмосфераны ластайды

27 млн тоннадан астам қатты қоқыс қалаларда жиналуда. Осы сиақты мысалдар көп .

 Ядролық қауіп-қатерлер

 Ядролық қару қазіргі заманғы ең күшті қырып-жою құралы болып табылады. Ал енді бұл қарудың шығу тегіне келер болсақ 1894-жылы Ұлыбританияның премьер министрі болған Роберт Сесил Британ Ғылым Ассоциациясының алдына “атом” мәнін ашу тапсырмасын берді.

Негізінен ХІХ бен ХХ ғасырларда атом теориясымен европалық ғалымдар айналысқан.

  • Ағылшын ғалымы Томсон алғаш рет ”атом“ моделін ұсынды.
  • Француздық Беккерель 1896-жылы радиоактивтілікті ашты.
  • Француздық Пьер және Мария Кюри 1898-жылы радий элементін ашты
  • Ағылшындық Эрнст Резерфорд 1902-жылы атом ядросын ашты
  • Дж. Чедвик 1932-жылы элементар бөлшек – нейтронды ашты
  • 1945-жылы 16-шілдеде АҚШ алғаш рет ядролық жарылысты іске асырды. Онда 2 атом бомбасы (әрқайсысы 20 кило тонна) Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды.(Хиросимада 140 мың адам, Нагасакида 75 мың адам құрбан болды.) Бұл қадам КСРО-ға өз күшін көрсету мақсатында болды.

Бұл оқиғадан кейін КСРО-да бір топ ғалымдар академик В.Курчатовтың бастауымен атом бомбасының құрылысымен айналысып кетті, осылайша 1947-жылы КСРО өз елінде атом бомбасы бар екенін жариялады. Мұны естіген АҚШ ядролық қару саласында монополияны жоғалтқанын біліп, 1952-жылы 1-қарашада ең алғаш рет термоядролық бомба (қуаты 3 мега тонна) жарылды. КСРО-да қалыспай 1953-жылы 12-тамызда термоядролық қаруды сынады. Қазіргі таңда ядролық қару құпиясын Ресей мен АҚШ-тан басқа, Франция , Германия, Италия, Ұлыбритания, Қытай, Пакистан және үндістан біледі.

1963-жылы АҚШ-тың Невада штатында нейтрон заряд бомбасының ең алғашқы түрі сыналды. Оны Самюэль Коэн ашты. Бұл атом қарулары ішіндегі ең кішкентайы болып табылатын. Қару күші жарылыста емес, радиация мөлшерінде.

1986-жылы болған Чернобыль атом злектр станциясындағы болған жарылыс КСРО-ны дүр сілкіндірді. Ал, АҚШ-та 1979-жылы Пенсильвания штатындағы “Тримайл Айленд” АЭС-те өте ірі апат болған, бірақ ол туралы мәлімет құпия түрде ұсталып, тек 1986-жылы Чернобыль апатынан кейін ғана жария болды.

Осы екі ірі апатта да қоршаған ортаға шамамен 50 млн Кюри радиоактивті радионуклид таралған.

Ал қазіргі замандағы ядролық қару-жарақ күші таң қалдырарлықтай дамып-жетілген. Қазір лазерлік қарулар да бар.

Ядролық қару адамзатқа төнген алып қатер болып саналады. Қазір бүкіл әлемде жиналған ядролық қару мөлшерімен және осы қаруды қолданып соғысқа шығуды айту өте қорқынышты. Өйткені бұл жағдайда бүкіл әлем жойылып кету қаупі бар.

Сонымен бірге АЭС-терде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек, ондағы қате жасалған бір қадам үлкен жарылысқа әкелуі мүмкін. Бұл, сіздер білнсіздер, адамзат үшін өте ірі қауіп болып саналады.

 Терроризм туралы

Терроризм — бұл соңғы уақытта өте күшті қару немесе құрал болып саналады. Оны тек билікке қарсы қолданбайды, керісінше, жиі-жиі билік өз мақсаттарын іске асыру үшін қолданатын қару. Қазір терроризм — ”халықаралық“ сипатқа ие және оның әрекеттері әлемдік масштабта іске асуда.

Терроризм – көбінесе елде күшті дағдарыс болып жатқанда пайда болып, әрекеттерін жүзеге асырады. Өйткені дағдарыс кезінде идеология мен мемлекеттік-құқықтық жүйе жоққа шығарылып, әртүрлі оппозициялық топтар пайда болады(саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни ж.т.б. )

Қазір террордың ең әсерлі түрі – бейбіт, қорғаусыз, қарапайым халыққа қарсы әрекет көрсету. (мысалы: перзентханалар мен ауруханаларды жару) Бұл әрекет кезінде халықты міндетті түрде үлкен апатқа ұшырату керек.

Мысалы: АҚШ-та болған Сауда орталығындағы жарылыс, Бесланда мектепте болған террорлық әрекет,

Лондон және Мәскеудегі метроларда болған жарылыстар,

Буденовск, Первомай, Кизлярда болған террорлық акттер.

Террорды іске асыруда көбінесе әлі ой-санасы мен моральдік ұстанымдары толық жетілмеген жас ұл-қыздар тартылады. Бұл негізінен діни секталар арқылы жүзеге асады.

Мысалы: Аль-Кайда, Аум-Синрике, Сендора муминоса, Талибан, хезболлаһ, Таммил Ислам ж.т.б.

Терроризмнің ең басты қаржы көздері – наркобизнес, рэкет және жезөкшелікті бақылау, заңсыз қару-жарақ сату, контрабандамен айналысу, ойынхана бизнесін бақылау.

Терроризм өз бастауын қырғи-қабақ соғыстары жылдарынана бастау алды. Сол жылдары ең ірі екі держава бір-біріне күшін жариялап жатқанда әлемдегі басқа құбылыстар бақылаудан қалды. Қазір әлемдегі №1 террорист атанған Усама бен Ладен бұрын АҚШ-тың одақтасы болған. АҚШ Ауғаныстан арқылы КСРО-ға қарсы әрекет жасап, сол кездері Ауғаныстанды сапалы, әрі көлемді қару-жарақпен қамтамсыз етті. Осы қару-жарақпен 1979-1989 жылдар аралығында КСРО мен Ауғаныстан бір-бірімен соғысты. Осылайша АҚШ өз қолынан террористі тамақтандырып, 2001-жылы Нью-Йорктегі Манхеттенда болған жарылысты қолдан жасады деп айтса болады.

Қазіргі әлемде терроризмге қарсы тұратын бірегей жүйе жоқ. Сонымен бірге белгілі халықаралық ұйымдар мен терроризмге қарсы құрылған комитет те қастандық отының қай жерде болатынын дәл айта алмайды, өйткені террористтердің түпкі мақсаты түсініксіз және олар кез-келген уақытта ойлағандарын іске асыра алмайды.