Сөз таптарының басқа түрлеріне қарағанда етістік жайлы М.Қашқаридың «Диванында» толық айтылады. Осы етістіктің қай категориясы болмасын «Диван» тілінде тек қана көрініс тауып қана қоймай, арнайы түсіндірілген. Сөз болып отырған «Диван» тіліндегі етістік категорияларының ішінде шақ тұлғалары «Диван» тілінде біршама көп вариантты болып табылады. Шақ тұлғаларының мән-мағынасы мен қолданылуы әркелкі болады.
Кәзіргі түркі тілдерінің бәрі қазақ тілінде қолданылатын шақ тұлғаларының грамматикалық мән тұрғысынан да, морфологиялық жағынан да, фонетикалық сипаты жағынан да белгілі дәрежеде «Диван» тіліндегі сондағы тұлғалармен байланысты. Сонымен бірге Махмуд Қашқаридың жеке тұлғалардың қолданылу ерекшелігі мен мән мағыналарын түсіндіруі сол тұлғалардың кәзіргі қазақ тіліндегі ұзақ уақыт бойы ұшыраған өзгерістердің белгілі дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді.
«Диван» тілінде ашық райдың өткен шағы етістікке –ды/ —ді,-ты/- ті,-дук/-дүк,-мыш/-міш қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады,-ды қосымшасы қазіргі қазақ тіліндегідей жедел өткен шақтық мән береді. Бұл тұлғаны М.Қашқаридың өзі былай түсіндіреді: «өткен шақ тұлғасы барлық етістіктерден –ды қосымшасы қосылу арқылы жасалады және бұл қағида ешқашан өзгермейді». Мысалы: Ол аны уруб қамтурды— -Ол оны ұрып құлатты. Сөйлемді жақсарту үшін соңғы дыбысы қатаң әріптерге аяқталған негіздерден жасалған өткен шақ етістігінің қосымшасы –ды-ты-ты-ға ауыстырып қолданған дұрыс –дейді М.Қашқари. Алайда М.Қашқаридың «Диванында» қатаң дыбысқа аяқталған түбірге де –ды түрінде жалғану кездеседі. Мысалы: Ерет бічді- ер кісі ет кесті. Құл тәңріге тапды— құл тәңріге табынды.
Бұл мәліметтерге қарағанда Ú-Úιιι ғасыр тілдерінің кейбір ерекшеліктерінің әлі жайылмағандығын және дауыссыздар үндестігінің әлі толық қалыптаспағандығын байқауға болады. Дегенмен, Қашқари т қатаң дауыссызына аяқталып, -ды қосымшасының басқы дыбысы соның әсерінен т- ға айналуына арнап мысал келтіреді. Тюркологияда жедел өткен шақ тұлғасы ең әуелі д дыбысынан емес, қатаң т дыбысынан басталғандығы жайлы айтылған. Бұл әсіресе Орхон-Енисей жазбаларында –ты вариантының көп қолданылуына негізделген. I,II жақ жедел өткен шақ құрамындағы –ы дыбысының протезалық қызметімен қоса «Диванда» оның әртүрлі дауыстыларға ауысып айтылуы кездеседі. Бұл жайында Қашқари түсініктемесінде: «Түріктер –д әрпін кәсра қылып бардым» дейді. Бұл қағидаға дұрыс келеді. Ал оғыздар мен кейбір басқа тайпалар –ды-ны фатха қылып «бардам» дейді арғулар мұны дамма қылып «бардум,келдүм» деп айтады. Бұл қағидадан алшақ.Бірақ тайпалар арасындағы айырмашылық осындай,»-дейді.Қашқаридің бұл пікірі зерттеулерде фактілік дәлел тапты. Алтайст Рамстедт алтай тіліндегі бір кезде 111 жақты білдірген жіктеу есімдігі ретінде қарайды. Осы есімдіктің ісі қазіргі Шанчжур тілінде де сақталған.-ды аффиксі езулік дауыстыларды бар буыннан кейін жалғанады. Ал құрамында у,ү дыбыстары бар жедел өткен шақ қосымшасы еріндік дауыстылардан кейін айтылады. Бұл тек I-II жақтарға ғана қатысты. Яғни, ерін дауыстылардың айтылуы жақ қосымшаларының ерекшелігіне де байланысты болу керек. Себебі III жақ қосымшасы қандай дауыстыдан соң болсада езулікпен айтылады. III жақ қосымшасының тек қана езулік дауысты мен келуі, Қашқаридің өз пірінде, Рамстедт толықтырмасын дәлелдейді.
Жедел өткен шақтың көпше I жағы «Диван» тілінде –мыз қосымшасы арқылы берілген. Бұл аффикс қазіргі өзбек тілінің Ташкент диалектісінде де сақталған. Ал қазіргі қазақ тілінде жедел өткен шақ формасы I жақ көпше түрінде –қ,-к аффиксі арқылы жасалады.
Тюркологияда I жақ функциясын атқаратын –қ,-к аффиксінің шығу тегі туралы әр түрлі пікірлер бар. Мелиоранскийдің ойынша бұл қосымша –мыз, —міз қосымшаларынан кейін шыққан. Ол Орхон жазбаларында, якут тілінде –қ,-к аффиксінің көптік мағынада жұмсалмай, оның орнына –мыз,-міз, якут тілінде –быт, -біт, -бұт,-бүт формаларының қолданылатынын айтады. Ал Конанов бұған керісінше –мыз I жақ көптік жалғауы кейін пайда болғандығын айтады. Кононовтың ойынша: «что касается покозателя Iл.мн. числа –қ, -к, то она могла возникнуть только до образования форм I и IIл.ед. числа, т.е. до образования «индивидуально-личного» спряжения и закрепилась за первым лицом ми.Числа как противопоставления форме типа йаз-ды». «Диван» тілінде, одан бұрынғы ескерткіштер тілінде де I жақ көптік қосымшасы ретінде –қ аффиксінің көздеспейтіндігі, Мелиоранский пікірінің дәлелді екенін көрсетеді. Қашқари: Оғыздар тілінде I және IIIжақ етістіктердің соңындағы –м,-н орнына -қ немесе -к алмастырып бардуқ, келдүк түрінде қолданылатындығын айтады. Ол екінші бір түсіндіруінде оғыздар тілінде –қ,-к қосымшасы тек Iжақта ғана жекеше және көптік мәнінде жұмсалады. Көпшілік оғыздар Iжақ өткен шақ тұлғасында бардым етістігінің соңындағы –м орнына жекеше де, көпше де –қ немесе –к әрпін қолданады. Өткен шақтың басқа тұлғаларында түріктер тәрізді айтады. Барды орнына бардуқ, келді орнына келдүк деп бұзбайды.
Бұл түсініктемеге қарағанда Қашқаридың, өткен шақ формасының жақ жалғаулары бойынша түрленуі мына тәрізді болу керек:
Түріктер тілінде
Жекеше-көпше
Мен бардым- біз бардымыз
Сен бардың-сіз бардыңыз
Ол барды-олар бардылар.
Оғыздар-тілінде
Мен бардуқ-біз бардуқ
Сен бардың-сіздер бардыңыз
Ол бардуқ-олар бардуқ
Мен бардуқ-біз бардуқ
Сен бардың-сіз бардыңыз
Ол барды-олар бардылар.
Бұл айтылғандарды назарға алып қарасақ, мынадай қорытынды шығады: қазіргі тілімізде I жақта қолданылатын көптік –қ, -к формуласы –руқ, -дүк қосымшасының қалдығы. Бұл тұлға алғаш –дуқ аффиксінің құрамында үш жаққа да жекеше, көпше түрінде бірдей қолданылса, кейін бастапқы мағынасында I және III жақта сақталып, II жақта –дық,—дуғ формасында өзгеріп қолданылған. Келе-келе III жақтағы –руқ құрамындағы –қ,—к формасы да редукцияға ұшырап, тек I жақ көпше түрінде сақталған.
Жедел өткен шақтың II жақтағы жекеше және көпше түрінде қолданылуы:
Бардың нелек аймадың бардың неге айтпадың ,
Кірү көріп қоймадың артыңдағыларға қайрыл—
Көңүл беру йаймадың мадың, көңліңді білдірмедің
Болдуң ерінч болмағу енді келіссіз жағдайда қалдың
Қанча бардың ай оғул— неге кеттің ей бала. Чын айдың— рас айттың. Тапындың— қызмет еттің. Бу сен ышығ қолы қылдың- сен бұл істі қалай істедің. Не оғурда келдің— қашан келдің.
XI ғасырда өткен шақ мәнін білдіретін –руқ қосымшасы алғысында үш жақта бірдей жекеше, көпше түрленбей қолданылса, оның одан әрі қолданылу аясы тарылып, кейбір диалектілерде –руғ түрінде жұмсалған кейбір тайпалар тілінде –руқ формасы, I,III жақ көптікте түрік тайпасы тіліндегі –м,–н аффиксіне параллель қолданылған.
—дық қосымшасы қазақ және бірқатар түркі тілдерінде, I жақ көптік функциясында сақталған. Осыған керісінше –руқ қосымшасының құрамындағы –қ,—к формантының фонетикалық варианты болып табылатын –ғ,—г қосымшасы кәзіргі түркі тілдерінің бірқатарында жекеше екінші жақта кездеседі. Қазіргі татар тілінде, өзбек, түркмен, азербайжан тілдерінің кейбір диалекрілерінде өткен шақ формасы жекеше II жақта –дығ,—діг түрінде қолданылады.
Сөз соңындағы ғ,г бірде түсіп қалуы, бірде дифтонгқа айналуы түркі тілдерінде кездеседі. М: сарығ-сары, тағ-тау. Кейде сөз соңындағы ғ,г қатаң дыбысқа айналуы мүмкін. М: бағ-бақ, ұлығ-ұлық, кішіг-кішік. Бұлар түркі тілдерінің тарихи дамуында заңды болып табылатын құбылыс.
«Диванда» ашық райдың жедел өткен шағының II жақ көпше түрде жіктелуі оған –ыңыз қосымшасының жалғануы арқылы жасалады: бардыңыз.
Ашық райдың жедел өткен шағының жекеше III жақта арнаулы қосымшасы жоқ, нольдік формада қолданылады. Бұнда Қашқаридың –ы өзгелік қосымшасы түсініктемесін қарау керек: ол мені корүб қоп қылды-ол мені көріп қуанды. Оқ башақы ташқа тегіб тағылды-оқты басы тасқа тиіп мұқалды.
«Диванда» III жақ жедел өткен шақтың көпше түрі –ы қосымшасынан соң –лар көптік жалғауы жалғану арқылы жасалған. Жедел өткен шақтың көпше III жағына –лар жалғауы қазіргі өзбек, татар тілдерінде кездеседі. Сонымен бірге «Диванда» басқа да фактілер кездеседі. Мысалы:
Қақлар қамұғ көлерді
Тағлар башы ілерді
Ажун таны йыларды.
Түні чечек йеркешүк-жер беті суға толды, таулардың басыда көрінді, қардан тазаланды. Қашқари бұл мысалды жедел өткен шақ тұлғасындағы етістіктер есімдерден жасалған туынды тұлға болу керек, деп түсіндіреді. Құрамында –р дыбысы бар етістіктерді мысалға келтіреді. Қашқаридың түсіндіруінше, тон қызарды етістігінің негізі қызыл ерді, —л дыбысы мен –е дыбысы түсіп қалғандықтан, негізгі етістік болып қалған. «Тон қарарды» сөйлеміндегі етістіктің құрамы «қара ердің» болып, «қара» сөзінен жасалған.
Осыған байланысты ескеретін жай көбейді, азайды, қарайды сияқты туынды етістіктердің соңындағы «еді» көмекші етістігінен қысқарып, өткен шақтық мағынада қолданылған –ды формасы мен «барды» түбір етістігінің соңындағы –ды –ның шығу тегі бір емес. «Барды» түбір етістігінің құрамындағы –ды жедел өткен шақ формасының шығу тегі, жоғарыда айтылғандай, —руқ қосымшасымен байланысты болса, көбейді, қарайды, зерек-ті, барған-ды тәрізді сөздер құрамындағы –ды формасының шығу тегі «еді» көмекші етістігімен байланысты болуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар «Диванда» мынадай фактілер бар: көмілді нең-көмілген нәрсе, сүзінді суу-сүзілген су, тазартылған су, қутанды нең-құттанған нәрсе. Бұл мысалдардағы –ыңды қосымшасы құрамды болып келеді. Бұл аффикстің алдыңғы компоненті –ы өздік етіс қосымшасы. Ал –ды элементі жедел өткен шақ тұлғасы деп қарауға болады. Оның себептері: ең алдымен, жедел өткен шақ тұлғасы –ынды құрамындағы –ды элементімен грамматикалық мән беру ыңғайында біріңғай, яғни бірдей. Екінші жағынан, жедел өткен шақ тұлғасы болатын –ды аффиксті субстантивтенуі, сонымен қатар, есімше мәніне ие болуы ортағасырлық жазбалар тілінде кездесіп отыратын құбылыс. Нақ осы тұлғада қалыптасып кеткен сөздер қазақ тіліндеде бар. Үйінді, жуынды, түйінді, сарқынды, қорытынды, қиынды, асыранды, ағынды, көбейтінді, ертінді, кесінді сөздері нақ осы тұлғадағы сөздер. Қазақ тіліндегі мұндай тұлғалы сөздер-заттанған, зат есім мәніне ие болған сөздер.
Көзүнді нең-нәрсе, зат көрінді. Қашқаридың түсіндіруінде бұл арғулар сөзі, «көз» сөзінен шыққан. Бірақ арғулар бұйрық формасында –р дыбысын айтады, ал өткен шақ түрінде соңғы –р орнына –з дыбысы айтылады. Мысалы: ол мені көрді, көзүнүр, көзүнмек. Бұдан көз, көр сөздеріндегі кө-тубір де, -з,-р қосымшалар екенін байқауға болады. Н.К.Дмитриев болымсыздықты білдіретін –ма аффиксінен соң жалғанатын келер шақ есімше –с-ның шығу тегін өте ертедегі –р-ға байланыстырады. Осы пікірді Насилов та қолдайды. Мелиоранский бұл жайында 1894 жылы шыққан еңбегінде айтты.
«Диванда» өткен шақ мәнін беретін екінші бір қосымша –дуқ,-дүк. М.Қашқари еңбегінде бұл тұлғаны былай түсіндіреді: «Оғыздар және қыпшақтардың бір тобы сувориндер… жуан, әрі қатаң айтылатын сөздерге –дуқ жалғайды. Булар көптікке, жекелікке қарай ажыратылмайды. Сондықтан…йа қурдуқ- ол садақ жасады деп айтады. Мен садақ жасадым деу үшін де йа қурдуқ тұлғасын қолданады»… Оланы урдуқ- ол оны ұрды.
—дуқ тұлғасының өткен шақтық басқа формалардан басты ерекшелігі –оның жақ қосымшаларын қабылдамайтындығы, жақ, сан бойынша өзгермейтіндігі. Жекеше де, көпше де, сол сияқты бірінші, үшінші жақта да бір сипатта –дуқ,-дүк турінде айтылып, қолданылады. Мысалы: отағқа өпкелеп сүге сөзлемедүк. —Ол шатырдағыларға өкпелеп, әскермен сөйлеспеді. Қазаш теміш қаймадуқ, қазын теміш қаймыш. –Туған туысқанға қайырымдылық жасамады, қайын жұрт дегенде қайырымдылық жасады. Мен йа қурдуқ-мен садақ жасадым. Мен аңар тавар бердүк-мен оған тауар бердім. Бұл мысалдарда өткен шақтың –дуқ тұлғасы жіктеу есімдіктерімен қосарланып келгенде ғана қай жақта, жекеше не көпше мәнінде қолданылған.
Қашқари –ды және –дуқ тұлғаларын бір мәнде қолданылатын тұлғалар деп түсіндірді. Осы –ды тұлғасын Қашқари яғма, тухси, чығыл, арғу, ұйғыр тілдеріне тән екендігін айтады.
Өткен шақты білдіретін –ды тұлғасының әртүрлі фонетикалық варианттарының 47 түркі тілінде қолданылатынын М.Ф.Катанов көрсетеді.
«Диванда» өткен шақ мәнін беретін қосымшаның бірі –мыш. Бұл тұлғаны былайша сипаттауға болады: «салт және сабақты етістіктердің өткен шағы –мыш қосылу арқылы жасалады. Ондай жағдайда –мыш күманды өткен шақ етістігін жасайды: ебге бармыш – ол үйге барған екен. Ол меңе келміш – ол маған келген екен. Бұл мысалдағы –мыш «барды, келді» етістіктеріндей өткен шақ жасайды және –ды қосымшасының орнына қолданылады».
Тюркологияда –мыш тұлғасының генезисі жайында әртүрлі пікірлер бар. А.Н.Кононов түркі тілдерінде жіктелетін етістік формаларының барлығы да өзінің шығу тегі жағынан есімдерге тіреледі, -мыш тұлғасында соған жатқызуға болады деп қарайды да, оның құрамы жайлы мынадай пікір айтады: форма на –мыш есть, видимо, двух элементное образование и может быть разложена на — —мыш, где-ым, -ім словообразовательный аффикс, а-ыш, видимо, восходит к имени –еш соучастник. Н.К.Дмитриев бұл қосымшаны монғол тіліндегі –мол, -мел аффиксімен байланыстырады. Котвич –мыш тұлғасына монғол тіліндегі пораллель екі сәйкестікті айтады: а)-мал старшую форму, которая относится вероятно к китайскому периоду и ещё до сихпор является продуктивной морфемой, б) –мыш –боле позднюю форму, которая возникла в киргизский период и сохранилась в многочисленных застывших уже выражениях, а также в специальном сочетани с глаголом бол-употребляющимся до сих пор в калмыцком языке. –мыш Диван тілінде, сонымен қатар, атрибуттық қызметтеде жиі ұшырасады: Қорықмыш кісіге қой башы қош көрүнүр—қорыққанға қой басы қос көрінер.
«Диванда» етістіктің келер шағы –р (-ар, -ер, -ыр, -ір, -ур, -үр, -йур, -йүр) қосымшасы арқылы берілген. Оның болымсыздық түрі –мас, -мес тулғасымен берілген. Қашқаридың түсіндіруінше –р қосымшасы келер шақ жасаудың кең тараған тәсілі: көбіне –ар, -ер варианты дауыссыз дыбысқа аяқталған түбірлерге жалғанады. Соңғы дыбысы –р түбір етістіктерге –ар, -ер, -ур, -үр варианттары жалғанады да, соңы з, ш, л, н дыбыстарына аяқталған сөздерге қысаң дауысты варианттары жиі жалғанады. Осы –р тұлғасының арғы негізі жайлы тюркологияда бірнеше пікірлер айтылған. А.Н.Кононов ауыспалы келер шақ жасайтын –а, -й мен –р тұлғасы бір негізден тарайды да, -р –дің өзі бағытты білдіретін барыс септік қосымшасы –ғару, -геру ден дамыған деп қарастырады. Н.А.Баскаков –ғар қимыл есімінен шыққан дейді. Ал А.П.Поцелуевский оңтүстік түркі тілдеріндегі –йур, -йүр тұлғасының арғы тегі есімшеге барып тірелетінін түркмен тілі фактілері растайтындығына қарайды.
«Диванда» -р тұлғасының шақтық мәндері бар:
1.Сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіреді:Ақтурур көзүм йулақ, Көзімнен аққан жасым көлге
Түш қылур өрдек йуғақ айналуда, оған үйрек пен басқа
құстар да қонып жатыр.
2.Сөйлеу кезінен кейін, алдағы уақытта болуға тиіс-әрекетті білдіреді: йалануқ оғлы йоқазур, езгү аты қалур—адам баласы өлер, жақсылық жасаса артында жақсы аты қалар.
3.Қимылдың орындалуының шарты ретінде басқа бір істің орындалған кезінде болатын іс-әрекетті білдіреді: Күч елдің кірсе, төрү түңліктен чықар—зорлық есіктен кірсе, шындық түңліктен шығар.
4.Әрқашан қайталанып тұратын іс-әрекетті білдіреді: Ол қар қамуғ қышын інер, Қар қыста ғана жауар, Ашлығ тарығ аның үнер, содан өнер, жаулар мен
Йаблақ йағы менде тынар жамандар менде тыныш табар, Сен келібен тебрешүр. сен келіп едің тынышсыз басталып кетті.
5.Дағдыға айналған іс-әрекетті білдіреді: Қандаш қума урур, ігдіш өру тартар—атасы бір ұрысар, анасы бір тел өсер.
Қазіргі қазақ тілінде нақ осы шақ функциясын атқаратын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінен тек турур етістігі ғана көмекші қызметінде қолданылған. Ал қалғандары негізгі қызметінде көрсетілген. Жатыр етістігі йатты түрінде беріліп, оның келер шақ және мастар формалары «йатур, йатмақ» деп көрсетілген.