Шетел мемлекеттеріндегі банктік депозиттерді сақтандыру

Көптеген мемлекеттерде салымшыларды қорғау, банкте кризисті болдырмау мақсатында жинақталған тәжірибелері бар. Олардың тәжірибелерінен жасаған қателіктерді жасамауымыз керек, ал жетістіктерін өзіміздің тәжірибемізде қолдануымыз қажет. Бүкіл әлемде салымшыларды кепілдендіру тәжірибесі бар, олар банкте салымшыларды сақтандыру түрінде жүзеге асырылады. Депозиттерді сақтандыру бойынша әр бір елдің тәжірибесі әр түрлі. Салымдарды сақтандыру жүйесі әлемдік банк тәжірибесінде 60 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Салымдарды сақтандыру жүйесі қазіргі кезде дүние жүзінің 70- тен астам елінде: АҚШ-та, Жапонияда, Германияда, Түркияда және тағы басқа да дамыған және дамушы елдерде бар. Қай елді алсақ та салымдарды сақтандыру жүйесінің нәтижесі оң. 

   Мемлекет     Ұйым  Кепіл көлемі  
Канада Канада корпорациясының депозиттерін сақтандыру 60 мың канада доллары (50 мың американдық доллар ) бір салымшыға. Ірі банктер банкротқа ұшырамауы туралы шарт.

 

Франция Франция банк қауымдастығы 400 мың франк (70,4 мың американдық доллар) бір салымшыға 200 млн франк одан көп емес бір банкте ғана. Қиындық көріп жатқан банктері тиімді қызмет атқарып жатқан банктер көмек көрсетеді.
Жапония Депозитті сақтандыру корпорациясы (федеративті) 10 млн иен (68 американдық доллар) бір салымшыға Тұрақсыз банктер сливается тиімді мекемелермен.

 

Швейцария Швейцария банктер қауымдастығы (мемлекеттік емес) 30 мың Швейцариялық қаржылық франк (20,4 мың американдық доллар)бір салымшыға; Банкроттық басмымдық болған жағдайда салымшыларға 10 мың швейцариялық франкт шотына қайтарылады
Велекобритания Саоымшылардың қорын қорғау федеративі 75% мөлшерде салым 20 мың функт стерлингке дейін (34,2 мың американдық доллар)бірсалымшыға;  

 

__________________

АҚШ Депозиттерін сақтандыру федеративті корпорация 100 доллар бір салымшыға  

____________________

Германия Неміс банктерінің

Федеративті қауымдастығы

Банк капит/ң 1 салымшыға 30 % мөлшерге дейін. Қауіп- қатер болған жағдайда федералды мекеме , жер мекемесіжәне жекеше банк көмегін көрсетеді.
Қазақстан Жеке тұлғаларды кепілдендіру; 200 мың теңгеге дейін-100%өтеу,әр қайсысы соңғысы 200 мың тг 80%,60%,40%,40%,20% м-лшер3 1 млн тг 10% төлейді; Банктің еріксіз өтімділігі,өз міндеттерін орындай алмаса, қор әр бір салымшыға ақшасын өтейді, банкке салған салымы.

Салымдарды сақтандыру жүйесі алғаш рет 1829 жылы « Ақша қорларының сенімділігімен туралы» Заңмен Нью-Йорк штатында құрылған болатын. 1934 жылы АҚШ- тың салымдарды кепідендіру қоры қайта ұйымдастырылып өз жұмысын жаңадан бастады. АҚШ- тың депозиттерді сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары басқа елдердің депозиттерді сақтандыру жүйелерімен салыстырғанда өте көп.

Еуропа елдерінде депозиттер мен салымдарды қорғау шаралары комплексті түрде қамтамасыз етіледі.

Америка құрама штаттары. АҚШ- та депозиттерді сақтандырудың аралас әдісі қолданылады. Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы және қарыз жинау ассоциациясының депозиттерін сақтандыру міндетті түрде Федералды корпорациясының негізімен жүзеге асырылады. Депозиттерді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдар Федералды резервтер жүйесіне мүше болулары қажет. Осындай тәртіп «штат банктері» үшін де таратылады.

Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы басқаруды 5 адамнан тұратын директорлар кеңесімен жүзеге асырады. Оның үшеуі ақша айналысының бақылаушысы, ФРЖ және Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы арқылы тағайындалады, ал екеуін сенаттың келісімімен Президент бекітеді. Алдында банктерде жұмыс істеген адамдар директор бола алмайды және де олар әр түрлі саяси партияларға кірулері керек. Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясыда өз депозиттерін сақтандырған банк кез келген уақытта келісім- шартты алады. Өз бетінше белгілі себептермен Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы банктерді мүшеліктерден шығара алады. Алайда мүшеліктен шықса да банктің банктің депозиттері бойынша сақтандыру әлі де 2 жыл бойы күшінде болады. Осы уақытта банк ағымдағы ставка бойынша белгіленген депозиттер көлемінде жарналарды төлейді.

 Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы мүше емес банктерді тексеруге оның құқығы бар.

 Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы қаржылық қиыншылық көріп отырған банктерге мынандай жағдайларда көмек көрсетеді:

  1. Ол қаржылық қиыншылық көріп отырған банкті, басқа қаржы жағдайы күшті банкпенен біріктіруі мүмкін;
  2. Ол банкті банкрот деп жариялар, депозиторларға максимальды сақтандыру соммасын төлеуі мүмкін;
  3. Ол қаржылық қаржылық қиыншылық көріп отырған банкке, белгілі ақша соммасын оның шотына аударып беру арқылы қолдау көрсетуі мүмкін.

Ал жалпы Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясының іс- тәжірибесіне талдау жүргізіп қарайтын болсақ, онда көптеген жағдайларда қызметтері қауіп тудыратын банктердің басқа банктермен біріктірілгенін көруге болады. Қаржылық қиыншылық көріп отырған банкті басқа банкпен біріктіруде алғашқыда Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы 100 000 долларға ғана сақтандыру шегін бекіткенде қарамастан депозиттің соммасын 100% сақтандыру жүргізді.

Депозиттерді сақтандрудың федералды корпорациясы қазігі кезде өз қызметін нәтижелі атқарып жатыр.

Ұлыбритания. Депозиттерді сақтандыру қорының құрылуы алғаш рет Ұлыбритания актілерінде 1979 жылы көрсетілген. Бұл акт негізінен Депозиттерді сақтандыру қорының қызметін реттейді. Қор 1982 жылдың 19 ақпанынан бастап өз күшіне енді және келесі ерекшеліктері бар: біріншден, қор банктердің ерікті келісім берумен емес, мемлекеттің заңнамалық актісі негізінде құрылып, заңды тұлға болып табылады. Екіншіден, міндетті түрде барлық банктердегі салымдар сқтандырылады. Сақтандырылмайтын салымдарға шетел банктерінің жеке филиалдары мен стерлинг шоттарыжатады. Үшіншіден, тек функт стерлинг шоттары ғана сақтандырылады. Төртіншіден, салымшының салымын сақтандыру тек түзу жүйеде болады, ал сақтандыру төлемінің максималды мәні алғашқы 10 мың фунт стерлингтің 75% Депозиттерді сақтандыру қорының мүше банктердің салымдарынан құралады. Банк жарналарының минималды көлемі 10 мың фунт стерлинг, ал максималды көлемі 300 мың фунт стерлинг болып табылады. Қарсылық болған жағдайда жарна көлемін арттыру қарастырылған. Алайда оның көлемі сақтандырылған депозиттер мөлшерінің 0,3 бөлігінен аспауы қажет. Депозиттерді сақтандыру қорының басшылығында алдымен басшы, оның орынбасары, Англия банкінің бас кассирі, сонымен қатар басшы тағайындайтын мүшелер отырады. Басқарма мүшелері болып үш бақылаушы және Депозиттерді сақтандыру қорының мүше банктерінің кейбір директорлары кіреді.

Франция. Францияда депозиттерді сақтандыру «ынтымақтастық механизмі» деп аталып, банктердің ассоциациясымен басқарады. «Ынтымақтастық механизмі» Франция территориясындағы барлық банктерді қамтиды, оған шетел бантерінің филиалдары да кіреді. Сақтандырылмайтын болып тек шетелдегі шоттар, банкаралық депозиттер және шетел валютасындағы депозиттер қалады. Басқа елдегі сияқты сақтандыру қоры банк жарналарынан құрылады. Оның көлемі банктердігі депозиттердің көлеміне байланысты шаралармен есептелнеді. Бірақ жарна 30 млрд. франктен аспауы қажет. Банктік ассоциация ағымдағы жылдан кейінгі екі жылға жарна талап етуі мүмкін. Бір салымның депозитінің сақтандырылу өтемі 200 мың франктен аспауы қажет.

Германия. Германияда депозиттерді сақтандырудың былайша шіктелген жүйесі жұмыс істейді:

  • жеке банктердің депозиттерін сақтандыру қоры;
  • жинақ кассаларының депозиттерін сақтандыру қоры;
  • коорпоротивті банктерді сақтандыру қоры.

Германияның Орталық банкі сақтандыру жүйесіне тікелей немесе елеулі әсер етпейді. Қорға мүше болып немесе ведомствосының бас лицензиясын алған дарлық несиелік ұйымдар ене алады. Банкаралық ұсынбалы міндеттемелерден басқа барлық банк салымдары сақтандырылады.

Сақтандыруларға мыналар жатады:

  • жеке тұлғалар ретігде енетін өз басшыларына, құрылтайшыларына байланысты банк міндеттемелері;
  • банктің бақылау кеңесінің талаптары;
  • жоғарада айтылған тұлғалардың банкке талаптары.

 Қор сақтандыру төлемі жоғары банктің өзіндік капиталының 30% дейін деңгейде корсетілген.

Жарналарды түзетуде банктің ассоцация мынадай құқықтарға ие:       

  • жеткілікті көлемге келгеннен кейін жарналарды жинақтауды тоқтата тұру;
  • банкті елдерде қордың қаржысы жетпеген жағдайда жарналар көлемін екі есе ұлғату.

Сақтандыру қорының басшылығы етіп банктік ассоциация арнайы комитет құрады, ол мына қызметтер атқаратын 9 адамнан тұрады:

  • банкке көмек көрсету шешімін қабылдауда;
  • қордың қаржысын пайдалануда нұсқауларды дайындау;
  • банктердің қорға кіру, уақыт бойынша ену, тез арада кірудегі жарна көлемін көрсету шешімін қабылдау;
  • қор қызметін көрсететін қаржылық есеп беруді ұсыну.

Банк қор жарғысын бұзған мынадай жағдайларда қатысушылар құрамынан шығарылуы мүмкін:

  • қорға керек ақпаратты бермесе;
  • жарнаны уақытында аудармаса;
  • аудиторлық тексерісте жасанды бөгеттер орнатса;
  • банктік ассоциациядан бақылау кеңесінің ақпаратты ашпаса;
  • сақтандыру төлемінің көлемі жөнінде үшінші тұлғаға бұрмаланған ақпарат берсе;
  • қордың қызметіне байланысты банктің ассоциациясының нұсқаулары мен талаптарын орындамаса;

Жапония. Депозиттерді сақтандыру корпорациясы бұл елде 1971жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оның капиталы бірдей үлеспен үкіметпен, Жапон банкімен және жеке банктермен толықтырылған. Ол корпорация Жапон банкінің және жеке банктердің басшыларының комитеті тарапынан басқарылады. Сақтандыру жүйесіне қатысу қала банктері үшін, валюталық және жинақ банкілері үшін, ұзақ мерзімді несие банктері үшін міндетті болып табылады. Шетел банктері филиалдарының жүйеге қатысуға тыйым салынады. Сақтандыру жарнасы жыл сайын депозит депозит көлемінің 0,008% аударылым арқыы жиналады. Салымшылар компенсациясы депозиттер өскенде және максимум соммасы 10 млн.иен болған кезден бастап сақтандырылады.

Өндірісі дамыған елдерде ірі банктердің банкротқа ұшырауына жол бермейді.

Банктердің депозиттерін сақтандыру программасын қарастырайық.

Депозитті сақтандыру схемасының мінездемесі мемлекеттің саны.

Аумақ Жалпы саны

1995-2004ж

Міндетті қатысуымен

1995-2004

Қордың бірігуімен

1995-2004

Сақтандыру төлемі тәуекелге байланысты
АҚШ 11      15

 

6         14 9        15 2         5
Еуропа 23       33

 

11        32 12       25 0         10
Азия 7        10

 

 

4            6 7         10 2          2
Ближний Васток 2          3 1            3

 

1          2 0           0
Африка 4        12

 

 

4            5 4      10 0          6
Барлығы 47     73

 

26         60

 

 

34      62 4        23

Осылайша жүргізілген сараптаманың негізінде біз әрбір дамыған мемлекетте депозиттерді сақтандырудың өзіндік жүйесі бар екенін көреміз.

Осындай жағдайда зардап шеккен салымшылар болып табылады. Мемлекет алдындағы тәжірибеге сүйеніп болған салдарды болдырмауға ұмтылады.