- Кіріспе…………………………………………………………………….. 2 – 3
2) Балхаш көлі………………………………………………………………… 4
3) Балхаштың тарихы…………………………………………………… 5 – 7
4) Балхаш пен оның ихтиофаунасының зерттеу полигонына айналуы………………………………………………………………………8 – 15
5)Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі………………………………………………………………………… 16 – 20
6) Қорытынды……………………………………………………………21 – 23
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………24
Кіріспе.
Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.
Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады.Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді».
Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының мөлшерден тым көп,ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады.Қазіргі уақытта Каспий теңізіндегі және оның маңындағы мұнай ресурстарын кеңінен игерілуінен, бұрғылау жұмыстарының көптеп жүргізілуінен оның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған қоса Каспий теңізінің көтеген фауна өкілдеріне құрып кету қаупі төніп тұр.
Қазақстанның экологиясындағы су проблемасының орны ерекше.Себебі атақты ғалымдардың айтуынша алыс емес болашақта адамзат су көзінде тапшылықты сезінетін болғандықтан су басты ресурстардың біріне айналады, тіпті су үшін соғыстар кәдімгі үйреншікті көрніске айналуы мүмкін.Ал Қазақстанның өзінің су ресурстарының проблемаларын қарастырып,оны шешуі болшақ ұрпақтардың жарқын болашағы үшін өте маңызды.Бұндай міндетті түрде қарастырылып, шешілуі керек проблемаларға Арал теңізінің,Балхаш көлінің, Каспий теңізінің өзгеде өзендер мен көлдердің алдында тұрған қайғылы тағдырларын жатқызса болады.
Негізгі бөлім.
А) Қазақстандағы ең үлкен көл (Каспийді теңіз деп қарастырғанда). Көлемі 18 430 миллион шаршы метрді алып жатыр. Арал мен Каспийден кейінгі Балхаш көлінің экологиялық жағдайы қуантарлық емес.Адамның қоршаған ортаға келтіріп жатқан кешірілмес қиянаты,келіп жатқан зияны көбейіп көбейіп отыр. Балхаш көлінің маңындағы үлкен мыс қорыту зауытының және өзгеде кәсіпорындардың бұл жердің экологиясына келтірген зардабы орасан зор.Соның зардыптарынан жергілкті тұрғындар мен Балхаш көлінің аң–құсы қасірет шегуде. Мысалға 14 жасқа дейінгі балалардың 75%-і,ересек жастардың78%-і,үлкендердің 64%-і әр түрлі тіс ауруларына шалдыққан, онкологиялық аурулар,нәрестелердің шетінеп кетуі,құстардың жаппай қырылып қалу кең етек алған.Балхаштың экологиялық жағдай жылдан–жылға нашарлап барады. Ал ең қорқынышты ахуалдың бірі–қытайлықтардың Балхаш көлінің нәрі–Іле өзенінің өз жерінен бастау алатын бөліктерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын (каналдар салу,жаңа қалалар соғу, өнеркәсіпті дамыту сияқты) бастауы. Егер Қытай көршіміз,Іле өзенінің 15%-ін бөгеп,сол мөлшердегі суды,Қазақстанға жібермесе, Балхашта экологиялық апат болуы мүмкін. Соған көл маңындағы, Іле бойындағы ирригациялық жұмыстарды нақты жүйеде жүргізілмеуі, оның байлығын ( сексеуіл, қамыс және тағы басқа ) керексіз пайдалану, Балхаштағы балықты заңсыз аулаудың кең етек жайылуы кінәлі. Сол себебті Балхаштың тағдыры тек Қазақстанның ғана емес, ол Қытайдың көмегіне және Іле өзенінің суын дұрыс пайдалануына тікелей байланысты.
Ал енді Қазақстанның экологиялық проблемасының бірі болып саналатын Балхашқа кеңірек тоқталып кетейік.
Б) Ал,Балқаштың пайда болу тарихы,оның «ата тегі» ерекше.
Геологиялық тарихтың кейінгі кезеңінде Тәңір тау (Тянь-Шань) әлі жоқ кезде,қазіргі Балқаш-Алакөл ойысының ауданы тегіс таулардан тұратын. Сол дәуірде Орталық Азияның климаты ыстық әрі ылғалды болуына себепті бұл аумақта етегін қырыққұлақ басқан қылқан жапырақты ну ормандар таралады. Басарал аралындағы ақ түсті каолинді саз балшықтар Балқаш тарихының сол өте ертедегі кезеңінен тікелей куәлік етеді.Кейінірек осыдан 2,5 млн.жыл бұрын жер қыртысының дифферциялық тектоникалық қозғалыстары басталады да, жердің алғашқы бетінде бірінші әжімдер — болашақ тау жоталары пайда болады.Осылайша Шу-Балқаш суайырғының күмбезі көтерілді. Солтүстік Балқаштың жатық шоқылары қалыптаса бастайды және қазіргі кездегі Жоңғар Алатауының орнында төбешіктер пайда болды. Климатта өзгеріске ұшырады:ылғалдылығы азайып континентальдылығы арта түсті. Аумақтың ландшафты Африка саванналарының түріне өтті.
Бір жарым млн.жыл бұрын Шу-Іле суайырғы мен Солтүстік Балқаш өңірінің ұсақ шоқылары шапшаң өсе бастады.Жер бетінің жеке бір орында бұлайша көтерілуі, оның басқа бір жерін төмендеуге мәжбүр етті.Осылайша Алакөл ойысы пайда болды,ол көтерілген барлық таулардың ортасынан тау аралық Эмел (Еміл) ойысы ерекшеленеді. Пайда болған таулар мен алғашқы пра-көлдердің жағдайлары өте тұрақсыз еді. Балқаш ойысының шарасы (табаны) әлі дайын емес еді, сондықтан да алғашқы тау өзендері суларын қоршаған төбелерден шығысқа, Алакөл және Эмел (Еміл) ойысына қарай ағызды. Сол замандағы климат суықтығы мен континентальдығы өсе түсуімен сипатталады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де климаттың салдарынан өзгеріп отырды: кең аңғарларда шамшат ормандары шуласа, төбелер мен өзен аралықтарында тау пісте, лаврлар өсіп жатты.
Климаттың жалғасқан суықтауымен континентальдылығының күшеюі суайрықтардағы далалардың кеңеюінеалып келді,бірақ бұл процесс Алакөл мен Балқаш ойыстарында орын алады. Мұндағы климат жазды ыстық және аясыз қысымен ерекшеленетін субтропикалық күйінде қалды. Оған Кеңтүбек түбегінен табылған саванналық-далалық ландшафтарын мекендеген Іле түйе құсы жұмыртқасының қауызы дәлел болды.
Жер қыртысының жаңа қозғалыстары Солтүстік Балқаш өңірінде ұсақ шоқылы жер бедерінің қалыптасуына алып келсе,Жоңғар Алатауында жекелеген таулар мен тау аралық ойыстар жүйесін қалыптастырды.Кішігірім төбелер Хантәңірі секілді төбелері көк тіреген шындармен алмасты. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын бірінші мұзқұрсануға ұласты. Мұзқұрсанудың соңынан Алатау өзендерінің ағындысы күрт өсті, мұздық суларының қуатты ағындары тау беткейлерін бұза бастады және ысырындыларымен аумақтың бедерін айтарлықтай дәрежеде өңдеуден өткізді. Атропогеннің ортасында (осыдан 200 мың жыл бұрын) Орталық Азияның таулары әлдеқашан түбегейлі қалыптасып болды, жалпы ауытқуы 1000-2000 м аралығындағы олардың тоқтаусыз көтерілуі (жылына 2,5 м жылдамдықпен) уақытша өзен, көл және ойыстар пайда болуымен ұласып отырды. Өз кезегінде олардың пайда болуынан жоқ болуы тез өтетін. Көтерілген тауарлар күшті тау ағындарымен араласып отырды. Дәл осы кезде пра-Балқаш ойысы пайда болады және әсіресе оның батыс бөлігі өзен сулармен толыса бастайды.
Орта антропогеннің екінші жартысында (шамамен 100 мың жыл бұрын) Тәңіртау тауларының күшті мұзқұрсануы өтеді де,ал оның соңын ала – күшті жылыну басталды. Мұздықтардың қарқынды еруін шақырған су ағындары қазіргі Балқаштың бесігі болған Балқаш-Алакөл ойысын және шағын-шағын уақытша көлдерді ернеулерінен асыра толтырды. Ертедегі Балқаштың тайыз су батыс бөлігі, ойымызша, оқта-текте ғана толтырылып отырған және мүмкін көлге ат берген шексіз батпақ иеліктерінен тұрды.
Балқаштың одан бергі антропогендік тарихын бірінен соң бірі кезектесіп алмасып тұрған трансгрессия мен регрессия фазалары түрінде көзге елестеуге болады. Балқаштың деңгейінің ең жоғарғы көтерілуі мен төмендеуінің 7 кезеңін бөліп қарауға болады. Көл тарихы таулық мұзқұрсану мен мұнда жатқан неотектоникалық процесстермен тығыз байланысты. Жер қыртысының қозғалысы, таулардың түзілуі, климаттың өзгеруі, мұздықтардың пайда болуы мен еруі тау көлдерінің бірнеше қайта пайда болуы және бұзылуы, өзен ағындысының қалыптасуы және өзендердің ұзаруы сияқты күрделі табиғат процестері Балқаштың пайда болуына алып келді. Ғалымдар Балқаш-Алакөл ойысының тұтас палеотарихында ежелгі көл шұңқырлар орындары өзгермегенін дәлелдеп шықты. Тек жағаларының сұлбасы ғана өзгеріп отырған.
Балқаш өңірінің дүниесі қатал да әсем. Жазда мұнда құмды және шаңды дауылдары патшалық құрса, ал қыста қарлы борандар құтырады. 480С құбыжық ыстық және жауын-шашынсыз жаз. Мұндай климаттық жағдайлар бұл өлкеде тіршілік болмайтындай көрсетеді. Алайда, олай емес. Табиғат бізге нешінші рет екені белгісіз, өсімдік пен жануарлар дүниесінің бейімделуге деген таңғажайып мүмкіндіктерін көрсетумен келеді. Мүмкін сондықтан да Балқаш өңірінің кез келген мекендеушісімен (сорақ немесе жыңғыл тоғайы, немесе кішкене кесіртке т.б.) кездесу таң қалдыруынан танбайды.
В) Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді.Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуын алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі ( ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз.Мүмкін,ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма),вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді.Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді.Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды.
Орта Азия мен Қазақстанда шармай мен көкбастың бірнеше түрі кездеседі.Бұл балықтарды мамандар тұқы балықтардың ерекше кіші тұқымдастары – ажыраған құсақтарға жатқызады.Бұл тұқысдамтар өзінің атын балықтың анальдық тесігінің екі жағын ала орналасқан екі қатар үлкейген теңгешелері – «ажырауға» қатысты алған.Қызықты ерекшелік: бұл балықтардың ұрғашысы еркегінен әлдеқайда ірі болып келеді.Кейбір зерттеушілер Қазақстанда шармайдың (қарабалық) 5 түрі бар десе,ал өзгелері 2 түрін – кәдісге және Балқаш шармайына бөліп қарайды.Балқаш шармайы екі түрге – Іле және балқаш шармайына бөлінеді. Мойындау керек: кейбір суқоймалардағы балықтардың биологиясын аз білетініміз сонша, олар адам ықпалымен өзгеру жылдамдығы шапшаңдап, тіпті бұл жануарлардың кейбір нысандары оларды жан-жақты зерттегенше жойылып кетті!
Балқаштың өзінде бірнеше экологиялық нысандармен ерекшеленетін, қазір кездеспейтін Балқаш шармайы тіршілік ететін. Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің және көлдің өзге де салаларының төменгі ағысында Балқаш шармайы оны тау етегі зонасында толық алмастыратын. Іле шармайымен қатар жүретін.Ағыстың жоғарғы жағында жалаңаш көкбас, ал тау ағындарының басында – теңгелі көкбас тіршілік ететін.
Шармайдың ең ірі экземплярының тұрқы 80 см-ге жетіп,салмағы 10 кг-нан асатын, Шармайдың денесі типтік өзендік балықтардың нысанында жіне тегіс сары жасыл қола түстес болып келеді. Ұзындығы бойынша түрлер ажыратылатын екі жұп мұрты бар, шармайдың денесінде дұрыс орналасқан теңге қатарлары болмайды. Бұл сипат теңгешілердің ұзындықтары түрлі өлшемде болуымен айқындалады. Алайда, ел таңқалдыратыны шармай мен жалаңаш көкбастың уылдықытары аса улы. Уылдырық шашар уақыт таянған сайын уылдырықтағы удың шоғырлануы күшейе түседі. Бұрынырақ бұл балықтардың құрсақ терісіне төселген көмірдей қап-қара төсеніші улы деп қате есептеліп келді. Бәрібір,шармайды улы уылдырығы да сақтап қала алмады.
Оның жойылып кетуіне себеп, көлге бәсекелес балықтардың жіберілуі, бейбіт көлде жыртқыштардың пайда болуы және ірірек ұрғашы балықтардың көбірек аулау,болып табылады. Өкінішке орай,Оңтүстік Қазақстан үшін «шармай» және «көкбас» атаулары бұл жерлердің ескі тұрғындарының естеліктеріне тақырып болатын аңыз болып қана қалды. Өз кезінде шармай тұран жолбарысы, алматы апорты немесе Алатаудың қарлы шыңдары сияқты өлкенің символы болған жоқ па еді.
Жалаңаш және теңгешелі көкбастар — шармайға қарағанда ұсақ түрлер. Жалаңаш көкбастың теңгешелері кеуде жүзбеқанаттарының артында, бүйір қапталын бойлай, ажырау мен құрсағында орналасқан. Теңгешелі көкбас тұтас теңгеше басқан болып келеді,алайда олар біркелкі орналаспаған,дұрыс қатарлар түзбейді,ал теңгешелері бір-біріне асылмайды. Жалаңаш көкбастың тұрқы мен салмағы кейде балықшы үшін «әжептеуір» болып саналатын мөлшерде болуы мүмкін,сондықтан да жергілікті балықшылар ірі балықтарды көкірегін кере «форель» (патшабалық) деп атайды.Патриот балықшыны мұртшаларының, тістерінің, майлы жүзбеқанаттарының болуы немесе болмауы, теңгешелерінің саны немесе түсі қызықтырмайды! Көлдің таулық немесе жазықтық салаларында жалаңаш көкбастан өзге талма балық пен голецтердің бірнеше түрлері тіршілік етеді. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді: қарапайым,Зайсан,Балқаш және Жетісу талма балықтары. Бұл балықтардың денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар немесе жолақтармен әшекейленген. Әсіресе,Зайсан талма балығы үйлену киіміндей әсем. Еркек балықтың негізгі түсі — тік жолақпен өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған.Талма балықтардың бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр.
Жалаңашбалықтар — өзенде жасаушылар. Бұл балықтарды оның аузының айналасында 3 жұп мұртшаларынан, ұзын әрі жіңішке құйрық сабағынан және дененсіндегі теңгешелерінің болмауынан жеңіл ажыратуға болады. Әрбір жалаңаш балықтың қайталанбас түсі бар. Кез келген нысандағы және орындағы күңгірт дақтардан тұрады. Дақтары мүлде бірдей бірнеше экземплярларды табу өте қиын. Сондықтан да жалаңаш балықтарды жүйелеу мәселесі міне жүз жыл бойы ихтолог ғалымдарды ұйықтатпайды, себебі жалаңаш балықтың Қазақстанда сегіз әлде он бір, жалпы қанша түрі бар екенін ешкім де дәл білмейді.
Жалаңаш балықтың әдеттегі ұзындығы — оттық қораптан шай қасықтың ұзындығына дейін. Бұрын Балқаш пен Алакөлде ұзындығы 22 см-ге жететін «аса зор» жалаңаш балықтар кездесетін! Олар аса салпы ерін балықтар түріне жататын. Бүгінде көлде жалаңаш балықтар қалған жоқ: олар жыртқыштарға ұнағанға ұқсайды.
Осымен Іле-Балқаш алқабының алабының аборигендік ихтифаунасының құрамы жөніндегі әңгімені аяқтауға болар еді, егер зардапты көп көрген көл үлкен өзгеріс дәуірін бастан кешпесе. ХХ-ғасырдың басында сазан Балқашқа түсіп, онда тіршілік үшін тамаша жағдай табады.
1929 жылы Түрксіб құрылысшылары аягөз өзеніне Ертіс алабынан сібір тарақ балығын жібереді. 1945 жылға қарай бұл шағын ғана, үйір сүйгіш тұқы балық тұқымдастарына жататын балық алапқа түгелдей таралып үлгіреді.
Халықтан шыққан «жерсідіргіштер» суқоймалардың фаунасының қалыптасу мәселелерімен айналысатын ихтиологар мен гидробиологтарға көптеген бас қатыратын жұмбақтар жасырды деуге болады. Алайда, олардың әрекеттері балқаштың ихтифаунасын реконструкциялау бойынша ресми жұмыстармен салыстырғанда ауызға алуға келмейді. Кеңес өкіметі орныққан соң, « табиғаттан қайырымдылық күтуді » қажет деп таппаған мемлекет, табиғатты өзгерту туралы курсты ашық деп жариялады. Осылайша далада қолдан жасалған теңіздер, ал шөлде өзендер пайда болды. Балықтар құри бастады, ал дала ландшафтары егістікке айналды.
Жануарлар әлемі де естен шығарылған жоқ. Алайда, аңдардың ішінде де, құстар арасында да су қоймалар бастан кешірген радикалды өзгерістер мысалын табу қиын. Тек Орта Азияның суқоймалары ғана су экожүйесінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу полигонына айналдырылды. Ал Балқаш көлі табиғатты батыл өзгертушілердің сәтсіздіктері мен қателіктерінен тұратын хрестоматиялық мысалға айналды.
Бірінші рет Балқашқа жоспарлы түрде балық жіберу балықтардың бағалы түрлерінің реалын кеңейту мақсатында жүргізілді. 1930-1931 жж. Іле өзеніне Арал каязының жынысы жетілмеген бірнеше мың данасы жіберілді. Арал каязы — ірі, тұқы тұқымдас тұщы су балығы. Ал 1933-1934 жж. –ересек Арал шоқырының бірнеше жүздеген данасы жіберілді. Шоқыр өтпелі бекіре балықтарына жатады және Балқаш өңірінің тұрғындары ғылыми атаулардың бастарын ауыртып жатпай жай ғана «бекіре» деп жиі айтады. Балқаштағы шоқыр жиырма жасар шағында ұзындығы бір жарым метрге,салмағы 20 кгшамасына жетеді. Оған уылдырық шашу үшін тасты,малатасты грунт пен ағыс қажет. Мұндай уылдырық,шашатын орындардың көпшілігі бұрын Іле өзенінің қапшағай шатқалынан өтер тұста болатын. Бүгін каяз бен шоқыр Қазақстанның Қызыл кітабының мекендеушілері.Себеп — Сырдария мен Іле өзендерінде жүргізілген су құрылыстары.
1948 жылы Алматының балық шаруашылығының суқоймаларына Зайсан көлінен ойғақ балығын жіберу сәятсіз аяқталады. Оңғақ — көлдер мен ағысы шабан, арнасы балдыр басқан өзендер мекендеушісі.Оңғақтың денесінің нысаны мөңке балыққа, ал түсімен – шармайға, жұқа әрі ұсақ теңгешелермен — форельге ( патшабалық ),ал дәмдік сапасы жөнінен оңғақ балыққа тең келері жоқ. Оның еті семіз, өте нәзік, аздап тәтті, қантамырларының қалың желісінен сәл қызғылт реңкте. Оңғақты Еуропада өте бағалайды және оның тұқы балықтан шабан өссе де ,балық өсіретін шаруашылықтары өсіруге ұмтылуда. Балқаштағы оңғақтың таралу аясы өте тар.
1950-1960 жж.арасында алдымен Қаратал өзеніне, соңынан Тоқырауын мен Іле өзендеріне Алтай өлкесі мен Қостанай облыстарына бозша мөңке жіберілді. Бүгін бұл тұқы тұқымдастардың күй талғамайтын өкілі Балқаш алқабында барлық жерде кездеседі: атыраулық көлдерден өзен-салалардың таулықтелімдеріне дейін. Бозша мөңке — ғажайып балық. Ол оттек тапшылығы мен ластанған суға да шыдамды, денесінің бір бөлігінің мұздануын және тіпті суқойманың қысқа мерзімге құрғауын да көтереді. Қазақстанның кейбір көлдеріндегі тіршілік жағдайы соншалықты қатал болғандықтан оларда тек мөңке балық қана өседі. Сол себепі мөңке балық суқойманың жағдайының биоиндикаторы болып есептелінеді. Бозша мөңкенің Балқашта пайда болуы мен оның көптеп өсіп-өнуінің өзі экологтар үшін судың ластану белгісі болып табылады.
Бозша мекенің кейбір түрлері көбеюдің балықтар арасындағы сирек кездесетін тәсілі – гиногенезді пайдаланады. Ниногенетикалық популяцияарда барлығы дерлік ұрғашы, олар уылдырықты туыс түрлермен бірге шашады. Дегенмен олардың ұрпақтарында буданның пайда болуы мүмкін емес. Барлық шабақтар тек мөңке болып шығады және түгелдей дерлік ұрғашы мөңке.
Арал теңізінен Балқашқа 1949 ж. табан балықты жіберу тәжірибесі табысты өтті. Өкінішке орай, «табысты» сол кездің өзінде ғалымдар бұл ғылыми тұрғыдан негізделмеген шешімге қарсы болды және оның мақсатқа сай екендігіне күмән білдірді, алайда олардың пікірлеріне ешкім құлақ та аспады. Табан балық жаңа орынды өте жақсы игерді де өзінің санын жылдам көбейтуге кірісті. Дәл осы табанды көлге жіберумен мамандар көлден шармайдың ығыстырылып шығарылуы мен сазан санының кеми бастауын байланыстырады.
1957ж. Балқашқа көксеркені жібереді. «Көксеркеге» дейінгі кезеңде Балқашта типтік жыртқыш балықтар болған емес. Тек шырмайдың аса ірі экземплярлары ғана кейде жыртқыштықпен айналысатын. Көксеркені жіберу бағалы емес ихтифаунамен-жалаңаш балықтармен және алабұғамен күресу керектігімен негізделеді. Балқаш алабұғасын Қызыл Кітапқа енгізу — бұл есептеулердің дұрыстығы мен дәлдігінің дәлелі!
Балықтардың жаңа түрлерін жерсіндірудегі табыс күткендегіден асып түсті: олардың көпшілігі жерсініп кетті және көптеген ұрпақ берді. Алайда Адамның (тілегі) мүддесі мен оның ғажап болжамдары табиғаттың қайтпас заңдарымен әр кезде сәйкес келе бермейді. Жоспарланған балық түрлерін жіберу мен заңсыз мекендеушілердің нәтижесінде Балқаштың кейбір аборигендері жойып қана қойған жоқ, сонымен бірге көлдің ихтифаунасының жалпы трансформациясының басқарусыз процесі басталады. Қарқынды түрде көбейген табан мен көксерке,Балқаш алабұғасының қорын тез арада кұртып жібереді,онан соң шармайға ауысты,сазан кәсіптік маңызын жоғалтты. Мұның барлығы жыртқыштардың өз популяциясына теріс әсер етті. Балқаш көлін мекендеушілері тек табан мен көксерке болып қалған суқоймаға айналды. Алайда бұл Адамның тек жалғыз ғана жансақтығы емес. Көксеркемен бірге көлге өзге де жыртқыштар — беріп,ақмарқа және жайын кездейсоқ тап болған еді.
Көксерке мен беріп алабұға тұқымдастарына жатады және бір-біріне ұқсастығы сонша, маман емес адамға оларды ажырату өте қиынға соғады. Ең дұрыс белгі – көксеркенің жақ сүйегіндегі төрт азу тістің және ұзын келген көзінің артқы шегіне кіріккен жақалды сүйекшенің болуы. Берште азу тістер жоқ,ал қысқа сүйекше тек көздің жартысына дейін ғана. Бұл балықтардың биологиясы да өте ұқсас. Екеуі де ашық көріністегі үйірлі жыртқыштар. Көксерке — ашық су кеңістіктерін, үлкен тереңдікті және таза әрі оттегіге бай суды сүйеді. Ал берш нулы биотоптарға бейімдеу келеді. Көксерке де,берш те тіпті қысқа сәт қана ауада болуға шыдамайды және асуға түскенде тез өледі. Бұл балықтар уылдырықтарын құмды қайырларда қазылған шұңқырларға немесе тасқа шашады. Еркектері уылдырықты шабақтар пайда болғанша адал қориды,алайды өскін шабақтарды басқа да аңшылық объектілерінен ажырата қоймайды. Айта кету керек, «жастардың» өздері де өсу барысында артта қалған «інілері,ана-қарындастарымен» тамақтанудан тайынбайды. Жыртқыштар әлемінің заңдары құрлықта да, суда да қатал.
Балқашқа жіберілген қарапайым, немесе еуропалық жайын – дүние жүзіндегі ең ірі тұщысулық балық, кейде ұзындығы 5 метрге жетеді,ал салмағы 300 кг-ге жетеді. Балқашта мұндай ірі жайындар әзірше кездесе қоймаса да, мұнда ұзындығы 2 метрден асатын және салмағы 50-60 кг болатын жайындар ежелден сирек құбылыс емес.
Жайын жылылықты сүйеді, маусым айында атырауларында уылдырық шашады. Уылдырықты суасты өсімдіктерін жапыра жасалған дөрекі ұяға шашады және ұрпағына шабақ шыққанша қориды. Жыртқыш жайын тамақ таңдамайды: оның зор аранына сиятын және қимылдайтын нәрсенің бәрі оның мәзіріне кіреді. Ірі жайын әуесқой балықшы немесе суасты аңшылығы үшін күткен олжа. Ақмарқа — балқаш тұқы тұқымдастарының ішіндегі жалғыз жыртқыш. Ақмарқаның уылдырық шашуы өзендердің бастауларында ерте көктемде өтеді. Ерте уылдырық шашу — бұл жыртқыш ұрпақтарының өзге түрлердің қорғансыз жас өскіндеріне аңшылық жасауына мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдың ортасы жерсіндіру жұмыстарының жаңа толқынымен аталып өтті. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке, табан,қаракөз және форель жіберу жұмыстарымен байланысты екінші толқынға тұтас келеді.
Солтүстік каспийлік қаракөз (торта туыстасы) – тұқы тұқымдастардың ішіндегі халыққа жаппай белгілі және сүйікті өкілі. Қаракөз Балқашқа жерсініп кетті, айтарлық маңызды кәсіптік объектіге айналды,оның аулану көлемі сазанмен теңесті.
Балқаш алабының тау өзендері мен көлдеріне албырттың бірнеше түрлері жіберілді. 1964 жылға дейінгі аралықта уылдырық күйінде Чехославакиядан әкелінген форель (патшалық) Бартоғай форель шаруашылығында жіберілді, бірнеше мәрте Шілік өзеніне, Көлсай, Қайыңды көлдеріне жіберілді. 1966 жылы Түрген форель шаруашылығында — Қазақстандағы осы бағалы балық түрін шығаратын негізгі өндіріс орны құрылды.
Осы кезде Орта Азия мен Қазақстанда алғашқы болып Қиыр шығыстық өсімдік жейтін балықтар пайда болады. Бұл балықтардың ерекше қасиеті — тамаққа су өсімдіктері мен балдырларды пайдалану — өзге «еуропалық» түрлерде сирек кездеседі. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан КСРО-ның әуропалық бөлігінде шығыс Еуропаға және Кубаның суқоймаларына өсімдік жейтін балықтарды таратуды сынау полигонына айналдырылды.
Амур мен дөңмайдың балық — Қиыр Шығыс пен Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия өзендерінің мекендеушілері қореқтенеді, дөңмайдың балық – желбезектері арқылы су қабаттарын сүзу жолымен бір клеткалы балдырлармен қореқтенеді. Бұл балықтар уылдырық шашу үшін өзен ағысына қарсы жүзеді, сондықтан да шектелген көлдер мен әуіттерде табиғи түрде бұл балықтардың уылдырық шашуы мүмкін емес. Қапшағай СЭС-ің бөгеті бұл бағалы кәсіптік түрлерінің санын балқашта да,Қапшағай бөгенінде де шектеулі факторға айналдырды.
Г) Тағы да,көлдің тұз қоры мен оның қалыптасу мерзімі арасындағы сәйкессіздік ақиқаты көзге ұрады. Егер Балқаш суының қазіргі тұздылық дәрежесін негізге ала отыып есептесек, онда көлдің жасы бар жоғы 50 жылға жуықтайды. Барлық минералсыздану факторларын есепке алсақ,онда кейбір есептеулер Балқаштың жасы барлығы 20-25 мың жылды құрайтынын көрсетеді. Алайда, геологтардың пікірінше, көлдің жасы одан айтарлықтай көп дегенге саяды. «Тұздар қайда кеткен?» — деуден танбайды зерттеушілер ұрпақтан ұрпаққа.
ХХ ғасырдың басында көз көргендердің шөл даланың ортасындағы тұщы көл туралы таңжағайып әңгімелерін белгілі саяхатшы , әрі ғалым Лев Семенович Берг тарапынан қызығушылық туғызады. Шөл ортасындағы жауған атмосфералық жауын-шашының шамасы одан буланған ылғалда бірнеше есе аз көл тұзды болуға тиіс қой. Балқаш туралы «ғылымға жат» ойлардың терістігін дәлелдеу мақсатымен Л.С.Берг 1903 жылы көлге экспедиция ұйымдастырады және таң қалуға мәжбүр болды. «Балқаш, ол туралы басым ойларға қарамастан тұщы көл. Оны Балқаш көлінің жағасын түгелдей басып өткен топографтар да растайды. Көңіл қоюға тұратын дәлел климаты құрғақ континентальды елде, шөл ортасында орналасқан жауатын атмосфералық жауын-шашын мөлшері жылына 200 мл-ден аспайтын, тұйық тұщы көл, географиялық парадокс болып табылады», деп жазды көргендеріне таң қалған ғалым. Бергтің жеңіл қолымен қазір де көлді осы атаумен атайды. Көлдің кезекті жұмбақтарымен бетпе-бет келген зерттеушілер Бергтің көріпкелдік сөзімен Балқашты «географиялық парадокс» деп атаудан танбайды. Көлдің мұндай жұмбақтары әлі де аз емес.
Әйтсе де, көл тұздарды қайда жасырады? Сарыесік бұғазымен Ұзынарал түбегі арқылы көлдің екі бөлікке бөлінетіні бәрімізге белгілі. Балқашқа негізінен Іле өзенімен келіп түсетін су бағытта — батыстан шығысқа қарай ағады. Көлдің батыс бөлігі ағысты әрі тұщы, себебі барлық тұздарды ағыспен көлдің тұйық әрі тұзды шығыс бөлігіне алып кетеді. Бірақ та, тұздар шөгетін көлдің шығыс бөлігінің аса тұзданбағандығы таң қалдырады.
Сөйтсек, көл тұздан құтылудың бірнеше тәсілін игергенге ұқсайды. Біріншіден, тұздар суда ерімейтін қосылыстар түріндегі тұнбаға отырады: Батыс Балқашта — олар кальциттер, ал Шығыс Балқашта — негізінен доломиттер. Көлді тұздардан тазартуда және оларды ерімейтін қосылыстарға айналыдыруда химиялық процестерден өзге планктон үлкен роль атқарады. Бір қатар тұздарды аса ұсақ су өсімдіктері мен жәндіктер суды сүзгілей отырып жұтады және оларды көл табанына шөктіреді. Оңтүстік жағалаудағы көптеген теңіз қолтықтары мен тайыз шығанақтары көл тартылған кезде одан бөлініп, Балқаштан тұздардың біраз бөлігін сортаңы шағын көлдер түзеді. Олар жылдам құрғайды,су буланып кетеді,ал тұз тұнбағы шөгеді және оны құм басады. Әрине, ұздардың қорытатын және өзінде жинайтын ерекше боилогиялық сүзгілерді – қамыс нуларын еске алмауға болмайды.
Сонымен,еріген тұздарды түптік шөгінділердегі ерімейтін қосылыстарға айналдыратын биотосы. Балқаштың тұщы бөлігінің тіршілігінің негізі болып табылады. Бұл көлді тұздардан тазарту процесінде байқалмайтын бактериялар мен микроскопиялық су өсімдіктерінен балықтар мен құстарға дейінгі Балқашты мекендеушілер түгел атсалысады. Іленің атырауының әрбір текше метр топырағында қазіргі кезде 100 кг шамасында тұз болса, ал ондағы топырақтың 1 метр қабатында көмілген тұздардың мөлшері кемінде 25 млн. тоннаны құрайды! Көл деңгейі төмендеген жағдайда тұз алмасудың осы үйлесе теңдескен жүйесі өте жеңіл бұзылуы мүмкін. Онда тұздардың шөгінділері көлден тыс қалады да,Балқаш өңірінің құтырған желдері оларды жетісу аумағына шашуды бастайды.
Тұзды қайраңдар өздерінің қорқынышты билерін бастайды. Олар қазір де Оңтүстік Балқаш өңірінде сирек емес. Көлдің үнсіз қорғаушыларының шабыуылдаушы тұз патшалығымен күресуге енді шамамыз жетпейді. Балқаштың биотасының тірлік құрамы мыңдаған жылдар барысында қалыптасса, енді экологялық тепе-теңдіктің кез келген бұзылуы апаттық зардаптарға апарып соқтырады. Тұздардың кірісі мен шығысы арасында диспропорция туындайды, көлдің тұщы суды сүйетін мекендеушілерін қырғынға ұрындыратын қарқынды тұздану басталады, Балқаш 20 жылға жетпей құрып кетуі мүмкін !
Балқаштың екінші жұмбағы — ол оның тасындыларды жеңудегі фантастикалық күресу мүмкіншілігі (қабілеті). Жетісу өзендері суының құрамындағы ерімейтін саз бен құмның өте молдылығымен сипатталады. Бір литр судағы тасындылардың шамасы осындай мөлшердегі суда еріген тұздардың көлемін төрт есе асып түседі. Дөрекі арифметикалық есептеулер Балқаш ойысының бар-жоғы 250-300 жылда тасындылар шөгіндісіне толып үлгеретінін көрсетіп отыр.Алайда,көл мыңдаған жылдар тіршілік етуде! Жұмбақ көл тасындыларды қайда ғана жасырады?Ғалымдар Балқаштың өзен атырауларынан қорған жасағанын айтады.Қатты тасындылардың шабуылын тежеп ұстау үшін шекаралық застава ретінде өзендер таулардан түскен соң атырауларында оңдаған және жүздеген тарамдар мен жеңсалаларға бөлініп кетеді; олардың арасында тасындыларды жинақтаушы көлдер пайда болады. Су шыны мөлдірлігіне дейін тазаланады, ал атырау біртіндеп биіктей береді және орнын ауыстырады.
Көлдің тайыздығы және күшті желдер көптеген мүйістер, шығанақтар, аралдар және құмды қайрандар тудырады. Олар көлге регрессиялық фазада Балқаштың деңгейі қатты құлаған кезде көлдің өзін-өзі сақтауына мүмкіндік туғызады. Желдер мен ағыстар көлден тайыс мүйістер мен қолтықтарды бөліп тастайды,көлдің ауданы азаяды, жеке иірімдері бір-бірінен жекеленеді, Балқаштан булануға кеткен шығын қысқарады және регрессия бәсеңдейді. Дана көл өзін-өзі құтқарады.
Көл неліктен Балқаш деп аталынған, (батпақ деген сөз бе)? Бір кездерде көлді атпен кешіп өтуге болғаны туралы әңгімелерді қалай түсіндіруге болады? Сөйтсек, табиғатынан тайыз көл климаттық ырғаққа сәйкес біресе құрғап отырады екен. Әлдеқашан, XVI – ғасырда,«кіші мұздақ кезеңінде» Балқаш толысудың ең жоғарғы сатысында батпақ деп аталуына түсінік береді.
Балқаштың тайыздығы көлдің келесі гидродинамикалық ерекшелігін айқындайды. Еуразияның терең сулы көлдерімен салыстырғанда Балқаштың суы жақсы араласады. Сондықтан дауыл табанынан түптік шөгінділер қабатын көтеретін қуатты желдік ағыстар пайда болады, жағадағы зор құм массаларын су айналымына тоғытады. Өз кезегінде құмдар жағалық үйме жалдар – барқандар,дюндер тұрғызады, ал көлдің батыс бөлігіндегі тайыз көл иірімдерінде,су айналым орындарында, кезбе құмдар пайда болады. Олар аңғал балық аулау кемелерін «аулайды».
Түз алмасу мен тұз шығарудың феноменальды тәсілінен өзге көл зерттеушілерге тағы да бірқатар жұмбақтар ұсынады.Көлден неліктен хемогендік шөгінділердің табылмағанына ғалымдар көп уақыт түсіне алмай жүрді. Терең сулы көлдерде желдік ығу ағысатары өтпейтін түпкі қабаттарда органикалық заттардың ыдырау өнімдері болып табылатын өмір қышқыл газ (көмір тес қос тотығы) үздіксіз жинақталады. Хемогендік шөгінділер су түбінен көтерілген көмірқышқыл газдың ұсақ көпіршіктерімен кездеседі де, олармен химиялық реакцияға түседі және көл табанына шөгетін суда еритін бикарбонаттарға айналады.Ал,суы тайыз Балқашта тұрақты желмен араластыру процесіне байланысты көл табанында көмір қышқыл газы кездеспейді.
Тағы да бір жұмбақ Іле мен Балқаш суындағы органикалық заттардың аздығымен байланысты. Балқаштағы биоценоз тіршілігі тұтасымен көлдің жағасын,тайыз сулы мүйістер мен қолтықтарды қоршаған қамыс нуларында шоғырланған ба деген ой туындайды.Көлдің бұл биологиялық ерекшелігі жазғы ыстықтарда ірі жанды жандырып өтетін күн сәулесінің тік радиациясымен айқындалады. Осыған байланысты Балқашта биоценоздау массасының өсуі болмады, мысалы, жоғары су өсімдіктерінің нулары күшті дауылдарда тұрақты түрде жойылып отырады. Міне, неліктен көгілдір Балқашқа евтрофикация (улану) процесі қауіпті емес екендігі: оны өсімдіктер баспайды және Еуразияның шағын көлдеріндей батпаққа айналмайды.
Мұнымен көл жұмбақтары таусылмақ емес. Оны осы кезге дейін оған жүргізілген кез келген байыпты зерттеулер Балқаштың жаңа таңданарлық ерекшеліктерін ашқаны және ашып жатқаны аздай, олар өз кезегінде жаңа жұмбақтар мен сұрақтардың тұтас тізімін туғызады. Алғашқы болып көл жұмбақтарын шешуге тырысқан экологтар мен геоморфолог ғалымдар еді. Олар, көлдің 35 млн. жылдан астам уақыт тіршілік ететінін анықтады және осы мерзімде тарнсгрессия — табан көтерілу мен регрессия дәл сондай су деңгейінің төмендеуінің бірнеше стадиясын басынан өткізді. Палсоклиматтанушылар мен географтар көлдің деңгейінің шамамен және көлдің келбетінің 1850 жылдық ырғақпен өзгеретінін анықтады.
Өзеннің шөл далада шалқып жатуына Балқаш Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан ақырай ағып шығып, суын көлге құйып жатқан тау өзендеріне қарыздар. Көл солтүстіктегі зор тау аралық ойыста жатыр. Кейбір геологтар өз кезінде диаметрі жүздеген километр болатын осы шұңқыр өте ертеде алып метиориттің соққысынан пайда болды деген тұжырым айтқан болатын. Демек, Балқаштың тегі жерден тыс болғаны ғой?! Тартымды тұжырым? Бірақ, дәлелденуі қиын. Дегенмен де, егер жұмбақ көл ғалымдарға кезекті шарадасын жасыратын болса, ешкім де таңданбас еді.
Балқаш өңірі Қазақстан картасында сары түске – күн мен шөлдің түсіне боялған. Зүбәржаттай көгілдір Балқаш көлі мен Іле өзені атырауының жасыл ұшбұрышы лаулаған қызғылт жиек құрсау. «Шөлде нендей жазық болуы мүмкін? Құмдар, аптап ыстық, елсіз» дер біреу және оның қателесетіні рас. Бұл жерге жасалған қызықты саяхат ғажайып және өзінше ерекше дүниені ашады. Бұл өлкедегі қатал табиғаттың сыртқы кедейлігі мен тапшылығының артында өзіндік көзге ұрмайтын және керемет ғажайып сұлулық жасырынған. Ландшафтардың әртүрлілігі, таңғажайып жартастар, тұранғы тоғайлары,Балқаштың құмдақ жағажайлары бар тып-тыныш мүйістері, шексіз құмдар және сайын дала күмістей жалтылдаған ақ сәулелер толқынданған. Бұл миниатюрадағы Қазақстан. Бұл өлкені апаттан арашалау және сақтау парыз.
Қорытынды.
Қазіргі уақытта өзінде осынша ма кереметтер мен ғажайыптарды өзінің бойына жинаған,дүниедегі «экологиялық парадокстың бірі» болып саналатын Балхаш көліне орасан зор қауіп төніп тұр.Адамның санасыз жүргізген саясатынан Балхаштың экологиялық тепе – теңдігі бұзылып, ол жақын уақыттың өзінде бұрын үлкен теңіз болып,кейін сол адамның ойланбай істелген істерінің нәтижесінде аз – ақ уақыттың ішінде құрып кеткен Арал теңізінің кейпін киіуі мүмкін.Ал бұндай жағдай өріс алса,ол Қазақстан үшін тек қана зардабы көптеген жылдарға созылатын экологиялық апат қана болмайды,ол елдің экономикасын орасан зор көлемде материалды шығын ұшыратады, болашақ ұрпақтың есіндегі өшірілмес қайғы – қасіретке айналады және біздің еліміздің жарқын болашаққа еркін аяқ басуымызға үлкен тежеу болады.
Сол үшін біз бұл Балхаштың экологиялық ақуалы болашақ ұрпақтарымыздың мойына ауыр жүк болып ілінбеуі үшін, мүмкіндігімізше өзіміздің бар қауқарымызды салып,ұлан – ғайыр жеріміздегі бұл бір таңғажайып өлкені сақтап қалуымыз керек. Себебі қазіргі Қазақстан сонау байырғы заманнан бері, ата – бабамыздан келе жатқан,біз үшін тапсырылған аманат екенін ұмытпау керек. Ал,бізге оны болашақ ұрпақ үшін аталарымыз бергендей аман – есен аманат ретінде тапсыру міндет. Соған байланысты үкімет басшыларынан бастап әр қарапайым қазақстандыққа дейін бір күнмен өмір сүрмей,тек өз басының қажеттіліктерін қамтамасыз етумен айналыспай, болашақтың қамында ойластырғаны жөн. Ойланбай жасалған кез – келген қадам әрқашанда қиындыққа ұрындыратынын және оның өзі жайлы күтпеген жерден хабар беретінін есте сақтау керек. Тарихтың сабағы үйрететіндей адамның қолынан ең жақсы келетіні қирату, себебі оған дейін миллиондаған жылдар бойы тұрған табиғаттың кереметтері,адамның әрекетінің кері әсерінен не бәрі жарты ғасырда жоқ болып, жоғалып кетеді.
Балхаштың және өзге де Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу үшін міндетті түрде қолда бар ресурстарды біріктіре отырып,мүмкін болса қажетті мөлшерде қаржыны бөліп және көмекке көптеген дүниежүзілік табиғат қорғаумен айналысатын әртүрлі бірлестіктерді, ұйымдарды тарта отырып, дүние жүзіндегі және көрші елдермен одақтаса,атқарылған жұмыстар үстінен қатал бақылау орнату арқылы, бұл проблемаларды шешуге болады. Балхашты сақтап қалу үшін ең алдымен оның бұрынғы экологиялық тепе – теңдігін қайта орнына келтіру керек. Ол үшін ең алдымен Балхаштың су қорын қалыптастыратын,оған келіп құйатын өзендердің суын ауылшаруашылық қажеттіліктеріне алудың жүйесін реттеу,су ресурстарын ретсіз қолдануды тоқтату, көлдің жағасындағы өнеркәсіп орындарындағы зиянды қалдықтарын сыртқа тастауын реттеу,оларға жаңа технологияларды қолдануды міндеттеу,себебі қазіргі уақытты жаңа технологияларды қолдану арқасында өнеркәсіптердің табиғатқа келтіретін зиянын еселей кемітуге болады, бұл жерлерді мемлекеттің өз тарапынан қамқорлығына алуы керек. Балхаштың тағдырына қазіргі уақытта Қытай мемлекетінің тарапынан үлкен қауіп төніп тұр. Себебі қазіргі Қытайда бұрын соңды болмаған экономикалық жарылыс болып,бұл ел керемет қарқынмен дамып жатыр. Бірақ Қытайдың бұндай қарқынмен дамуы кейбір елдерге қолайсыз жағдай тудыруда. Сол елдердың бірі Қазақстан. Қазір күшті дамып келе жатқан Қытай, өзінің батыс ауданын жаппай,кеңінен игере бастады. Бұрынғы қалалар үлкейіп, жаңа қалалар салына бастады. Өнеркәсіп кеңнен дамып, ауылшаруашылығының дамуыда да бір жерде тоқтап қалған жоқ. Қарамай мұнай кенішін игеру үшін,мол су ресурсы керек деген желеумен Ертіс – Қарамай су каналын салмақшы. Оның жоспарланған ұзындығы 300 километр,ал ені 22 метр. Ал егер ол салынса бүкіл Рессейдің Сібірі мен Қазақстанның Шығысы мен Павлодар облысы су тапшылығын сезінетіні сөзсіз. Егер де Қазақстанның бұл жерлерде екі миллион халқы тұратынын ескерсе,жағдай тіпті нашар болуы мүмкін. Ал жақын уақытта Қытай тарапынан Балхаш көлінің нәрі болып табылатын Іле өзенінің өзінде басталатын бөлігін бөгеп , өзінің батыс аудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатында онда құрылыс жұмыстарын бастау жәйлі мәлімдеме берді. Бұл мәселелердің өзі қазірігі уақытта үлкен дау – дамай туғызуда. Ескертетін бір жәйіт ол, егер де Қытай өз тарапынан Іле өзенін 15%-ін бөгеп онда құрылыс жұмыстарын бастаса және сондай көлемде суды ұстап қалса онда Балхашта сөзсіз жақын уақытта экологиялық апат орын алуы мүмкін. Бұндай апатты болдырмау үшін Қытаймен екіжақты және кеңейтілген келіссөздер жүргізіп ( көбінесе Қытай тарапынан өзге елдердің пікірімен , жағдайымен онша санаса бермейтіні біраз қыңжылтады ),бұл проблеманы тез арада шешу керек.
Бірақ адам баласы бірлесіп істесе шешілмейтін дау – дамай,мүмкін емес іс жоқ. Сол себебті біздің Балхаштың және өзгеде экологиясы нашарлап кеткен жерлердің жарқын болашағына деген үмітіміз мол.
Бұл өлкелерде бұрын көрмеген және ауыз аштырар ғажайыптар өте мол. Бұл орындардың әсемдігі ежелден адам үшін шабыт көзі болатын. Ол дала және шөлдер, өзендер мен көлдер, құстар мен жануарлар туралы ғажайып аңыздар туғызды. Әрбір геологиялық атау осы жерлердің ежелгі поэзиясынан ақпарат береді. Ежелгі адам табиғатқа аялай қарайды білді, ол өзінің жаны барға деген қатынасын сезінді, қазіргі глобалдық экологиялық апат және зілзалалар кезінде қоршаған әлемге деген адамның ойлы қатынасының проблемасы актуальдылыққа ие болды. Қазіргі адамның әрбір қадамы есепті және сақ болғаны жөн. Не үшін қолдан шөлдер жасауымыз керек, егер онсыз да Қазақстанда олар жеткілікті болса?
Қолданылған әдебиеттер.
- «Экологиялық бағдарлама». Алматы. Атамұра. 2004 жыл.
- «Қазақстанның Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта құру негіздері» Жақсыбеков,Әбдіғапшар ,Сейдуллаұлы.
- «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары». Алматы 1991 жыл.
- «Қазақстанның қазіргі экологиясы».Нұрихан Нұрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. Мерей. 2002 жыл.
- «Қазақстанның биосферасы : жер,су,радиоэкологиялық жағдайы». Нұрихан Құрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. 2001 жыл.
- «Экология мен табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. Ғылым. 2004 жыл.
- «Экология Казахстана». Панин Михаил Семенович. Семипалатинск.2005 год.
- «Экология». Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Алматы. Ғылым 2001 жыл.