Баланың мектепке бейімделуі туралы реферат

Жоспар

  1. Алты жасар бала мектепте
  2. Танымдық процестер.
  3. Алты жасар бала — жеке адам.
  4. Алты жасар баланың дүниетанымын көз қарасын қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны және қызметі.

Алты жасқа дейінгілер психикасының басты ерекшелігі — тәңірегіндегілерден ұйрену қасиетін баланың тез қабылдайтьшдығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат кұбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайына, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.

Қазіргі заманғы алты жасар баланын, ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние керінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымеи бірге алты жасар баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердін, әсер күші қандай дейтін. нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс.

АЛТЫ ЖАСАР БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫНЫҢ

ЖЕТІСТІҚ ЖАҚТАРЫ

Алты жасар бала дүниетанымының бастапқы келбеті қандай, жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды бала қалай түсініп саралайды, эстетикалық талғамы қандай дегендерді білу өте маңызды. Бұл үшін алдымен кейбір баланың өзіндік танымынан байқалатын дүние көрінісінің бірнешеуін алып қарастырғанымыз жөн сияқты. Бұл ретте алты жастағылардьщ танымдық процестерінің даму ерекшеліктері арнайы талданатындықтан, типтік көріністер жеке керіністің тасасында қалмауға тиіс.

Ойлауды дамыту. Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе —оның білуге құштарлығы. Баланың білмекке құмарлығы үнемі айналадағы дүниені танып-білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады. Мәселен, ол қандай заттың батып, қандай заттың батпай жүзіп жүретіндігін өздігінен ажырата алады. Оның санасында айналадағы өмір құбылыстары жайында көптеген сұрақтар туады. Ақыл-ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса, сұрақтарды да көбірек қояды және сұрақтары алуан түрлі болып келеді. Алты жасар бала жарық дүниедегі атаулының бәрін: тіпті мұхиттың тереңдігін де, ондағы жануарлардың қалай демалатынын да, Жер шары көлемінің қандай екендігін де, төменде қар еріп кеткен кезде таудағы қардың, ерімеу себебін де білгісі келеді. Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неліктен?» деген сан алуан сұрақтар мазалайды. Ол: білімге жүгінуге, жағдайға, орай өзі білмейтін сұрақтарға қисынды: жауап іздеуге тырысады. Алты жасар бала кейбір мәселелерді шын жағдайға орай шешудің жолдарын қарастырады, ол тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Ол нақты жағдайды болжамдап, оны көз алдына елестетуге әрекет те жасайды. Міндеттерді шешуде осындай ішкі әрекеттер нәтижесінде іске асатын ойлаудың мұндай түрі — көрнекі-бейнелі ойлау деп аталады.

Бейнелі ойлау алты жасар бала ойлауының негізгі түрлері. Бала, әрине, кейбір жағдайларда логикалық ойлауы да мүмкін, бірақ бір ескерер жайт — бала бұл жаста көрнекі құралдардың көмегімен білімді меңгеруге бейім тұрады.

Алты жасар баланың ойлауы белгілі бір проблемалық жағдайлардың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығынан өзіндік ақыл-ой позициясымен (яғни этоцентризммен) ерекшеленеді. Атап айтқанда, бала өз тәжірибесінде заттардың ұзындық, көлем, салмақ, т. б. қасиеттерінің сақталуы туралы мағлұматтарды игере алмайды. Жүйелі білімнің болмауы, ұғымдардың толық қалыптаспауы баланың ойлауында қабылдау логикасының жетекші роль атқаруына әкеп соғады. Нақтырақ айтсақ, баланың су, құм, пластилин және т. б. заттардың белгілі бір көлеміне бірдей дәрежеде баға беруі қиын, өйткені оның көз алдында ыдыстың пішініне немесе жаңадан пайда болатын тұрақты қалыптық пішінге орай піл заттардың көлемі де өзгеріске ұшырап отырады. Бала заттардың әр сәт сайын жаңа бір қырынан өзгеруін өз көзімен көруге мәжбүр боларлық жағдайды бастан кешеді.

Зейінді дамыту. Баланың айналадағы дүниені зерттеп білуге деген танымдық белсенділігі оның зейінің қашан да құмардан шыққанға дейін ұзақ уақыт бойы бақылау объектісіне бағыштайды. Егер алты жасар бала өзі үшін маңызды ойын ойнап отырса, онда ол екі, ал кейде үш сағат бойына алаңсыз ойнай беруі мүмкн. Осылайша ол тіптен ұзақ уақыт бойы тапжылмастан аса зейінімен сурет салып, әлденені құрастырып немесе өзі үшін мәнді бірденені дайындап отыра беруі де ықтимал. Баланың айналысып отырған өз ісіне деген мұндай құмарлығы — зейін қоюдың жемісі. Егер бала қызықтырмайтын немесе өзіне мүлде ұнамайтын, қалай болса солай қарайтын қарекетпен айналысатын болса, қалжырайды, жан-жағына алаңдап, өзін мүлде бақытсыз сезінеді.

Бір нәрсеге бала зейінін шоғырландыруға көмектесуге болады.

Ересек адам өзінің ақыл-кеңесімен жөн сілтеу арқылы бала зейінін шоғырландыра алады. Бұл ретте ол балаға тапсырылған істі орындау қажеттігін ескерте отырып, оны қалай жүзеге асыру жолдарын да үйретеді. Балалар Альбомдарыңызды ашыңыздар. Қолдарыңа қызыл қарындаш алып, мына жерден — жоғарғы сол жақ бұрыштан шеңбер сызыңдар, т. т. деген сияқты). Алты жасар бала қарекетін іске асыру үшін өз бетімен жоспар құра да алады. Бұл орайда ол өзінің не істеу керек екенін, оны қалай жүзеге асырып,

қайсыбір істі қалай жүйелі атқару қажеттігін ауызбен айтып жете алады. Бала зейінін шоғырландыруда жоспар құрудың орны ерекше.

Дегенмен. Алты жасар бала өз мінез-құлқын ырықты түрде билей-алғанмен, оның бойында ықтиярсыз зейін басымдау болады. Балалардың бір сарынды да зауықсыз қарекетке зейін қоюы екіталай. Зейіннің мұндай ерекшелігі қарекетке, ойын нышандарын енгізіп, жұмыс түрін жиі өзгертіп отыруға бірден-бір негіз болып табылады. Алты жастағылар ой міндеттерін шешуге зейін қоюға қабілетті келгенмен, бұл орайда зейіннің қуат-күшін тез сарқып алатындары сөзсіз.

Есту дамыту. Мектепке дейінгі жас — естің жедел дамитын кезеңі. Есті жетекші танымдық процеске таңып жүр. Шынында да, мектеп жасына дейінгі баланың сөзді игеріп алатыны соншалық, ол ана тілінде емін-еркін сөйлей біледі. Баланың есі бала үшін мәнді оқиғалар мен мағлұматтарды тұтып алады да, оны сақтап қалады. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның бүкіл өмірінде ұмытылмас естеліктер қалдырады.

Алты жасар бала бұл кезде ықтиярлы түрде есте сақтайды. Есте сақтау көңілдегідей ойынның шартына айналған кезде немесе баланың әрекетін жүзеге асыратын мәнге ие болған кезде, бала сөзді, өлеңді, сондай-ақ жүйелі іс-әрекетті, т. б. жадына тез тоқып алады. Ол есте сақтау тәсілдерін саналы түрде біртіндеп меңгере бастайды. Еске сақтауға қажетті деген нәрселерді жадында еселеп сақтайды, олардың мән-мағынасын жете түсініп, ұғынуға тырысады. Алайда ықтиярсыз түрде есте сақтау басымырақ мәнге ие. Бұл жерде мәселе баланың өзі айналысатын іске қаншалықты дәрежеде ынта-ықылас білдіре алатындығында.

Қиялды дамыту. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі оқиғаларды тудырып, өзі сол оқиғалар ортасынан ең жақсы қасиеттерімен көріне алады. Ойын үстінде қалыптаса келе қиял іс-әрекеттің басқа да түрлеріне ауысады. Ол, әсіресе, баланың сурет салып, тақпақтар мен ертегілерді ойдан шығарған кездерінде ана-ғұрлым айқын оянады. Бұл жерден біз бала творчествосындағы сан алуандықты байқаймыз: балалардың кейбірі нақты шындықты бейнелеуге тырысса, екінші біреулері қиял-ғажайып кейіпкерлер мен жағдайларды тудыруға құштар.

Салған суреттерінің мазмұн бағытына қарай біз балаларды шартты түрде реалистер мен қиялшылдарға бөле аламыз. Алғашқы топтағы балалар өздері көрген заттар мен табиғат құбылыстарын, адамдардың күнделікті өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелеуге ұмтылса, екіншілері өздерінің тілек, арман-қиялдарын бейнелеуге талпынады. Сондай-ақ қиял-ғажайып, үрей тудыратын, сиқырлы ертегілер әлемі де баланың ынта-ықыласын өзіне аударуы әбден мүмкін. Халық творчествосының жын-шайтан, су тажалы, орман және су перілері, сиқыршы, періштелер мен ертегілік ханшалар, т. б. осы тектес көптеген кейіпкерлері күнделікті өмірдегі адамдар мен қатар, баланың жанын сала істеген жұмысы мен жемісті іс-әрекетінің мазмұнын айқындайды. Әрине, бала салған суреттің мазмұны семья мәдениеті мен өмірдегі және қиялдағы болмысты баланың бағдар тұтуынан жинақталатын рухани, мәдени байлық дәрежесіне байланысты.

Сан алуан оқиғаларды ойдан шығарып, «өлеңдерді» ұйқастырып, қиялынан ертегі туындата отырып, бала өзіне белгілі желілерді, өлеңдердің шумақтарын көбіне өзі де байқамай, өзгермеген күйінде ала салуы да мүмкін. Алайда кейде ол белгілі желілерді әдейі пайдалану арқылы өз кейіпкерлерінің кейбір қасиеттерін әсірелей отырып, жаңа бейне де жасай береді. Тілі мен қиялы жақсы дамыған алты жасар бала қызықты желілерді ойдан шығарып, суырып салып айта береді, мұнысына өзі де іштей сүйсініп, мақтаныш тұтып, басқалардың да өзін қолпаштауын тілейді. Қиялдың үлкендерге қарағанда бала өміріндегі ролі зор, бала қиялға жиі беріледі де, көп жағдайда шындық өмірден ауытқи береді. Илюша деген бала қияльшдағы Ланка деген итті өзімен бірге бір жыл бойы алып жүріп, оны тамақтандырған, әр түрлі бұйрықтар беріп. кәдімгідей серуенге шығарып жүрген. Үйдегілер аяғын немесе қүйрығын басып, кетпесе екен деп шыр — пыр болып жүрген. Итіне аяғын атасы байқамай басып кеткен кезде жылап жіберген. Туыстары Илюшаның психикалық жай-күйі онша болмады деп мазасына дана бастаған. Бірақ Илюша кенеттен кітап оқуға беріліп кеткел де, ит ұмытылып, жайына қалған.

1 — Қиялды үнемі дамытып отыру — балаға айналадағы дүниені тамтып, меңгертудің ең бір сара жолы, аясы тар жеке тәжірибені кеңейтудің бірден-бір әдісі.

АЛТЫ ЖАСАР БАЛА — ЖЕҚЕ АДАМ

Алты жасар баланы жеке адам деп айта аламыз, өйткені ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерінің нормаға сәйкес келу-келмеуін бақылауға қабілетті. Оның бойында өзіне-өзі баға бере алатындай белгілер бар.

Баланың жеке басы әлеуметтік жағдайларға, сондай-ақ баланың өзі үшін қайсыбір әлеуметтік жағдай мен адамгершілік, тағы басқа да қадір-қасиеттердің қаншалықты дәрежеде мәнді боламағандығына байланысты дамиды. Психологияда әлеуметтік жағдайы орынның сыртқы факторы деп, ал баланың сыртқы дүниеге, айналасындағы адамдардың ықпалына қатысты ішкі  позициясын ішкі факторы деп атау қабылданған. Жеке бастың дамуы, үшін осы екі фактордың да маңызы бар. Бұл ретте әр түрлі балаларға ықпал ететін бір түрлі жағдай оларда әр қилы мінез-құлық пен әр түрлі жеке бастық іс-әрекет туғызуы мүмкін екендігін ескеру  грек. Бірыңғай жақсы нәтижеге жету үшін әр баланың бабын жеке — жеке таба білген жөн.

Енді алты жасар баланың жеке басының ең басты сипаттарын: сана — сезімінің құрылымын, мінез-құлық, сезім, ерік-жігерінің ерек-жігерін талдап көрейік. Бұл орайда алты жасар баланың өзіне баға беруінің ерекшеліктерін білген маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Мухина “6 жастығылар мектепте”
  2. Н.М. Балдырев “Мектептеді тәрбие жұмысының метадикасы” Алматы 1887 ж.
  3. Әбденбаев С.Ш. “Тәрбие теориясы мен әдістемесі” Алматы, 2004 ж.
  4. “Бастауыш мектеп” Дәуір Алматы, 1995 ж.
  5. О.С. Богданова, В.И. Петрова “Бастаушы кластардағы тәрбие жұмысының методикасы.