Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Амосфераның табиғи жолмен ластануы, тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне, теңіз тұздарының желменаспанға көтерілуі мен ауадағы су ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Қоршаған ортаға еңген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық зат тектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы зат тектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
— әлемдік көлемде ластайтындар-қай жерде шығарылсада қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы сақталатын шығарынды заттектер.
— аймақтық көлемде ластайтындар- үлкен аймақты ластайтын, бірақта оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегіне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер.
— жергілікті көлемде ластайтындар- атмосферада аз уақыт қана сақталатын заттектер.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әүрлі аурулар қоздыратын актериялар,саңырауқұлақ споралары,кейір өсімдіктердің тозаңдары жатады.Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға болады.Космос шаңы атмосферада жаңған метеориттер қалдықтарынан пайда болады.Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады,60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді.Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10 кішігірім метеорит түседі.Жерді атмсофера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды.Табиғи шаң да Жермен жансасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады.
Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық,олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:
-тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;
-жанар таудың атқылауы;
-орман, дала және шымтезек өрттері;
-теңіз бетінен судың булануы.
Амосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айырқша атап кетуге болады.
Атмосферадғы шаң буды суға айналдырумен қатар,күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.
Амосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары.Мысалы,орта есеппен жанар таулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосферға 30-150 млн.т газ және 30-300 млн.т ұсақ дисперті күл тасталып отырады,тек Пинатубо жанартауы атқылаған кезде атмосфера ауасына 20 млн.т күкірт диоксиді шғарылады.Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік активтілігі жоғары химиялық ластсғыштар-сынап,мышьяк,қорғсын,селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. батыс Сібірде 1915 жылы болған орман өрті 1,5 млн. км. кв ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км-ге жуық аумаққа таралды.
Атмосфералық ластанудың антропогендік көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы т.б жатады. Тек өндірістік кәсіпорнындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал- жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар, энергетикалық шығарындылар, шу, инфродыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультакүлгін, лазерлі сәулелер және т.б. Ауаны ластайтын компонанттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90% -ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды. Техногенді шығарынлылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақта олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер көміртек оксиді, күкірт оксиді, азот оксидтері, әртүрлі ұшпа көмір сутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммияк, хлор, фторлы сутек жатады. Олардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейініне млн. тонналап тас салады, мына кестеде олардың дүниежүзі бойынша мөлшері және Ресейге қатысты мәліметтер келтірілген.
Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері (млн.т) (Т.А. Акимова, А.П.Кузьмин, В.В. Хаскин, 2000)
Заттектер | Дүние жүзі бойынша | Ресей | ||
Тұрақты көздер | Көлік | Тұрақты көздер | Көлік | |
Қатты бөлшектер | 57 | 80 | 6,4 | 3,7 |
Көміртек оксиді | 177 | 200 | 7,6 | 10,1 |
Күкірт оксиді | 99 | 0,7 | 9,2 | — |
Азот оксиді | 68 | 20 | 3,0 | 1,1 |
Көмірсутектері | 4 | 50 | 0,2 | 2,0 |
Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. т құрайды. Бұл көлемге жел эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылау салдарынан ауаға бөлінетін ластағыштар және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.
Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда, ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.
Атмосфераға антропогендік әсер тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Жанама әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипаттамасының өзгеруі жер-атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, жер бетінің жылу сипаттамасына және осыған сәйкес атмосфераға берілетін жылу мөлшеріне, атмосфераға өтетін ылғалдылыққа әсерін тигізеді. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістерден шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстарын, аммиякты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озондарды, сутекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Жалпы зиянды заттектердің шығарындыларында негізгі үлес автокөліктерге келеді, мысалы, Алматыда шамамен 80-90%,Шымкентте-60-65%. Жалпы соңғы жылдары ауаға автокөліктен шығарылатын зиянды заттектердің көлемі 2 млн. тоннадан асып отыр.
Қазіргі кезде атмосфераға қолайсыз физикалық әсер тигізетін факторға дыбыстар жатады. Техниканың дамуына байланысты жылдан-жылға әртүрлі күшті дыбыстар шығаратын көздер көбеюде. Ғалымдардың ғылыми зерреу арқылы алған мәліметтері бойынша естілмейтін теңселісі 20 Гц төменгі дыбыстар да адам денсаулығына қолайсыз әсер етеді екен. Инфрадыбыстар және тағыда басқа жағдайларда пайда болады. Әсіресе транспорттан және өнеркәсіптен пайда болған инфрадыбыс адам организіміне қолайсыз әсер тигізеді. Инфрадыбыс толқындары компрессорлар, турбина, дизель қозғалтқыштары, электровоздар, кондицилнеолік жүйелер, желдеткіштер т.б. үлкен көлемді машина мен механизмдер жұмыс істегенде пайда болады. Мысалы, шулар үйде де, өндіріс мекемелерінде де, көшелерде де мазалайтын болады. Бұл шулар жұмыс істеуге , ойлауға, дем алуға қолайсыз әсер етеді және адамдардың денсаулығына тигізетін зияны мол.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек шу тағы басқа да физикалық ластағыштар адам мен қатар өсімдіктерге де, жануарларға да әр түрлі әсер етеді. Мысалы: реактивтік ұшақтардың шуынан аэродром аймағындағы өсімдік түрлерінің өсіп-өнуі тегжеліп, олардың кейбір түрлері жойылып кеткен жағдайлар да кездеседі.
Американдық музыкант әрі әнші Д.Ретолэк 1969 ж. музыканың өсімдіктерге тигізетін әсерін зерттеген, Бах музыкасының және Индия әндерінің көптеген өсімдіктерге қолайлы әсер тигізетінін ашып көрсеткен. Биомассаларының жоғарлауымен қатар олар музыка шығатын көздерге қарай көлбей өскен. Ал Рок-музыка оларға керісінше қолайсыз әсер тигізген, өсімдіктер жапырақтарының, тамырларының көлемі кішірек, қатты музыкадан қашқандай теріс жаққа қарай қисайып өскен.
Электр магниттік аспаптардың маңындағы ауада оң зарядталған иондар көп болады. Осының әсерінен мидың істеу қабілеті төмендейді, ұйқы келеді, басы айналады, ауырады.Магнит бораны болған да біздің абыржуымыз, ауыратынымыз да осы оң зарядты катиондардың ауада көбеюіне байланысты.Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттегінің саны 2000-ға жуық. Барлық ластағыш заттектер агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Газ тәрізді заттектер атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90 %-ін құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойныша әлемде жыл сайын адамның іс-әрекеті салдарынан атмосфераға 25,5 млрд. т. көміртек оксиді, 190 млн. т. күкірт оксиді ,65 млн. т. азот оксиді. 1,4 млн. т. (хлорфторкөміртек), қорғасынның органикалық қосылыстары, көмірсүтектер, соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын көміпсутектер таралады.
Ластағыштар табиға және антропогендік бірінші реттік және трансформациялық екінші реттік болып бөлінеді. Ластағыштардың көбі табиға жағдайда өте баяу ыдырыайды, ао кейбір улы қосылыстар мүлде залалсыздандырылмайды.
Ластанған аймақтарда адамдардың, әсіресе балалардың ауруы, оның ішінде тыныс алу органдары мен қатар қан аурулары, аллергия , бронх демікпесі, т.б. едәуір көбейеді.
Ауадағы қоспалардың ішінде ең қауіптісі радиоактивті заттектер. Олар жер бетіне жауын немесе қар арқылы, немесе құрғақ түрде атмосферадан түседі. Барынша қарқынды радиоактивті шөгінділер Қазақстан жерінде 1950 жылдардың басы мен соңындағы және 1960 жылдардың басындағы ауада және жер үстінде жүргізілген ядролық сынақтар топтамасынан байқалады.
1986 ж. 25 сәуірде Чернобыль АЭС-тағы апатынан кейін радиоактивті шөгінділердің көптеген жерлерде түскені анықталды. Бұл экологиялық апатта атмосфераға 50 т. шамасында ядролық отын тасталып, ол 1 км-ден 11 км-ге дейін биіктікте желмен тарады. Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 600 мың адам орташа және күшті мөлшердегі сәулеленуге ұшырады, ал апаттан зардап шеккендердің жалпы саны 6 млн. асты.
Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады.
Жер бктіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отырытынына байланысты азон қабатын «қорғаныш қабаты» немесе «озон қалқасы» деп те атайды. 1980 жылдың басында Антарктитадағы ғылыми жұмыстарға негізделген станцияларда жүргізілген зертеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атауды алған, 1987 жылы көктемде Антарктиданың үстіндегі озон тесігі барысынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн. км –ді құрады. 1992 жылы Оңтүстік Америка материгі және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі тіркелді. 1995 жылдың көктемінде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40 пайызға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының үстінде «мини-тесіткер» қалыптасқаны тіркелген. Соңғы кездері озон қабатының бұзылуы яғни озон «тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі эколоиялық мәселенің бір бөлігі.
Жердің озон қабатының тозуы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұыймының мәліметтері бойынша атмосферадағы озон құрылымының 1 пайызға төмендеуі ультракүлгін сәуле мөлгерінің 2 пайызға дейін өсуіне, осыған байланысты адамдардың қатерлі ісік, көз катарактасының және т.б. аурулардың көбеуіне, адамның жүйке жүйесінің әлсіреуіне, жұқпалы ауруларға қарсы екпе тиімділігің төмендеуіне себепші болып отыр.