Жоспар
- Кіріспе:
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы түсінік.
- Негізгі бөлім:
а) Азаматтық құқықтың субъектілері.
б) Жеке және заңды тұлғалар.
в) Азаматтың құқықтық қабілеттілігі.
г) Азаматтың әрекет қабілеттілігі.
д) Банкроттық туралы түсінік.
е) Соттан тыс рәсімдер.
III. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Азаматтық құқық дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Ресубликасы құқығының бір саласы. Азаматтық құқық негіздері, құқық жүйесі салаларының бір түрі. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде, елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикалық бірден –бір негізі, өйткені бұл құқық саласымен реттелетін қатынастардың шеңбері кең. Тауар ақша, қатысущылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады
Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: мәміле; меншік құқығы; міндеттемелі құқық; мұрагерлік құқық; зияткерлік меншік құқығы. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік сот және аралық сот құқықтарды мойындату құқық бұзушылыққа дейінгі болған жағдай, құқықтарды бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу және т.б. негіздерге сәйкес реттейді. Азаматтық құқықтың объектілеріне мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар жатады. Ал азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік – аумақтық бірліктер жатады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік – аумақтық , бөліністер жатады.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары іс — әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға ортақ, ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:
- өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
- мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
- республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер таңдай алады;
- заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
- заңды тұлға құра алады;
- заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
- республикадан тыс жерлерге еркін шығып кен етуге жіне оның аумағына қайта орала алады;
- әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа дазаңмен қорғалатын интелектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
- өз фамилиясы мен өз есімін, сондай ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады;
- басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады;
Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүру қабілеттілігі, ол 18 жастан пайда болады.
Жасы 18 – ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:
–он төрт жасқа толмағандар;
–он төрт жастан он сегіз жасқадейінгілер.
Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар. Алты жасқа дейінгі , жүйке ауруы немесе ақыл есінің кем азаматтар әрекет құбілеттілі жоқ деп танылады. Жартылай әрекет қабілеттілі алты және он төрт дейінгі балаларға тән. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата – аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кімелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата — аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай – ақкүнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы. Азаматтар он сегіз жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады.
Жүйке ауруы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқдеп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материялдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Заңды тұлға құрмай – ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлер: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік. өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай – ақмүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзгеде құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай – ақмүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырылады.
Түрлері:
- ерлі зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі- зайыптылар кәсіпкерлігі;
- шаруа /фермерлік/ шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
- кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асрылатын жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті болып табылады.
Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін ҚазақстанРеспубликасының 1997 ж.19 мамырдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы», 1998 ж. 31 наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңдары және т.б. құқықтық– нормативтік кесімдер реттейді.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңдытұлға деп аталады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарына құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассорциялар, одақтар/.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі олқұрылған кездегі пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңдытұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Бұл мәлімет оның құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін, яғни төмендегілері құрылтайшылар бола алады:
- мүлікті иеленушілер не олар уәкілдік берген органдар мен жақтар;
- заң құжаттарында арнайы көзделген өзге де заңды тұлғалар.
Заңды тұлға өзқызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал заң құжаттарында коммерциялық емес деп көрсетілген заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереженегізінде жұмыс істей алады.
Құрылтай шарты құрылтайшылардың арасында жасалынады, ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адамғана болса, құрылтай шарты жасалынбайды.
Құрылтай шартындағы тараптар (құрылтайшылар):
- заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін;
- меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және қатысу ережелерін;
- құрылтайшылардың арасындағы пайда мен шығынды бөлісудің;
- заңды тұлға қызметін басқарудың;
- құрылтайшылардың ұйымының құрамына кіру мен шығуының шарттарын жіне тәртібін белгілейді. Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.
Заңды тұлға жарғысында: ұйымның түрі, атауы, тұрған жері; басшының өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу тәртібі; ұйымды қайта құру жәнеоның қызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Тағы да бір маңыздымәселе, кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің 28 жұлдызында № 928 қаулысыиен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.
Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан Ресубликасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бірыңғай Мемлекеттік реестерге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары менөкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей – ақ есептік тіркеуге алынады.
Мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар тіркеліп, арыз берген кезден бастап 15 күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
Мемлекеттік қауіпсіздікті, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату істері мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілібір үс — әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лицензияларберу тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17сәуірдегі «Лицензиялау туралы»Жзаң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметінің осы түріне қойылатын талаптарға білітілік деңгейі сай келетін субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді. Лицензиялайтын органның пайдасына төленетін алым мен патент ақысын салық заңдары белгілейді.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болуы мүмкін, олар заңды тұлға құрмайды, тек заңды тұлға мүлкі беріледі және бекітілген ережелердің негізінде жұмыс істейді. Филиал мен өкілдіктердің басшыарын заңды тұлғаның уәкілдік берген органы тағайындайды және оның берген сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаны тарату, қайта қосу жолдарымен жабады. Егер заңды тұлға мемлекеттік болса, оған өкілеттік берген мемлекеттік органдар өз жарлығымен жояды. Сонымен қатар, заңды тұлғалар мүлікті меншіктенушінің талабымен, уәкілетті органның немесе соттың шешімімен банкроттық процедурасын қолдана отырып жабылуы мүмкін(АК 52 бабы).
Банкроттық борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болған дәрменсіздігі. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай – ақ бюджетке және бюджеттен тыс міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын өабілетсіздігі оның дәрменсіздігі деп түсініледі.
Заңды тұлғалардың (қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерденбасқа) банкроттығы туралы істерді Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңымен, олұйымдық – құқықтық нысанына қарамастан, ауылшаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық рәсімдерінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Бұл жағдай банктерге, сақтандыру компанияларына, зейнетақы қорларына да қолданылады.
Жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде шаруа қожалықтарының банкроттығы Азаматтық кодекстің 21 – ші бабымен және арнаулы заңдармен реттеледі. Осыған орай, өзі кәсіпкелік өызметті жүзеге асыруға байланысты немесе берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмайтын жеке кәсіпкер 3 ай ішінде банкрот деп танылуы мүмкін.
Банкроттық :
- борышкердің сотқа өз еркімен жазған өтініші негізінді;
- не борышкердің өз банкроттығы туралы соттан тыс тәртіп бойынша несие берушілердің ресми жариялануы жолымен белгіленеді.
Борышқордың сотқа арыз беруі ықтиярсыз банкроттық туралы істі қозғауға несие берушінің талабы негіз болады. Осы жерде, несие берушілердің борышкерге қоятын талаптарының жиынтығында 150 айлық есептеу көрсеткішінен кем емес болғанда ғана банкроттық туралы істерді сот қарайтынын айта кеткен жөн болар еді.
Несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен банкроттық рәсімдерді атқару жөнінде шешім қабылдау мақсатында несие берушілердің комитеті құрылады.
Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау. Іс борышкердің немесе несие берушінің жазбаша өтініші бойынша өозғалады. Банкроттық туралы іске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
- борышкер;
- несие берушілер;
- еңбек қкілінің ұжымы;
- прокурор;
- борышкер мүлкінің иесі және, т.б.
сот өтінішті алғаннан кейін 5 күнен кешіктірмей іс қозғауы қажет жіне оны соттың қарауына дайындау туралы шешім шығарады.
Істі сотта қарауға дайындау барысында, сот борышкерден несие берушілер мен борышкерлердің толық тізімін, борышкердің дебиторлық және кредиторлықберешегі толық ашып көрсетілген қаржы есептемесін сұратып алады.
Банкроттық туралы іс қозғалғаннан бастап, борышкер мүлкінің иесі, құрылтайшылары, заңды тұлғаның барлық органдары борышкердің мүлкін билеу және т.б. құқықтарынан айырылады.
Сот 5 күн ішінде банкроттық туралы іс қозғалғандығы жөніндегі хабарландыруды орталық әділет органының ресми шығарылатын басылымдарында жариялауға міндетті. Банкроттық туралы іс мына кезеңдерден тұрады:
– істі соттың қарауына дайындау;
- борышкерді сырттай басқаруды енгізу;
- соттың істі нақты қарауы:
а) істі алдын ала дайындау аяқталған соң, бірақ іс қозғалғаннан бастап 45 күннен кешіктірмей, банкроттық туралы іс соттың қарауына тағайындалуы тиіс, ол туралы сот ұйғарым шығарады;
б) соттың қарауы барысында сот оңалту рәсімі туралы өтініш қарайды. өтініш сот банкроттық туралы шешім шығарғанға дейін берілуі мүмкін. Оңалту рәсімі тек заңды тұлғалар – коммерциялық ұйымдар жөнінде ғана қолданылуы мүмкін. Оңалту рәсімінде санация қолданылуы мүмкін. Санация дегеніміз борышкерге басқа адамдардың қаржылай көмегі.
Сот банкроттық туралы істі сот отырысында қарап, мынадай сот актілерінің бірін қабылдай алады:
- борышкерді банкрот деп тану;
- оны банкрот деп танудан бас тарту;
- өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым;
- іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым.
Дәрменсіз борышкеді тарату конкурс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Конкурс жүргізу несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру және банкротты қарыздан басы босдеп жариялау мақсатымен жүзеге асырылады. Конкурстық іс жүргізу мерзімі 12 айдан аспауы керек. Конкурсты басқарушының өтініші бойынша бұл мерзім, ары кеткенде, 3 айға ұзартылуы мүмкін. Қарызды борышкердің мүлкінің есебінен (конкурстық маса) төлеу «Банкроттық туралы» Заңның 75-86 баптарына сәкес жүргізіледі.
Несие берушілермен есеп айырысу аяқталған соң, банкрот атқаруға өойылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезінде ескерілген міндеттемелері менөзге талаптарды орындаудан босатылады.
Таратушының есебін және тарату балансын бекіткен соң, сот борышкерді таратудың аяқталғаны жөнінде ұйғарым шығарады.
Соттан тыс рәсімдер. Соттан тыс рәсімдер борышкерге несие берушілермен келіссөз жүргізу жолымен өзінің банкротқа ұшырауы немесе ерікті таратылуы өзінің қызметін жалғастыруы үшін қарызын бітімгершілік жолмен реттеу туралы ресми түрде хабарлауына мүмкіндік беретін әдіс болып табылады. Бұл рәсімдердің тәртібі мен ережелері борышкер мен несие берушінің арасындағы шарт арқылы айқындалады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылдың 2 мамырындағы заң күші бар «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлығына сәйкес жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп аталады.
Шаруашылық серіктестіктер:
- толық серіктестік;
- сенім серіктестігі;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
- акционерлік қоғам нысандарында құрылуы мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалар (өкілді, атқарушы және сот билігінен басқа) шаруашылық серіктестіктің салымшалары бол алады. Жарғылық капиталды оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды. Ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, оның ішінде интеллектуалдық қызметтің нәтижелері және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық кпиталына салынатын салым бола алады.Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестігі мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі мына төмендегі еселеген айлық есептеу көрсеткіштің мөлшеріне бара – бар сомадан кем болмауы керек:
- толық серіктестік – 25;
- сенім сетіктестік – 50;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік – 100;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – 100;
- акционерлік – 50000.
Шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы – оған қатысушылардың жалпы жиналысы. Серіктестіктің қызметіне күнделікті басшылығын жүзеге асыратын және қатысушылардың жиналысында есеп беретін атқарушы орган құрылады.
Шаруашылық серіктестігі:
- серіктестіктің құрылу мерзімі өткен соң;
- құрылғанда алдына қоылған мақсатына жеткен соң;
- қатысушылардың арасындағы келісім бойынша;
- белгіленген тәртәппен банкрот деп танығанда;
- заңда, құрылтай құжаттарында көрсетілген басқа да жағдайларда өз қызметін тоқтатады.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын /үлестерін/ біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп аталады. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс. өндірістік кооператив қызметінің құқықтық жағдайы Қазақстан Републикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооперативтер туралы» заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттіккәсіпорындарға шаруашылық жүгізу құқығына, оралымды басқару құқығына негізделген /қазыналық/ кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіп орынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде, кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорынның құқылық ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы23 желтоқсандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығымен белгіленеді.
Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және де қызметкерлерінің орташа жылдық саны50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асырады және оларға мемлекет тарапынан қорғау мен қолдау жүзеге асырылады. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы19 мамырдағы Заңымен реттеледі. Мысалы, өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына жылжымайтын мүлікке ақы төлеуден босатылады, мемлекеттік тіркеуден мерзімі мен ақысын, қажетті құжаттар тізбесін қысқарту, жарғылық қор мөлшерін азайту және т.б. қарастырылған.
Соныман, кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа қызметке) сұранымды қанағаттандыру арұылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Азаматтық құқықтың тағы бірден – бір субъектілері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы реттейді. Осы Заңның 2 – ші бабына сәйкес кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдар: әлеуметтік; мәдени; ғылыми; білім беру; қайырымдылық; басқару мқсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарын шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау; дене шынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай – ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін. Олардың қызметтерінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық /одақ/ нысанындағы, заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады;үшіншіден, азамттық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рол атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелігі.
Қолданылған әдебиеттер
- С.Д. Баққұлов «Құқық негіздері». Алматы 2004ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы 2004ж.
- Оспанов Қ.И. «Құқық негіздері». Алматы 2006ж.
- Әшитов З.О., Әшитов Б.З. «Қазақстан Республикасының құқық негіздері». Алматы 2003ж.