Азаматтық – құқықтық қатынастар

Жоспары

  1. Кіріспе бөлімі

Негізгі бөлім

  1. Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері
  2. Азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда болуы негіздері
  3. Азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

 Азаматтармензаңды тұлғалар әртүрлі іс — әрекетжасасукезіндеөзара әртүрлі қоғамдық қатынасқатүседі.Құқықтыққатынас – құқық нормалары менреттелунәтижесінде пайдаболған қоғамдық қатынастың біртүрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеунәтижесінде заңдысипаталып ,азаматтық – құқықтыққатынас пайда болады. Азаматтық құқықтыққатынас – бұлазаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдыққатынас.

Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады.Онда кем дегенде екі тарап болдыжәне олардың әрқайсысы не құқыққанеміндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынастаболса , ондатараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттергетепе – теңие. Азаматтық – құқықтық қатынастар азаматтар өз еркінбілдірмесе де пайда болады . ( Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндайқұқықтық қатынастың пайда болуынқаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар ,құқық пенміндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады ).

Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұныжәне түрлері

 Азаматтық – құқықтыққатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері құрайды .Қоғамдық қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеуді жүзеге асыру кезінде қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік құқықтарменміндеттергеиеболады .Құқықтық қатынастар өзара әрекет,қатысушылардың субъективтік құқтары мен оларға жүктелген міндетттергесәйкес жүзеге асырылады.

Субъективтікқұқықдегеніміз – құқыққаие тұлғаныңзаңмен белгіленген әрекеті болып табылады. Құқыққа иетұлғабелгілі әрекеттердіөзіжүзегеасыруы мүмкін. Азаматтықзаңғабайланысты меншікиесіөзмүлкіниелену ,пайдаланужәнеоғанбилікетуқұқығынаие.Сондықтан ,азаматөзінетиесілімүлікті қалайпайдаланудыөзішешеді . Құқыққа иетұлғабелгілібір әрекеттердіорындаудынемесеорындамаудыекіншітұлғаданталапетугеқұқылы . ҚРАҚ224- бабынасәйкессатыпалушыдансатылғанзаттыберудіталапетугеқұқылы . Бұдан көріп отырғандай ,құқыққа иетұлға белгілібір әрекеттерді екінші тұлғаның орындауын талап етеді , бірақбұл олардың арасындағышарттың негізінде болуғатиіс.

Субъективтікміндетдегеніміз – міндетті тұлғаныңзаңда көрсетілген тиісті әрекеттері болып табылады . МысалыҚРАҚ239-бабы бойынша жеткізіп берушісатып алушыға шартта көрсетілгенөнімді әкеліпберуге міндетті.

Азаматтық – құқықтық міндет дегеніміз – азаматтардың әрекеттері реттейтін амал болып табылады . Ол азаматтыққұқық нормасымен құқыққаие тұлғаның мүдделерінқанағаттандырумақсатында міндетті тұлғаның белгіліәрекеттерді орындауын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 Субъективтік – азаматтық құқық пен азаматтық – құқықміндеттері тікелей азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды . Олар бірлесіп азаматтардың әрекеттерін реттейтін бірден – бірәдіс ретінде,азаматтардың мүдделерінқанағаттандыруды азаматтық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.

 Азаматтық – құқықтыққатынастыңмазмұны меннысан бірімен – бірі тығыз байланысты .Азаматтық – құқықтық қатынастың қатысушыларының субъективтік құқықтар мен міндеттері, оның құқықтықнысанынқұрайды . Бұдан бізмазмұннысансызөмір сүрмейтінін және керісінше,нысанмазмұнсызболмайтынын көріп тұрмыз . Қандай даболмасын мазмұн белгілінысаннантыс өмірсүре алмайды,ал нысан әрдайым белгілімазмұнның нысаны болып табылады .Сол сияқты құқықтар мен міндеттер құқықтық қатынастан тыспайда болмайды , ал құқықтық қатынас , өз кезегінде қатысушыларының құқықтарымен міндеттерінбілдіруге уақытқа дейін өмір сүреді.

Субъективтікқұқық пен оған жауап беретін субъективтік міндеттер субъектілердің мүмкін және тиістіәрекеттерініңсипатына байланысты ажыратылады . Құқыққа ие тұлғада белгілі әрекеттердіөзі жасаумүмкіндігі болған жағдайда ,оған ешкім кедергі жасамау керек ,яғни міндетті тұлға пассивтік жағдайда ,әрекетсіздіктеболды . Егер құқыққа ие тұлғаның құқығыбелгілі бір әрекетті талап ету мүмкіндігінен туса ,міндеттітұлғаныңміндеті сол әрекетті орындау ,яғни оның белсенді әрекетінде.Барлық жағдайдада құқықтарды жүзеге асыру міндеттерді орындау құқықтық қатынаста құқыққа ие субъектінің құқықтық мүдделерін қанағаттандыруға бағытталады.

 Азаматтыққұқықғылымы азаматтық – құқықтыққатынастарды әртүрлі белгілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөледі.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің жалпы бөлімінде ,азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар көрсетілген , яғни азаматтық заңдармен қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктікқатынастар ,сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.

 Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі , өйткені оларзаң құжаттарында өзгеше көзделмеген,не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен өзгеше туындамайды.

 Барлық азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілердің арасындағы құрылымдық байланысқа байланысты салыстырмалы және абсолюттік болып екіге бөлінеді.Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаға нақты анықталғанміндетті тұлғаға қарсы тұрады . Бұл бір немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін . Мысалы,үлесті меншіктің қатысушыларының арасында салыстырмалы құқықтық қатынас пайда болады ,себебі осы құықтыққатынас субъектілік құрамы анықталған . Абсолюттік құқықтыққатынаста құқыққа ие тұлғаға міндетті тұлғалардың анықталмаған саны қарсы тұрады. Мысалы ,авторлық құықтық қатынаста міндетті тұлға ретінде шығарманың айналасындағы барлық тұлғалар танылады.

Азаматтық – құқықтық қатынастарды мұндай топқа бөлудің практикалық маңызы мынада ,құқыққа пе тұлғаның құқығын абсолюттік құқықтық қатынасқа кез келген тұлға бұза алады. Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаның құқықтары осы құқықтық қатынасқа қатысушы нақты түрде анықталған нақты тұлғалардың тарапынан бұзылуы мүмкін.Мысалы,кез келген адамавтордың шығармасын заңсыз пайдаланс,автордың осы шығармаға деген құқығын бұзады.Үлесті меншіктіңқатысушысының айрықша сатып алу құқығын тек қана үлесті меншіктің басқа қатысушысыбұзуы мүмкін . Осыған сәйкес, абсолюттік құқықтық қатынастағы құқыққа ие тұлғаның құқығыкез келген адамның тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғалады , ал салыстырмалы құқықтық қатынастағы құқыққа ие тұлғаның құқығы нақтыанықталған тұлғалардың тарапынан болатын бұзушылықтанқорғалады.

Азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері

Азаматтықзаңдардың нормалары өздігінен азаматтық құқықтық қатынасытарды қалыптастырмайды ,өзгертпейді және тоқтатпайды . Ол үшінқұқық нормаларымен көрсетілген белгілі бір жағдайлардың болуы қажет , оларды азаматтық заңды фактілер деп атаймыз . Заңды фактілер құқық нормалары мен азаматтық – құқық қатынас арасындағы байланыстырушы түйін ретінде жүреді . Заңды фактілерсіз бірден – бір азаматтық – құқықтыққатынас қалыптаспайды өзгермейді және тоқтатылмайды . Мысалы Азаматтық кодекстің29 – тарауында мүліктік жалдауқұқықтық қатынасының пайда болу, өзгеру немесе тоқтау мүмкіншілігі көрсетілген.Бірақ айтылған азаматтық – құқықтық қатынас пайда болуы үшін АК 393бапта көрсетілген шарттың жасалуы қажет . Пайда болған мүлікті жалдау құқықтық қатынасы тараптардың өзара келісімі арқылы сату – сатып алу қатынасына өзгертілуі мүмкін немесе жаға берушінің талабымен мерзімінен бұрынтоқталуымүмкін.

 Заңдыфактілер азаматтық – құқықтық қатынатың негізіндежатыр және олардың пайда болуына ,өзгеруіне және тоқталуына алып келеді, сондықтан оларды азаматтық – құқықтық қатынастың негіздері деп атайды.

Біздің азаматтық заңда азаматтық – құқықтық қатынастың негізгі ретінде әртүрлі заңды фактілер көрсетілген.

Азаматтық құқық пен міндетзаңдарда көзделген негіздерден , сондай – ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әректінен пайдаболады,өйткені оләрекеттеразаматтық – заңдардакөрсетілген.

Осығансәйкес азаматтыққұқықпенміндеттер:

-Заңдардакөзделгеншарттармен өзгеде мәмілелерден, сондай-ақ заңдардакөзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

  • Заңдарға сәйкес азаматтық – құқық қатынасқалыптастыратын туғызатын әкімшілікқұжаттардан;
  • Азаматтық – құқық пен міндеттерді белгілейтін шешімінен;
  • Заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иеленунәтижесінде;
  • Өнер табыстар , өнеркәсіптік үлгілер , ғылым ,әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалды қызметтің өзгеденәтижесінжасау;
  • Басқа тұлғаға зиян келтіру салдарынан сол сияқты басқа тұлға есебінен мүлікті негізгі иелену немесе жинау салдарынан;
  • Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де салдарынан;
  • Заңдарда азаматтық – құқықтық салдардың басталуын байланыстыратын оқиғаларнәтижесіндепайдаболады;

 Бірақбұлармен заңдыфактілер шектелмейді . Азаматтық – құқықтық қатынастар заңда тікелей көрсетілмеген ,бірақ оныңжалпы мәніне қайшы келмейтін басқадазаңды фактілернегізіндепайда болады ,өзгередіжәне тоқтатылады.

 Азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері 

Барлықазаматтық – құқықтықбайланысқакемдегендеекі тұлғақатысады ,ал керісіншежағдайдабұлазаматтық – құқықтық қатынас болмайды.

 Осыазаматтық қатынастыңқатысушыларыноның субъектілерідепатайды.

 Барлыққоғамдыққатынастарсияқты азаматтыққұқықтық қатынастарадамдардыңарасындажүзегеасады . Сондықтаназаматтық – құқықтық қатынастыңсубъектісі ретінде жеке тұлғазаңда азаматтардыатайды . Осы жекетұлғаменбіргеазаматтық – құқықтық қатынастың субъектісі ұйымдар қатысады ,оларды заңды тұлғалардепатаймыз.Тағыда азаматтық – құқықтық қатынастыңерекше субъектісі ретінде мемлекет пен әкімшілік – аймақтықбөліністер қатысады .

Қазақстан Республикасында азаматтық – құқықтық қатынастың қатысушыларының тізбегі. ҚазақстанРеспубликасыАзаматтық Кодексінің 1бабындакөрсетілген ,яғниазаматтық – құқықтықзаңдарменреттелетінқатынастыңқатысушылары азаматтар ,заңды тұлғалар ,мемлекет ,сондай – ақ әкімшілік – аумақтық бөліністерболып табылады.

Азаматтық – құқықтық нормалармен реттелетін қатынастың субъектісі ретінде азаматтармен бірге шетел азаматтарыжәне азаматтығыжоқадамқатысады.

 Азаматтыққұқыққабілеті ол туған кезден басталып ,қайтыс болған соңтоқтатылады . Азаматтуды деп саналған уақыттан бастап ,нәресте азаматтыққұқыққабілетінеие болады.

 Барлық әрекет қабілеттілігі бар азаматтар соныменбірге құқықтық қабілетке деие болады ,бірақ құқыққа ие тұлғалардың бәрінің әрекет қабілеттілігі болуы мүмкінемес.

 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарына да белгіленген шарттарментәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік өзгеде қызметпен айналыу құқығының сақталмауы тиісті шектеудің белгіленген мемелекеттікнемесе өзгеде органның құжатын жарамыз дептануға әкеліп соқтырады.

Азаматтық құқықтық қатынастаазаматтармен қатарзаңды тұлғаларсубъектболып табылады .

Заңдытұлғаазаматтыққұқықтарғаиеболып ,өзқызметіне байланыстыміндеттердіатқараалады . Бірақ ,текқанаазаматтарғана иеленетінқұқықтарғазаңдытұлғалариеболаалмайды . Заңдытұлғалар кейбірқызметтердіжүзегеасыруүшінмемлекеттенарнайырұқсат алуыкерек.

Заңдытұлғалардыңкейбір түрлерініңқұқыққабілеттілігінезаңмен белгіленгеншектеулерболуымүмкін.

Азаматтық – құқықтық қатынасқа азаматтармен заңды тұлғалармен қатармемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністерқатысаалады . Оларазаматтық – құқықтық қатынастың ерекшесубъектісіболып табылады яғниолардың құқық қабілеттілігі болады . Бірақ мемлекеттің құқық қабілеттілігініңөзерекшеліктерібар.Мемелекетбиліктіжүзегеасырады .

Қолданылған әдебиет

Е.Ш.Дүсіпов, О.К.Қағазов. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық (Жалпы бөлім) Алматы 2006 жыл