Аталған мәселенің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң әдебиеттері мен оқулықтарыңда көрсетілгендей, конституцияның нысаны — бұл конституциялық нормалардың жазылуы мен тұжырымдау тәсілі. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.
Біртұтас және жалғыз конституциялык акті болып есептелінетін, мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасының конституцияларын айтсақ та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі реттелінген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.
Егер Конституцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелерді қамтыса, онда оны кодификацияландырылған (сұрыпталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда. айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланбаған деп есептейміз.
Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбуладан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізі, мемлекеттік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктін бөліну қағидаларына сәйкестендіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.
Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда, әдетте, конституцияның күшіне ену тәртібі тағайындалады. Конституцияны өзгерту тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген жағдайда ғана қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.
Ендігі жерде бұл қағидалардың іске асқандығын мысалы ретінде Қазақстан Республикасының Конституцияларынан көруге болады.
Шындығына келетін болсақ Қазақстан өмірінде еліміздің Ата заңы бес peт қабылданған болатын. Ең біріншісі — Қырғыз Кеңестік Социалист Республикасының 1926 жылғы 18 ақпанындағы Констигуциясы. Бірақта Қазақстан заңгер ғалымдар қауымы оны осы күнге шейін елемей келеді. Онын да өзіндік сыры бар. Өйткені, сол кезде біздің еліміз РКФСР-дің қарамағында болатын. Жоғарыда сөз етілгендей 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады. Сондықтан ол республика аймағында іс жүзінде қолданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан біз бұл туралы мәліметгі естен шығармауымыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымымыз үшін өте орасан зор мәні бар екендігін кең сарайымызбен сезінуіміз қажет.
Екінші конституционализм кезеңі — бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ҚКС Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен алғысөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан (қоғамдық құрылыс, мемлекеттік құрылыс; мемлекеттік өкіметтің жоғары органдары; мемлекеттік басқару органдары; мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары; бюджет; сот және прокуратура; азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау жүйелері; елтаңба, ту, астана; конституцияны өзгерту тәртібі)-және 124 баптан тұрады. Осы мәліметтерге көңіл аударып қарасақ, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері тек 9-тарауда ғана берілген. Оның 108-бабынын, 2-бөлігіндегі «Қоғамдық социалистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы болып табылады» деген сөздер жаныңды түршіктіреді. Қанша адам тек қоғамдық меншікке қол сұққаны үшін, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына қарамастан атылды десеңші.
Үшінші — 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясының қабылданып, бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл Негізгі заңның өзекті мәселелері — жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет құрылысының принциптерін, қоғамның, саяси жүйелерінің бөліктерін немесе буындарының мызғымастығын уағыздау, ең бастысы — қоғамдық саяси ұйым ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдандыру.
Констиуцияларды өзгерістер мен түзетулер енгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлуге болады. Қатаң Констиуцияларды сайлаушылар қауымы тікелей референдумда ( Ресей Федериециясында, Қазақстан Републикасында, т.б.) не арнаулы құрылтай жиналыстарында мақұлдап, қабылдайды. Мұнда, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі мүмкін, тек ерекше жағдайларда ғана тиісті өзгерістер күрделі регламенттелінген тәртіппен енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Констиуциясы 91- бабының 1- тармағына сәйкес жоғарыда айтылып кеткендей, Констиуцияға осындай түзетулерді Республикалық референдум не Парламенттің ( егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп тапса ) шешімімен енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата Депуттатары жалпы саннының кемінде төрттен үшініңкөпшілік дауысымен енгізіледі.
Ал енді осыны Парламенттің жәй заңдарымен салыстырып көрелік. Оңдай заңдарды қабылдау немесе оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу Палаталардепутаттары жалпы санының көпшілік даусымен өткізіледі (мысалы 50% +1), егер Конституцияда өзгеше көзделмесе.
Олқы Конституцияларды әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзерістер мен түзетулерді енгізу жай заңдарға тәріздес тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен (50% +1) заң органдары енгізеді. Саяси тәжірибені басшылыққа ала отырып Конституцияларды қабылдау мен бекітудің неғұрлым демократиялық тәсілі құрылтай жиналысы екенін атап айтуға болады.
Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің Конституциясы болап та бөлінеді. Ресей Федерациясының бір ерекшелігі сол, оның барлық Республикаларының өз Конституциясы бар, ал қалған субъектілерконституциялық мәні бар жарғыларға ғана ие ( Ресей Федерациясы Конституциясының 5-бабы).
Құқықтанушылар Конституцияның негізгі заң ретіндегі ерекше белгілерін анықтай келіп мынаған тоқталады. Жоғарыда атап көрсетілгендей тек Конституцияда ғана мемлекеттік және қоғамдықөмірдің негізгі қағидаттары, Қазақстан Республикасының біртұтас демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметгік мемлекет ретінде құрылғандығы, мемлекеттік биліктің заңды түрде нақтыланғандығы белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұратындығын арнайы мемлекеттік орган — Конституциялық Кеңесі қамтамасыз етеді. Осыдан кейін, Конституцияның құқықтық мәртебесін оның құқықтық жүйедегі алатын орнын мыналармен анықтауға болады: 1) конституцияның жоғарлылығымен; 2) оның ең жоғарғы заңдық күшімен; 3) конституция — құқық жүйесінің ядросы, заңдардың юридикалық базасы деп танылуымен;
- конституциясының аса ерекше құқықтық қорғалуымен;
- конституцияны қабылдау, оны қайта қарау, оған түзетулер мен толықтырулар, өзгеде өзгертуді енгізудің айрықша тәртібін белгілеуімен.
Конституцияның жоғарлылығы дегеніміз мемлекет, мемлекеттік биліктің барлық тармақтары еліміздің Ата заңына, құқыққа тәуелді. Сонымен бірге, барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар өздерінің қызмет жағдайларында Конституцияға, оның тұжырымдары мен принциптеріне арқа сүйенулері тиіс. Және де, Конституцияның құдіретті жоғарлылығы Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады, барлық өзге құқықтык актілер соған сәйкестендіріледі.