Біздің ойымызша жергілікті басқару шетелдердің құқықтық институттары ішіндегі, біз қарастырып отырған конституциялық құқықтар жүйесіндегі, ең күрделісі болып табылады. Сондықтан да әр түрлі елдердің конститутциялық институттарының негізгі анықтамаларын, мейлі ол құқық саласы не оқу пәні болғанына қарамастан, белгілі бір құқық жүйесі ретінде қарастыруға боатын болса, ал жергілікті өзін -өзі басқаруды белгілі бір құқықтық институтқа телу қиынның қиыны. Өйткені, жергілікті басқару әр алуан субьектілер (мысал, жергілікті өкілтті және атқарушы органдарының заңды құрлымдары, сол секлді жергілікті өзін -өзі басқару органдарының құрлымдары) тарапынан жүзеге асырылады. Біз жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын біртұтас деп қарағанның өзінде, жергілікті басқару бір жағынан мемлекеттік органдар, екінші жағынан жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатынын куәміз. Сонда бұл екі орган арасына қандай шек қоюға болады?
Әрине, конституциялық құқық саласынан ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де қарай отырып, төмендегідей тұжырымдарға кетуімізге болады:
-өкілетті мемлекеттік органдар арқылы жергілікті маңызға ие істерді басқару деп біз бегілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындарды жергілікті мемлекеттік басқаруды айтамыз.
-жергілікті өзін-өзі басқару деп, өздеріне тән аумақты мемлекттік өкімет міңдетіне кірмейтін, жергілікті маңызға ие мәселелерді заңда көрсетілгендей сайлау тәртібімен өз өкілдктерін пайдалана отырып жүзеге асырушы органдар айтады (әрине, жергілікті мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетілетін естен шығармауымыз керек).
Дегенмен, бұл жергілікті басқару институттары белсенді жұмыс істеулері үшін төмендегі ең қажетті өкілдіктерге ие болулары керек:
-ресми түрде тұрғындардың нақты әкімшілік-аумақтық бірлігі (аумағы) болуы;
-жергілікт маңыздағы істерді белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік (аумақ) шеңберінде өзі басқаруы;
-өзінің жеке атқарушы аппараты;
-өзінің жеке материалдық базасы (соның ішінде муниципальдық меншік түрінде) болуы;
-жергілікті салықтарды белгілеп әрі оны жинауы, сондай-ақбелгіленген тәртіпте нормативтік актілер шығаруы.
Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, жергілікті (немесе муиципальдық) басқарудың шетелдердегі анықтамасын былайша айтуға әбден болады. Бұл жергілікті маңызға ие істері басқаруды сайлау жолымен не болмаса заңда бекітілген басқадай тәртіппен құрылған органдар арқылы басқару болып табылады. Ол-өзіне тиісті әкімшілі-аумақтық бірлік тұрғындарының өкілетті өкілі.
Шетелдердің бірқатарында жергілікті басқару мемлекеттік басқарудың ең маңызды бір бөлшегі болып есептелінеді. Мысалы, АҚШ-та муниципальдық қызметте мемлекеттік қызметінің жалдамалы қызметкерлерінің жалпы санының 50 процентке таяу бар. Ал, ФРГ-да мемлекеттік қызметкерлердің 30 проценті жергілікті басқару органдарына жұмыс істейді.
Оның үстіне, жергілікті басқарудағы сайланбалы органдар көптеген мемлекеттердің (мысалы, Ресей, Индия, Түрікменстан; Испания, Жапония) өкілдік жүйесінің негізгі бөлігі болып саналады.
Жергілікті басқаруды конституциялық құқық шеңберіндегі оқулық пәні ретінде ғана қарап әңгімелік әрі олардың көзге көрініп тұрған жақтарына әсіресе жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың айырмашылықтарына назар аударайық.
Ашығын айтсақ, мемлекеттік әкімшілік – аумақтық құрылымы мемлекеттің өзінің белсенді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтыны құпия да, жаңалық та емес.
Унитарлық мемлекеттерде әкімшілік – аумақтық құрылым мәселелері, сөз жоқ, тек елгілі бір елдің жоғарғы мемлекеттік оргндары құзырында болса, ал федеретивтік елдерде – олардың субьектілері құзырында болады.
Кез келген елдердің әкімшілік – аумақтық құрылымына көз жүгірткенде нақты жайларды көруге болады. Мысалы, Франция аумағы 95 департаментке бөлінеді, Италия – 20 облыстан, Жапония – 47 префектурадан (олардағы тұрғындар саны 500 мыңнан 12 млн. дейін) тұрады. Әрине бұл айтылған елдердің бәрінде де өте майда әкімшілік-аумақтық бірліктер де бар. “Өзбекстан Республикасы – делінген бұл елдің Конституциясының 68-бабында, облыстардан, аудандардан, поселкілерден, қыстақтардан, ауылдардан және сондай-ақ Қарақалпақыстан Республикасынан тұрады”. Қарақалпақыстан Республикасының, облыстарының, қалаларының, аудандарының шекараларын тек Өзбекстан Республикасы Президенті Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілісі келісімімен ғана өзгерте алады.
Ал, Армения Республикасындаәкімшілік – аумақтық бірліктер болып облыстар және қауымдастықтар (қала, қыстақ) табылады.
Молдава Республикасының Конституциясына сәйкес бұл елдің аумағы әкімшілік тұрғыдан аудан, қала және қытақтарға бөлінеді. Заңда көрсетілгендей кейбір қалалар муниципия деп танылуы мүмкін. Көпшілікті басқару өкіметін қыстақтар мен қалалардағы сайланбалы жергілікті кеңестер мен примарлардан тұратын жергілікті автономия жүзеге асырады.
Заңға сәйкес жергілікті кеңестер мен примарлар жеке басқарушы өкімет ретінде әрекет етіп, қыстақтар мен қалалардағы қоғамдық істерді шешеді.
Шетелдердегі жергілікті басқару органдарының міндеттері заң тәртібімен (мысалы, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Молдова Республикасы, Литва, Туркия, Туркменстан және т.б. бірқатар елдерде) шешіледі. Сондықтан бірқатар шетел мемлекеттері заңдары жергілікті басқару орогандары өкілеттігін міндетті және міндетті емес деп те бөлетінін айта кеткеніміз жөн. Мұндағы бірінші топқа жататын мәселелер көбіне, жалпы мемлекеттік маңызға ие болады, ал міндетті емес топқа жергілікті басқару органдарының өз қараулары бойынша жүзеге асырылатын мәселелерге өкілеттіктері айтылады.
Шетелдердің заңдары жергілікті басқару органдарының негізгі қаржылық қайнар көздерін де анықтап береді. Олар негізінен өз табыстарынан, елдің мемлекеттік бюджетінен берілетін дотациядан және тұрғындардан алынатын әр түрлі салықтар мен жинаулардан тұрады. Табыстың негізгі бөлігін қозғалмайтын мүлікке салынатын салықтар құрайтынын ескерте кетеміз.
Жергілікті басқару органдарына үкімет тарапынан берілетін субсидия тәжірибеде өте өте кең тарап отыр. Көп елдерде мұндай жәрдемнің көлемі муниципалитеттің барлық табыстарының 15-тен 60 процентке дейінгі мөлшерін қамтиды.