Көптеген шетелдерде жергілікті басқару сайлау органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады.Әдетте, жергіліктібас0ару органдарын (ЖБО) сайлау реттері заңмен белгіленеді.Әрине, мұндайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және копмандатты округтер құрылады.Ал, Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департаменттердің бас кеңестері екі турда өтетін мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Ал, енді, айталық, Италияда жергілікті басқару органдарының сайланаатын мүшелеріне сайлаушылар міндетті жүктей алмайды.
Мунициппальдық кеңестер әр түрлі мерзімге сайланады. Мысалы, Ұлыбританияда-төрт жылға,Францияда-алты жылға, Италияда – бес жылға, Жапонияда – төрт жылға, т.с.с. сайланады.Беларусь Республикасында жергілікті кеңес депуттары төрт жыл мерзімге сайланады.
Муниципаальдқ кеңестер саны жағынан да әр түрлі.Мысалы,АҚШ-та-5-тен 50-ге,Францияда-9-дан 165-ке дейін, Италияда-15-тен 80-ге дейін,Жапонияда-12-ден 120-ға дейін, Ұлыбританияда -70 адам шамасында.
Муниципальдық кеңестердің негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады.Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі.Мысалы,Франция мен Жапонияда бұл сессиялар жылына 4 реттен кем өткізілмесе,АҚШ-та айына 1-ден4 ретке дейін өткізіледі.
Бұл арада біз (ЖБО) жергілікті басқару органдары бысшыларына кең өкілдік берілетінін айта кеткеніміз жөн.Мысалы, Жапонияда губернатор (префектурада), мэр (қауымдастықта) мол билікке ие болып әрі ел үкіметініңөкілі ретінде саналады. Губернаторлар мен мэрлер тұрғындар тарапынан төрт жылға сайланып, олар муниципальдық аппарттардың басшы шенеуніктерін өздері тағайындап, өздері орнынан алады.
Молдова Республикасында аудандық кеңес ауылдық және қалалық кеңестердің маңызға ие қоғамдық істерін басқаруды үйлестіреді.Жергілікті көпшілік биліктердің ара-қатынасынавтономия принциптеріне негіздеп шешеді әрі жалпы мәселелеріді шешуде ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.
Түркіменстанда әкімдер жер-жерде мемлекет басшысының өкілі есебінде саналып, оларды президент қызметке тағайындап, орнынан алады әрі олар президенке есеп береді.Жергнілікті өзін-өзі басқару жүйесін кеңестер және аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары құрайды. Кеңестер халықтық өкіметтің өкілетті орагны болып табылады, олар азаматтар тарпынан тікелей бес жыл мерзімге сайланады әрі әкімшілік бағыныштылық қатынастарды болмайды.
Армения Республикасы Презденті Премьер-министрдің ұсынысы бойынша облыстарға префектура қызметіне тағайындайда әрі қызметінен босатады. Олар үкіметтің аумақтық саясатын жүзеге асырады, республикалық атқарушы органдардың аумақтық қызметінің атқарылуын үйлестіреді әрі Армения Республикасы заңдарына жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінң сәйкес болуын қадағалайды.
Өзін-өзі басқару органдары қалаларымен мен ауылдардағы қауымдық меншікті иелік ету, қоғам тәртібін сақтауды ұйымдастыру, қауымының өзге де өзіне тиісті мәселелерін шешу үшін үш жылға сайланады: құрамында үштен он бірге дейін адамы бар және қауым басшысы старейшиндер қауымы кеңесін құрады. Қауым жетекшісі өз аппаратын түзеді.
Өзбекстанда облыстар мен Ташкент қаласы әкімінің қызметіне Президент өзі тағайындап, қызметінен босатады әрі өзіне тиісті халық депуттары Кеңестері оны бекітеді.Ал, аудан мен қалалардың әкмдерін өзіне тиісті облыстардың әкмдері қызметке тағайындап, орнынан босатады әрі бұларды да өзіне тиісті халық депуттары Кеңесі бекітеді.Ал, қалалардағы аудан әкімдерін сол өзіне тиісті қала әкімі қызметке тағайындап, орынан босатады,халық депуттары бекітеді.Ал, аудандық маңызға ие қала әкімдерін аудан әкімі халық депуттары Кеңесі бекітумен қызметке тағайындап әрі қызметінен босатады.
Осылайша, біз басқа елдердегі жергілікті басқару қызметінің іс-әрекеті мен ұйымдастырылу жүйесін біршама біліп алдық.Енді, нақтылы бір шетелдердің жергілікті басқару жүйелерімен тереңірек танысуымызға әбден болады.
Әсіресе, АҚШ тәжірибесі оқырманға өте қызық болар деп санаймыз.Ең алдымен бұл елде 50 муниципальдық жүйе, муниципалитеттің алты түрі: графтық, қала, бороу,виллидж,тауналар,тауншиптер бар.Муниципальдық басқару органдары штаттарға тәуелсіз түрде, жергілікті маңызға ие барлық мәселелерді өздері шешуге құқылы. Алайда, муниципальдық басқару органдарының әрбірінде өз жарғысы немесе хартиясы болуы талап етіледі. Хартия бірнеше түрлерді қамтиды.Мысалы, кейбір жағдайларда штаттық өкімет ұсынған, өздері негізін салып бекіткен хартиямен жұмыс істесе, кейде муниципалитет өздері жасаған, тек заң шығарушы штат жиналысы бекітуі үшін ұсынған хартиялар да болады. Муниципалитеттер өте жиі түрде өз хартияларын өздері жасайды. Бірақ, мұндайда, бұл хартиялар жергілікті референдумда бекітлуі тиіс.
Қазіргі кезде АҚШ-та муниципалитет ішіндегі басқаруды ұйымдастырудың үші түрі кездеседі:
1.Комиссиялық;
2.Кеңес-менеджер;
3.Муниципальдық кеңес және мэр.
Комиссиялық. Бірнеше адамнн тұратын басқарудың мұндай түріндегі муниципальдық кеңес мүшелерін тұрғындар 3-5 жыл мерзімге сайланады.Мүшелердің әрбір екі сипатта: жергілікті норма белгілеуші органның – муниципальдық кеңестің мүшесі ретінде және муниципалитеттің негізгі депратамаентінің атқарушы аппаратты жүйесіндегі басшысы ретінде болады.
Бұл қарастырылып отырған жүйеде мэр орны белгіленбеген. Егерде мэр орны белгіленсе,онда ол тек салтанатты қызметті ғана орындайды әрі кеңестер отырысындатөрағалық қана етеді.Шындығына келсек,бұл жүйе тиімді деп табылмайды. Өйткені, ол ең алдымен билікті бөлісу принципін қанағаттандыра алмайды.
Кеңес-менеджер. Мұндай түрі басқарушы-маманды өте жоғары жалақымен қамтамасыз ете алатын муниципалитеттерде ғана пайдаланылады.Бұл жүйе көптеген муниципалиттерде өріс алған.
Муниципальдық Кеңес және мэр. Тұрғындардың Муниципальдық кеңес пен мэр сайлауын жүзеге асыратын нысан Муниципальдық басқаруларда кең таралған.Мэрдің құқықтық мәртебесі сол өзіне тиісті Муниципалитеттің хартиясымен (жарғысымен) белгіленеді.Мэр орнына лайықты кандидатура табылып,ол да өз қызметінде жүктелген міндеттерді жақсы атқара болса, онда басқарудың мұндай түрі жергілікті маңызға ие мәселелерді шешуде өте тиімді,сондай-ақ мэр лауазымы үлкен саяси аренаға (ол конгрессмен, штат губернаторы, президент аппаратындағы мемлекеттік қызметкер, т.б.) шығуға жол ашады.
АҚШ-тың мемлекеттік тәжірибесін сөз ете отырып төмендегі жағдайларды да айта кеткеніміз орынды. Федеральдық өкімет органдарының жергілікті басқаруды ұйымдастыруына қатысты бұл елдің конституциясындабелгілі бір нормалар нақты көрсетілмеген.Алайда, орталық өкімет органдарының жергілікті басқаруда ресми реттеушілік құқығы айтылмағанымен,олардың Муниципалиттерге әсер ету мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Ондай қатынастың негізіне эконкомикалық факторды жатқызуға болады.Олардың қатарында федеральдық займ; Муниципалитет басқа да көздерден алатын федеральдық кепілдік займ; Муниципалитет қызметіне жәрдем ету,т.б. атауға болады.
Муниципалитет пен федеральдық өкімет арасындағы тікелей байланыс дамуының ең бір бетбұрысысын американдықтар 1932 жылдан, яғни, «Ұлы депрессия» деп аталатын кезеңнен бастады деп есептейді. Осы жылы бірінші рет заң қабылданып, барлық мүдделі Муниципалитерге неие қаржы (ссуда) ұсынылып,сонымен бірге заң жобасына лайықтықаржыландыруды іске асыруда қойылатын бірқатар талаптар да бекітілгені айтылады.
Муниципалиттер мен федеральдық өкіметтің «ілінісу» жүйесінде арнайы тағайындалған субсидия –субвенция ерекше маңызды орын алады.
Мұндай субвенцияның шығуына АҚШ Конституциясының 8-бөлімінің 1-бап заңды негіз болды.Онда федеральдық өкіметке көпшілік иелігіне арттыру мақсатында қаржы шығынын шығару құқығы берілген.Алайда, сбвенция беру не бермеу негізінен Муниципалитеттердің мақсаты бағдарлмаларға белсенді қатысуы не қатыспауы сапасына байланысты анықталады.
Испания. Бұл елдің аумағы муниципалитеттерге, провинциялар мен автономиялық бірлестіктерге бөлінген.Өз міндеттерін орындауда бұлардың бәрі де жеке,тәуелсіз құқықтарға ие.
Елде 17 автономиялық бірлестіктер бар. Олардың әрқайсысының өз заң шығарушы жиналысы бар. Онда заңдарды қабыдап, бірлестіктер бюджетін бекітеді әрі өз үкіметінің қызметін бақылайды.Бірлестіктегі атқарушы өкімет үкіметтік кеңеске және оның төрағасына берілген.
Олардың заң шығарушы жиналыс сайлап, король тағайындайды.Үкіет заң шығарушы жиналыс алдында есеп береді (бірлестіктерде басқарудың парламентарлық нысаны белгіленген).
Бірлестіктер қаржы автономиясына бірккен,олар өз кірістерін толтыратын өз қаржы көздеріне ие (мысалы, жеке мүліктен түсетін пайдаға салықтар салу, т.б). Провинция аумағы муниципалиттер тобын біріктіреді. Провинцияны басқаруды тұрғындар тараптарынан сайланған депуттар жүзеге асырады. Орталық Үкімет ішкі істер министірітағайындайтын провинция губернаторына берілген. Муниципалитеттерді басқару халық сайлаған тиісті кеңестерге жүкітеледі. Жергілікті маңызы бар мәселлерді шешуде муниципалиттер бірігуі мүмкін.
Индия. 25 штаттың әр бірі округтарға бөлінеді. Штат губернаторы бірнеше округтарды (әдетте 7-8) басқару үшін комиссиялар тағайындайды. Ол өзінің бақылауындағы округтерді басқару үшін аппарат қызметін ұйымдастырады, әрбір округтер үшін комиссиялардың орынбасарларын губернатор белгілейді. Олар штат үкіметіне тікелей бағынып, округтегі жоғары лауазымды адам саналады. Комиссар орынбасары салық жинауды, армияға адам алуды, несие қаржы беруді,қажетілерге көмек беруді, түрмелерді қарау мен кейбір соттық өкілеттіктерді жүзеге асыруды ұйымдастырады. Округ аумағы сайлау кеңестері бар талук және тексилге бөлінеді, онда сайлау кеңестері болады.
Индия 72 ірі қала округтық бағынудан шығарылған. Оларда муниципальдық корпаорациялар құрылған. Бұл корпарациялар Индиядағы өзін-өзі басқаратын ең ежелгі, ең бір өкілетті және автономдық орган болып саналады.Бұл қалаалрдың тұрғындары 3-5 жылға баскеңесті сайлады. Олардың мүшелері өз құрамы арасынан бір жыл мерзімге мэр және оның орынбасарын сайлайды. Соған қарамастан барлық атқарушы билік штат үкіметі тағайындайтын корпорация комиссары қолын топталған. Әрбір муницпалдық корпаорация қызметінң ең маңызды бағыттарына сай тұрғындар өз алдына комиссия құрады. 10 мыңнан артық тұрғындары бар қалларда олар тарапынан муниципальдық кеңестер сайланады. Демек, жергілікті маңызы бар мәселлерді өздері шешеді (елде 1500 муниципальдық кеңестер бар).
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дәстүрлі органы-қыстық панчаят ауылдық жерлерде құрылады. Бұларға ауыл шаруашылық, денсаулық, тазаллық, көгалдандыру, т.б. салларға байланысты қауымдық мәселеерді шешу үшін конституция бойынша атқарушылық билік берілген. Қазіргі кезде панчаяттар ауыл тұрғындарының жалпы санының 90 проценттен көбін қамтып отыр. Көптеген штаттарды панчаяттар үш тарамнан (звенье) тұрады: төменгі –яғни, самит панчаяттар (бұлар 4414) және жоғарғы – зила паршад (елде бұлар – 274). Мысалы, қыстақтық панчаят үш негізгі органдардан құрылады: қыстақтық жалпы жиналыс, панчаяттың атқарушы комитеті және панчаят соты немесе қыстақтық сот.
Әсіресе, жақын шетелдер тәжірибесін зерттеу өте маңызды. Сондықтан да біз бұлардың арасынан Ресей Федерациясының тәжірибесін ерекше бөліп көрсеткіміз келеді. Ресей заңдары жергілікті өзін-өзі басқаурды дамытуға айрықша көңіл бөледі. Сол себепті де, жергілікті өзін-өзі басқаурға бұл кез келген мәселерді өздері шешіп қана қоймастан, муниципальдық меншіктерін өздері пайдаланып, оны билеуге құқықты. Жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтар референдум,сайлау, тағы басқа да тікелей еріктерін білдіру жолдарымен, сондай-ақ сайланбалы және жергілікті өзін-өзі басқару қалаларда, ауылдық мекен-жайлар мен тағы да басқа аумақтарда өздерінің тарихи және жергілікті дәстүрлері есепке алына отырып жүзеге асырылады. Жергілікті өзін -өзі басқару органдарының құрылымын тұрғындар өздері анықтайды. Жерілікті өзін-өзі басқаруоргандары муниципальдық меншікті өздері басқарады, жергілікті бюджетті құрып, бекітіп әрі орындайды, жергілікті салықтар мен салымдарды белгілейді, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар басқа да мәселелерді шешеді.