Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әртүрлі жол-жоралары бары бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-жораларға тоқталайық:
1) Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) қабылдау.
Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одаққа бірлескен 13 тәуелсіз штатының 12 штатының өкілдігінен небәрі 55 дегегат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарға құрылтай жиналыс сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат қолдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конистуциясы ресми күшіне енген болатын.
1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда короь тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардың үшінші тобы (сословия) ұйымдастырылған құрылтай жиналысында бекітілген- ді. Құрылтай жиналысы мақұлдаған конититуция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді.
Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның обсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парламент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы референдумда бекітілуі қажет.
Төтенше жағдайларда, айталық Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т.б. елдерде, конституцияны қайта қарауға салынатынын ескерте кеткіміз келеді.
Сонымен қатар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті,Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізуі жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасындаярлау үшін конституциялық комиссия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда).
Сонымен қатар кейбір елдерде негізгі заңдарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай қарау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ,халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия РеспубликасыныңНегізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс.