Бұрын, кеңес өкіметі тұсында, жоғары заң оқу орындарында жеке пән ретінде «Буржуазиялық және өркендеп дамыған елдердің мемлекеттік құқығы» және «Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттің құқығы»деп арнайы бөлекоқытылады. Алайда, соңғы жылдардағы тарихи өзгерістер бұл пәндердің, теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да, мәнін жойды.
Біз бұл оқулықта таяу және алыс шетелдердің конституциялық құқықтарын жаңа көзқараспен қарап, тұжырымдар жасаймыз. Өйткені, дамыған өркениетті елдердің конституциялық құқықтарымен қатар ҚР –на ұқсас елдердіңмемлекеттік құрылымдарын білудің де пайдадан басқа зияны жоқ. Оның үстіне, бұл елдермен қарым-қатынастарымыз күн санап арта түсуде,осыған орай олардың конституциялық заңдарын білу елдік зиялылығымызды білдіреді. Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялық құқық тарын өз республикамыздың конституциялық құқығы мен салыстыра қараймыз. Ондағы мақсатымыз-Республикамызда құқықтық-демократиялық мемлекет орнықтыру барысына қажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.
Әрқашан да конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені конституциялық құқық негізгі заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен азаматтың заңды мәртебесін, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақ белгілі бірелдің тұтас құрылысын анықтайды.
Белгілі бір мемлекттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады. Қонституциялық құқықкешенді түрде: адамдар мен адамдар (азаматтар) арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады.
Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп көрсететін әдіс-құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге жол ашады.
Конституциялық құқықтыңинституттары. Белгілі бір мемлекеттің негізгі қоғамдық қарым-қатынасын құрайтын субъектілерісол елдің конституциясы арқылы айқындалады (мысалы, ҚР Конституциясына сәйкес қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне: ҚР-ның азаматтары, Парламент, Үкімет, Президент, т.б. жатады).
Конституциялық құқық нормалары.Бұлең алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субьектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген (жалпыға міндетті) қағида-ережелер.
Конституциялық құқықсубъектілер. Конституциялық құқық субъектілері екі негізгі топқа бөлінеді:
- қоғамның құқықты мүшесі;
- қоғамдық құрылымдар.
Қоғамның құқықты мүшелеріне: азаматтар, шетелдіктер, сайлаушылар, лауазым иелері, депутаттар және т.б. жатады.
Қоғамдық құрылымды тұтасымен алғанда: мемлекет, мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары, ұйымдық-құқықтық сипаттағы әр түрлі азаматтық бірлестіктер, т.б. құрайды.
Шетелдердің конституциялық құқық мынандай оқу жоспарының тәртібімен тығыз байланысты: мемлекетжәне құқық тәртібімен және құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы, ҚР конституциялық құқығы және халықаралық құқық. Осындай басқа да заң тәртібімен байланыс курс пәнінің ерекшелігімен анықталады, оған әртүрлі мемлекеттердің конституциялық құқықтық жүйесі кіреді, ол курста басқада заң тәртібінің түсініктеме аппаратының қолданылуын көздейді. Студенттерге берілген тәртіптің материалдарын тереңдетіп білудің мәні зор, өйткені шетелдердің конституциясының пайда болу тарихы және дамуы, мемлекеттік құқықтық институттар, саяси-құқықтық ой және басқа материалдар, өзге заң тәртібінің пәні болып табылады.
Конституцияны: 1) нысанына; 2) қолдану тәртібіне; 3) өзгерілу әдісіне қарай осындай түрлерге, бөлу қабылданған.
Нысанына қарай Констиуцияның екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар. Жазбалы Конституция – бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт ( мысалы, Финляндияда, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында), бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған. Әдетте, жазбалы конституцияларкіріспеден ( преамбулдан), негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелерінен тұрады.
Жазбалы Констиуция бұл бірыңғай тұтас, американдар бейнелеп айтқанндай, “ қалтаға салуға болатын құжат” . Кейбір жағдайларда Конституция белгілі бір жүиеге келтіріліген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін. Осындай жазбалы Конституцияда – бұл актілер жиынтығынан (Израиль, Сауд Арабиясында) немесе констиуциялық әдет ғұрыпттардың жиынтығынан да құрылуы мүмкін.
Жазбалы емес Констиуция – сирек қолданылатын әр түрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет- ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар. Жазбалы емес Констиуция жазбалы Констиуция сияқты басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын, мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрлымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және т.б. белгілейді, бірақ сол елдердің негізгі актілері депформальді түрде болса да жариаланбаған. Өйткені қазіргі кезде тұтастай жазбалы емес Констиуция ешбір елде жоқ. Тіпті жазбалы емес Констиуцияның классикалық елі деп аталатын Ұлыбританияның өзінде депбірқатар жазбалы актілер бар. Британия Констиуциясының негізі бөлімдері мынадай жазба құжаттардан тұрады:
1) мәртебелік ( статтутық) құқық ( ежелгі актілер және аса маңызды Констиуциялық сипаттағы Парламент заңдары- 1215 ж. еркіндіктің ұлы хартиясы; 1989ж құқықтар туралы Билль; 1911ж. Парламент туралы, 1972ж. Жергілікті басқару жөніндегі актілер т.б. ); 2) жалпы құқық ( сот құқығы, үрдістік ( прецеденттік) құқық); 3) Констиуциялық келісімдер; 4) доктриналық қайнар көздер (ердедегі белгіліғалымдардың ғылыми монографиялық туындылары немесе пікірлері- мысалы Брэктонның 1250ж. Англия заңдары туралы трактаты, 1565ж. Брэкстон, Англия заңдарының комментариясы.