Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қоғамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдің қоғамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, құрылымын, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді.
Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен көптеген коституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а) конституциялық халықтық өкімет принциптерін жариялайды. Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясынң 25-бабында: “Барлық билік халықтан келіп шығады…” делінсе, Италия Республикасының Конституциясының 1-бабында: “Италия- демократиялық республика… Тәуелсіздік тек халыққа тиісті” – дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992 ж.) 7-бабында: “Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық болып табылады”, деп жазылған. Тунис Республикасының Конституциясының (1959 ж.) 3-бабында: “Тәуелсіздік құқық тек тунисхалқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады” – деп жазылған.
б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді. Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол “Құқық Деклорациясы” деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953 ж.) “Жеке және қоғамдық құқықтар мен міндеттер” деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында: “Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері” атты тарау бар.
в) Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді. Мұндай қағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т.б. елдердің конституцияларында бар.
г) Конституция басқару түрлерін орнықтырады (республика немесе монархия). Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967ж.): “Боливия унитарлық республика болып табылады” деп көрсетілсе, Испания конституциясы (1978ж.): “Испан мемлекетінің саяси нысаны – парламенттік монархия болып саналады” – деп жазылған.
д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін (унитарлық немесе федерациялық) орнықтырады. Мысалы, ФРГ, АҚШ, Индия, Мексика федерациялық мемлекеттер болып жарияланған.
е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.
Сонымен көп мәселелерді , әртүрлілігіне қарамастан, конституциялар реттейтіні анықталды.
- Конституцияның жоғары заң күшіне ие болуы және оның негізгі сипаттары.
Конституцияны: 1) нысанына; 2) қолдану тәртібіне; 3) өзгерілу әдісіне қарай осындай түрлерге, бөлу қабылданған.
Нысанына қарай Констиуцияның екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар. Жазбалы Конституция – бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт ( мысалы, Финляндияда, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында), бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған. Әдетте, жазбалы конституцияларкіріспеден ( преамбулдан), негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелерінен тұрады.
- Конституция – шет елдердің конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде.
Конституцияға жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді тану (толық не жартылай) өзіне лайықты заң зардаптарына апарып соғады:
- Конституция бойынша конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылған елдерде (Ресей, Канада, Индия, Өзбекстан, т.б.) конституциялық емес деп танылған заңдар жойылуға жатады.
- Конституция бойынша тікелей конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылмаған елдерде конституциялық емес заңдар автоматты түрде жойылуға жатпайды. Мұны тек парламент, не болмаса нормативтік актіні қабылдаған орган (әлбетте, тек нормативтік акт болса) жүзеге асырады. Алайда, әрдайым конституциялық қадағалау (бақылау) органы наразылық білдірген акт соттар тарапынан қабылданбайды.
Конституциялық қадағалау (бақылау) органдары әртүрлі жолдармен құрылады.
Сөйтіп, Австрияның федеральдық конституциялық сотының мүшелері үкіметтің ұсынысымен президент тарапынан тағайындалады.
- Олардың түрлері: жазылған және жазылмаған, тұрақты және уақытша.
Жазбалы Констиуция бұл бірыңғай тұтас, американдар бейнелеп айтқанндай, “ қалтаға салуға болатын құжат” . Кейбір жағдайларда Конституция белгілі бір жүиеге келтіріліген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін. Осындай жазбалы Конституцияда – бұл актілер жиынтығынан (Израиль, Сауд Арабиясында) немесе констиуциялық әдет ғұрыпттардың жиынтығынан да құрылуы мүмкін.
Жазбалы емес Констиуция – сирек қолданылатын әр түрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет- ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар. Жазбалы емес Констиуция жазбалы Конституция сияқты басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын, мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрлымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және т.б. белгілейді, бірақ сол елдердің негізгі актілері депформальді түрде болса да жариаланбаған. Өйткені қазіргі кезде тұтастай жазбалы емес Констиуция ешбір елде жоқ. Тіпті жазбалы емес Констиуцияның классикалық елі деп аталатын Ұлыбританияның өзінде депбірқатар жазбалы актілер бар. Британия Констиуциясының негізі бөлімдері мынадай жазба құжаттардан тұрады:
1) мәртебелік (статтутық) құқық (ежелгі актілер және аса маңызды Констиуциялық сипаттағы Парламент заңдары- 1215 ж. еркіндіктің ұлы хартиясы; 1989ж құқықтар туралы Билль; 1911ж. Парламент туралы, 1972ж. Жергілікті басқару жөніндегі актілер т.б.); 2) жалпы құқық (сот құқығы, үрдістік (прецеденттік) құқық); 3) Констиуциялық келісімдер; 4) доктриналық қайнар көздер (ертедегі белгіліғалымдардың ғылыми монографиялық туындылары немесе пікірлері- мысалы Брэктонның 1250ж. Англия заңдары туралы трактаты, 1565ж. Брэкстон, Англия заңдарының комментариясы.