Ұрлықтар немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау (алу), ең кең тараған қылмыстарға жатады. Ұрлықтың жиі жасалатын түрлері азаматтардың пәтерлерден, сая-жайлардан гараждарынан ұрлық жасау, жеке заттарды вокзалдар мен поездардан ұрлау, базарларда, дүкендерде, қала көліктерінде, сонымен ақша, аудио-, бейнетехника, алтын заттар, киім, автокөлік, мотоцикл, велосипед, сирегірек — ыдыс-аяқ, тағам заттары (сая-жайларды тонағанда) қылмыстык әрекеттін тікелей заты болып табылады.
Соңғы уақытта астық ұрлау кең етек жайып келеді, сонымен қатар дүкендерден, қоймалардан және материалдық құндылықтарды сақтап, өткізетін басқа да орындардан да ұрлық жасалады.
Ұрлық жасау тәсілдері әр түрлі. Оларды мынадай тәртіпте жүйеленеді:
- Тұрғын жайлардан ұрлық жасау. Олар бұзу, арқылы есікті, терезені т.б.) және бұзусыз (сәйкес құлыпқа сәйкес кілт табу арқылы) жасалады.
- Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау сөмкелерінен зат ұрлау, олардың ішінде сөмкені, қалтаны кесіп ұрлау; мас адамдарды тонау; чемодандарды, сөмкелерді, басқа да заттарды ұрлау жатады.
- Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау. Олардын ішінде тұрғын-жайға кіріп, яғни жәбірленуші мүлік түрғын жайға немесе пәтеріне ұрлықшыны кіргізгенде, және жайға кірмей (мәселен, жолаушы өзінің мүлігін күзетуді өзіне таныс емес тұлғаға тапсырғанда) жасалған ұрлықты атауға болады.
- Көлік ұрлығы.
- Авткөліктен ұрлау.
Бұл жерде жиі кездесетін ұрлық тәсілдері келтірілген. Қылмыскерлер әдеттен тыс тәсілдерді де жиі қолданады.
Пәтерді иелері үйде болмағанда, яғни күндіз тонайда, ал тұрғын жайға кірмей үрлық жасау таңертеңгі, кешкі уакытта және күндіз де жасалады. Қалта тонаушылар ез істерін адамдар көп жиналатын жерлерде (кала көлігінде, дүкендер) жасайды
Ұрлық жасау барысында қалдырған қылмыскерлердің іздері әр түрлі болады және олар үрлықтың түрі мен оларды жасау тәсілдеріне байланысты болады. Мәселен, жайлар мен автокөліктерден үрлык жасағанда көбінесе ұрлыктың материалда іздері қалады (бұзу, құралдарының, қолдың, аяккиімнің іздері). Сенімге кіру аркылы жасалған ұрлыктарда, керісінше, иделды іздер қалады (жәбірленушілер, кейде куәгерлер де қылмыскердің түр-әлпетініңтолык сипаттамасын беріп, әдетте эны таниды). Ал жайға кірмей жеке мүлікті ұрлаған кезде (қалта тонау) із калмайды.
Оларды кейде жедел-іздестіру тәсілдері аркылы ғана аша-ы. Үрлыктың көбін кәмелетке толмағандар және арақ ішетін, :ірткі пайдаланатын адамдар каражаттабу ұшін жасайды.
Сенімге кіріп ұрлыкжасайтын қылмыскерлер, әсіресе калта тонаушылар, әдетте мүкият әзірленген тәсілдерді колданады, сондықтан осы тәсілдер жазасыз калып ондаған қылмыстарды сасауға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін қылмыскерлер ұрлықты сол тәсілдермен қайтадан жасайды.
Ұрлықшылардың жартысынан кебінің білімі ортадан төмен болып келеді. Көбі ұрлық үшін ғана емес, баска да қылмыстар үшін сотталған болады.
Ұрлық қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; үрлык жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлык заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат кімдікі; үрлыкжасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); үрлықты қылмыстык топ жасады ма, егер солай болса — топтың әр мүшесінің кінәлік деңгейі, ұрланған затты өткізу орны уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген себептер мен жағдайлар.