Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш колданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық катынас жасау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің-120 бабы. Бұл кезде жәбірленушінің денсаулығына, ар-ожданына және көбінесе материалдық зиян келтіріледі. Жәбірленушіге қатысты зорлау қылмысы жасар алдында, қылмыс жасаушылар ұру, тұншықтыру, байлап тастау т. б. әдістерді қолданады.
Зорлау кезінде әдетте оқиға орнында, жәбірленушінің денесінде, киімінде, қылмыс болған жерде сонымен қатар қылмыс жасаған адамның денесі мен киімінде көптеген заттай дәлелдемелер, іздер қалады. Барлық кезде оқиға болған жерде іздер қалады, жәбірленуші көп жағдайда қылмыс жасаған адамның сыртқы тұлғасын және оның киімін толығымен суреттеп береді.
Көптеген жағдайда зорлаушылар жәбірленушімен аз-маз таныс болып шығады. Әдетте, зорлаушылар — бұл бұзақылық бейімділігі айқын көрінетін, шектен шыққан арсыздығы көрініл тұратын адамдар. Көбінесе жәбірленуші болатындар — мінезінен жеңілтектік, тәртіпсіздік элементтері анық байқалып, жыныстық қатынасқа оңай берілетін қыз-келіншектер. Жәбірленушілердің басқа топтары — бұл өздерінің пәктігінен зорлау құрбаны болатын әрі тәжірибесіз жас қыздар.
Зорлау туралы іс бойынша төмендегі жағдайларды анықтап алу керек: а) жыныстық қатынас болды ма, егер болса, қашан және қайда;
ә) бүл кезде зорлық көрсетілді ме, егер көрсетілсе, ол нақты қандай түрде көрсетеді;
б) жәбірленуші кім, ол кемтар немесе жүйке ауыруымен ауырмай ма, кәмелеттік жасқа толған ба;
в) зорлаған кім, егер зорлау топпен іске асырылса әрқайсысының кінәлілік дәрежесі мен ролі қандай;
г) зорлаудың салдары қандай, олар ерекше ауыр болып санала ма;
д) зорлықтың нәтижесінде жәбірленушіге жасалған шығынның мөлшері қандай;
е) қылмыстың жасалуына қандай жағдайлар себеп болды.
Қылмыстық істі қозғаудың ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезіндегі жағдайлар мен тергеушінің әрекеті.
Жағдайды ауырлататын нәрселер болмаған кездегі зорлау туралы іс тек жәбірленушінің арызы арқылы қозғалады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 120 — баптың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалу туралы мәселені шешу кезінде мынандай жағдайларды ескеру керек: жәбірленуші өзін зорлаған адамның істеген қылмысы үшін қылмыс жасаған адамды жауапкершілікке тартылуын өтініп арыз жазады да, кейін әр түрлі себептерге байланысты өз дегенінен қайтып, алдыңғы арызын қайтып алады, ал кейде тергеуге белсенді түрде қарсы шығады. Сондықтан жәбірленушіден зорлау туралы арызды қабылдаған кезде түсіндірілетін жағдай: келешекте олар қанша қарсы болса да, қозғалатын іс қысқартылмайтығына арыз иелеріне ескерту керек.
Зорлау ісі бойынша жала жабатын жағдайлар да тәжірибеде аз кездеспейді (өзіне үйлендіру үшін, туысқандарының алдында өз қылығын ақтау үшін т. б). Тергеуші қателік жібермеу үшін, жәбірленушіден мұқият жауап алып, одан алынған мәліметтерді әбден талдаған жөн, ал кейде тексеру керек. Бастапқы тергеу кезеңінде туындалған зорлау туралы істер бойынша екі жағдайды анықтап алған жөн:
І. арыз беруші зорлаушы ретінде өзіне таныс адамды атайды. Мұндай жағдайда мынадай бастапқы тергеу әрекеттерінің жүйесі орындалу керек: жәбірленушіден жауан алу, оны куәландыру, оның киімін қарау, сараптамаға заттай дәлелдеме ретінде алу, оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасын тағайындау, сезіктіні ұстау, жеке тінту, сезіктіні куәландыру, куәлардан жауап алу.
- қылмысты істеген сезіктіні жәбірленуші танымайды, онда сезіктіні іздеу салу қиынға соғады. Мүұндай жағдайда жәбірленушіге қатысты төмендегі шаралар атқарылуы тиіс: жауап алу, куәландыру, киімін қарау, оқиға болған жерді жәбірленушіге сот-медициналық, криминалистикалық сараптамаларын, сонымен қатар заттар мен бүйымдардын криминалистикалық сараптамасын тағайындау. Аталған тергеу әрекеттері қылмыс жасаған адам туралы мүмкіндігінше көп мәліметтер жинақтау үшін керек. Ондағы мақсат — қылмыс жасаған адамды анықтау және оны әшкерелеу.
Бастапқы тергеу әрекеті тактикасының ерекшеліктері. Зорлау ісін тергеудің алғашқы кезеңінде төмендегідей болжаулардың түрлері іске асу керек:
— зорлау жәбірлеушінің арызында көрсетілген бағытта іске асқан;
— зорлау болмаған, жыныстық қатынас өз еркімен болған, арыз иесі өзі түсінбей кателесіп, зорлау болды деп есептейді;
— зорлау болмаған, арыз иесі әдейі біреуте жала жауып отыр;
Осы болжауларды тексеру барысында атқарылатын тергеу әрекетінің бірі — жәбірленушіден жауап алу. Криминалистикалықәдістемеде мынадай ұсыныстар кездеседі: мұндай жауаптарды алуды әйел тергеушілерге немесе жасы жәбірленушіден айтарлықтай үлкен тергеушіге тапсыру көзделеді. Жауап алу кезідде мыналар анықталынуы керек: зорлау қашан болды, қайда болды және ол жерге жәбірленуші қайдан тап болды, оны істеген кім, қылмыстың барлық жағдайларының егжей-тегжейлі көрінісі, егер зорлаушылар бірнешеу болса, олардың әрқайсысының әрекетінің сипаты, жыныстық қатынас орны бар ма, жәбірленуші қарсылық көрсетті ме, егер қарсылық көрсетсе, онда зорлаушының денесінде және киімінде қандай қарсылықтың ізі калды.
Егер, жәбірленуші жауап алу кезінде қиналып жауап берсе, оның себебін анықтау қажет. Оған көптеген себеп болуы мүмкін: ұялу, толқу, зорлаушының немесе оны қоршаған ортаның әсері.
Жәбірленушіні куәландыру оның киімін тексеру зорлау сәттен салыстырмалы түрде аз уақыт өткен жағдайда ғана іске асырылады. Ізі бар киімдер заттай дәлел іретінде алынып, іс аяқталғанша сонда сақталады. Оқиға болған жерді қарау кезінде бұл жерде жәбірленуші мен сезікті адамның болған іздері табылады. Қарауға арнайы маманды, сот дәрігері мен сарапшы-криминалисті және жәбірленушіні араластырған жөн. Адамдар тұратын бөлмені қарағанда тікелей зорлық болған төсекке немесе орынға басты назар аударылу керек. Оқиға орнындағы адам денесінен белінген биологиялық бөлінділерге ерекше көңіл бөлген жөн.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған жағдайда сарапшылардың алдына мынадай сұрақтар қойылады: жәбірленушінің қыздық белгісі бұзылған ба және қашаннан бері, қыздық белгісі жыныстық қатынассыз бұзылуы мүмкін ба, жәбірленуші жақын арада жыныстық қатынаста болған ба, егер болса, қашан, жәбірленушінің кынабында немесе денесінде биологиялық бөлінділер (сперма) бар ма, жәбірленушінің денесіне қандай зақым келтірілген, олардың сипаты, түскен орны, бұл зақымдар зорлықпен болған жыныстық қатынасқа ұқсай ма, жәбірленуші мерез, соз ауруларын жұқтырып алған жоқ па, егер жұқтырса жұқтыру ұзақтығы қандай, жәбірленушіде жүктіліктің белгісі бар ма, егер бар болса жүктіліктң мерзімі қандай.
Егер, сезікті белгілі болса, тергеудің бастапқы кезеңінде оны ұстау, жеке тінту, куәландыру және киімін қарау іске асырылады. Қылмыс жасаған адамды жеке тінту кезіңде табылатын заттай дәлелдемелер: қару, қойын дәптері, ұялы телефондар және жәбірленушінің заттары. Сезікті адамның қойын дәптеріндегі жазуларға ерекше көңіл бөлген жөн, онда ол өзінің құрбандарының есімдерін, мекен-жайын жазып қоюы ықтимал. Ондай жағ-
дай аз емес, жиі кездесіп отырады.
Сезікті адамды куәландыру жэне оның киімін қарауда, жәбірленушіні қарау кезінде табылған іздер қайта табылуы мүмкін. Сезіктіден жауап алу әдетте, ол ұсталған сәтте алынады. Жауапты сезікті мен жәбірленуші арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын біртұтас анықтаудан бастау керек. Сосын жәбірленушінің арызы бойынша сұрақтар қойылады. Сұрақтың одан арғы бағыты сезіктінің берген жауабына байланысты.
Сезіктінің тұрғылықты жерін қарау барысында оның зорлық болған сәттегі киген киімі мен осы іске қатысты т.б., заттар табылуы мүмкін. Оқиғаны кезімен көрген куәлар болса тез арада олардан жауап алу керек. Жәбірленушінің киімінен адам денесінен бөлінетін биологиялық бөлінділер (сперма) ізі табылған жағдайда және оқиға орнынан табылған заттай дәлелдемелерге байланысты сот-медициналық және т. б сараптамалар тағайындалады.
Зорлау ісін тергеудің бастапқы кезеңінде көп жағдайда, криминалистикалық сараптама (көбіне трассологиялық) және заттар мен бұйымдардың криминалистикалық сараптамасы тағайындалады.