Тактикалық операция мен тергеу жағдайының өзара байланысы екі қарсы жаққа да бірдей болуы мүмкін. Алдын ала тергеуді жүргізу үшін тергеу жағдайы жағымды болса, ол тактикалық операцияны жоспарлауға және жүзеге асыруға өз септігін тигізеді. Тергеу жағдай жағымсыз балған жағдайда тактикалық операция оны дұрыс жаққа қарай өзгертуге, тергеуге қарсы бағыттылығын өзгертуге міндетті.
Мәселен, айыпкерлер мен куәгерлер жалған жауап беру туралы өзара сөз байласса, оларды әшкерлеу мақсатында тактикалық операция жүргізіледі.
Сонымен қатар жағымсыз тергеу жағдайы белгілі бір уақыттатактикалық операцияны жүргізуден бас тартуға да әкелуі мүмкін. Мәселен, егер тергеушінің толық ойастырмаған әрекеті сезіктіні алаңдатса, оны және сыбайластарын қылмыс үстінде ұстауға бағытталған операция нәтиже бермейді.
Такткалық операция жүргізу мүмкіндігі оның мақсаттары мен мазмұнын құрайтын тактикалық тәсілдермен,тергеу әрекеттерімен және жедел іздестіру шараларымен сондай-ақ олардың үйлесуінің заңдылығымен және өнегелігімен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыда даулы жағдайды басқару көмегімен шешу қиын болады.
Бұл мәселені шешу үшін тергеуші:кенет шара қолдану (тұтқиылдық)факторын; қарсы тараптардың істері дәлелдемелер туралы, тергеу әрекеттерінің нәтижелері туралы, жедел деректер мен тергеушінің ниеті туралы хабардарсыздығын; алғашқы ақпараттар жеткіліксіз болғанда, бір-біріне қарсы тұлғалардың алдына шешім қабылдау қажеттілігін қою ағдайын; бұрын берілген жалған жауаптарды егжей-тегжейлі қайталау мүмкіндігін қолдану қажет.
Әдеттетактикалық шешімніңмақсаты тергеу жағдайына, әсіресе тергеуге қатысушылардың мінез-құлығына, әсер ету болып табылады. Тергеуші оларға заң нормаларымен көзделген және қажеттілік туған жағдайлар мен шеңберде ғана әсер етуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтардаң жеке және мүліктік құқықтарымен мүдделері заң нормаларына сәйкес шектеле алады және мүліктік зиян негізделуі тиіс.
Күшпен әсер етуге жол берілмейді. Бұл ережені заңды көзделген жағдайда және іс жүргізу келесі мәжбүрлеу шараларын қолданғанда ғана бұзуға болады. Ұстау, қамауға алу, айдап жеткізу, мәжбүрлеп куәландыру және салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу, т.с.с.
Заңды және заңсыз болатын психикалық әсер ету мәселесін шешу оданда күрделі. Ол тұлғаны күштеу болып табылатындықтан қандайда болмасын заңсыз психикалық әсер етуге жол берілмейді. Қорқыту, бопсалап жауап алу және психикалық әсер етудің басқа да түрлері қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларына, оның өнегелік негіздеріне, қарама-қайшы келеді, сондықтан оларды криминалистік арсеналда мүлде қолдануға болмайды. Тергеу тәсілдерін анықтау, оларды заңды және қолдануға болады деп немесе керісінше, заңсыз және адамгершілікке жат деп тану заңды психологиялық әсердің маңызын дұрыс түсінуге байланысты болады.
Психологияда адамға әсер ету деп тиісті қарсы әрекет тудыру мақсаты мен әр түрлі әдістері мен тәсілдері арқылы оған ақпарат беру процесін айтады. Сондықтан, бұл бағытталған адамның өз көзқарасын білдіру және таңдау бостандығын сақтауы психикалық әсер ету заңдылығының негізгі өлшемі болып табылады.