Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы

Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.

Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді, оқиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі обьектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап көреді.

Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерде, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру арқылы, оқиғаның болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндай да қандай іздер алады, олар қай жерде қалу мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін.

1960 жылға дейін процесуалдық заңда мұндай тергеу әрекеті жоқ болатын. Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығып анықтауәдісі тергеу тәжірпбиесінде қолданылатын, оның жауап алудың жалғасы ерекше түрі деп есептейді. Айталық, оқиға болған жерде тергеудің жауап алудан айырмашылығы мынада: оқиға болған жерде тексеру айғақ адамдардың қатысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер оқиға болған жерде қайта тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді қимыл әрекеттермен баяндап көрсетеді.

Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрланғаны үшін жауапқа тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, қылмыс жасаған жерін көрсетуге ықыласын білдірді. Осыған байланысты оқиға болған жерге келгенде А. есікті қалай бұзғанын, құлыпты қайда лақтырғанын, ондағы заттарды қай жерлерден алғанын, пәтер жабдықтарының нақты қай жерде тұрғанын көрсетіп берді.

Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-ақ алдын-ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жататынын не жатпайтынын анықтауға көмектеседі.

Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері.

Куәденде, жәбірленушіденде, жоқ әлде айыпкерден бе, кімнен жауап алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстінде әртүрлі әдістер қолданылады.

Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса, тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын-ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пысықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған қатысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді қай жерге, қандай мақсатта орналастыру қажеттігі айқындалуы қажет.

Әзірлік кезеңінде жедел топтың құрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші және жедел іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ит салатын кинолог, сондай-ақ маман криминалист, сот сарапшысы басқада қажетті мамандар енгізілуі мүмкін, содансоң куәгер адамдар қатыстырылады.

Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге орлардың келісімімен ғана шығару керек. Жауабы тексерілетін адам, тергеу бойынша жүретін жолды өзі анықтап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек.