Жалпы мағынасы бойынша тактика деп белгіленген мақсатқа жету үшін қажет әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.
Криминалистика тарауы ретінде криминалистік тактика мазмұны:
— криминалистік болжау және тергеуді жоспарлау туралы ілімді;
— кейбір тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық тәсілдерін;
— тергеу барысында арнайы білімдер мен мамандар көмегімен пайдалану туралы ұсынымдарды қамтиды.
Бірінші бөлімде тактикалық тәсіл, тактикалық операция, тергеу жағдайы, тактикалық шешім және тактикалық тәуекел сияқты криминалистік категориялардың анықтамалары берілген. Олар криминалистік тактиканың категориялары. Тактикалық тәсіл — оның негізгі түсініктерінің бірі.
Тактикалық тәсілдің заңдылығы мен рұқсат берілгендігі сияқты шарттардан басқа оларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы да маңызы.
Мақсатқа лайықтылық деп керекті күш, уақыт пен құралдарды жұмсауды ескере отырып, керек нәтижеге жету мүмкіншіліктерін негізге ала отырып тәсілді қолданудың тәжірибелік негізділігін айтамыз.
Мақсатқа лайықтылық қағидасының маңызы, заң бойынша кез келген жағдайда қолдануға болатын тәсілдердің ішінен біреуін таңдауында. Демек, заңдылық пен мақсатқа лайықтылық арасында қайшылық болмайды, өйткені заңды нәрсе ғана мақсатқа лайықты.
Зерттеудің методологиялық негізі жүргізілген зерттеулер бойынша алынған нәтижиелер қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріліп, негізделінді.
Қазіргі кезде оның дәйекті қорғалуын күшейтіп, тиімді пайдалануының сақталуын, қамтамасыз ететін қүқықтық қорғау ерекше қажеттілік болып табылады. Құқықты реформалау қажеттігі кенеттен және ҚСРО-ның ыдырауына байланысты пайда бола қалған жоқ. 80-ші жылдардың алдында теоретиктер де, практиктер де 1959-1961 жылдарда қабылданған заңдар қүқықтығы осы заманғы тенденцияларды объективті түрде бейнелей алмады, ең жоғарғы байлық ретінде адамның, қалыптасып келе жатқан қатынастар жүйесіндегі оның орнын, мемлекеттің рөлін жэне адам мен мемлекеттің өзара қатынасының сипатын белгілейтін, қүқықтық мемлекеттегі басым бағыттарын белгілейтін әлемдік үлгілерге жауап бермейді деген ойға келді.
Бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толып жатқан толықтырулар мен өзгертулер қарама-қайшылық өткірлігін белгілі бір деңгейде жамап-жасырғанымен социалистік түсініктегі қүқықтың бағыты мен мазмұнының негіздеріне оған ықпал еткен жоқ.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының сол күйі туралы айта келіп, профессор В.М.Савицкий: «Қылмыстық іс жүргізу кодексін жамап-жасқан одан әрі жетілдіру енді тиімді бола алмады. Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңын жасайтын уақыт келді, онда ҚСРОдағы мен одақтас республикалардың құқықтық шығырмашылық пен қүқық қолдану тәжірибесіндегі барлық бағалы құндылықтар ескерілуі, заңдардың аралас салаларындағы жетістіктер пайдаланылуы, шетел мемлекеттердің іс жүргізу институттары біздің болмысымызға орай түзертіліп пайымдалуы және жүзеге асырылуы тиіс» деп жазған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер бойынша алынған нәтижелер қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріліп, негізделінді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми танымдық әдістер қолданылды.: салыстырмалы түсіндіру; ғылыми талдау; сараптау; сипаттау мұның өзі зерттеліп отырған мәселені сыни объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Қорытындылай келгенде, жұмыстың маңыздылығын ашып, қылмыстық іс жүргізу кодекстің жалпы бөліміндегі теориялық мәселелердің нормаларын және ерекше бөлімінің нормаларының нақты мазмұнның ашудың түпкі мәні олардың әлеуметтік-саяси бағытын анықтау болып табылады. Мұндай бағыттарды анықтау үшін ең алдымен қылмыстық заң нормаларын қабылдаудың қажеттіліктері мен себептерін, қылмысқа қарсы күресте осы қабылданған заңдардың атқаратын қызметі, қылмыстық іс- әрекеттердің қоғамға қауіптілік дэрекесін анықтау, қылмыстық құбылыстардың себептері мен оған жол беретін жағдайлар зерттелінді. Кылмыстық іс жүргізу бірнеше бір-бірімен байланысты сатыландан қүралған. Бұл сатылардың өз мақсаттары мен міндеттері бар. Мен жұмысымда, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысына түсініктеме және мінездеме беруге, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында өткізілетін шаралардың түрін, тәртібін анықтауға арнадым.