Қылмыспен күрес барысында криминалистика ғылымының қылмыс ашуға үлкен маңызы бар. Соның ішінде қылмысты тергеу, ашу және алдын-алу үшін түрлі объектілерді теңдестірудің, іздестірудің және олар туралы мәлімет жинаудың маңызы өте зор. Бұл мәселелерді шешумен ішкі істер органдары жүргізетін криминалистік тіркеу жүйесі айналысады. Криминалистік техниканың бұл саласы әр түрлі қылмыстық істерді ашуға қолданылатын нысандарды ( заттар, іздер, адамдар, мал, өлі денелер т.б) тіркеудің барынша қалыпты, тиімді тәсілдері мен түрлерін көрсетеді.
Криминалистік тіркеу дегеніміз қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін, жедел-іздестіру және қылмыстық құқықтық істерді құқық қорғау органдарында жүргізу барысында түскен объектілер туралы мәліметтерді тіркеу, шоғырландыру және пайдаланудың ғылыми негіздері мен әдістемелік жүйесі.
Криминалистік тіркеу жүйесі әр түрлі есепке алудың түрлерінен тұрады. Әрбір есепке алу түрі белгілі біртектес объектілер тобын қамтиды. Егер, тіркеудің жаңа бір түрі пайда болса есепке алудың да жаңа түрі пайда болады. Яғни, есепке алу бұл біртектес объектілер туралы мәліметтер шоғырланған криминалистік тіркеудің жүйесінің бір бөлігі.
Криминалистік тіркеудің мақсаты — қылмысты ойдағыдай ашуды бірдейлестіруге қажетті деректер мен сұраныс жасайтын органдарды қамтамасыз ету. Есепке алуға (тіркеуге) қажетті объектілер қатарына мыналар жатады:
а) адамдар — оперативтік көзқараспен іздеу салынған, қамалған, ұсталған, қаңғып және қайыр сұрап жүрген, хабарсыз жоғалған тұлғалар; белгісіздер — оқиға болған жерден қашып жүрген қылмыскерлер, кім екені анықталмаған жүйке ауруымен ауырғандар, балалар, тұлғалар және басқалар.
ә) өлген адам денелері — кім екені анықталмағын ерлікпен немесе жай өлген азаматтар.
Металдан жасалған сақтау орнынан ұрланған бағалы заттарды есепке алу.
Есептің бұл түрі металдан жасалған сақтау орындарынан ұрлау, тонау (сейф, шкаф, жәшік) қандай да болмасын бағалы заттарды (сериялық) бірнеше рет қайталанған, рецидивистер мен «гастролерлер» жасаған ұрлықты ашу және тергеу үшін қолданылады. Есеп мемлекеттік, облыстық, қалалақ анықтамалық орталықтар, шұғыл-криминалистикалық басқармалары мен бөлімдерінде «Сейф» автоматтандырылған хабарлама жүйесінің көмегімен жүргізіледі.
Хабар-ошарсыз кеткен, танылмаған мәйіттер, денсаулығы мен жасына байланысты өзі туралы дерек бере алмайтын тұлғалар есебі. Бұл тіркеу (есепке қою) түрі орталықтандырылған-жергілікті формада Қазақстан Республикасы ПМ-нің және қалалық, облыстық ІІБ-нің (анықтамалық) хабарламалық, орталықтарында жүргізіледі.
Іздеу салынған тұлгалардың есебі. Бұл есепке алу Қазақстан Республикасының және шет елдердің құқық қорғау органдарынан тығылып, қашып жүрген адамдарды іздеуді қамтамасыз етеді.
Іздеу салынған автокөліктің есебі. Бұл есепке қою иесі белгісіз, іздестіріліп жатқан көлік құралдары туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау, өңдеу үшін пайдаланылады.
Айырықша тарихи, ғылыми, өнер немесе мәдени бағалы ұрланған және алынған заттардың есебі. Бұл есепке қою мемлекеттік ақпараттық орталықта, әрбір нысанға бөлек бірдейлендірілген карта толтыру арқылы жүргізіледі.
Жалған ақшалар мен бағалы қағаздар картотекасы.
Жалған ақшаның, қазына мен банк билеттерінің жалпылама шығуын, олардың жасалу тәсілдерін және технологиясын анықтау үшін Қазакстан Республикасы ІІМ-нің шұғыл-криминалистикалық басқармасында жалған ақшалардың картотекасы құрылады. Картотека зерттеу жүгізетін ІІБ-нің криминалистік бөлімдерінен түсетін материалдар есебінен құрылады. Ол жалған ақшалардың, банк пен қазына билеттерінің оң және сырт жағының суреттерінен және әр түрлі жалған ақшалардың үлгісінен тұрады. Оларды криминалистік бөлімдер Орталыққа сараптауға немесе зерттеуге үш тәуліктен кешіктірмей жібереді.
Жалған ақша мен бірге олардың оң және сырт жағының суреттері (масштаб: 3:1 — тиындар үшін, 1:1 — банк пен қазна билеттері үшін), сарапты қорытындысының көшірмесі, негізгі сызықтары белгіленген спектрограмма (3:1 масштабта) қоса жіберіледі.
Жалған тиындар мен қағаз ақшалардың фотосуреттері карточкаларға желімделінеді. Карточкаға жалған ақша белгісінің өткізілген немесе табылған жері және уақыты туралы, қылмыс ісінің нөмірі, жалған ақша жасаушы жайлы, сараптау мен картотекадан тексерудің нәтижесі туралы мәліметтер жазылады.
Тиын ақшаның, қазына мен банк билеттерінің жалғандығын немесе дәлдігін анықтау мақсатындағы зерттеулерді әр аймақтағы криминалистік бөлімдер жүргізеді. Ақша белгілері зерттеуге, ішкі істер мекемесі бастығының немесе тергеу орнының хатымен жолданады, онда күмәнді ақшаның табылу жайы көрсетіледі.
Дактилоскопиялық есепке алу.
Ішкі істер мекемелері криминалистік-сараптау бөлімдерінің дактилоскопиялық есептері оқиға орнында қол іздерін қалдырғандарды, бір адамның бірнеше оқиға орнында қол іздерін қалдыру жайын, егер бұрын милиция есебінде тұрса, мәйіттің жеке басын анықтау үшін құрылған.
Дактилоскопиялық есептер ашылмаған қылмыстардың орындарынан тауып алынған қол іздерінің фотосуреттерінің картотекасынан (Ізтека) және ішкі істер мекемелерінің шұғыл-істер мүддесіне қажет адамдардың дактилоскопиялық карталарынан (дактилокартотека) тұрады.
Із картотекаларынық жұмысын ұйымдастыру. Із картотекалары екі бөлімнен құрылады. Бірінші бөлімі қол іздерінің фотосуреттерінен тұрады. Дактилоскопияда қабылданған жіктеу тәртібі бойынша жүйеленген олардың папилляр өрнектерінің түрі мен үлгісі анықталады. Із картотека бойынша дактилокарталарды тексеруді жеңілдету мақсатында осы бөлімде бөлімшелер болуы мүмкін, олар қылмыстың жасалу уақыты, тәсілі және басқа белгілері бойынша құрылады.
Із картотекасының бірінші бөлімі бойынша тексеруге дактилокартотекаға салынған дактилокарталар және шұғыл-істер орындары мен тергеушілер жіберген қылмыста болатын күмәнді адамдардың дактилокарталары жатады.
Із картотекасының екінші бөлімі дөңес ернектерінің түрі мен үлгісі анықталмаған қол мен алақан іздерінің фотосуреттерінен құрылады.
Криминалистикалық видеотека есебі. Қазакстан Республикасы ішкі істер мекемелерінде (дидаржазғыш) аппаратурасын видеотека пайдалану арқылы қылмыскер қатарына жататындардың криминалистік есебі құрылады. Видеотека шұғыл-істер ауқымын қызықтыратын кісінің бейнесін монитор экранының толық көрсетеді, оның аяқ басын, дене және бет қимылын, сөйлеу ерекшелігін тап басып жазып алады.
Видеотеканың қоры бойынша тексеріс тергеушінің немесе шұғыл-істер аппараты бастығының жазбаша нұсқауына сүйеніп жүргізіледі. КСБ-ның маманы тергеуші немесе шұғыл-іс қызметкерімен бірге қылмыс істегі күмәндінің белгілері жайлы жауаптар негізінде қордан жеке адамның бейнетаспаларын іріктеп алады, оларды көрсетуге дайындайды. Бейнефильмдер дыбыссыз көрсетіледі. Қылмыскер дауысының ерекшелігі тыңдаушының есінде қалған жағдайда, бейнежазу дыбыспен қоса көрсетіледі.