Экологиялық қылмыстар жалпы және арнайы негіздер бойынша пайда болады.
Қылмыстың жалпы негізінде – адамдар мен табиғат арасындағы өзара қарым – қатынасынан туындайтын қарама қайшылықтар жатады. Бұл қарама-қайшылықтар: қоршаған ортаны пайдалануда мемлекеттің, қоғамның мүмкіндіктеріне байланысты: табиғи ресурстардың әлеуметтік жағдайы мен оларды алу жолдарына байланысты; табиғатты пайдаланушы және оны қорғаушы ретіндегі жеке субьектілер әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың қоғаммен байланысы және олардың әр түрлі мақсаттары арқылы туындайды.
Экологиялық қылмыстардың пайда болу себебін анықтау үшін, оларға алдымен дұрыс анализ жасау керек.
Қылмыстық істерді қарау, экологиялық қылмыстарды классификациялауға мүмкіндік береді.
а) лауазымды адамдар жасаған қылмыстар.
б) жеке адамдар жасаған қылмыстар.
Бұл қылмыстар қасақана да және абайсызда да жасалуы мүмкін.
Лауазымды экологиялық қылмыстар, қоғамға көп мөлшердегі қауіптілігімен ерекшеленеді.
Бұл қылмыстарды негізінен ұйымдардың тапсырмаларын орындау және әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқару кезінде пайда болады. Дәл осы жағдайда қоғам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасы туралы жедел басқару, ұйымдық құрылымдарды құру, оларды тексеру, техника және ресурстармен қамтамасыз етуфункцияларынжоспарлау іске асырылады.
Жеке өндіріс орындары мен транспорттардың қоршаған орта ластануына баға беретін болсақ, бірінші орында метал өңдеу өндірісін атауғаболады. Оның ластау мөлшері – 40%, ал жылу электростанциясы 30% шамасында, 20% — тін мұнай өңдеу және химиялық өндіріс орындарын құрайды.
Автомобиль транспорттары ауаны ластауда 10-15% қалдықтар шығарса 7-10% тейін қалған өндіріс орындары ластайды.
Заң бұзушылықты жасау көбінесе адамдардың мінезіне байланысты болады. Мысалы: қасақаназаң бұзушылықта адамның мінезі. Эгонст болады, қоғамдық көзқарасы қанағаттандырарлықсыз; ақталмайтын қаталдық өзімшілдік және басқа.
Ал абайсызда адамдар: өзіндік көп ойламайды, заңды сақтамайды, өзін-өзі басқара алмайды және мамандық даярлығы аз, және өзіне өзі сенушіліктен және тағы басқа да жағдайларда болады.
Жеке адамдар жасаған қылмыстарға заңсыз балық аулау, аң аулау, және тағы басқа әрекеттерді жатқызуға болады.
Бұл қылмыстардың тууына, маңызды жоспарлаудың жетіспеушілігі, қажеттілікті қанағаттандырарлықтайзаңдылық жағдайлардың өз дәрежесінде дамымауы өндірістік заттардың қажеттілігінің артуы әсер етеді. Көрсетілген себептермен қоса қылмыстық әрекеттерді өадағалау мен бақылау жағдайының әлсіздігі экологиялық қылмыстар үшін белгіленетін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктердің эффективті орындалмауы, яғни жеке қылмыскерлерде жазаламау және тағы басқа да әсер етеді.
Бұл қылмыстылық субьективті себебіне: экологиялық және заңдылық санамыздың төмендігін, бұл қылмыстың түріне адамдардың жеткілікті көңіл бөлмеуіннемесе заңға қарсы заттарды қолдану арқылы пайда табуды көздеу әрекеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кезде экологиялық қылмыстық кеңесі түрлері де жиі кездесіп жүр. Олар: мұнайды заңсыз өңдеу, ормандарды қырқу, жемістерді дәрілік шөптерді жинау, және тағы басқа.