20.1. Кәмелетке толмағандардыңқылмыстылығының себептерімен динамикасы.
Президентіміздің Қазақстан-2030 бағдарламасында “Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз” деп көрсетілген (яғни) біздің қылмыстық статистиак кәмелетке толмағандардың қылмысының жылдан жылға өсіп отырғандығынкөрсетіп отыр. Қылмыстың алдын алу және оның себептерін анықтау қажет.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің қылмыс жасауына бірден бір себеп нашақорлықпен айналысу. Мысалы анықталған деректер бойынша 1997 жылы жалпы нашақорлықпен айналысқан қылмыскерлер саны 3605 болса оның 1102-і жасөспірімдер.
Яғни (түрлі) жұмыссыздық салдарынан жастар әр түрлі қылмыс жолдарына түседі.
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстылықтың байланысы (2 жақ) Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстылықтың байланысы 2 жақтама кәмелетке толмаған қылмыстылығын жастар арасындағы қылмыстылықтың бір бөлігі деп қарауға болады. Өйткені кішкентай жасөспірімдер үлкендердің іс әрекетін қайталауғаынталанады. Ал үлкендердің қылмыстылығы жас өспірімдердің жасаған қылмыстарының арқасында көбейеді. Ал үлкендер жасаған қылмыстылық жас өспірімдер қылмысына жастардың қылмыс арқылы әсер етеді. Кәмелетке толмаған қылмыстылығы аса қауіпті криминалдық жағдай туғызады. Кәмелетке толмаған жалпы, нашақорлық қылмыстылығы жастар мен үлкендердің пайдақорлық қылмыстылығымен тығыз байланысты.
Ұйымдасқан қылмыстылық және рецедивистер жасөспірімдерді қылмысқа тарта отырып, кәсіпкер қылмыскердің өсуіне әкеп соқтырады.
Кәмелетке толмаған қылмыстарының аумақты таралуының ерекшеліктері.
Зерртеулер бойынша қылмыстың деңгейі, арасында аумақты сипаттайтын көрсеткіштер мен тұрақтылықтар анықталған.
Мысалы, кәмелетке толмаған қылмыс жасаушылардың көп үлесі жалпы орындарда (мысалы жатақхана т.б.) болады. Үлкендер арасында жағдайы төмен отбасының көбеюі, сотталған адамның көп болуы, тәртіп бұзушылармен бұзақылар бұлардыңбарлығы тұрақты қылмыс көздері болып табылады.
Қылмыстың аумақты ерекшелігі бойынша қылмыстың 25-30% үлкен қалаларда жасалады. Қазіргі кезде жұмыссыздықтың салдарынанауылды жерлердеде қылмыс кең көлемде таралып оытр. Жалпы алғанда кәмелетке толмағандардың қылмысының ерлер арасында90-95% жасалады.
Қыздар арасында 5-10% , кәмелетке толмағандардың жасалатын қылмыстар арасындақыздар деңгейі 3-4 есе кем.
Кәмелетке толмағандардың көпшілігі қоғамға қауіпті қылмысты 16 жасқа дайін жасайды.
16-17 жас аралықтарында маскүнемдікпен жасалатын қылмыстар көп жасалады.
Кәмелетке толмаған қылмысының көпшілік себебі:
- Интеллектуалды даму және психофизикалық дамуының бұзылуы. Мысалы: нәрестенің туылмай жатып немесе туылған кезде зақым алуы, және кішкентай күйінде мидан зақым алуы немесе көптеген жұқпалы аурулардың салдары болуы мүмкін.
- Кішкентай кезінде невроаеетологиялық сипаттарның айқындалуы. (Ерекше айқайлау, көп жылау т.б.).
- Маскүнемдікпен ауруы. Физикалық жағдайлардың төмендеуі интеллектуалдық дәрежесінің шектелуі.
20.2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрес жүргізу жалпы қылмыстылықпен күрес жүргізудің барлық бағыттарының ең алдыңғысы болып табылады.
Қылмыс жасаушы тұлғаларға қылмыстық құқықтық шараларды қолдана отырып, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алудың өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғаудың негізгі шарты болып табылады.
Қылмыстың арасындағы кәмелетке толмаған қылмыстылығының үлесін есепке ала отырып қоғам мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қауіпсіздіктіқамтамасыз етуге бұл бағыттың маңызы зор. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрес жүргізу үлкендер арасындағы қылмыстылықтың қоғамға қауіпсіздік дәрежесі мен мөлшерін ажыратып береді. Мысалы: рецедививстердің 50-60% өзінің қылмыстық әрекетін кәмелетке толмаған кезінде бастайды.
Жасөспірімдердің қылмысының күресуі тәжірибесі қылмыстың жазалау әрекетінің толық тіркелмеуі және қылмыстық іс қозғау және тергеліп жатқан қылмыстық істердің жащза мөлшерінің дұрыс белгіленуін қадағалау қажет.
Жалпы ,жастар арасында тәртіп бұзуға қылмыс жасауға қарсы профилактьиканың жұмыс мемлекет орындары мен қоғамдық ұйымдардың еңбек ұжымдары және оқу орындарымен, сондай-ақ бұқарамен бірлесе отырып бұзақылықтың себептерін жоюға, қылмыскерлікті азайтуға оларды барынша әділетті жолмен зор жауапкершлікпен түзетуге бағытталған шаралар ретінде көріну өажет.
Тергеуші әрбір жеке оқиғаға дербес жолмен тексеру жүргізу үшін мына жағдайдыесте ұстауы тиіс.
- Қылмыстың себептері, айыпкердің қоғамға қарсы көзқарастары мен әдеттерін қалыптастыруға ықпал ететін жағдайлар;
- Қылмыс жасауға итермелеген жағдайлар яғни қауіпті әрекет жасауға түрткі болған себептерді.
Құқықтық мемлекет құру – бұл заңды бұзушылықтың себеп-салдарын ашу. Заман талабына жауап берерліктей тәрбиелік және профилактикалық сиаптта көптеген шараларды жүзеге асырудыталап етеді.
Жеткіншектер мен жастар арасындағы қылмысты қандай да бір жағымсыз ағымдармен бейнеленгеннен гөрі онымен күресті тәрбиелік шаралармен, ескерту сипатындағы әрекеттермен жүргізу тиімді болып табылады.