Қылмыстылық пен күрестегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралары

14.1. Қазіргі кезде объективті сипаттары бойынша алдын алудың екі түрі жол тапқан.

  1. Жалпы алдын алу – құқық бұзушылықпен күрес жүргізетін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қылмыстылықтың себептерін, қылмыстылықтың болуы мен қылмыс жасауға итермелейтін шарттарын, сондай-ақ, қылмыстылық нәтижеге жетуді жеңілдететін мән-жайларды білу, зерттеу және жою жолындағы мақсатты қызметімен көрінетін. Мазмұны бойынша он былайша көрсетуге болады:

а) экономикалық шаралар (тіркеу-есеп жүргізу, сақтау, сақталуын бақылауды жақсарту, жоғалтуды азарту, шығынның орнын толтыру және басқа);

б) демографиялық шаралар (көші-қон тәртібін бақылау, әлеуметтік байланыстары нашар адамдардың шоғырлануына жол бермеу);

в) саяси шаралар (қылмыстылық пен күресте жұртшылықтың белсенділігін арттыру). Олар тәрбиелік, мәдени-тәрбие жұмыстары мен және құқықтық оқыту жолымен жүзеге асырылатын идеологиялық шаралар мен тығыз байланыста;

г) ұйымдастыру шаралары (қызметті, басқаруды, ресурстық, ғылыми, ақпараттық-әдістемелік қамтамассыз етюді жетілдірумен байланысты);

д) техникалық шаралар (күзеттік, дабылдық және сол сияқты қондырғыларды орнату мен игеру қосылады);

е) құқықтық шаралар (қару-жарақтарды сақтауға, спирттік ішімдіктерді сатура байланысты және сол сияқты басқа да шектеу сипатындағы нормаларды белгілеу).

14.2. Жеке алдын алу – бұл қоғамға жат пиғылы мен бағыты бар нақты бір адамға қатысты қолданылатын көндіру мен мәжбүрлеу шараларының жиынтығы, сондай-ақ өздерінің мінезқұлқымен қылмыс жасауға бейімі бар адамдарды әшкерелеу және оларға қылмыс жасауының себептері мен шарттарын жою немесе бейтараптандыру мақсатында тәрбиелеу, көмек көрсету, бақылау жүргізу арқылы ескертулік әсер ететін мемлекеттік орган дар мен қоғамның қызметі. Мұндай қызмет пен шараларға мыналар жатады:

а) сенім (фактілерді, нақты дәлелдерді, беделді, қоғамдық пікірді және басқаларды пайдалану);

б) өзін-өзі тәрбиелеу;

в) мәжбүрлеу: тәрбиелік және медициналық сипаттағы шаралар; әкімшілік-құқықтық әсер ету; тәртіптік жауапкершілік; материалдық жауапкершілік; қылмыстық жауаптылық; қоғамдық беті не басу мен айыптау;

г) психологиялық, материалдық және басқа да әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету;

д) шағын ортадағы криминогендік факторларды бейтараптандыру.

14.3. Құқық бұзушылықты алдын алудың реттеушілік және қорғаушылық рөлін айта отырып, оның маңызы, қызметі мен алуан түрлілігін айтпай кетуге болмайды. Олар – бір-бірімен тығыз байланыстағы идеологиялық, тәрбиелік, қорғаушылық, реттеушілік, болжамдық қызметтері.

Реттеуші қызметі – құқықтық нормалар мен немесе басқада жүйелер мен бекітілген әлеуметтік талаптарға сай келетін адамдардың мінез-құлқын қамтамассыз етуге бағытталған алдын алу.

Қорғау қызметі – оның негізгі мағынасы қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік құндылықтарды қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардан қорғау.

Тәрбиелік қызмет – құқық бұзушылықтың содан алу негізінен оның жүзеге асырылуына саяды, өйткені ол адамды мәжбүрлемейді, керісінше көндіруге, сендіруге ұмтылады. Яғни, қылмыс жасамас үшін әуелі жазаламайды, дұрыс жолға түсіретіндей тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Идеологиялық қызмет – оның мағынасы алдын алу шараларының жалпы идеялық бағыттылығын, олардың мазмұнының идеологиялық негізділігін, жолдарды дұрыс көрсетуін, ескерту жұмыстарының құралдары мен әдістерін қамтамассыз ете білуде.

Болжамдық қызметті жүзеге асыру құқық бұзушылықтың алдын алу теориясы мен практикасын болжамдық ақпараттармен толықтырып байыта түседі, тиісті, әсіресе, ұзақ мерзімді жоспарларды жасай отырып, алдын алу қызметінің перспективалық жоспарын анықтауға жағдай туғызады. Бұл қызмет алдын алудың ағымды және алдағы міндеттерін біріктіріп, олардың ғылыми болжам негізінде нәтижелі орындалуына мүмкіндік жасайды.