10.1. Қылмыскер тұлғасын зерттеудіңі түбегейлі мәселелерінің бірі оның әлеуметтік және биологиялық байланыстары болып табылады. Оның айтарлықтай тәжірибелік, иделогиялық мәні бар және ол қылмыстылықтың себептерін түсіндіру мен оның күреспен негізгі бағыттарын анықтауға елеулі әсер етеді. Биологиялық факторларды бағалау криминологиялық теорияның біраз тұстарын қамтиды. Осы айтылып отырған проблеманың маңыздылығын баса айтқанымыз жөн, өйткені криминологияда биологиялық детерминанттар әлеуметтік детерминанттар сияқты рөл атқарады деген негізсіз тұжырымдаржиі айтылып жүр.
Адамзат қоғамының ұзақ уақыт даму үрдісінде криминологиядағы әлеуметтік және биологиялық байланыстар әлеуметтік белгілердәің айтарлықтай маңызының пайдасына өзгерді деп айтуға болады.
Жекелеген адамзат тіршілігінің даму (онтогенез) “жабулы” күінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (філогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процес інде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады.
Адамның рухани маңыздылығының негізін қоғамға пайдалы еңбек құрайды, ал тұлға болса жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласқан жағдайда ғана даму мүмкін. Адамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік сипаты –оның ерекше қасиеті.
Криминология, қылмыстылық, сондай-ақ, нақты қылмыстар кез келген қоғамда әлеуметтік сипатқа ие болады, әлеуметтік негізделген деп пайымдайды. Бұл –биологиялық факторларды мүлдем жоққа шығару деген сөз емес, алайда ол қылмыстылық себептеріне емес, қылмыстылық мінез-құлыққа жағдай туғызушы сипатқаие болуы мүмкін.
Кейбір ғалымдар биологиялық факторлардың өзіде қылмыстық мінез-құлыққа итермелейді деген ұйғарым айтады. Расында мұндай мінез-құлыққа бейімділік биологиялық түрде жоққа шығарылмайды, ол тұқым қуалаушылыққа да ұрынуы мүмкін.
Осы айтылғандардың маңыздылығы қазіргі жағдайда жалпы психологиялық шиеленістермен сипатталатын әрекеттермен, ашу ызаға салынушылықтармен, психиканың шектен шығып кетушілік көріністері мен дәлелденіп те отырғаны шындық.
Алайда, осының бәрі психикалық бұзылу қылмыс жасаудың себептері болып саналады деген ой туғызбаса керек.
Біріншіден, барлық қылмыскерлердің арасындағы субъектілердің көбісінде шын мәнінде мұндай ауытқулар бола береді.
Екіншіден, белгілі бір адамда психикалық ауытқудың болуы оның құқыққа қайшы мінез-құлқында криминогендік рөл атқарады деп айта беруге де болмайды.
Үшіншіден, көптеген ғылыми зерттеулерді қылмыстың жасалуына психикалық ауытқушылық емес, тұлғаның криминогендік мінезін қалыптастырушылыққа себеп болатын жайсыз жағдайлар мен теріс тәрбие кінәлі екендігі дәлелденген. Шынында да кейбір ауытқушылықтардың қисық мінез тудыратыны рас.
Психикалық ауытқушылықтың қайсы бір фактілерін анықтау (мысалы, есалаңдық, орталық жүйке жүйесінің ақауы, т.т.) нақты қылмыс жасаудың себебі болады деп мүлдем айта алмаймыз. Қылмыстық мінез-құлықтың ішкі себептеріне,ниетіне байланысты діагноз қою мүмкін емес. Белгілі бір ауытқушылықтың болуына байланысты қылмыстың субъективті себептерін тұлғаны психологиялық жағынан зерттеу арқылы ғана анықтай аламыз. Психикалық ақау қылмыстық мінез-құлыцқтың ниетін білдірмейді, бірақ белгілі бір дәрежеде әсер әсер ете алады.
Есалаңдық, мәселен, зорлаушы қылмыс жасауға итермелейтін факторлардың бірі болып табылады.
Сонымен бірге есалаңдардың ойдағыдай жұмыс істеп және беклгілі бір міндеттерді атқара алатындығы баяғыдан белгілі. Сондықтан ауытқушылық емес,адамның қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік кебеті басты орын алады.
Криминологтар қылмыскер тұлғасындағы биологиялық факторлардың маңызын егіз адамдар арқылы зерттеуге ұмтылыс жасаған. Мұндай зерттеу бірыңғай генетикалық бастауға бағытталады, атап айтқанда, генотиптердің ұқсастығы және криминологиялық белгілердің бір біріне ұқсастығын пайдалану. Егіздік әдістің мәні бір тұқымдас егіздердің генотиптерінің мейлінше ұқсас болатындығында. Ол екі ұл балада да, екі қыз балада да болады. Осындай егіздерді және олардың ішкі жұптық корреляция (сәйкестік) мөлшерін салыстыра отырып, олардың қандай ерекшеліктері генетиппен өршитінін және ортаның қандай әсері болғанын анықтауға болады. Түрлі зерттеулердің мәліметтерін салыстырғанда егер егіздердің біреуі қылмыскер болса, оның екіншісі де сол қылыққа бейім екендігін көрсетеді. Сонымен бірге бір тұқымды егіздердің қылмыстық құқыққа жақындығы екі тұқымды егіздерге қарағанда екі жары есе жоғары екендігі көрінеді. Алайда, ол қылмыстың биологиялық шығу тегінің дәлелдемесі бола алмайды. Ұқсас генотипті адамдардың қылмыстық мінез-құлқы тұлғаның ұқсас ореада қалыптасуы мен, сондай-ақ, адамды зерттеудің бастапқы психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Сонымен бірге бір тұқымдас егіздер халық арасында онша көп те емес, ал қылмыскерлер арасында белгілі бір бірыңғай қорытынды жасауға мүмкіндік бере алмайтындай санаулы –ақ.
Биологиялық және әлеуметтік қатынастарды талдауда криминологтар назарларын хромосомдық ауытқушылықтарға бар адамдарға, яғни тұқымдық (жыныстық) клеткаларында хромосомдардың құрылысы мен санының алыптан өзгеруіне аударған.Хромосомдық ауытқушылықтар жаңа туғандардың шамамен алғанда 0,4% -да кездеседі екен.
Хромосомдық ауытқушылықтың криминологиялық мәні әдетте еркектердегі “Х” типтегі және “У” типтегі қосымша 47-ші хромосомның бар жоқтығына байланысты белгіленеді. Шетелдік әдебиеттерде хромосомның ауытқушылықтардың дәл осындай типтері қылмыстық мінез-құлықтармен байланысты ефенді туралы пікірлер айтылады. Дегенмен, осы сала бойыншаосы теорияны бекітіп дәлелдейтіндей нақты мәліметтер жоқ. Зерттеу әдістерінің жетілдірілмеуі қадағалаудың аз жүргізілуі –осының бәрі қылмыскерлер арасындағы хромосомның таралу дәрежесін өлшеу әр ғылымның зерттеулерінде әр түрлі болып, жиырма есе мөлшерге де жеткен. Шындығына келгенде, хромосомдық ауытқушылықты зерттеулер осы ауытқушылықтың тек қана қылмыстықпен емес, психикалық аурулармен байланысты екендігін анықтады: тексеруден өткізілгендердің көпшілігі осындай ауруға (ауытқушылыққа) ұрынғанын көрсетті.
Сөз тұлға туралы және биологиялық факторлардың рөлі туралы болып отырғандықтан, нақты бір адамның психикасына талдау жасамайынша осылардың арасындағы байланыстарды түсіну мүмкін емес. Сондықтан ғылыми талдау мәселесі осы факторлар адам тұлғасының құрылдымындағы әрекетімен қарастырылған жағдайда же місті нәтижесін береді. өйткені адамның мінез-құлқы оның іске асу негізіне байланысты ғой. әлеуметтік және биологиялық мән жайлардың көріну белсенділігі тұлғаның өзіне байланысты.
Бұл жерде тұлғаның қоғамдық қатынастардың субъектісімен объектісі ретінде, сондай-ақ, адамныңтәрбиесімен, ортадағы байланысты әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасу жөнінде айтып отырмыз.
Сонымен бірге биологизаторлармен күрестегі тұлғаның әлеуметтік мәні туралы ілімді қорғай отырып, тұлғаның қоғамдық қатынастарға тәуелді екендігін естен шығарып алып, тұрпайы социолизмге ұсыну қаупіне тап болғагдықтан ұмытпау керек. Тұлғаның белгілі ьиологиялық және әлеуметтік қатынаста болатындығын да естен шығармаған дұрыс.
Сөйтіп, нақты бір әлеуметтік мәндегі қылықтардың соның ішінде қылмыстық әлеуметтік және табиғи себептерінің өзара әрекеттестіктің, қашанда алғашқы әлеуметтік бастауы болады. Ол біріншіден, адамның жеке ерекшеліктеріне әсер етеді, екіншіден, бұл ерекшеліктердіңәлеуметтік мәні бар қандай бағытта болатынын анықтайды. Осындай айтылғандардың бәрі қылмыстылық биологиялық емес, әлеуметтік қүұбылыс деген қазіргі криминологиядағы негізгі ережеге келіп саяды. Сонымен бірге тұлғаның құрылымы қозғалыссыз, қатып қалған нәрсе емес.Тұлғаныңқұрылымын құрайтын белгілер әрқашан жинақы және өзгермелі, сондықтан да тұлға барлық уақытта өзгеріп отырады. Осыдан келіп, біріншіден, қылмысжасау тіпті ең бұзылған адам тарапынан міндетті түрде болатын құбылыс емес; екіншіден, қашанда құқық бұзушыны жөнге салудың жолы бар деген қорытындыға келуге болады. Қазақстан Республикасы Президентінің осыған орай, “Мемлекеттік адам ойын бір дегеннен өзгертуге күші жетпейді. Бірақ, мемлекеттің өзгеріс үрдісін тездетуге қабілеті бар…” деген сөзі де тегін айтылмаған.