Қылмыстылықтың түсінігі, белгісі және оның даму үрдісі

4.1. Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болады. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеумттік үрдіс болып табылады.

Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарифи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.

Тіпті, “қылмыстылық” өзінің құрамына әр алуан күтпеген, кездей соқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.

Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның “дербестігі” өзіне тән белгілі біржағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.

Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық- жалпы әлеуметтікжағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар, жекелеген қылмыстар белгілі бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.

Қылмыстылықтың дербестігі, он құрайтын жекелеген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ, оның қоғамға қауіптілігінен байқалады. Н.Ф.Кузнецованың “қоғамға қауіптілік” белгісінің “қылмыстылық” ұғымының анықтамасына енгізілмегендегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік – осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік “қосындысына” қосылмайды, дербэес мазмрұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек, әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты, қылмыстылықта әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада – бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.

Жалпы қылмыстылық дегеніміз “адамзат қоғамында жағымсыз әлеуметтік құқықтық жағдай және өз заңдылықтарының сандық та сапалық сипаты бар, қоғам мен адамдар үшін нәтижелері бар және мемлекет пен қоғам тарапынан бақылау шараларын талап етеді”.

Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ те тік белгі – ол мемлекетте(аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстың мәнді белгісі – оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы ежелгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады.

Қылмыстылықтың 3 негізгі көрсеткіштері бар: 1. Деңгей

  1. Құрылым
  2. Динамика

Қосымша көрсеткіштер: көлем, құрылым, келтірілген залал түрі.

Қылмыстылық деңгейі – барлық жасалған қылмыстар мен қылмыс жасаушы адамдардың санымен анықталады.

Қылмыстың санын анықтаған кезде

  1. Үкімнің шығуымен аяқталған қылмыстар.
  2. Кінәлі адамдардың қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатылуы турклы қылмыстары.
  3. Мәліметтер бойынша жасалған бірақ ашылмаған қылмыстар туралы қылмыстары. Ал қылмыскерлердің жалпы санын анықтау кезінде мыналар ескеріледі.

А) сотталушы туралы мәліметтер.

Б) сотталушының қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылғаны туралы мәліметтер.

Қылмыстылық деңгейінің сандық белгілерімен қоса сапалық белгілері де бар. Бұлар құрылымының ерекшеліктері қылмыспен келтірілген залал. Қылмыстылықтың құрылымы өз ортасында сондай-ақ урін кезеңде түрлеріне қарай бөлек жасалған қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың құрылымы топтасқан белгілері бойынша анықталады. Соның ішінде әлеуметтік демографиялық, қылмысты құқықтық және криминологиялық.

Қылмыстың құрылымы жалпы қылмыстың қоғамға қауіпті сандық сондай-ақ сапалық сипатын көрсетеді.

Құрылым қылмыстылық әрекетті құрайтын қоғамға қауіптілікті дәрежесі мен сипатына қарай бөледі. Сондықтан қылмыстылықтың қажетті көрсеткіштері болып қылмыстардың ауырлық дәрежесіне байланысты айтылады. Мысалы: ерекше ауыр, орта және қоғамға үлкен қауіпті емес қылмыстылық құрылымы қылмыстық құқық белгілері бойынша мынадай көрсеткіштерге бөлінеді:

  1. Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің тарауларына байланысты.
  2. Кінәнің формаларына
  3. Жазаның сипатына
  4. Қылмысқа қатысу формасына
  5. Қылмыстың қайталануына (рецедивтік)
  6. Субьектілердің ерекшеліктеріне

Құрылым криминологиялық белгілері бойынша былай бөлінеді.

  1. Аумақтық белгілері бойынша
  2. Шарашылық саласы бойынша
  3. Қылмыстың сипаты мен ниеті бойынша
  4. Уақыты мен жері бойынша
  5. Қылмыс жасау құралдары бойынша
  6. Қылмыстың көп таралуы бойынша

Құрылым әлеуметтік демографиялық белгілері бойынша жынысы, жасы, отбасылық жағдайына байланысты.

Қылмыстылықдинамикасы – жалпы қылмыстылықтың жылжуы және оның негізгі құрылым көрсеткіштерінің анықталған уақыт ішіндегі өсуі немесе төмендеуі.

4.2 Қылмыстылық сандық және сапалық қасиеттермен сипатталады. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері деңгейімен қозғалысы (динамикасы) болып табылса, сапалығы – оның құрылымы болып табылады. Бұл көрсеткіштер бір-біріне байланысты әрі бір-біріне бағынышты. Осылардың біреуі өзгерсе, жалпы қылмыстылықты тұтастай өзгеріске ұшыратады.

Қылмыстылықтың бәріне бірдей сипаттама – олардың жай-күйі.

Қылмыстылықтың жай-күйі – бұл белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың сандық көрсеткіші.

Қылмыстылықтың нақты жай-күйі көп жағдайда мәлім бола бермейді, өйткені қылмыстардың біраз бөлігі көбінесе тіркелмей қалады. Қылмыстылықтың мұндай көлеңкеде қалып қоятын жай-күйі шетелдік крмминологтер үшін оны “күңгірт есеп” деп атауына негід болды. Қылмыстылықтың есепке, яғни, тіркеуге енгізілмей қалған бөліктері латентті, яғни, жасырын қылмыстылық деп аталатын болды.

Қылмыстылық статистика мәліметтері бойынша қылмыстылықтың жай-күйіне баға берген кезде осы жоғарыда айтылған мәселені естен шығармау керек.

Деңгей белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде тұрғындар санасына шыққандағы қылмыстың санымен (мәселен, 10 немесе 100 мың адамға шаққанда). Деңгейді қылмыстық коэффициенті деп атайды. Қылмыстық коэффициенті төмендегі формула бойынша есептеліп шығарылады:

К=

П

* 100000

Н

бұл дәрежедегі К-қылмыстылық коэффиценті, П-қылмыстың саны,Н-тұрғын халықтың саны (жаппай немесе 14 жасқа дейінгілер және одан жоғары).

Коэффициенттер әкімшілік-аумақтық бірлігі мен халқының саны әр түрлі жерлердегі, сондай-ақ, әр түрлі кезеңдегі қылмыстылық көрініс және ондағы өзгерістерді салыстыруға жағдай туғызады.

Сонымен бірге, қылмыстылықтың деңгейін нақтырақ анықтау үшін барлық халықты санамай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады-ау деген белгілі бір жастағы адамдар тобын ғана алуға болады.

Қылмыстылықтың құрылымы оның ішкі мазмұнын ашады, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, әлеуметтік демографиялық және басқа түрлі топтық белгілермен көрінетін белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде жасалған қылмыстар мен жекелеген қылмыс түрлерінің арасындағы арақатынасты бейнелейді.

Басқаша айтқанда, қылмыстылық құрылымы – оның құрылысы мен мазмұны. Қылмыстылықтың құрылымына қарап, онымен күрестің “басты соққысының” бағыт-бағдарын белгілеуге болады.

Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың түрі деп аталатын белгілі бір қылмыстың (қылмыскердің) үлес салмағын анықтайды.

Қылмыстылықтың құрылымын анықтаудың негізгі бірнеше жолдары бар.

Біріншіден, қылмыстылыққа кеңістік-уақыттық құрылым тән. Қылмыстылықты құрайтын іс-әрекеттер қалай дегенмен белгілі бір кеңістікте және белгілі бір уақытта (мысалы, тәуліктің мезгілі, аптаның күні және басқа) жасалады.

Екіншіден, қылмыстылықтың құрылымын іс-әрекеттердің қауіптілігінің әр қилы дәрежесін негізге ала отырып ашуга болады. Осыған байланысты қылмыстылықтың аса ауыр қылмыс, ауыр қылмыс, орташа ауырлықтағы қылмыс, онша ауыр емес қылмыс сияқты элементтерін айырып көрсету негізге алынады.

Үшіншіден, қылмыстылық құрылымында қылмыстық қол сұғу объектісі мен кінәлінің жасалған әрекетке психикалық қатысы сияқты маңызды қылмыстық-құқықтық белгілерін қарастыруға болады. Қылмыстылық құрылымы өзінің көлемі жағынан конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне бағытталған қылмыс, меншікке қарсы, адамға қарсы қылмыс түрлері житынтығымен көрінеді.

Психикалық қатыстылығы жағынан қылмыстылықтың қасақаналық пен және абайсыздықпен жасалған қылмыс деген екі құрылымдық элементі (түрі) орын алады.

Төртіншіден, қылмыстылық элементтерін кінәлі адамның белгілері бойынша айыруға болады. Мұндай белгілердің қатарына қылмыскердің жынысы, жасы, бұрын сотталғандығы, қылмысты бірінші рет және бірнеше қайталап жасауы, әлеуметтік жағдайы және басқалар жатады.