- Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.
Құқықтық қорғау – бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағыжер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайдатұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлутектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.
Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері – жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардыңреттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.
Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағықатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуыныңконституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызыретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық – бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылыады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз – «жер» туралы ғылым.
Экожүйенің маңызды қасиеттер:
- Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өз алдына қызмет етуі. Экологиялық жүйенің тұйықтығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін табиғатпен байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерінескеруді міндеттейді;
- Табиғи компрненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара байланыс. Ол жер, су, орман және өзге де табиғи объектілерді атмосфералық ауамен байланыстырады. Ол табиғи объектілер қызметін жүзеге асыруға көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзі де өзгереді.
- Биоөнімділік. Экожүйесінің өз өндірісінде жердің әртүрлі құқықтық статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары жерлер біріншіден, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарынаберіледі ,ал өз өнімді жерлер басқа мақсатқа беріледі.
Экожүиесінің өзінің ұдайыөндірісі – олөзінің реттеу қабілеттілігі. Берілген белгілерэкожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік береді.
Экологиялық жүйе – құрамдас компаненттерінің өзара байланысының жабық жүйесі бар, оған тұрақтылық, белгілі биожүйелермен өзара байланысқан қоршаған ортаныңтабиғи саласы. Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау аясындағы заң шығарушылықтыңнегізгі міндеттерінің біріне адамның денсаулығын қорғау, оның өмір сүруін, жұмыс істеуін, толық демалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру. Осы мақсаттарда қаладағы және басқа елді мекенде, демалыс орындарында, емдеу орындарындақоршаған ортаны қорғаудыжүзеге асырады.
- Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететің мемлекеттік-құқықтық механизмі.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:
1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;
3) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;
5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;
7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi.
Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
- жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
- уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
- уәкiлеттi органды белгiлейдi;
- Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру үшiн әкiмшiлiк органды (бұдан әрi — әкiмшiлiк орган) белгiлейдi;
- жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған лимиттердi бекiтедi;
- халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiтедi;
- аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;
- аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
- Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
- Қазақстан Республикасының әызыл кiтабы туралы ереженi бекiтедi;
- сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
- сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн ғылыми-зерттеу және өзге де мақсаттарда алып қою үшiн төлемақы белгiлейдi;
- жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
- жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
- жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
- жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
- зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
- аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
- аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдарының құзыретi.
Уәкiлеттi орган:
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
- бекiтiлген лимиттер негізiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған квоталарды бөледi;
- аңшы куәлiгiн берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
- аңшылық шаруашылықтарының санаттарын белгiлейдi;
- жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
- жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздену жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының әызыл кiтабын жүргiзедi және басып шығаруды қамтамасыз етедi;
- сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
- жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен рұқсаттар бередi;
- жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн белгiлейдi;
- жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн белгiлеудiң әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
- жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгiзедi;
- сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
- аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн бекiтедi;
- аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызмет туралы Үлгi ережесiн бекiтедi;
- жолдаманың Үлгi нысанын бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерiн бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнiң (погонсыз) Үлгiлерiн, кию тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Аумақтық органдар өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi.
Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды.
Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
- жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiтедi;
- жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiнде шешiмдер қабылдайды.