Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) талдауда маңызды бағыттардың бірі – халықаралық салыстырулар болып есептеледі. Мұндай салыстыруларды жасау үшін әр түрлі елдердің ЖІӨ көрсеткіштерді бір валютаның түрімен, мысалы, АҚШ долларымен немесе ЭКЮ – немесе Қазақстан теңгесімен және т.с.с.анықталуы тиіс. Бұл саладағы мамандардың аутуы бойынша осы мақсатта валюта бағаның қолдану есептеу нәтижесінің дәлдік дәрежесін қанағаттандыра алмайды. Өйткені, валютаның ресми бағыты ЖІӨ — ге ететін барлық операцияларды түгелімен қамти алмайды және олардың шамасына шығарылған өнімдер мен көрсетілген қызметін салыстыруға тікелей қатысы жоқ жанама факторлар әсер етеді. Мысалы, капиталдардың халыаралық ағымы, белгілі бір ел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасы және т.б. Сонымен қатар, ресми валюталық бағамын қолдану әр түрлі елдердің ЖІӨ — ін салыстымалы түрде бағалауға мүмкіндік бергенімен, болып салыстырылып отырған елдердегі баға дәрежесінің айырмашылықтарын жоя алмайды. Сондықтан, қазіргі кездегі халықаралық статистикада ЖІӨ -дегі салыстырулар валютагың сатып алу қабілеттілігін паритеті (ВСАҚП) арқылы жзүргізіледі. Ол елдердегі бағалардың арасындағы қатынасын сипаттайтын коэффициенттер арқылы анықталады. ВСАҚП — статистикалық категория. Олар ЖІӨ — нің халық аралық салыстырулылығын қамтамассыз ететін техникалық құрал болып есептеледі де, валюта алмастыруға қолданылмайды. ВСАҚП – есептеулерін жүргізу теориялық және графикалық тұрғындар өте күрделі процесс және өндірілген , сондай-ақ қолданылған өнімдердің тауарлық топтары бойынша бағалары, көлемдері бойынша көптеген мәліметтерді жинап, өңдеуі талап етеді.
Бұл есептеулерөкіл – тауарлар тәсіліне негізделген. Оның мәні төмендегідей.
Салыстырылатын елдердің ЖІӨ бірнеше тауар топтарына бөлінеді (арнайы әдебиетте оларды ең кішітауар топтары деп аталынады). Іс жүзінде ол топтардың саны әдетте 150-ден 300-ге дейін болады.
Әрбір ең кіші тауар топтарына бірнеше ұқсас өкіл-тауарлар іріктеліп алынады да, өкіл-тауар бағаларының арасындағы қатынасын сипаттайтын баға индексі есептелінеді. Егер мысалы, тауар тобына 5 өкіл – тауар іріктеліп алынса, онда бес баға индекстерін есептеу қажетболады.
Алдыңғы этаптағы есеплердің нәтижесі бойынша әр ең кіші тауар топтары үшін бағаның орташа индексі есептелінеді.
Ең кіші тауар тобы үшін бағаның орташа индексін есептеуге мысал келтірейік.
Өкіл – тауар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
А еліндегі бағалар | 2 | 4 | 1 | 5 | 7 |
В еліндегі бағалар | 3 | 8 | 3 | 10 | 28 |
Баға индексі, А-елі=1 | 1,5 | 2 | 3 | 2 | 4 |
Орташа индексІр= 1,5 * 2 * 3 * 4 * 2 = 2,4 |
Х тауар тообы үшін есептелінген бұл бағаның орташа индексі дербес ВСАҚП болып табылады. Осының негізінде сараптамалық және ЖІӨ компонеттері үшін ВСАҚП анықталады. Ол үшін Пааше мен Ласпейрестің қолданылады:
Мүндағы Ір – В еліндегі і – тауарның А еліне қатысты баға индекісі;
Іn – Паше индексі;
ІL – Ласпейрес индексі;
Wa – А еліндегі жеке туралы топтарының ЖІӨ — дегі үлесі;
Wв –В еліндегі жеке тауарлық топтарының ЖІӨ — дегі;
Сонымен, бұл есептеулердің нәтижесінде А және В елдерінің 2 орташа баға индекстерін немесе ВСАҚП – ның екі шамасын анықтадық. Бір шама жеке тауар топтары үшін есептелінген баға индекстер салмақтауға А елінің ЖІӨ құрамы туралы мәліметтердң қолданып алынды, екіншісі – В елінің ЖІӨ құрамы туралы мәліметтер қолданып алынды. Мысалы ,А және В елдерінің ЖІӨ 5 тауар топтарынан тұрады және әр тауар топтары үшін төмендегі кестеде берілген.
Тауар топтары | А еліндегі ЖІӨқұрылымы | В еліндегі ЖІӨ құрылымы | Баға индексі, В елі=1 |
1 | 10,0 | 30,0 | 2,0 |
2 | 20,0 | 15,0 | 1,0 |
3 | 15,0 | 5,0 | 3,0 |
4 | 25,0 | 10,0 | 4,0 |
5 | 30,0 | 40,0 | 4,5 |
Барлығы | 100,0 | 100,0 |
Өкіл –тауарларды бағалау үшін бүкіл экономика бойынша есептелген орташа бағаларды пайдаланады. Ол есептелетін баға индекстері менҰШЖ – де қабылданған тәсілдер бойынша бағаланатын ЖІӨ арасындағы сәйкестікті ұштастырады.Бір ғана тауар кейде халыққа әр түрлі бағамен әр түрлі арналар арқылы сатылады. Бұл жағдайда өкіл – тауарларды бағалау үшін орташа баға есептелінеді.