Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді. Оңда бақылауға жататын бірліктердің толық, қамтылғандығы, көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылығы, есептелгендігі және т.б. қарастырылады. Бірақ есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бақылаудың кайсыбірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін.
Стастикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып eкi түрге бөлінеды.
Репрезентативті қате тек ішін ара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі.Бұл — жалпы жинтық қорытытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық, қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғым. Бұл туралы алдағы 9-тарауда қарастырамыз.
Tipкey кезіндегі жіберілетін қате. Бұл — әлеуметтік-эконо- микалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда 6олады. Оның өзi фактінің біртектілігіне орай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате больш екіге бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсecepiнен артықты-кемдіт қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл — не азайтылып, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Мысалы, бip бағананың көрсеткішінің мүлдем басқа, екінші бағанаға ауыстырылып жазылуы немесе 43 жастың орнына ЗЗ немесе 53 жас деп қате көрсетіліп кетуі мүмкін.
Егер статистикалық бақылау жиынтығының көлемі көп 6олатын болса, онда кездейсоқ жіберілген қате оның жалпы қорытындысына ешқандай әcepін тигізбейді. Себебі, жалпы жиынтықты есептегенде кездейсоқ жіберілген қателер бірінің орның бipi толтырып отырады.
Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бірсебептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп не кемітліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кepi әcepiң тигізеді . Жүйелі түрде ұдайы жібері летін қате қасақана, әдейі жіберілген және абаисызда, байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді.
Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате қастандықпен, әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу саддарынан жіберілуі мүмкін. Мысалы, халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі өздерінің жастарын дөңгелек сандар арқылы көрсетеді.Сұралушы адам 39 немесе 41 жаста болғанмен, өзін 40 жастамын деп айтуы кездеседі. Соның салдарынан 40 жастағы адамдардың саны 39 және 41 жастағылардан көп болып шығады. Сондықтан да санақшылар санақ кезінде халықтың жас мөлшерін дұрыс анықтау үшін адамдардың тұған жылын бөлек, айын бөлек бағанаға жазып, анық-қанығын айқындайды.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл — алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер.:
Әдейі жіберілген қате есеп беру формаларыңда жиі кездеceді. Мысалы, кесіпорындар мен мекемелердің өздері өндіргенөнімдерінің көлемін кемітіп ал жұмыс келемін арттырыпнемесе қоймадағы бағалы заттардың, шикізаттардың мөлшерін есеп беру формаларында азайтып көрсету фактілерін атап айтуға болады. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне-көп өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан, тіркеушілердің санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушілігінен және т.б. себептерден туындайды.
Статистикалық бақылауды жургізгеннен кейін жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі. Және ол қисынды түрде тексеру және ecenmey арқылы тексеру (арифметикалық) болып екі түрге бөлінеді.
Қисынды түрде тексеру дегеніміз— статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету. Мысалы, халық санағы кезінде жас мөлшері мен білімін салыстыру apқылы жіберілген қатер анық- таймыз. Егер баланың жасы тұған жылы бойынша жасы l0- да, ал білімі»жоғары» деп көрсетілсе, онда жасына лайықты білім дәрежесін көрсетуде қате жәберілгендігін оңай анықтауға болады.
Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер еңгізіледі.