Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын қолданады. Оның біріншісі – есептелу, екіншісі – арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Статистикалық есеп беру. Біздің қоғамымызда статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады. Демек, есеп беру деп кәсіп орындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бей арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті органдарға тапсырып отыруды айтамыз.
Халық шаруашылығы салаларының барлығы бекітілген үлгіде және көрсетілген уақытта міндетті түрде есеп беруге тиіс. Және ондағы көрсетілген көрсеткіштердің барынша анық та, дұрыс болғаны жөн. Оның дұрыстығына мекемелер мен кәсіпорындардыңжәне шаруашылықтардың басшыларымен бас бухгалтерлері немесебас экономистері жауап береді.
Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық мәліметтерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Мұндағы көрсетілген сандық көрсеткіштер бастапқы ресми құжаттар негізінде, бекітілген үлгі түрінде әрбір шаруашылық салалары бойынша аудан, қала, облыс, республика көлемінде жинақталады және қорытындыланады. Жалпы алғанда, есеп беру формаларының көпшілігі бір не екі мекен жайға, статистика органдарына және сол мекеме, кәсіп орындар бағынатын жоғары орындарға жіберіледі. Кейбір жағдайларда басқа органдарға да тапсырылуы мүмкін.
Біздің қоғамымызда құбылыстар мен процестерге халық шаруашылық салалары бойынша зерттеу жүргізу есеп беру жұмыстарымен тығыз байланысты. Бірақ, әрбір сала өздері өндіретін өнімдердің түрлеріне, атқаратын істеріне қарай есеп беру жұмыстарын әр түрлі формада жүргізеді. Осыған орай статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі – жалпымемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіп орындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейін мемлекетімізді басқару үшін қолданылады. Екіншісі – ішкі ведомстволық есеп беру, яғни әрбірведомстваның,министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оператавтік – жедел есеп депте атайды.
Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формалары қолданылуына қарай бір үлгідегі және мамандандарылған болып екіге бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларынабір үлгідегі есеп беру формасында көрсетілетін көрсеткіштер ортақ , яғни бірдей болады. Мысалы еңбекақы қоры мен жұмысшылардың тізімдік санын пайдалану туралы көрсеткіштер барлық кәсіп орындар, мекемелер, ұжымдар және шаруашылықтар үшін бірдей үлгіде беріледі.
Мамандандырылған есеп формасында әрбір кәсіп орын, мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштерде өзгеріп отырады. Мысалы Алматы тоқыма және темекі фабринкаларының өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай олардың есеп беру формаларында көрсетілетін көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнер кәсіп пен ауыл шаруашылық арасындағы есеп беру формаларында өзгерістердің бар екендігі анық көрсетіледі.
Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік), айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық. Жылдық есептен басқасының барлығы ағымдағы есеп беру түріне жатады. Есеп беру мерзімінің аралығы неғұрлым алшақ болатын болса, солғұрлым ондағы көрсетілетін көрсеткіштер көбірек болады немесе терісінше болып келеді.
Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграф болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек шұғыл көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәландырылады.