СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ TYCIHIK ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГ1ЗГ1 MAҚCATTAPЫ

Жоғарыдағы 1-тарауда көрсетілгендей, статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелілігіне қарай үш кезеңге бөлінеді:

— статистикалық бақылау,яғни бастапқы мәліметтірдіжинау;

— статистикалық бақылаудыңнәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән нышдарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;

— жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау.

Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар (объектілер) жайында жиналған бастапқы мәлметтер статистикалық зерттеудіңекінші және үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты шындықты көрсетеін және әдістемесі дұрыс болуы керек. Демек, әр түрлі фактілерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинау ғылыми ұйымдастырылған жүйеде жүргізілуі тиіс.

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптегенқұбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа тұған баланы тіркеу кезінде оның өз аты-жөні, туған күні айы, жылы, ұлты, ата-анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады.

Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру — өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез-келген статисппсалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынады.

Жалпы алғанда, статистикалық бақылаудың алдына койған негігі мақсаты — зерттеліп отырған зерзаттар (объектілер) туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау.Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

  1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.
  2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтауы қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіc: Себебі дұрыс ұйымдастырылмаған, толық қамтылмаған және жанжақты қарастырылмаған бақылау процесіндe талдау жасағанда нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда статистикалық бақылау өзінің әлеуметтік- экономикалық маңызы мен мінін жоғалтады.
  3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жанжақты, ұқыпты түрде, әpi өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені, бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшілктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық тузету жасауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негіздегі қорытынды және экономикалық баланс жасауымыз қиындыққа әкеліп соғады, тұйыққа тіреледі.
  4. Статистикалық батқылау ғылыми негізде, алдын-ала жасалынған бағдарлама-әдстеме негізінде ұйымдастырылған, түрде жүргізлуі тиic және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.